Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы халық үшін маңызды

Қазіргі кезде Түркістан қаласы тұрғындарының мәдени және әлеуметтік дамуы олардың өмір сүру дағдыларында да көптеген өзгерістер алып келуде. Бұл көнеқаланың жаңа құрылыстармен толысып, кеңейе түсуінен айқын көрініс табады. Осы тұрғыда Түркістан қаласының әрі қарай мәдени әлеуметтік дамуы тікелей адами капиталға байланысты екенін айғақтайды. Мысалы, қала ғимаратындағы адамның өмір сүруі жас ерекшелігіне, жынысына қарамастан бір ортаға топтастырушы қызмет атқарады. Себебі, көптеген адамдардың жұмыс орны, бос уақыты және тұтас өмірі белгілі бір ғимараттармен байланысты. Қала тұрғындарының мәдениеті мен өмір сүру дағдылары тікелей қаланың орналасқан орны мен архитектуралық ерекшелігіне байланысты. Соның ішінде Орталық Азия және Қазақстан территориясындағы ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен дамуы тұрғындардың әлеуметтік құрылымына және адамдардың өмір сүруіне ыңғайластырылған. Еліміздегі мұндай қаланың негізгі көрсеткіші ретінде Түркістан қаласын қарастыруға болады.Көне Түркістан қаласының архитектурасы орта ғасырлардағы әлеуметтік құрылым мен шығыстық стильдің көрнекті үлгісінен хабар береді. Бұл Түркістан қаласының архитектурасының өзіндік ерекшелікпен дамуы жергілікті ортадағы қолөнердің, тас қашау өнерінің, сауда қатынастарының және мәдениеттің дамығанын көрсетеді. Сонымен қатар, ортағасырлық қалалардың цитадель (әкімшілікорталық), шахристан (қоғамдық ғимараттар орналасқан бөлігі) және рабадтар (қаланың қарапайым халықтар тұратын бөлігі) болып бөлінуі, қала халқының әлеуметтік құрылымын анықтайды. Тұтас алғанда қала ғимараттары мен тұрғын үйлердің архитектурасына отбасындағы дәстүрлі этикеттің сақталуы әсер етті. Мысалы, отбасы мүшелерінің үйдегі орны мен қызметі, адам өміріндегі атқа рылатын циклдық іс-шаралар қала тұр ғындарының әлеуметтік қатынастың бір көрінісі ретінде қарастырылады. Мысалы, орта ғасырлардан бері сақталған Түркістандағы архитектуралық нысандардың негізгі бөлігі діни ғұрыптық кешендерден тұрады. Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы архитектуралық құрылыстар сол кездегі қала өмірінің куәсі болып табылады. Мұндай
архитектуралық нысандардың қатарында мешіттер, медреселер, ескерткіш мазарлар мен құлпытастар кіреді. Қаладағы діни ғұрыптық кешендер әр кезеңде әртүрлі саяси және әлеуметтік қызмет атқарды. Оны кейінгі кезеңдегі археологиялық қазбалардан табылған артефактілер растайды. Сондай-ақ, қала өмірінің әлеуметтік жағдайы XIX ғасырдың
екінші жартысындағы зерттеушілердің деректерінде сақталған. Онда Хазірет Сұлтан кесенесінің маңындағы көшелер, базарлардың құрылысы, шәйханалар және т.б. нысандардың қызметі беріледі және орыс зерттеушілері Түркістанға кіргенде Парижге келгендей әсер алғандарын жасырмайды.Ал, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы және кеңестік кезеңдегі Түркістанның архитектуралық келбеті қаладағы темір жол вокзалы, әскери казармалардың, оқу орындарының және бір
қатар тұрғын үйлердің құрылысымен сипатталады. Соның қатарында 1904 жылы
салынған Түркістанның темір жол вокзалы қазіргі кезге дейін қызмет етіп келеді. Ал, сол кездегі оқу орындарының ғимараттары С. Ерубаев мемориалды музейінің ғимараты ретінде жұмыс істеп тұр. Қазіргі кезде Түркістан қаласы тұрғындарының мәдени және әлеуметтік дамуы олардың өмір сүру дағдыларында да көптеген өзгерістер алып келуде. Бұл көне қаланың жаңа құрылыстармен толысып, кеңейе түсуінен айқын көрініс табады.
Осы тұрғыда облыс орталығының әрі қарай мәдени әлеуметтік дамуы тікелей адами капиталға байланысты екенін айғақтайды. Мысалы, қала ғимаратындағы адамның өмір сүруі жас ерекшелігіне, жынысына қарамастан бір ортаға топтастырушы қызмет атқарады. Себебі, көптеген адамдардың жұмыс орны, бос уақыты және тұтас өмірі белгілі бір ғимараттармен байланысты. Осыған байланысты мемлекет тарапынан Түркістан
қаласының мәдени әлеуметтік өмірін жақсартуға барынша жағдай жасалып келеді. Бұл ең алдымен әлеуметтік урбанизмді қалыптастыру қажеттігін түсіндіреді. Бұл Түркістанның мәдени әлеуметтік тұрғыда жаңа деңгейге көтерілуіне мол мүмкіндіктер туғызады. Ал, қазіргі кезде Түркістанның әлеуметтік құрылымын қала ішіндегі құрылыс нысандарының
негізгі бағыттары арқылы анықтауға болады. Мысалы, Түркістанның 2050 жылға дейінгі стратегиялық жоспары екі бөлікке бөлінген, оның алғашқысы көне
«Түркістан – туризм қаласы» болса, кейінгі бөлігі «Түркістан қолайлы өмір үшін» деп аталады. Стратегиялық жоспардың алғашқы бөлігі көне қала аумағындағы құрылыс нысандарының қала тұрғындарының мәдени әлеуметтік өмірінің дамуына бағытталған. Ал, жаңа ықшам аудандар әр түрлі бизнес орталықтар, өнеркәсіп орындары және сауда үйлерімен толықтырылатын болады. Бұл,қаланың мәдени әлеуетін көтеру үшін
адами капиталдың орны ерекше екенін көрсетеді. Осыған сәйкес көне қала аумағындағы жаңадан бой көтеріп жатқан музейлер, өнер орталықтары, театрлар, мәдениет үйі, ғылыми орталықтар және шығыстық үлгіде салынып жатқан әлеуметтік нысандар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруы тиіс. Бұл қазіргі
таңда қала құрылысының басты басымдықтарының бірі болып отыр. Сонымен
қатар, қаладағы көне шығыстық стильдегі әрлеу жұмыстарының жүргізілуі Түркістанның ортағасырлық қала екенін көрсетіп, дәстүрлі құндылықтарды дәріптейтінін көрсетеді. Мұны постмодернистік архитектурада жергілікті дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысатын үлгісі ретінде қарастырады. Сонымен қатар, Түркістанның әр бөлігінде орналасқан демалыс орындарының, саябақтардың көбеюі мен су бұрқақтардың орнатылуы тұрғындар мен қала қонақтарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Жалпы қала өміріндегі негізгі әлеуметтік мәселелер инфрақұрылымның дамуымен
байланысты. Бұл тұрғыда Түркістан қаласының да күрделі мәселелері қалыптасқан. Оның ішіне қаладағы сапалы ауыз су мәселесі, таза ауа мен экологиялық жағдайдың дұрыс болуы көне қаланың негізгі мәселесінің қатарында. Сонымен қатар, қала ішіндегі жолдардың жөнделуі, қоқыс жәшіктердің орнатылуы, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жолақтар, тұрақтар және саябақтардағы қызмет көрсету орындарының
ретімен орналасуы қала өмірінің әлеуметтік мәселелерін қамтиды. Бұл мәселелер қаладағы қазіргі қалыптасып отырған құрылыс нысандардың архитектуралық ерекшелігіне қарай, олардың қызметі аясында шешілуі тиіс.
Қазіргі қалалардағы заманауи архитектуралық нысандар адам өмірінің қолайлылық үдесінен шығуды көздейді. Бұл ретте Түркістан қаласының туристік және облыстың әкімшілік орталығы ретінде салынып жатқан ғимараттардың өзіндік функциясы бар. Ол қазіргі Түркістандағы архитектуралық нысандар көпфункционалды қызмет атқаратынын анықтайды. Мәселен, ірі бизнес орталықтарында тек қана бизнес құрылымдардың қызметі емес, сондай-ақ оқу курстарының, сауда орындары мен дәмханалардың және т.б.
қызметтер де табылады. Заманауи үрдістерге қарағанда мұндай құбылыстар қаладағы көпсалалы қызметтердің орталықтануын қарастырады. Соның негізінде адамдардың ғимарат ішінде өзіне қолайлы өмір сүруіне жағдай жасалады.
Түркістан қаласын дамытудың Бас жоспарында қала тұрғындарының саны 2050
жылға қарай 500 мың адамды құрайтынын көрсетеді. Бұл қаланың жан-жақты
кеңейіп, тұрғын үйлердің көбеюін қамтамасыз ету мәселесін туындатады. Осыған
орай жоспарда Түркістан қаласының тұрғын жай қорын кеңейту қарастырылған.
Мысалы, 2019 жылғы көрсеткіш бойынша Түркістан қаласындағы тұрғын
жайдың 92,2%-ы бір қабатты үйлер болған. Бұл 3,3 млн. шаршы метрді құрады. Аталмыш Жоспар бойынша 2035 жылға қарай тұрғын үй қорын 9,3 млн. шаршы метрге дейін көбейту бекітілген. Оның басым бөлігі көп қабатты үйлерден тұратын болады. Сонымен қатар, мектеп, балабақша және емхана сынды әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды өсетіні жоспарланған. Бұл қаланың әлеуметтік мәселелерін шешуге оңтайлы жағдай жасайтын болады. Қорытындылай келе, Түркістан қаласында орналасқан әлеуметтік нысандардың басты мақсаты қала халқының өмірін қолайлы ету, қазіргі заманауи трендтерге сай етіп ұйымдастыру болып табылады. Ал, ескі Түркістандағы әртүрлі кезеңде салынған тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар өз тарихын айшықтай
беретін болады. Сонымен қатар, қала архитектурасындағы әлеуметтік үрдістер
қала антропологиясының негізгі зерттеу нысаны ретінде қарастырылады. Бұл келешекте Түркістан қаласының архитектурасын символикалық, семиотикалық
тұрғыда зерттеу қажеттігін түсіндіреді.

Бүгінде Түркістан облысы-Алматы қаласынан кейінгі халық саны көп өңір және еліміздің басқа өңірлері үшін еңбек ресурстарының бас жеткізушісі.2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша облыс халқы 2,1 млн адамды құрады. Халықтың негізгі бөлігі ауылдық жерлерде тұрады-1,6 млн адам (75,5%). Урбандалудың төмен деңгейі өңірдің негізінен ауыл шаруашылығында және онымен байланысты салаларда мамандануымен байланысты. Облыс Өзбекстан Республикасымен шекаралас орналасқан және онымен шектеседі. Облыс аумағы — 116,1 мың шаршы км. Бұл ретте өңірде ел бойынша халық тығыздығы ең жоғары – 1 шаршы км-ге 17,9 адам. Әкімшілік-аумақтық құрылымға 7 қала, 824 ауыл және 14 ауылдық аудан кіреді. Өңірдегі демографиялық жағдай туудың жоғары болуымен және халықтың үлкен көші-қон ағымымен сипатталады. 2022 жылдың 6 айында туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 27,09 құрады (елде 1000 адамға шаққанда 20,76). Ал осы кезеңдегі көші-қонның теріс сальдосы 8,2 мың адамды құрады (ел бойынша ең жоғары көрсеткіш). Облыстан еңбекке қабілетті халықтың көші — қонының негізгі себептері-жұмыссыздық, табыстың төмендігі, сондай-ақ жалпы халықтың өмір сүру сапасының төмендігі.Облыстың үлкен экономикалық әлеуеті бар. Облыстың ірі кәсіпорындары: «КАТКО» Қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны» ЖШС (уран өндіру), «Қазатомөнеркәсіп-Сауран» ЖШС (уран өндіру), «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Қаратау» ЖШС (уран өндіру), «Central Asia Mining Co» ЖШС (сирек металдарды өндіру).Облыс экономикасының негізін ауыл шаруашылығы (18,2%), өнеркәсіп (18,4%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (10,1%), құрылыс (9,2%), көлік және қоймалау (9,0%) құрайды.Өңір ауылшаруашылық өнімдерінің ең ірі жеткізушісі болып табылады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша облыста 906 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді (ҚР бойынша 2 орын). Бұл агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін жақсы алғышарттар жасайды. Сонымен қатар, облыста уран, қорғасын, күміс, алтын және басқа да бағалы металдардың үлкен қоры бар, осыған байланысты өңірде өнеркәсіпті дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер сақталуда.Облыстың үлкен артықшылығы — тез дамып келе жатқан және халқы тығыз орналасқан Ташкент өңірімен көршілік. Тиісті инфрақұрылымды дамыту кезінде шекара маңы Сарыағаш ауданы шекара маңы ынтымақтастығының ірі орталығына айналуы мүмкін. Ал қолда бар көлік-транзиттік әлеует облысты елдің батыс өңірлері үшін дистрибуция орталығына айналдыра алады.Облыс ірі туристік бағыттарды дамытудың айтарлықтай әлеуетіне ие. Бұл Сарыағаш ауданындағы сауықтыру туризмі, Төлеби ауданындағы тау шаңғысы туризмі (Қасқа-Су), Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени туризм (қажылық) және басқалар.Қолда бар әлеуетке қарамастан, Түркістан облысы көптеген көрсеткіштер бойынша артта қалған өңірлер қатарында қалып отыр. Мәселен, 2022 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы ЖӨӨ — 315,8 мың теңге немесе $696,6 (ҚР-дағы соңғы орын). Өнеркәсіпті дамыту көрсеткіштері облыстың индустриялық дамуының жеткіліксіз деңгейін көрсетеді. Жан басына шаққандағы өнеркәсіп өнімін өндіру бойынша өңір республикада бір адамға 253 мың теңге (ҚР бойынша орташа – бір адамға 1,6 млн теңге) көрсеткішімен соңғы орында тұр. Ал 2021 жылы өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі облыстың үлесі-1,7%.Индустрияландыру мен аграрлық маманданудың төмен деңгейіне байланысты өңірде ел бойынша өзін – өзі жұмыспен қамтыған халықтың ең жоғары деңгейі қалыптасты – 46,3% (ҚР бойынша-23,9%). Жұмыссыздық деңгейі 5,1% құрайды (ҚР – 4,9%).Өңірдің негізгі жүйелік мәселелері: ауылдық жерлердегі медициналық мекемелердің тапшылығы (құрылыс қажеттілігі — 63 объект); үш ауысымды және авариялық мектептердің болуы (2021 жылдың қорытындысы бойынша облыста 15 үш ауысымды және 6 авариялық мектеп болған); облысты индустрияландырудың төмен деңгейі; өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жоғары деңгейі; халықтың өмір сүру деңгейінің төмендігі; облыстың барлық ауылдық елді мекендері орталықтандырылған сумен қамтылмаған (110 мыңға жуық ауыл тұрғыны орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізе алмайды).Облыстың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу үшін тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамытуға қомақты қаражат салу қажет. Облыс экономикасын дамыту үшін өңірдің бәсекелестік артықшылығы бар салаларда күрделілік пен әртараптандыру деңгейін арттыру үшін терең қайта бөлу өнімдерін өндіруге көшу қажет.Бұдан басқа, Сарыағаш қаласының көліктік-логистикалық әлеуетін одан әрі дамыту жөнінде нақты шаралар қабылдау қажет (республиканың ең оңтүстік теміржол станциясы, іргелес елдерден ауыл шаруашылығы өнімдерін ауыстырып тиеу базасы).Болашақта азық-түлік өндірісі, 0ұрылыс материалдарын өндіру, туризм өсу резервтері болады. Тамақ өнеркәсібін одан әрі дамыту ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен және қосылған құны жоғары өнім өндірумен байланысты болады.Өнеркәсіпті дамытудың перспективалы бағыттары тау-кен өндіру өнеркәсібі, машина жасау, тамақ өнімдерін өндіру, құрылыс материалдарын өндіру болады.Тау-кен өнеркәсібінің дамуы өнеркәсіптік айналымға перспективалы барит кендерін, мыс пен кенді емес пайдалы қазбаларды тартумен байланысты болады.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған