Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі таныстырылды

Бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс хол» көпсалалы кешенінде Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен «ALTYN KÚZ – 2022» салтанатты жиыны басталды. Түркістан қаласында өткен шарада ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі таныстырылды. Сондай-ақ Түркістандық еңбекте табысты болған сала мамандары және БАҚ өкілдері марапатталды.Түркістанның агроөнеркәсіп кешені жалпы өңірлік өнімнің 20 % құрайтын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының драйвері болып саналады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының елімізді негізгі азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету жөніндегі Үкіметтің алдына қойған міндеті аясында, облыста ауыл шаруашылығы өндірісі тұрақты даму үстінде.

Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешені жалпы өңірлік өнімнің 20 % құрайтын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының драйвері болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының елімізді негізгі азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету жөніндегі Үкіметтің алдына қойған міндеті аясында, облыста ауыл шаруашылығы өндірісі тұрақты даму үстінде.

«Құрметті ауыл шаруашылық еңбеккерлері, қонақтар!Қадірлі еңбек ардагерлері!Сіздерді жыл-сайынғы тұрақты дәстүрімізге айналған «ALTUN KÚZ – 2022» салтанатты  мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің еселі еңбектеріңіздің арқасында облыстың агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына қол жеткізіп келеміз. Ағымдағы жылы әлемде орын алып отырған геосаяси ахуалдың күрделігіне қарамастан,  аграрлық саланың дамуын оңды көрсеткіштермен қортындыладық. 10 айдың өзінде жалпы өнім көлемі, тиісті кезеңнен 145,3 млрд. теңгеге артып, 950,6 млрд. теңгеге жетті (НКИ 102,0 %).Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 56,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, тиісті кезеңнен 116,1 % артты. Егіс көлемі 14,0 мың гектарға ұлғайып,860,0 мың гектарға жетті.Жаңадан 113,0 гектар жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 1625 гектарды құрады. Республиканың 71 %.Мал шаруашылығында ет өнімдерін экспортауда Республикада алғашқы орындамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арналған жолдауында, елімізде аграрлық саланың әлеуеті өте үлкен екендігін, салаға озық технологияларды ендіру есебінен бүгінгі күннен 4,5 есеге артық өнім өндіруге мүмкіндік беретіндігін атап өткен болатын және Үкімет алдына алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін түбегейлі шешу міндетін қойып отыр. Сондықтан да, атқарылған жұмыстардан алда атқарылар міндеттердің ауқымы мен жауапкершілігі өте жоғары. Осы тұста біз, алдымыздағы жылдан бастап, бірінші кезектегі аудан, қалалардың табиғи-экономикалық мамандануына сәйкес, жергілікті азық-түлік өнімдерінің көлемін ұлғайту мақсатында, егіс құрылымдарын әртараптандыру, мал шаруашылығы және қайта өңдеу саласын дамытуға ерекше басымдылық беретін боламыз.Сондай ақ, Ауыл тұрғындарын табысын арттыру бағытында, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап жылдық мөлшерлемесі 2,5 % пайызбен ауыл шаруашылығы жобаларына, кооперация желілерін дамытуға жеңілдетілген несиелер беріледі. Бұл бағытқа 2023 жылға Республикалық бюджеттен 11,0 млрд. теңге бөлінді. Құрметті ауыл шаруашылығы еңбеккерлері ! Сіздермен бірге, облыстың аграрлық саласының жаңа бағытта дамуына қол жеткізетіндігімізге сенемін.Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, береке мен бірлік және еліміздің игілігі жолында жаңа табыстарға жете берулеріңізді тiлеймiн !Мереке құтты болсын», деді облыс әкімі.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ:

Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 950,6 млрд. теңгені құрап (2021 ж. 10 ай  805,3 млрд. теңге), нақты көлем индексі 102,0 % артты. Республикадағы үлесі 11,7 % – 3 орын. Ауыл шаруашылығында 1 жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі 2 889,7 мың теңгені құрап, тиісті кезеңнен 118 % артты (2021 ж. еңбек өнімділігі 2591,5 мың теңге болды).Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 56,5 млрд. теңгеге инвестициялар тартылып 116,1 % ұлғайды. Тамақ өндірісіне 6,7 млрд. теңге инвестиция салынды (105,5 %).Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешен саласында 2022 – 2026 жылға дейінгі кезеңде құны 205,2 млрд.теңге құрайтын 57 бірлік инвестициялық жобаны іске асыру жол картасы әзірленді.2022 жылы құны 19,2 млрд.тг құрайтын 30 жобаны іске асыру көзделуде. Қазіргі таңда 14,2 млрд.тг 25 жоба іске қосылып, 599 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.Оның ішінде, Мақтаарал ауданы «ZHANASSYL» ЖШС-нің жылдық қуаттылығы  мақта өңдеу  кәсіпорыны, Сайрам ауданында «Zaure Group» ЖШС 6 га өнеркәсіптік кешені, Бәйдібек ауданында «Ел-Нұр-Г» ЖШС 450 га жаңбырлатып суару қондырғысы орнатты.Сондай ақ, Түркістан облысын дамытудың кешенді жоспарын аясында Түркістан қаласы айналасында 11,0 мың гектар азық-түлік белдеуін құру жобасы жүзеге асырылуда.Құны 6,5 млрд.тг құрайтын 5 инвестициялық жоба іске асырылды және 2,0 мың гектарға жаңбырлатып суғару технологиясы орнатылды.

  1. «Түркістан Агро ХХІ» ЖШС 733 га жаңбырлатап суару технологиясын ендіру жобасы құны 1,8 млрд.тг;
  2. «Ынтымақ Агро ХХІ» ЖШС 363 га жаңбырлатып суару технологиясын ендіру жобасы құны 1,0 млрд.тг;
  3. «Тurkistan Fruit» ЖШС 400 га қара өрік отырғызу жобасы құны 3,5 млрд.тг;
  4. «Органик Агрофуд» ЖШС 50 га өрік бауын отырғызу жобасы құны 184,0 млн.тг;
  5. «Картекс Агро» АШӨК 174 га жаңбырлатып суару технологиясын ендіру жобасы құны 274,0 млн.тг;
  6. 2023 жылы құны 20,5 млрд.тг құрайтын 4 жобаны жүзеге асыру жоспарланды. Жеміс-көкөніс сақтайтын қойма, тауарлы сүт фермасы, шабдалы бауы, өнеркәсіптік жылыжай кешені бой көтереді.
  1. «Тurkistan Fruit» ЖШС 40,0 мың тонналық жеміс-көкөніс сақтау қоймасын салу жобасы құны 10,2 млрд.тг;
  2. «Түркістан Агро ХХІ» ЖШС «1 200 басқа арналған тауарлы сүт фермасы» 6,0 млрд.тг;
  3. «Органик Агрофуд» ЖШС 50 га шабдалы бауын отырғызу жобасы құны 100,0 млн.тг;
  4. «Яссы Agro.kz» ЖШС жеміс-көкөніс сақтау қоймасын және құрама жем зауытын салу жобасы құны 4,2 млрд.тг;

ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ:

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 859,9 мың гектарға орналастырылып, Өткен жылдан 14,4 мың гектарға ұлғайды (2021 ж. – 845,5 мың га). Нәтижесінде: Дәнді дақылдар өткен жылмен салыстырғанда 190 мың тн. артып, 777,0 мың тн. (2021 жылы 587,4 мың тн);Көкөніс, бақша 120,0 мың тн. артып, 3 млн. 245,5 мың тн.  (2021 жылы 3125,6 мың тн);Жеміс-жидек, жүзім 22 мың тн. артып, 222 мың тн. өндірілді (2021 жылы 200,0 мың тн);Облыста қарқынды баулардың көлемі 4,7 мың гектарды құрайды. Дәстүрлі баулардан гектарына 60-70 центнерден өнім алынса, қарқынды баулардан 300-350 центнерден өнім жиналуда. Шитті мақтаның түсімділігі гектарынан
27,2 центнерден 337,4 мың тн. жиналды (2021 жылы
290,4 мың тн. 26,2 ц/га)
.Республика халқын отандық өнімдермен қамтамасыз етуде облыс алдынғы қатарда,  өндірілген мақтаның – 100 %, жүзімнің – 76 %, бақшаның –  64 %, жеміс-жидектің – 40,0 %, мақсарының – 29 %, жүгерінің – 26 %, көкөністің – 25 % облыстың үлесінде.Салада еңбек өнімділігін арттыру, ағын су тапшылығы төмендету бағытында жылыжай шаруашылықтарын дамыту, су үнемдеу технологияларына көшу жұмыстары жүргізілуде.Жаңадан 101 гектарға жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 1625 гектарды құрады. Бұл Республиканың 71 %.Су үнемдеу технологиялары 36,7 мың гектарға ендірілген, оның ішінде 29,2 мың гектар тамшылатып суғару, 7,5 мың гектар жаңбырлатып суғару технологиялары.Агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойған міндеттерін орындау суармалы жерлерді тиімді пайдалануға тікелей байланысты.
Республикадағы суармалы жерлердің 4/1 бөлігі облысқа тиеселі (548,2 мың гектар). «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында 261,0 млн.м3 қосымша ағын су жеткізетін стратегиялық маңызға ие 5 ірі жобалар жүзеге асырылуда.«Түркістан магистралды каналында  күрделі жөндеу» жобасы бойынша 59 шақырым канал бетонмен қапталып, қала аумағындағы 2,1 шақырым канал бойы абаттандырылды. Нәтижесінде жылына 60 млн.м3 ағын су үнемделетін болады.Каналдың су өткізу құрылымдарына Австралиялық «Рубикон Воутердің» тәжірибесімен автоматтандыру жүйесі орнатылуда.Сыйымдылығы 18,5 млн.м3 құрайтын «Кеңсай – Қосқорған – 2» су қоймасы салынып, пайдалануға берілді. Жалпы жоба аясында  жылына 31,0 млн.м3 ағын су қосымша жеткізіледі.Сонымен қатар,  «Боралдай» су қоймасы (65 млн.м3, жоба құны 15,0 млрд. тг.), «Бәйдібек ата» су қоймасын салу (65 млн.м3, жоба құны 16,9 млрд. тг.) және Кентау қаласында «Қосқорған» су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу» (40 млн.м3, жоба құны 20 млрд. тг.) жобалары әзірленуде.Аталған жобалар толық іске асқан жағдайда Түркістан өңірі кепілді ағын сумен қамтамасыз етілетін болады.Бұдан бөлек, ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 1,3 млрд. теңге  қаржы қаралып 1 су нысанын (Отырар ауданындағы Р-1 каналы)  күрделі жөндеу, 6 су нысанын (Қазығұрт ауданындағы Р-4-4, Р-2 және облыстық коммуналдық меншіктегі Бөген, Қошқорған су қоймалары, Қараспан су торабы, Түркістан магистралды каналы) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.Сондай-ақ, Мақтаарал ауданының коммуналдық меншіктегі барлық 141 шақырымды құрайтын 54 қашыртқыларға механикалық тазалау жұмыстарын жүргізілуде. Нәтижесінде 12,9 мың гектар жердің мелиоративтік жағдайы жақсарады.Сонымен қатар, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты «Тұран су» ШЖҚ МКК-ның өз қаржысы есебінен, Түркістан қаласының жаңа әкімшілік іскерлік орталығы аумағынан ауданы 1 783,3 шаршы метрді құрайтын 3 қабатты әкімшілік ғимарат салынды.Әкімшілік ғимаратқа «Тұран су» ШЖҚ МКК-ны мен қатар облыстық «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК-ны орналасты.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ:

Облыста мал шаруашылығының дамуы Республикада жетекші орында. Республика бойынша ірі қара мал санының 13 %, ұсақ малдың 24 %, жылқының 11 %, түйенің 15 % және өндірілген еттің 12 %, сүттің 12 % өңірдің үлесінде.Бүгінгі күні облыста ІҚМ басы 1 108,4 мың басты, ұсақ мал 4 900,6 мың басты, жылқы 406,6 мың басты, түйе 38,4 мың басты, құс 1 989,1 мың басты құрайды. 188,9 мың тонна ет, 673,7 мың тонна сүт, 213,8 млн. дана жұмыртқа (110,5 %) өндірілді.Тұқымдық түрлендіруге Ірі қара аналықтың 19%, уақ малдың 38,4% қатысуда.10 айда «Сыбаға» бағдарламасымен 1 182 бас асыл тұқымды ірі қара мал,  «Алтын асық» бағдарламасымен 40,0 мың бас уақ мал,  Құлан бағдарламасымен 1973 бас жылқы сатып алынды.Мемлекет басшысының жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану туралы тапсырмасын аясында өңірімізде сүт өндіру бағытында 652 отбасы мүшелерінен тұратын 22 кооператив құрылып, жылына 26,0 мың тонна сүт өндіруде. Кооперативтерде өндірілген сүт облысымызда орналасқан 21 сүтті қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізілуде.Облыс ет экспорты бойынша Республикада 1-орында.Өңірде жалпы 9185 бірлік бордақылау алаңдары бар. Оның 400 басқа дейін 9153 бірлік,  400 бастан – 1000 басқа дейін 10 бірлік, 1000 бастан жоғары 22 бірлік  мал бордақылау алаңдары жұмыс жасауда.Елімізден экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 75 %, қой етінің 40 % Түркістан облысының үлесінде.Мал азықтық қорды қамтамасыз ету  тұрақты бақылауға алынып 5,2 млн.тн мал азығы дайындалды. Бұл облыстағы мал басына жылдық қажеттілікті 1,3 есеге қамтамасыз етеді.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЭКСПОРТЫ.

Облыстан негізінен экспортқа көкөніс, бақша, жеміс-жидек, картоп, мақсары, өсімдік майы, ұн, ет, сүт өнімдері, балық және балық өнімдері және мақта талшығы шығарылады.2022 жылдың 10 айының қорытындысымен жалпы
1 066,5 мың тн. өнім экспортталып, 354.7 млн.АҚШ долларын құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 1 043,0 мың тн. және мал шаруашылығы өнімдері 22,7 мың тн. өнім экспортқа жөнелтілді.Қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі 102,5 мың тн. 74,8 млн.АҚШ долларын құрады. Республикада ІҚМ етін экспорттау бойынша облыс 1 орында. Өзбекстан еліне сиыр еті – 13,2 мың тонна, қой еті – 6,0 мың тонна экспортталды. Балық өнімдері 2,7 мың тонна Еуропа (Германия, Литва) және Ресей, Өзбекстан елдеріне 9,3 тонна шұжық өнімдері және 648 тонна құс еті Ресейге экспортқа шығарылды.Сонымен қатар, 452,1 мың тонна бақша өнімдері Ресей, Қырғызстан, Белоруссия, Латвия және Германия елдеріне экспортталды.

ҚАЙТА ӨҢДЕУ САЛАСЫН ДАМЫТУ.

Облыста 11 бірлік ет өңдеу, 22 бірлік сүт өңдеу, 22 бірлік жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді.Осы кәсіпорындар есебінен облыста өндірілген еттің 29,0 %, сүттің 21,5 %, жеміс-көкөністің 6,3 % өңделуде. Аграрлық саланы шикізат секторынан дайын өнім секторына өту бағытында қайта өңдеу кәсіпорындары ашу және модернизациядан өткізу тұрақты жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 10 айда қайта өңдеу көлемі 102,2 млрд.тг құрады.Ет өңдеу бойынша ірі кәсіпорындар Ордабасы ауданындағы «Ордабасы Құс» ЖШС (жылына 9,0 мың тн.), «Инфрастрой ЛТД» ЖШС (жылына 6,0 мың тн.),  Қазығұрт ауданында «Қарқын-2030» ЖШС (жылына 2,8 мың тн.).Сүт өңдеу бойынша ірі Төлеби ауданында «Фуд Мастер»ЖШС (жылына 76,2 мың тн.), Ордабасы ауданында «Бөрте Милька» ЖШС (жылына 17,5 мың тн.),  Сайрам ауданында жылдық қуаттылығы 10,0 мың тн. 4 кәсіпорын («Натур продукт» ЖШС, «Сайрам сүт» ЖШС, «Озай Зеки» ЖК, «Рассвет» ӨК).Жеміс-көкөніс өңдеу бойынша Сайрам ауданында «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС (жылына 180,0 мың тн.). Ордабасы ауданында «Александровский сад» ЖШС (жылына 1,2 мың тн.) Қазығұрт ауданында «Көрік» ЖШС (тәулігіне 8,0 тн.).

АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ:

Ауыл тұрғындарын тұрақты түрде қаржылық ресурстармен қамтамасыз етіп, жұмыс орындарын ашып, табыс көлемін арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Облыста республикадағы агроқұрылымдардың 32 % (70,6 мың) жұмыс жасауда, онда 184,6 мыңга жуық жұмысшылар еңбек етеді.Ағымдағы жылы ауыл тұрғындарын қол жетімді несие қаржымен қамтамасыз ету үшін 6,5 млрд. теңге қаржы бөлінді.Бағдарлама шеңберінде 1 277 жаңа жобалар қаржыландырылды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 ж. бастап АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ  ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫ жүзеге асырылады, оның ішінде жылдық 2,5 % мөлшерлемемен қол жетімді несиелендіру шарттары ауыл тұрғындарының табысын арттырып, әл ауқатын көтеруге жаңа серпін береді.2023 – 2025 ж.ж  аралығында 10 000 жуық жаңа жұмыс орындары құрылады.

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК:

Облыс көлемінде ветеринариялық іс-шараларды ТО АШБ қарасты «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК жүргізуде. Бұл кәсіпорында 1967 бірлік ветеринариялық мамандар жұмыстар атқарады.Аудан, қалалық ветеринариялық ұйымдар қажетті
257 бірлік техникамен, және ветеринариялық препараттарды сақтауға қажетті тоңазытқыштармен, басқа да қажетті құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.2022 жылы ветеринария саласындағы іс-шараларды атқаруға облыстық бюджеттен 5,3 млрд. теңге қаржы бөлінді.Нәтижесінде ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті 17 түрлі ауруына қарсы 40,0 млн. доза вакцина жеткізіліп, екпе жұмыстары жүргізілді. Энзоотиялық ауруларына қарсы залалсыздандыру жұмыстары көктем және күз мезгілдерінде жүргізілді. Қора жайлар мен жапсарлас аумақтар, мал иірімдері, суаттары, жайылымдар залалсыздандырылды.Құтыру ауруының алдын алу мақсатында 53 460 бас қаңғыбас-ит мысықтар ауланып жойылды.Ветеринариялық іс-шаралардың мерзімінде және сапалы атқарылуының нәтижесінде облыс аумағында эпизоотиялық және энзоотиялық жағдай тұрақтылығы сақталып отыр.Жалпы жыл қортындысымен жалпы өнім көлемі өткен жылдан 200 млрд. теңгеге артып 1,1 трлн. теңгеге, нақты көлем индексі 103 % жеткізіледі.

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған