САУРАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» САУРАНДЫҚТАР ҮШІН ҮЛКЕН МҮМКІНДІК

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауданның апталық мәжілісі болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Онда әрбір ауылдық округі кесіндісінде кедейлікті төмендету бойынша атқарылған жұмыстар бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек, Үшқайық ауылдық округінде инвестиция тарту бойынша ауылдық округ әкімі Мұхтар Шалаев, мемлекеттік сатып алу конкурстарының жариялануы туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов баяндама жасады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбектің мәлімдеуінше аз қамтылған азаматтардың табысын арттыру және өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында ауданда бірқатар жұмыстар атқарылып, әлеуметтік көмектер көрсетілген.

Соңғы 2022-2023 жылдың қорытындысымен салыстырғанда кедейлік деңгейін және тиісінше атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын төмендетудің оң үрдісі байқалуда. 2023 жылы ауданда 3938 адам атаулы әлеуметтік көмек алса, 2022 жылы 4904 адам алып келген. Кедейлік деңгейін төмендету атаулы әлеуметтік көмек алушыларды жұмыспен қамту шараларына тарту жөніндегі белсенді жұмыстың арқасында қамтамасыз етіліп келеді.

Сонымен қатар, 35 жасқа толмаған азаматтарға 2,5 пайыздық 5 млн.теңгеге дейін жеңілдетілген қайтарымды шағын несие беру жоспарланған. Осы мақсатта 175000,0 мың.теңге қаржы қаралған. Бүгінгі таңда 22 жоба конкурстық комиссия қарауына ұсынылып, нәтижесінде 17 адамның жобасы мақұлданып, қаржылары толығымен аударылған. Шағын несие алғандардың 45% мал шаруашылығын дамытуға алса, қалған 36% қызмет көрсету, 19% өндіріс ашу мен тамақ өнімдерін өндіруге алғанын мәлім етті.

«АУЫЛ АМАНАТЫ» АЛҒА БАСТАУДА

Қазіргі таңда Сауран ауданының жастары «Ауыл аманаты» жобасына белсенді қатысуда. Бүгінге дейін «Ауыл аманаты» жобасымен несие алуға 274 адам құжат тапсырды. Оның жалпы құны 1 494 млн. теңгеге жетіп отыр. Оның ішінде, 191 жобаға 1267 млн. теңгеге қаржыландырылды. Мал шаруашылығы бағытында – 165 жоба мақұлданды. Оның жалпы құны 1005 млн. теңгеге жеткізілді. Өсімдік шаруашылығы бойынша 9 жоба басталды. Оның жалпы құны — 54 млн. теңге болады. Балық шаруашылығы бойынша екі жоба басталды. Оның жалпы құны — 17 млн. теңге болады. Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері бойынша құны — 124 млн. теңге тұратын бес жоба мақұлданды. Өз кәсібін ашуға құны 68 млн. теңге тұратын он жоба ұсынылды.

Бүгінгі күнге аудан бойынша 149 шаруа өзге облыстан 2918 мал сатып алды және 9 шаруа жылыжай салды. Шаруаларға барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында «Жер аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба бойынша 29,5 мың гектар ортақ жайылымдарды қайтару жоспарланып, оның 32,5 мың гектары қайтарылып, тұрғындардың пайдалануына берілді.

Дәуірхан Асылбектің баяндауынша, 2024 жылы жоба бойынша 6987 жұмыс орны жоспарланған. Оның ішінде 3982 тұрақты жұмыс орындары қалыптасады. Ал, қалған 3005 орны уақытша жұмыс орындары деп жоспарланған. Қайтарымсыз қаржыландырылатын (субсидияланатын) жұмыс орындарына 1654 жұмыс орны ашылады.

Жаңа жұмыс орнына 23 жобаға 247 азаматты жұмыспен қамту жоспарлануда. Атап айтқанда, үш «Жайлы мектеп» жобасы, 9 — Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамыту тұжырымдамасы «Ауыл ел-бесігі» жобасына кіріп отыр. Үшеуі Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдама білім жобасына қатысты болып отыр. Бесеуі Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2022-2030 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоба құрамында бар. Оның ішінде Шаға ауылдық округінде 600 басқа арналған сүт-тауарлы фермасының құрылысының орнына ауыл шаруашылық бөлімімен келісіліп, Оранғай ауылдық округіндегі 1100 бас ірі қара мал бордақылау алаңы жобасымен ауыстырылды. Екеуі Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамалық жобасына кірді. Осы орайда айта кетерлігі, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамалық жобасы бекітілгендігі баяндалды.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЙЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Дәуірхан Асылбектің баяндауынша, биылғы жылы «Балық берме, қармақ бер» тәмсілі бойынша, аудандағы тұрмысы төмен жандарды барынша жұмыспен қамтып, таңдаған мамандығы бойынша арнайы курстардан өткізіп, бизнеспен айналысқысы келетіндерді қаржылық сауаттылыққа үйретуде. Мәселен, 2024 жылы 91 жасқа 455 млн.теңгеге шағын несие беру көзделуде.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында 2024 жылы аудан бойынша әлеуметтік шаралармен қамтылған 6987 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған. Оның ішінде 3982 тұрақты, ал қалған 3005 орны уақытша, қайтарымсыз қаржымен (субсидия) қамтылып, жұмыс орындарына 1654 адам жіберіліп, жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Жаңа жұмыс орнына 23 жобаға 247 азаматты жұмыспен қамту жоспарланып отырғанын жеткізді.

2023 жылдың қорытындысымен облыста 629 аз қамтылған отбасыларға (3938 адам) 312 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. 2022 жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 966 адамға немесе 19,7% төмендеді. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 4904 адам болатын. Ал, кедейшілік шегінен төмен тұратын халықтың үлесі жыл қорытындысы бойынша 3,9% құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 1% төмендеді. Дегенмен, ауданда 4 ауылдық округте атап өтер болсақ, Иассы 9,4%, Майдантал 7,4%, Шаға 6,4, Жаңа Иқан 6,5%, атаулы әлеумет-тік көмек алушылардың үлесі аудан-дық көрсеткіштен артып, ең жоғарғы көрсеткіштер Иассы, Майдантал ауылдық округтерінде қалыптасты.

2024 жылы кедейлікті төмендету, аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында 569 отбасындағы 3562 адам 387,7 млн.теңгеге атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жоспарланып, оның 302,7 млн.теңгесі республикалық бюджеттен бөлінеді. Сәйкесінше, ауылдық округтерде мониторинг жұмыстарын жандандыру арқылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын 376 адамға немесе аудан халқының 3,5% төмендету межеленді.

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Саурандықтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеру бойынша ағымдағы жылы коммуналдық сала бойынша 74 жоба әзірленуде. Оның 60-ы меморандум арқылы жасалады. Қазіргі таңға 44 жобаға сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Әсіресе, халықты сапалы ауыз сумен қамту кезек күттірмейді. Қазіргі таңға ауданды ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 92 пайызды құрайды. 33 елді мекеннің 32-і ауыз су құбырымен қамтылған. Егізқара елді мекенге «кешенді блок модуль» қондырғысын орнатуды қажет етеді. Ойық елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы аяқталып, нысан пайдалануға берілген. Сонымен қатар, Ескі Иқан, Шорнақ, Қосмезгіл, С.Қожанов елді мекендеріне 4 жоба әзірленіп, республикалық бюджетке 8,3 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Ал, Еңбекші Дихан елді мекенінің жобасы сараптамаға жолданды. Қараша айында 29 елді мекенге тозығы жеткен 68 дана су сорғылары алынып, орнатылды.

Электр қуаты бойынша мониторинг жүргізу барысында 32 елді мекендегі электр желілері мен бағаналары 70-ші жылдары салынып, тозығы жеткендігі байқалды. Осы бойынша қазіргі таңда, 32 жоба әзірленіп, 17 жобаға сараптаманың оң қорытындысы алынды. Мұның бағасы 5.7 млрд. теңгеге жетпек. Сонымен қатар, ағымдағы жылы бюджет есебінен 39 дана трансформатор орнатылды және 2024 жылға 20 данасын алу жоспарлануда.

Ауданның газбен қамтамасыз ету деңгейі 31,4 пайызды құрайды. Ауданда 10 елді мекенге табиғи газ құбыры жүргізіліп, жеті елді мекен табиғи газға қосылды Олар Нұртас, С.Қожанов, Жалаңтөс, А.Үсенов, Шаға, Қазақстан 30 жылдығы, Ескі Иқан, Бершінтөбе ауылдары.

3 жыл бұрын мемлекеттік жекешелік әріптестік арқылы жүргізілген 2 елді мекендегі ішкі газ құбырларын 2 ай көлемінде табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілетін болады. Оның ішінде Ибатада 1850 абонент жеткізуші газ құбырына ауамен сығымдау және ақауын анықтау жұмыстары жүргізілуде. 44 көшенің 14 дайын. Ойық-40 абонент жұмыстары басталмаған.

Сонымен қатар, Оранғай, Қарашық, Жүйнек ауылдық округтеріне магистральды және ішкі құбырларына жобалар әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жоба құны – 16,5 млрд. теңге құрайды. Магистральдың жоба құны – 5,6 млрд теңгені құрайды. Ал, Шорнақ ауылдық округіне магистральды газ құбырына жоба әзірленіп, сараптамаға жолданды.

2024 жылы Бабайқорған, Майдантал, Жібек Жолы ауылдық округтеріне магистральды газ құбырына жоба әзірлеу жоспарлануда.

Ауданда аудандық маңызы бар жолдар 119 шақырым және елді мекен жолдары 731 шақырымды құрайды. 2023 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында және жергілікті бюджет есебінен 28 көшеге 23 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 87 көшенің топырақ жолына 72 шақырым тас төсеу жұмыстары жүргізілді. 2024 жылдың қыркүйек айына дейін 118 шақырым топырақ жолға тас төселеді. 12 ауылдық округте жалпы 97 көпір бар. Оның ішінде, бес көпірді ағымдағы жылы 2024 жылға 10 көпір, 2025 жылға 24 көпірді жөндеу жоспарлануда.

Аудан тарапынан ауданішілік жолаушылар тысамалына 6 бағыт ұйымдастырылып, 3 бағыт тұрақты түрде жүргізілуде.

Қазан-қараша айларында 6 полигонға қоршаулар мен қарауылханалар салынды және 74 ыстық нүктелер мен көп жылдар бойы жиналған 137 гектар бей-берекет қоқыс полигондары жойылды.

2024 жылы 6 елді мекенде балалар ойын алаңшалары, 2 футбол алаңы мен желілік саябақ және 13 көшеге түнгі жарық шамдары орнатылатын болады.

Ауданда аз қамтамасыз етілген және мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде көрсетілуде. 2023 жылғы 12 айдың қорытындысымен 629 отбасыға (3938 адам) атаулы әлеуметтік көмек төленіп, кедейлік шегі шеңберіндегі азаматтар саны аудан халқының 3,9%-ын құрады. Көмек алған отбасылардың 1202 балаларына қосымша қаржылай төлем жасалынды. «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның» еңбек бағытында ағымдағы жылы 12 айда 7998 азамат жобаға қатыстырылды. Оның ішінде: жастар практикасына — 550, ақылы қоғамдық жұмысқа — 1158, әлеуметтік жұмыс орындарына — 272, алғашқы жұмыс орындарына — 68, «Күміс жас» жобасына — 122 адам жолданды. Тұрақты жұмыспен 2287 азамат қамтылды. «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне 972 азамат оқытылып сертификат алды. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға 100 азаматқа мемлекеттік грант берілді. Жастарға өз кәсіптерін ашуға 14 адам жеңілдетілген шағын несиемен қамтылды.

Ердәулет САҒЫНДЫҚ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *