ТАЛАПТЫҒА ШЕКТЕУ ЖОҚ!

Түркістан қаласындағы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында халықаралық мүгедектер күніне орай — «Талаптыға шектеу жоқ» атты шара өтті. Жиында орталықтың қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі жандары өз өнерлерін ортаға салды.
Сонымен бірге, Түркістан қаласында түрлі салаларында еңбек етіп, танылып жүрген мүмкіндігі шектеулі азаматтар жөніндегі бейне сұхбаттар көрсетілді.

Одан бөлек, орталықтағы «Тең қоғам» бөлімшесінде кәсіптік сабақтан өтіп, мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін тағайындалған грантқа қол жеткізу арқылы өз кәсібін дөңгелеткен кәсіпкерлер көрме ұйымдастырды. Жиын соңында орталықтан көмек алушылар көпшілікке ізгі тілектерін арнап, ерекше әсерлерімен бөлісті.Бүгінгі таңда Түркістан қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғаммен етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасалып келеді. Сондықтан қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша көңіл бөлініп отыр. Ең бастысы олардың әлеуметтік жағдайын жасаудан бастап, күнделікті қажеттерін өтеуі үшін көмек көрсетілуде. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнап түрлі оқу курстары ұйымдастырылған. Сонымен бірге тек өткен жылдың өзінде Түркістан қаласы бойынша жалпы саны 44 пандус іске қосылған. Оның ішінде қайта қалпына келтірілген дері мен жаңадан салынғандары да бар. Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басты. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы әлеуметтік саясатты ұстану мәселелері көтерілді.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызметкөрсетужүйелеріүшінеңмаңыздыміндет болып табылады. 1992 жылғы 5 мамырдағы Еуропа кеңесі Ассамблеясының 44-сессиясының реабилитациялық бағдарламасына сәйкес мүгедектік дене, психологиялық, әлеуметтік, мәдени, заңдық және басқа да кедергілерге байланысты адамның қоғамның дені сау мүшелері сияқты болуына мүмкіндік бермейтін шектеулердің болуы ретінде анықталады. Қоғам – өзінің стандартын мүгедектігі бар адамдардың сұранымдарына сәйкес, олардың тәуелсіз өмір сүруіне жағдай жасау мақсатына бейімдеуі қажет. Мүгедектің тұлғалық-психологиялық бейімделуі ретінде, сонымен қатар қоғамның мүгедектік мәселесін эмоционалды-психолгиялық қабылдауы ретінде де бейнеленеді. Мүгедектер халықтың аз ынталанған тобына жататындықтан қоғамның аз қорғалған, әлеуметтік әлсіз бөлігі болып табылады. Бұл ең алдымен, мүгедектікке әкелген аурумен шақырылған, олардың физикалық жағдайының кемшіліктеріне байланысты. Одан басқа, бұл топтардың әлеуметтік қорғалғандығы, көп мөлшерде, олардың қоғамға қарым-қатынасын қалыптастыратын және олармен байланысты қиындататын психологиялық фактордың бар болуымен байланысты.

сихологиялық мәселелер мүгедектердің сыртқы әлемнен алшақтауы кезінде пайда болады. Мұндай мәселелердің алдын алу тек әлеуметтік саясат емес тұрғындардың бұл мәселені  шешуде  бірігуі  қажет. Әлеуметтік-экономикалық мәселелер микроәлеуметтік  ортамен  (отбасы,  еңбек тобы, тұрғын үй, жұмыс орны және т.б.) және макроәлеуметтік ортамен (ақпараттық орта, әлеуметтік топтар, еңбек нарығы және т.б.) байланысты мәселелерді мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың елдің мемлекеттік саясаты арқылы шешудің маңызды жолы болып есептеледі. Ал мүгедектік мәселелерін шешу аспектісі ретінде мүгедектерге қатысты заңдылық Қазақстан Республикасының Конституциясының  және «Қазақстан Республикасы мүгедектерінің әлеуметтік қорғалғандығы туралы» базалық  заңның ерекшеліктеріне негізделеді. Мүгедектер өмір сүруінің түрлі саласындағы қоғамдық қатынастарды басқару үшін сәйкес арнайы заңдылықты актілер қабылданған, сонымен қатар мүгедектердің дәрежесі «салалық» актілерде көрсетілген. Заңғасүйенеотырып, мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы жолындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттары мен міндеттерін, жүзеге асырылу жолдарын қарастырамыз.

БҰҰ экономикалық, әлеуметтік және мәдени ережелер туралы құжатында әрбір мүгедектің (ересек немесе бала) өзінің денелік және психикалақ денсаулығының мүмкін болатын дәрежесіне қол жеткізуіне құқығы бар екендігі атап көрсетілген. Мүгедектер өмірінің барлық  жақтарын  тұтасымен  қамтитын құжат — БҰҰ қабылдаған «Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандарттары ережесі» болып табылады. Бұл құжатта – өмір сүру ғана құндылық ретінде қарастырылып қоймай, сонымен қатар аурусыз, қиналмай өмір сүру, әлеуметтік қалыптасып, даму да өмірдің сапасы ретінде қарастырылды.

Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң 1991 жылдың 21 маусымында қабылданды. Осы заңда мүгедектік «дене немесе ақыл-ой кемістігінің болуы салдарынан тіршілік етуінің шектелуіне байланысты әлеуметтік көмек пен қорғауды қажет ететін жағдай» ретінде түсіндіріледі. Сондайақ, осы заңның 1-бабында «адамның тіршілік етуінің  шектеулігі  оның  өзіне-өзі   кызмет етуі, жүріп тұруы, бағдары, қарым-қатынасы, өзінің мінез-құлқына бақылау жасауы, сондайақ еңбек қызметімен айналысу қабілеті мен мүмкіндіктерінен толық немесе ішінара айырылуы» делінген. Әр мемлекетте мұндай мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар бар. Қазақстанда тумысынан мүгедек болған немесе өмір барысында әртүрлі жағдайларға байланысты мүгедекке айналған адамдармен қоса Ұлы Отан соғысына, Ауған соғысына қатысқан, полигон зардабын шеккен, т.б. жағдайларда мүгедек болған адамдар бар. Халықаралық деңгейде мүгедектер құқығын қорғауға байланысты БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 2006 жылы 13 желтоқсанда «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын» қабылдады. Бұл конвенция 2008 жылы 3 мамырда өз күшіне енді. Осы конвенциямен бір уақытта оның Факультативті протоколы қабылданды. Осы конвенцияда мүгедек әйелдер мен балалар туралы   былай   дейді:   «Қатысушы  мемлекеттер мүгедек әйелдердің және мүгедек қыздардың көптеген кемсітуге ұшырайтынын мойындайды және осыған байланысты олардың барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық және тең іске асыруын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.

Қазақстандағы жағдай бүгінгі күні мынадай: мүгедектерге қоғамның кейбір салаларында кемсітетін жағдайларға тап келуге тура келеді: қоғамдық ғимараттар, көлік және байланыс құралдары олардың жүріп тұруына бейімделмеген. Қоғамда мүгедектерге материалдық және әлеуметтік жағдайлардың жасалуы әлі де болса жеткіліксіз. Оқып-үйрету және еңбекке орналастыруда қазіргі уақыт талабына сай келмейтін  біліктілік  стандарттары  мен өлшемдер қолданылады, бұл мүгедектердің әлеуметтік жағынан оқшаулануына алып келеді. Сонымен қатар қызмет көрсетулер мен жеңілдіктер алуда мүмкіндіктерді таңдау шектелген. Олар шектелген әлеуметтік, кәсіптік, экономикалық және білім беру мүмкіндіктерін пайдаланады.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың, әсіресе жастар арасында қазіргі кезеңде кеңінен  тарап отырған мәселелердің бірі жалғыздық, өзін өте төмен бағалау, өзінің кемістіктеріне байланысты қоғамнан шетке шығып қалғандай сезіну, психологиялық және физикалық тәуелділік және өз қиыншылықтарын айта алмай қыйналушылық, сексуалдық сипаттағы және отбасылық өмірдегі мәселелер, баланы өмірге әкелудің медициналық тұрғыдан мүмкін еместігі т.б. Мүгедектер ұдайы мемлекет назарында бола тұрса да, олардың мұңы азаймай келеді. Әрбір әлеуметтік объектіге немесе тұрғын үйге мүгедектер жете бермейді. Синхронды дыбыс дабылдары бар арнайы бағдаршамдар, жол белгілері мен нұсқағыштар, негізінен, орталық көшелерге орнатылған. Барлық қоғамдық орындарда жеделсаты (лифт) қондырылмаған. Қала көшелерінде бөгде адамның көмегінсіз жүрген мүгедектерді кездестіре алмайсыз. Өйткені, олар қоғамдық көлік қызметтерін пайдалана алмайды, биік тротуардан өзі түсіп немесе бағдаршамдары дыбыс дабылдарымен жабдықталмаған көшені кесіп өте алмайды. Есту және көру бойынша мүгедектердің көпшілігі радио мен теледидарлардағы ақпараттық және көркем бағдарламаларға қолы жете бермейді, кітапханалар арнайы қаріп пайдаланылған әдебиеттермен қамтамасыз етілмейді. Көптеген тұрғын үйлерде мүгедектер арбаларын түсіру және көтеру үшін бейімделген жеделсаты мен пандустер жоқ, сол себепті қамкөңіл жандардың өз беттерімен дүкен, аурухана, дәріханаларға баруға мұршасы жетпейді. Бос уақыттарын өткізу және демалу нысандарын жиі пайдалану мүмкіндігіне де қол жеткізбей келеді.

Кей жағдайларда туғаннан бастап мүгедек адамдарға қарағанда, өмірде кенеттен мүгедек болып қалған адамдардың денелік, психологиялық күйлері олардың терең күйзелістерге ұшырауына алып келеді.Әлеуметтік-мәдениоңалтудыңмаңыздыфакторларының бірі мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жақын микроәлеуметтік ортасы. Әлеуметтік жұмыскер кеңес беруші, мүддесін қорғаушы т.б. ретінде отбасындағы қарым-қатынастарды ретке келтіруге, орын алып отырған мәселелерді шешуге көмектеседі.

Елімізде қазіргі уақытта мүгедектерге жасалатын қамқорлық аясы кеңіп, олардың әлеуметтік ахуалын жақсартуға мән беріліп келеді. Осы мақсатта көптеген іс-шаралар қолға алынып, жұртшылық сол қолдаудың шарапатын көре бастады. Сол жұмыстарды жүйелейтін нормативтік-құқықтық актілер қабылданды. Әрине, бұл істердің барлығы көпті көзайым етерлік ауқымды жобалар екені белгілі. Осыған қарамастан, мүмкіндігі шектеулі жандарға байланысты проблемалар әлі де кездесіп отыр.

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етудегі келесі бір маңызды аспектінің бірі оларды әлеуметтік қолдаудың тепе-тең жүйесін қалыптастыру болып табылады. Бұл жердегі басты мәселе материалдық қамтамасыз етуді жақсарту, оңалту, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар жайында болып тұр. Бүгінде мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру үш  деңгейлі  болып табылады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар, еңбек өтілі мен табысына қарамастан, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады, ал зейнет жасына жеткен кезде қосымша базалық зейнетақы төленуде.

2009 жылдан бастап мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін реформалау жұмысы басталды. Біріншіден, мемлекет тарапынан кепілдендірілген арнаулы әлеуметтік қызметтер түрін анықтау және олардың стандарттарын жасау міндеті қолға алына баста-  ды; екіншіден, әлеуметтік қызметті көрсететін мекемелердің жаңа институциялық базасын жасақтау, үкіметтік ұйымдарды кеңінен тарту, осылайша құрылған жаңа база негізінде қызмет көрсету  нарығын  кеңейту  мәселесін  қолға  алу қарастырылған; үшіншіден, стандарттар негізінде қаржыландырудың жаңа тетігін енгізу; төртіншіден, әлеуметтік қызметкерлер институтын қалыптастыру қаралған.

Мемлекетке ресми мүгедек болып танылғандар санының артуы тиімсіз. Салыстыру үшін айтар болсақ, еуропа елдерінде халықтың 10%, ал, көрші Ресейде 9%, Қазақстанда барлығы  3% мүгедектік алған адамдар  бар.  Германияда жәрдемақы тек еңбекке қабілеттіліктерін 60 пайызға дейін жоғалтқандарға төленеді екен. Мүгедектік мәртебесін алғандар өмір сүруге қажетті жабдықтармен,  қоғамдық  көлікте тегін жүру, жұмысқа орналасуда жеңілдіктер секілді мемлекеттен  әлеуметтік  көмек  ала-  ды. Бізде мүгедектіктің халықаралық жіктеуі енгізілген жағдайда мүмкіндігі шектеулі деп ресми танылған адамдар санының екі есе өсуі әбден мүмкін. Біріккен Ұлттар Ұйымының мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және факультативтік қаулысына қол қойылғанға дейінгі мүгедектерге салқын көзқарас өзгере қойған жоқ. Сондай-ақ, олардың құрамы бойынша алаңдатарлық жай бар. Яғни, бірінші, екінші топтағы мүгедектердің үлес салмағы 60 пайызды құраса, оның 70 пайыздан астамы – еңбекке қабілетті жастағылар. Әрбір бесінші бала мүгедек десек, бүгін балалардың 32,6 пайызы – тумысынан кемтар.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі екі жыл ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы көлемінің 50% артатындығын хабарлады. Бұл процесс екі кезеңде жүзеге асырылады.   2014   жылдың   1   сәуірінен   бастап12%, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап 25% ұлғаяды. Мысалы, егер І топтағы мүгедек жан 25378 теңге жәрдемақы алатын болса, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап бұл сома 38028 теңгеге көтеріледі немесе 50 %-ға өседі. Ал, оған тағы да арнайы мемлекеттік жәрдемақылар қосылатынын есептесек, онда ол 40 мың теңге алатын болады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *