Соңғы жылдары Ливерпуль биржасының бағаны өте арзан ұстауына байланысты өңірдің мақта өсірушілері тығырыққа тірелуде. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерұлан Жәнібеков әкімдікте өткен кеңесте облыс әкімінің тапсырмасы бойынша мақта шаруашылығын әртараптандыру, мақта-қағаз кешені кәсіпорындарын дамыту және тоқыма өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті өнімін алу мақсатында 2027 жылға дейін арнайы тұжырымдаманың жобасы әзірленгенін хабарлады.
«Шикі мақта өсіруден бастап жоғары сапалы өнім шығаратын 75 кәсіпорын ашып, тоғыз кластер құру жоспарлануда. 41 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, мақта талшығын қайта өңдеу көлемін 100% — ға дейін жеткізу жоспарлануда. Маталар, майлар, киім-кешек және басқа да мақта бұйымдарын шығару мақсаты қойылған», — деп хабарлады әкімдік.
«Облыстың өз табысын арттыру үшін жаңа жұмыс орындарын ашу қажет. Сонымен қатар, мақта кластерінің дамуы үлкен маңызға ие. Біз осы салада зауыт, фабрика ашамыз деген азаматтарға қолдау көрсетуге дайынбыз. Екіншіден, мақта шаруашылығында суды үнемдейтін технологияларды жетілдіру қажет. Мақта өсіру көп зерттеуді қажет етеді. Облыс әкімдігі мақта кластерін дамыту үшін жағдай жасайды. Бұл бағытта үлкен жоспарларымыз бар. Мақта кластерінің дамуы үлкен маңызға ие. Біз осы салада зауыт, фабрика ашамыз деген азаматтарға қолдау көрсетуге дайынбыз. Екіншіден, мақта шаруашылығында суды үнемдейтін технологияларды жетілдіру қажет. Мақта өсіру көп зерттеуді қажет етеді. Облыс әкімдігі мақта кластерін дамыту үшін жағдай жасайды. Бұл бағытта үлкен жоспарларымыз бар», — деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Мәселен, биылғы жылы шитті мақтаның тоннасы 220 мың теңгеден болғанымен өңірдегі мақтаның сапасы осы талапқа сәйкес келмеуде. Оның сыртында алы-жақын шетелдердің үкіметтері стратегиялық техникалық шикізатқа демпингі қолданғандықтан қазақстандық өнім өтпей қоймада қалып қоюда. Осыған орай, Сауран ауданы аумағында мақта өсірудің тәжірибелі маманы болды ма, болса олар қазіргі тығырықтан шығудың қандай жолдарын ұсынады екен дегенде алдымен ойымызға оралғаны 1963-1966 жылдары Түркістан мақта зауытында директорлық қызмет атқарған Жұман Ержігітұлы.
Сауран ауданының тумасы Жұман Ержігітұлы 1930 жылы 30 маусымда жұма күні қазіргі Абай ауылына қарасты Ақтөбе өзенінің бойындағы «Ержігіттің қыстауында» дүниеге келген. Әкесі атқа құмар, аңшы кісі болған. Қысы-жазы жақсы тұқымды жүйрік тұлпарларды баптайтын. Қорасынан мал үзілмес кісі болған. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» демекші, аңшылыққа шығуды жаны сүйетін.Айта кетсек сол кездері Созақтың тауларында үйрек, кекілік, түлкі және қоян қаптайтын. Жұманның әкесі тау бөктеріндегі өзеннің тұсынан сәл жоғарырақ үй салған. Таудың етегін тегістеп, жер жыртып, өзеннен арық тартып, 3-4 гектардай жерді көркейтіп, бау-бақша қылады. Жеміс ағашының түр-түрінен сапалы өнімдер алады. Баласы Жұманға осы бау-бақшаны мұра етіп қалдырады. 2009 жылы Абай ауылына «Атадан мал қалғанша – тал қалсын» деген ұстаныммен бау егіп өз үлесін қосқан.
Жұман Ержігітұлы 1944 жылы қазіргі Абай ауылындағы педагогикалық техникумға оқуға түседі. 1951 жылы педтехникумды үздік бітіріп Ташкент қаласындағы тоқыма институтына оқуға түседі. 1956 жылы институтты ойдағыдай тәмамдап Жамбыл облысының Қордай ауылындағы «Луб» комбинатқа жұмысқа жолдамамен келеді. Комбинаттағы үш жыл ішінде ауысым шебері, цех бастығы, бас технолог, бас инженер қызметіне дейін көтеріледі. 1959 жылы Түркістандағы мақта зауытына бас инженер болып ауысты. 1962 жылы Мақтаарал ауылындағы «Славянск» мақта зауытына директор болып тағайындалады. 1963-1966 жылдары Түркістан мақта зауытында директорлық қызметке отырады.
— Жұман атамыз туралы осы күнге дейін тұстастары аңыз секілді әңгімелерді жиі айтады. Соның ішінде ең ерекшелігі атамыз кішкентайынан қара жұмыста шыңдалып өскендіктен мақта зауытында директорлық қызмет атқарып жүрген кезінде де қара жұмысқа өзі де бел шешіп араласып кетеді екен. Шитті мақтадан әбден өңделген шетелге шығатындай сапалы болғанша өзі де аттан түспей, басқаларға да маза бермейді екен. Бүгінде мұндай басшылар жоқтың қасы,-дейді Бабайқорған ауылдық округі әкімдігінің заңгері Арман Ержігітов.
Жұман Ержігітұлы 1966 жылы Қазақстан жеңіл өнеркәсібі министрлігінің Шымкенттегі мақта бірлестігіне бас директор болып тағайындалады. 1972-1991 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласындағы жүнді алғашқы өңдеу фабрикасында директор қызметін атқарып зейнеткерлікке шыққан. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің ардагері Жұман Ержігітұлының артында қалған 2 ұл, 3 қыздан немере-шөберелері бар.
Жұманның үлкен атасы Ергебектен екі бала қалған. Біреуі Жұманның әкесі-Ержігіт, ал екіншісі оның інісі Жаңылбек. Ержігіттен төрт ұл, бір қыз тарайды. Текемен, Тоқсанбай, Шегебай ағаларынан кейін Жұман өмірге келеді. Ағаларының артынан жалғыз қарындасы Үрзия келеді. Колхоз құрылған жылдары ағалары сауатсыздықты жою курстарында оқыды. Ағасы Текемен жұмыста көзге түсіп бригадир, ферма меңгерушісі болады. Тоқсанбай ағасы да соғыстан кейін Түркістанға келіп, сонда теміржолда жұмыс істеді. Шегебай ағасы атажұртта, өмір бойы сол жерде жұмыс істеді. «Ата көрген оқ жонар» дегендей Бабайқорған ауылдық округінің заңгері Арман Ержігітов те атасының жолымен әділеттің ақ туын жықпай, шындықтың бетіне тура қарап, тек тазалықты ұстанып, заңгерлікті меңгерген.
Осы орайда мақта өнеркәсібінің даму жолын ұсынып отырмыз.
Елiмiздiң оңтүстiгiнде суармалы егiншiлiк ертеден қолға алынып, соның iшiнде мақта шаруашылығы өңiрдiң бiр миллионға жуық халқының бiрден-бiр күнкөрiс көзi болып келедi. Мақта саласын тоқыма және тігін өнеркәсібімен толыққанды дамыту үшін жергілікті тұқым шаруашылығын дамытуға күш салынған. Жергілікті тұқым шаруашылықтары мақта өсірушілердің қажеттіліктерінің тек 55 пайызын қамтамасыз етеді. Тауар өндірушілерді жергілікті өндірістің тұқымымен толық қамтамасыз ету үшін облыс аумағында орналасқан аграрлық саланың ғылыми мекемелерін әкімдіктің басқаруына беру ұсынылады. Мақта шаруашылығы саласының проблемалық мәселелері барлық мүдделі тараптардың қатысуымен түрлі диалог алаңдарында бірнеше рет талқыланды. Негізгі субсидиялардан басқа (минералды тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымдар, жеңілдетілген несиелік ресурстар және т.б.) саланы қолдау үшін шаралар қабылдануда.
Мақта – техникалық дақыл ретiнде қоршаған ортаға, ауа райына, топырақтың құнарлылығына, әсiресе күн көзi мен ағын суға талғамы жоғары дақыл.
Мақта өнеркәсібі біздің аймақтың экономикасының негізгі салаларының бірі. бүгінде мақта өсіру жақсы қолға алынған. Алайда шикізат өндірілгенмен мақтаны ары қарай өндеу, мата жасау, кәсіпорындар құру, жалпы жеңіл өнеркәсіп мәселесі кенжелеп тұр. Бұл мәселелердің легі жергілікті кәсіпкерді де алаңдатады. Өсiрiп баптау – вегетация кезеңiнде мақта талабына сай агротехникалық iс-шаралар өз уақытында және сапалы жүргiзiлсе, өнiмдiлiктi әр гектардан 40-50 центнерге дейiн жеткiзуге болады. Мақта талшығы осы өсiмдiктiң беретiн негiзгi шикiзаты болып табылады. Шиттi мақтада 30-38% талшық, 50-56% шит болады, ал, шитте 18-22% мақта майы бар. Одан 20-дан астам түрлi дайын бұйымдар шығаруға болады. Шиттi мақта – халық шаруашылығының тоқыма өнеркәсiбi, май өңдеу, гидролиз, химия және басқа да салалары үшiн қажеттi шикiзат.
Шиттi мақтадан және қозаның вегетациялық өсiп-жетiлу барысындағы бөлiгiнен мынадай заттар жасап шығарылады: мақта-мата кездемелерi, жiптер, жасанды жiбек және терi, корд, былғары, фетр, парашют жасалатын кездемелер, тазартылған май, сабын, лак, күнжара, мал азығы, балық аулайтын аулар мен арқандар, тыңайтқыштар мен өсiмдiктi қорғау дәрi-дәрмектерi, спирт, тағамдық белок, химиялық заттар. 1 келi мақта талшығынан 5 метр ақжаймалық материал, 12 метр шыт немесе 20 метр бәтес, 1 келi шиттен 180-200 грамм май, 450 грамм күнжара, 360 грамм шит қабығы алынады. Ал, шиттен пластмасса, кино және фото пленкалары, линолеум, лак жасалады. 1 тонна шит қабығы 85 литр спирт, 300 келi құрылыс тақталарын, 28 келi көмiр қышқылын, 20 келi сiрке қышқылын бередi. Мақтаның қозапаясынан эпоксид араластырып, ыстық тәсiлмен сығымдау арқылы тақта материалдарын (ДСП) алуға болады. Оларды құрылысқа және үй жиїаздарын жасауға пайдаланады. Әлемде жүзге жуық мемлекет мақта өсiредi, олар негiзiнен субтропикалық және тропикалық климаттық белдеуде орналасқан. Қазақстан Республикасы мақта өндiруде жер шарындағы солтүстiк нүктеде орналасқан. Сондықтан бiздiң елiмiздегi мақта шаруашылығында бiрқатар ерекшелiктер бар. Атап айтар болсақ, кейбiр жылдары мақта пiсiп үлгеру үшiн күн көзiнiң жылуы жетiспейдi, сондықтан мақтаны дефолианттар жәрдемiмен жетiлдiруге тура келедi. Өңiрде орта талшықты мақтаны өсiрiп баптауды үйренген фермерлер жоғары сапалы өнiм өндiредi.
Бұл саланың тарихына аздап ой жүгiртетiн болсақ, Кеңес одағының солақай саясатының кесiрiнен егемендiк алғаннан кейiн ауыл шаруашылығында жүргiзiлген реформаның алғашқы кезеңiнде-ақ мақта өндiрiсi тұйыққа тiрелген едi. Өйткенi, 1990 жылға дейiн мақта дақылы басым болды. Мәскеу жергiлiктi мақта өндiрушiлердiң жағдайымен санаспай, келешекке мән бермей, тек жылдан-жылға көп мақта өндiрудi талап еткен болатын. Бiрақ бұл саясат халқымыздың әлеуметтiк ахуалына, өнiмдiлiкке, топырақ құнарлылығына, жердiң мелиорациялық жағдайына, ауыл шаруашылығы өнiмiнiң сапасына керi әсер етiп, мақта аурулары мен зиянкестерiнiң көбеюiне және өзге де карантиндiк арамшөптердiң тарауына әкелiп соқтырды.
Оның үстiне, елiмiзде мақта саласы бойынша ғылыми-зерттеулер жоқтың қасы болатын. Өзiмiздiң отандық сорттар да болмады. Мақтаның тұқымдық шиттi сорттары мен технологияларын көршiмiз Өзбекстан арқылы алып жүрдiк. Шамасы, осы жағдайға байланысты болар, сол уақытта кейбiр «көрiпкелдерiмiз» Қазақстанның мақта шаруашылығы келешекте Өзбекстанның мақта шаруашылығына әбден тәуелдi болуы мүмкiн деген сөздердi жиi айтатын. Елiмiз егемендiк алған соң суармалы жер, қыруар техника, мақта тазалау зауыттары жекешелендiрiлдi. Жер пайы бөлiнiп, орташа 5-10-20 гектардан шаруа шаруашылықтары құрылды. 1995-1997 жылдары тек мақта өндiрiсiмен айналысатын шаруалар саны Оңтүстiк Қазақстан облысында 85 мыңға жеттi. Жекешелендiру жұмыстары кезiнде мақтаның өнiмдiлiгi әр гектардан 17-19 центнерге дейiн төмендеп кеттi. ҚР Үкiметi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi мақта шаруашылығын дамыту мақсатында бiрнеше iс-шара қабылдап, жаңа жетiстiктерге жол аша бастады. Мақта өндiрушiлерге субсидия бөлу, жанар-жағармайды, тыңайтқыштарды, ағын суды, химиялық препараттарды пайдалануда 40 пайыздық жеңiлдiк беру шаруалардың ынтасын арттыра отырып, жоғары өнiмдi, сапалы мақта өндiруге қол жеткiздi.
Мақаламыздың соңында мақта саласына байланысты аз-кем ақпарат ұсынып отырмыз. Мақта — аса бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады. Жабайы мақтаның талшығын адамдар өте ерте уақытта — сонау адамзат мәдениетінің алғашқы кезеңінде-ақ жинай бастаған-ды. Сөйтіп, мақта ежелгі заманнан мәдени өсімдікке айналды. Оны ең әуелі Үндістанда, одан соң Қытай мен Египетте өсіре бастады. Үнділер басқалардан бұрын мақтадан жеңіл де жұқа, торғын маталар, муслин және әдемі шыттар тоқуды үйренді. Қазір мақта Үндістанда, Америка Құрама Штаттарында, Қытайда, Бразилияда және басқа да елдерде егіледі. Біздің елімізде Орта Азия республикаларында, Оңтүстік Қазақстанда, сондай-ақ Закавказьеде өсіріледі. Мақта жылылықты, күн көзін, құнарлы топырақты және ылғалды қатты ұнататын өсімдік. Ол әдетте суармалы жерде өсіріледі. Өзінің биіктігі бір немесе бір жарым метр шамасында болады. Гүлдері ірі, ұрығы — қауашақты.
Пісіп жетілген кезде қауашағы ашылып, үлпілдек ақ мақта көрінеді.
Егер қауашақтан сол бір үлпілдек массаны жұлып алып қарасақ, одан біз мақтаның тұқымын көреміз. Енді осы тұқымның біреуін алайық. Оны жалпы массадан ажыратып алу оңай емес. Оның сырты ұйысқан талшық болып келеді. Мұны жаза бастасақ, олардың ұзынды-қысқалы өте нәзік талшықтар екенін көреміз. Мақта талшығы немесе мақта дегеніміз міне осы. Сөйтіп, зығыр мен сораның иіруге арналған талшығы сабағында, ал мақтаныкі тұқымының сыртында болады. Мақтаны тұқымымен бірге негізінен машинамен жинайды. Және де мұны бірнеше дүркін қайталайды, өйткені қауашақтары бір мезгілде пісіп жетілмейді. Бұл жиналған өнім әзірге әлі шитті мақта болып табылады.
Арнаулы машиналар талшықты тұқымнан ажыратады, сонан соң оны жіп иіру фабрикаларына жөнелтеді. Онда мақтаны иіреді, ал тоқыма фабрикаларында иірілген жіптен шыт, бәтес, жұқа кездеме, сәтен, бумазей, трикотаж және басқа мақта өнімдері тоқылады. Мақтадан көрпе де, вафель сүлгісі де, медициналық мақта да, пластмасса да, целлюлоза да, фотопленка да, қағаз да жасалады. Бірақ бұл мұнымен ғана бітпейді, одан және техникада қолданылатын мықты, төзімді маталар да әзірленеді. Ал енді мақтаның тұқымынан май айырады. Ол консерві жасау өнеркәсібіне, маргарин өндіруге жұмсалады. Сонымен қатар мақта майы сабын жасауға да қолданылады, одан және глицерин, стеарин алынады. Майы сығып алынғаннан кейін мақта күн-жарасы қалады. Ол мал азығы болып табылады. Майды сығу процесінде пайда болған басқа қалдықтардан гудрон бөліп алынады. Оны тас жол төсеу барысында және ыстыққа төзім-і лактарды өндіруге пайдаланады. Тұқымның қабығы этил және метил спиртін өндіруге жұмсалады. Сабақтары — отын әрі құрылыс материалы. Жапырағынан алма, лимон қышқылдарын алуға болады. Міне сондықтан да мақта әрі өте маңызды техникалық дақыл болып есептеледі. Біздің елімізде мақта танаптары шөл далаларды игеріп, суландыру есебінен ұлғайтылады.
Бүгінгі күні мақта бүкіл әлем бойынша тоқыма өнеркәсібінде қолданылатын ең маңызды өсімдік талшығы болып табылады (жалпы көлемінің 50-60%).
Мақта – мақта тұқымын жауып тұратын талшықтар. Мақта талшықтары 95% целлюлозадан және 5% майлар мен минералдардан тұрады. Әлемде мақтаның 50-ден астам түрі белгілі, бірақ олардың тек 4 түрі ғана өсіріледі және өсіріледі:
- Gossypium hirsutum — бір жылдық шөптесін мақта өсімдігі, ең солтүстік, қысқа және ірі талшық береді;
- Gossypium arboreum — Үндіқытай ағашы тәрізді мақта өсімдігі, ең биік 4-6 м дейін;
- Gossypium barbadense — аралдардан, Барбадостан немесе Перуден алынған элиталық ұзын штапельді мақта;
- Gossypium herbaceum — ең көп таралған мақта өсімдігі.
Мақта талғампаз емес, бірақ аязсыз ұзақ жылы температураны қажет етеді. Сондықтан ол тропикалық және табысты өсіріледі субтропиктік аймақтар солтүстік және оңтүстік жарты шарлар.
Көптеген жылдар бойы мақтаның негізгі жеткізушілері АҚШ, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Бразилия 80 елде өсіріледі.
Мақта қалай өсіріледі?
Зауыт жұмсақ талшық бермес бұрын, ол бірнеше кезеңнен өтеді:
- Ақырында гүл өсетін бүршіктің пайда болуы.
- Гүл және оның тозаңдануы. Тозаңданудан кейін гүл сары түс күлгін-қызғылт түске айналады, ол бірнеше күннен кейін түсіп, жемісін (тұқым қорабын) орнында қалдырады. Гүл өздігінен тозаңданады, ол мақта өндіру процесін тозаңдандыратын жәндіктердің болуына байланыстырмайды.
- Тұқымдық қорапшаның өсуі және одан мақта талшықтарының түзілуі. Талшықтар тозаңданғаннан кейін ғана өсе бастайды. Қорап кеңейеді, жарылады, мақта талшықтарын шығарады.
Мақта ерекше өседі және жетілу кезеңі белгісіз. Бұл бір мезгілде бір өсімдікте бүршік, гүл, тозаңданған гүл, тұқым қорабы болады деген сөз. Сондықтан мақта жинау тұрақты бақылауды қажет етеді:
- тұқым жәшіктерінің саны қадағаланады;
- қозаларды 80% ашқаннан кейін мақтаны пісуді тездету үшін өңдейді;
- Жинау жәшіктер 95% ашылғаннан кейін басталады.
Өсу процесінде мақта дефолиантпен өңделеді, бұл жапырақтардың түсуін тездетеді, бұл мақтаны жинауды жеңілдетеді.
Бастапқыда мақта қолмен жиналып, өңделді, бұл одан жасалған өнімдерді айтарлықтай қымбатқа түсірді, өйткені бір адам күніне 80 келіге дейін мақта жинап, оны тұқымнан 6-8 кг бөле алады. Индустрияландыру және процестерді механикаландыру кезінде мақта қымбат емес, бірақ жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін негізгі табиғи талшыққа айналды.
Айта кету керек, кейбір елдерде (Африка, Өзбекстан) мақта әлі күнге дейін қолмен теріледі. Бірақ қазіргі өндірісте шитті мақта арнайы мақта тергіштермен жиналады. Олардың бірнеше түрі бар, бірақ олардың барлығының бір жұмыс принципі бар:
- мақта бұталары арнайы шпиндельдермен ұсталады;
- арнайы бөлімдерде шитті мақта мен сабағын ажыратады, сабағы жайлап шығады;
- ашық шыбықтар ұсталып, мақта жәшігіне жіберіледі, ал жабық және жартылай ашылған бөтелкелер үйіндіге жіберіледі.
Содан кейін шитті мақта талшықтар тұқымдардан, құрғақ жапырақтардан және бұтақтардан бөлінген тазалауға барады.
Мақта түрлері
Тазартылған мақта әдетте талшық ұзындығына, созылуына және ластану дәрежесіне қарай жіктеледі.
Созылу және ластану дәрежесі бойынша мақта талшықтары 7 топқа бөлінеді, мұнда 0 мақта таңдалады. Талшық ұзындығы бойынша:
- қысқа талшықты (27 мм-ге дейін);
- орташа талшық (30-35 мм);
- ұзын талшықты (35-50 мм).
Мақтаның несі жақсы?
Барлығы 100% мақта тоқыма бұйымдары (мысалы, мақта сүлгілері, төсек-орын, халаттар) ерекше жайлылық жасайтынын біледі. Оны қалай түсіндіруге болады? Неліктен мақта соншалықты жақсы?
Мақтаның келесі қасиеттері бар:
- жақсы гигроскопиялық және тыныс алу қабілеті;
- жақсы созылу беріктігі;
- төзімді жоғары температуралар (150 С дейін);
- органикалық еріткіштерге төзімді (спирт, сірке қышқылы, құмырсқа қышқылы);
- жұмсақтық;
- жақсы бояу;
- салыстырмалы арзандық.
Мақтадан не жасалады?
Мақта тұқымдары келесі мақсаттарда қолданылады:
- жаңа мақта отырғызу;
- мұнай өндіру;
- мал азығын өндіру.
Төменгі (линт) және төмен (шегіші) қолдану:
- синтетикалық жіп өндірісінің негізі ретінде;
- қағаз (мақта 95% целлюлозадан тұрады);
- пластмассалар;
- жарылғыш заттар.
Мақта талшықтары өндірісте қолданылады:
- элиталық, жұқа маталар — олар үшін тек ұзын штапельді мақта қолданылады;
- арзанырақ маталар, мысалы, дөрекі калико, чинц және т.б. — орташа штапельді мақтаны қолданыңыз;
- трикотаж — өндірісте қысқа штапельді мақтаны да қолдануға болады (бұл кейде оның төмен төзімділігін түсіндіреді), беріктік үшін оларға синтетикалық компоненттер қосылады;
- медициналық мақта;
- соғу;
- жастықтарға, көрпелерге және матрацтарға арналған мақта толтырғыш — заманауи тәсілдер мақта талшығын мұқият өңдеу оның пішінін тамаша ұстайтын, торт емес және экологиялық таза материал алуға мүмкіндік береді.
Мақта (Gossypium) – малвалар тұқымдасына жататын бір немесе екі жасар шөптесін өсімдік.
Шығу тегі
Көптеген адамдар әр үйдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының ішінде жатқан мақта жүні далада өседі деп күдіктенбейді және бұл мақта деп аталатын өсімдіктің бөлігі. Тропикалық және субтропиктік климаты бар елдерде бұл пайдалы өсімдік орасан зор плантацияларды алып жатыр және жыл сайын бұл алқаптардан мыңдаған тонна мақта жүнінің өнімі алынады. Зауыттарда мақтаның өсімдік шикізатынан табиғи мақта өндіріледі. Мақта өндірісі бойынша әлемдік көшбасшылар Үндістан, Пәкістан, АҚШ, Бразилия, Қытай. Мақта өсіріледі Орталық Азия, Өзбекстан мен Тәжікстан аумағында.
Тубегі ӘЛЖАНҰЛЫ.