АГРОӨНЕРКӘСІП: САУРАН АУДАНЫНЫҢ САН-САЛАЛЫ СЕРПІНДІ ІСІ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының аудан, қалаларға жұмыс сапары жалғасуда. Бұл жолы Сауран ауданындағы бірнеше нысанды аралап, кәсіпкерлермен, тұрғындармен жүздесті.

Бүгінде Сауранда жиһаз өндірісі жақсы дамып келеді. Өңір басшысы Қарашық ауылындағы «Bahyt mebel» жиһаз жасау цехының жұмысымен танысты. Биыл іске қосылған жобаның құны – 20 млн. теңге. Шағын цехта 10 адам жұмыспен қамтылған. Облыс әкімі цех иесіне шағын кәсіпкерлікті, өндірісті дамыту бағытында мемлекет тарапынан жасалатын қолдаулар туралы түсіндірді. Өңірде жиһаз кластерін дамыту жұмысы жүріп жатқанын, ол үшін арнайы жер бөлінгенін, жеңілдіктер қарастырылғанын атап өтті. Аудан әкімі мен Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен «Turkistan» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы басшылығына кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын ширату жөнінде тапсырма берді. Одан кейін облыс әкімі Қарашықтағы жеке кәсіпкердің гүл өсіретін жылыжайында болды. Жылыжай 2010 жылы іске қосылған. Жобаның құны – 20 млн. теңге.

– Ауыл шаруашылығы – негізгі драйвердің бірі. Тұрғындарға осы саланы, кәсіпкерлікті насихаттап, қолдау көрсеткен жөн. Аудан әкімдігі, жауапты басқармалар «Ауыл аманаты» жобасы арқылы жұмысты жандандырып, тұрғындардың іс бастауына көмектессін. Жұмысты ширатыңыздар, – деді Дархан Сатыбалды.

Өңір басшысына «Қарашық» спорт кешенінің жұмысы таныстырылды. Жеке кәсіпкер салған нысанның құны – 230 млн. теңге. 2021 жылы пайдалануға берілген спорт кешенінде 8 адам жұмыспен қамтылған. Спорт үйірмелерінде 320 тұрғын тұрақты түрде спортпен айналысады.

Іссапар барысында спорт және өзге де әлеуметтік нысандарды салуға жеке инвесторларды тартудың маңызы зор екені айтылды. Облыс әкімі тарапынан жауаптыларға тиісті тапсырмалар беріліп, міндеттер жүктелді. Сауран ауданын дамыту жұмысы жалғасады.

Жалпы айта кететін болсақ, «Ауыл аманаты» жобасына Түркістан облысы, Сауран ауданының Шаға және Қарашық ауылының тұрғындары қатысады. Бұлай таңдап алуы да тегін емес. Өйткені қос ауылда сүт және мал шаруашылығы жақсы жолға қойылған. Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы мен осы сала өкілдерінен құралған топ мүшелері ауыл халқымен кездесіп, жобаның маңызына тоқталып, шарттарын түсіндірді. Айта кетейік, жобаға қатысуға кез-келген адам өтініш бере алады. Ұсынылған бизнес жоспардың қажеттілігі, тиімділігі ескеріле отырып, шешім қабылданады. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде бұл жоба қатысушыларына 2,5 пайызбен несие беру көзделуде. Егер мал шаруашылығын қолға алғыңыз келсе – 7 жылға, ал басқа кәсіпті нәсібіңізге айналдырар болсаңыз – 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Тек бір шарты бар. Үйіңізді кепілге қоясыз. Жобаның тиімді екенін айтып, қызығушылық танытып жатқандар қатары көп. Олар табысын арттырып, өзін-өзі қамтамасыз етуге ниетті. Жүздесуде тұрғындар жеңілдетілген несие алу, субсидияға қол жеткізу, сауатты бизнес-жоспар құру тағы да басқа ауыл мәселелері бойынша сұрақтар қойып, тұщымды жауап алды. Көпшілігі бағдарламаға белсенді қатысуға бел байлап отыр.

СЫН ТҮЗЕЛМЕЙ, МІН ТҮЗЕЛМЕЙДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, арнайы мәжіліс өткізді. Мақсат – ауданды дамыту, мемлекеттік мекеме басшыларының жұмысын ширату. Актив отырысында мәселелер ашық әрі өткір айтылып, кемшіліктер сөз болды. Оларды шешу жолдары қаралды. Өңір басшысы нақты тапсырмалар берді.

– Биыл 10 айдың қорытындысы-мен аудан бойынша жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, бюджетті иге-ру бойынша көрсеткіштер орындал-маған. Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамыту қа-жет. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 8 млрд. теңге инвести-ция тартылып, жылдық жоспар 71 пайызға ғана орындалған. Ауданда шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары назардан төмен. Кәсіп-керлерге өз ісін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау керек. Бұл бағытта оң өзгерістерді қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдан-сын. Жұмыссыздық деңгейі 5 пайыз-ды құрап отыр. Жаңа жұмыс орын-дарын ашу – аудан әкімі жұмысы-ның басты көрсеткіштерінің бірі. Оның ішінде жастардың арасында жұмыссыздықты жоюға ерекше көңіл бөлу қажет. Туризмді дамыту-ға күш салынсын. Ауданның, ауыл-дардың санитарлық тазалығына, абаттандыруға мән беріңіздер. Жыл басында аудандағы бірқатар елді мекенді су басқан болатын. Осыған байланысты алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарды қатаң бақылауға алу қажет, – деді Дархан Сатыбалды.

Мәжілісте аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың баяндамасы тыңдалды. (Аудан әкімінің баяндамасының толық нұсқасын газетіміздің 6-бетінен оқи аласыздар). Ол ауданда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды. Ауданда әкімшілік-іскерлік аумағындағы ғимараттар іске қосылған, ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүріп жатыр. Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов ауданның даму барысын зерделеу нәтижесінде анықталған деректер мен көрсеткіштер туралы айтты. Оның мәлімдеуінше, облыс әкімі аппараты тарапынан Сауран ауданының өзекті мәселелері талданып, бірқатар кемшілік анықталды. Сауран ауданында өңдеу өнеркәсібі өнімінің көрсеткіштері орындалмаған. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу бойынша көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 140 млн. теңгеге немесе 27 пайызға төмендеген. 1-ші жартыжылдықтың қорытындысымен шағын және орта кәсіпкерліктің өнім шығарылымы 6 млрд. 144 млн. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда күрт төмендей түскен. Жиында аудан әкімі мен жауапты басқарма басшыларына ауданның кіріс көздерін, өзіндік табысын ұлғайту, құрылыс нысандарын уақтылы әрі сапалы аяқтау, білім, денсаулық сақтау салаларында жұмысты жандандыру, кәсіпорындар ашу, инфрақұрылымды жақсарту жөнінде және өзге де тапсырмалар берілді.

Сауранда туризмді дамытып, осы саладағы табысты молайту міндеті де жүктелді. Тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды.

ҚАРАШЫҚТА КӘСІПКЕРЛІК ТЫҢ ЖОБАЛАР ТЫҢДАЛДЫ

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Қарашық ауылында бірқатар тұрғындарды жеке қабылдау өткізіп, өзекті мәселелерін шешу жолдарын қарастырды.

Сауран ауданы Қарсақты елді мекенінің тұрғыны «Sauran Plast» жеке кәсіпкерлігінің төрағасы Қанат Көшербаев қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу арқылы полиэтилен құбырын шығаратын өндірістік кешенін іске қосқан. Аталған жобаға электр қуатының жеткіліксіздігі туындауда.

— Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округіне қарасты Қарсақты елді мекенінен тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеумен айналысамыз. Қазіргі таңда он адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Жылына 500 тоннаға дейін қатты қалдықтарды өңдеуге мүмкіндігіміз бар. Супермаркеттер, құрылыс компанияларына полиэтилен құбырларын, қаптама материалдарын, қалташаларды шығарып өткізіп жатырмыз. Баклашка, аллюминий банкілерді картон қағаздарды қайта өңдейміз. Кәріз құбырларын да жасауға дайындық жасап жатырмыз. Электрмен қамту жағынан қиындық көріп отырмыз. Осы мәселе бойынша облыс әкіміне жазылып көмек сұрадық. Жобамызды өңірлік даму картасына енгізіп, электр жайын шешуге қолдау көрсетсе дейміз. Су, газ мәселесін де шешуге қам жасаудамыз. Жеңілдетілген несие алып жұмысымызды бастамақпыз. Жақында Қытайға барып жаңа технологияларын көріп қайттым. Келісім-шарттар жасастық. Өндірісті толық күшінде атқару үшін 500 миллион теңгедей инвестиция қажет болып отыр. «Жасыл даму» бағдарламасына 2024 жылдың жоспарына енгізуді сұрап отырмыз. Облыс әкімі мен Сауран ауданының әкімі тың жобамызды қолдап, барынша мүмкіндік ашуға кірісіп кетті. Қолдау тапқанымызға қуаныштымыз.

Облыс әкімі тиісті мекеме басшыларына тапсырма беріп, бұл мәселені шешуге уәде берді.

БАҒАЛЫ БАЛЫҚТАР — БАЙЛЫҚ КӨЗІ

Сауран ауданы Бабайқорған ауылдық округі Абай ауылының тұрғыны «Кәрімжан» шаруа қожалығының төрағасы Кәрімжан Бекмурзаев балық шаруашылығын дамытуға ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 2,5 пайыз несие алу мәселесін көтерді. Бұл мәселемен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы айналысатын болды.

— Облыс әкіміне балық шаруашылығын дамыту мәселесімен келіп отырмын. Сауран ауданы Бабайқорған ауылдық округінің Абай жақтағы тау бөктеріндегі «Кәрімжан» шаруа қожалығының төрағасымын. Төрт гектар қолдан жасалған жасанды көліміз бар. Сазан, карп, беламур сосын қазір Шымкентте форель секілді бағалы балықтардың шабақтары сатылуда. Соны алуды көздеп отырмыз. Таудың таза салқын суымен тез семіреді екен. «Қызылшаруа» ауылында 60 гектар көліміз бар. Форелді өзен бойына өсірсек деген ойдамыз. Әзірге 5-6 миллион теңгедей қаражатымызды жаратып жатырмыз. Оның сыртында үш отбасы болып, етті, сүтті бағыттағы малдарды өсіріп, өнімін өткізудеміз. Жиырма шақты сиырымызды сауып Түркістанға әкеліп, дүкендерге өткіземіз. Жаздың күндері мүлдем сүт жетпей қалады. Осыны да дұрыстап қолға алсақ деп отырмыз. Етті бағыттағы малды да асылдандыруды ойластырып жатырмыз. Абай елді мекені жылқы малына өте қолайлы. Сондықтан, жазда бие байлап, саумал, қымыз өндіруді жоспарлап отырмыз. Біздің жобамыздың барлығын мұқият тыңдаған облыс және аудан әкімі барынша қолдау көрсетуге құштарлық танытып отыр,-дейді «Кәрімжан» шаруа қожалығының төрағасы Кәрімжан Бекмурзаев.

ӨЗІМІЗДЕ ТЕРІ–ЖҮН ӨҢДЕУ ӨНДІРІСІ ӨРГЕ БАСПАҚ

Сауран ауданы Бабайқорған елді мекенінің тұрғыны «Камал» жеке кәсіпкерлігінің төрағасы Абдикамал Матмусаев тері-жүн өңдеу цехын ашу мақсатында ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 2,5 пайыздық несие алу мә-селесі бойынша қабылдауда болды. Бұл кәсіпкерге тиісті мекемелер қолдау көрсететін болып шешілді.

-Қазір ауылдардың маңында малдардың терілері мен жүндері шашылып жатыр. Менің осы тері өңдеу саласында жұмыс жасағаныма 35 жыл болды. Тері өңдеу технологиясы институтын бітіргенмін. Қазіргі кезде менің Шымкент, Тараз, Талдықорған қалаларында кішігірім тері, былғары өңдеу цехым бар. Менің өзім Бабайқорған ауылының тумасымын. Енді осы өзімнің туған ауылыма келіп, тері-былғары өңдейтін фабрика ашсам деген ойым бар. Қазіргі кезде біздің тері, жүніміз далада рәсуа болып шашылып жатыр. Бұйыртса бастапқыда Сауран ауданы сосын Түркістан облысының тері, жүндерін қабылдап, тазалап, жуып, кәдеге асырсам деген ойым бар. Қазір бізде 60-қа жуық теріден, былғарыдан жасалатын күрте, аяқ киімдер бар. Соның барлығын бір жерге шоғырландырсам деген ойым бар. Біз әкімнен жер, су, газ, электр қуаты жөнінде көмектессе деген оймен қабылдауына жазылып отырмын. Әзірге жер мәселесі шешіліп тұр. Оны Самара трассасы жанынан Бабайқорған ауылды округінің аумағынан алып отырмын. Соған әкімдік жарық, газ, су жүргізіп берсе, ісімізді бастағалы отырмыз. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жылы қабылдап, менің өзіме осы жерге көшіп келіп, жұмысымды бастауымды қолдап отыр. Алғысымыз шексіз. Келесі жазға дейін зауытымызды іске қосудың мүмкіндігі ашылып отыр,-дейді«Камал» жеке кәсіпкерлігінің төрағасы Абдикамал Матмусаев.

МАҚТА КЛАСТЕРІН АШУ КЕЗЕК КҮТТІРМЕЙДІ

«Тұран» шаруа қожалығының төрағасы Хабиболла Азимов Қарашық су қоймасын салу, Қарашық ауылынан Индустриалды аймақ ашуға қолдау көрсетуді сұрады. Бұған Облыс әкімі тарапынан қолдау көрсетілмек. Хабиболла Азимов облыста мақта кластерін ашпай сапалы мақта өсіріп, оны ұқсата пайдалану жүзеге асырылмайды деген ойда.

— Мақта талшығын сату екі жылдан бері үлкен проблемаға айналып отыр. Мұның ең өзекті мәселесі облысымызда мақта өңдеудің жүзеге асырылмауы салдарынан болып отыр. Менің ойымша осы Түркістан өңірінде мақта кластерін ашып, сапалы мақта өсіріп қана қоймай, оны барынша мақтаны терең өңдеп, ұқсата пайдалануды жолға қоюымыз керек. Сол кезде бізде ешқандай проблема болмайды. Екінші бір мәселе мақта өсірушілерге өнімін базарда сатудың мүмкіншілігін жасау керек. Біздің базарымызға Түркия, Өзбекстан, Ресейден арзан өнімдер келіп, толтырып тастаған. Бұдан құтылу үшін дайын сапалы өнімдерді сатуды жолға қоюымыз керек. Егер де мақта кластерін ашып, жұмысын жолға қоятын болсақ, бұл мәселе шешімін табады деп ойлаймын,- дейді «Тұран» шаруа қожалығының төрағасы Хабиболла Азимов.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды саурандық кәсіпкерлердің істің көзін таба білетін алғырлығына және нарықтағы аса қажетті өндіріс түрлерін таңдағанына ризашылығын білдірді. Тиісті мемлекеттік мекемелердің тарапынан барынша қолдау көрсетілетініне тоқталды.

Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу мен кері байланысты нығайту бойынша тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында әкімдік тұрақты негізде тұрғындармен кездесулер өткізеді.

– Жүзбе-жүз кездесулер жұмыстың тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Азаматтарды қабылдау тұр-ғындардың жекелеген мәселелерін шешумен ғана шектелмей, өңір да-муына септігін тигізетін ұсыныстар айтылады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына ар-налған Жолдауына арқау болған ба-ғыттардың бірі. Көптеген мәселелер осы жерде-ақ шешімін тауып жата-ды. Көтерілген мәселелер кезең ке-зеңімен өз шешімін табуда. Кей-біреулері уақытты талап етеді, бірақ міндетті түрде шешілетін болады. Әртүрлі кедергілер мен бюрократ-тық көріністерді мүмкіндігінше азайтатын мұндай қоғамдық қабылдаулар жиі өткізіледі, – деген облыс әкімі Дархан Сатыбалды тиісті сала басшыларына тапсырма берді.

Айта кетейік, жыл басынан бері азаматтарға облыс әкімі тарапынан жалпы 50-ден астам жеке қабылдау өткізілді. 403 азамат қабылдауға келіп, олардың тарапынан 621 өтініш пен ұсыныс-пікірлер айтылған. Соның негізінде 675 хаттамалық тапсырма берілді. Нәтижесінде, туындаған мәселелердің басым көпшілігі тиісті мамандар арқылы заң аясында шешімін тауып келеді.

Мақаламыздың соңында мақта саласына байланысты аз-кем ақпарат ұсынып отырмыз. Мақта — аса бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады. Жабайы мақтаның талшығын адамдар өте ерте уақытта — сонау адамзат мәдениетінің алғашқы кезеңінде-ақ жинай бастаған-ды. Сөйтіп, мақта ежелгі заманнан мәдени өсімдікке айналды. Оны ең әуелі Үндістанда, одан соң Қытай мен Египетте өсіре бастады. Үнділер басқалардан бұрын мақтадан жеңіл де жұқа, торғын маталар, муслин және әдемі шыттар тоқуды үйренді. Мақта талшығы немесе мақта дегеніміз міне осы. Сөйтіп, зығыр мен сораның иіруге арналған талшығы сабағында, ал мақтаныкі тұқымының сыртында болады. Мақтаны тұқымымен бірге негізінен машинамен жинайды. Және де мұны бірнеше дүркін қайталайды, өйткені қауашақтары бір мезгілде пісіп жетілмейді. Бұл жиналған өнім әзірге әлі шитті мақта болып табылады. Арнаулы машиналар талшықты тұқымнан ажыратады, сонан соң оны жіп иіру фабрикаларына жөнелтеді. Онда мақтаны иіреді, ал тоқыма фабрикаларында иірілген жіптен шыт, бәтес, жұқа кездеме, сәтен, бумазей, трикотаж және басқа мақта өнімдері тоқылады. Мақтадан көрпе де, вафель сүлгісі де, медициналық мақта да, пластмасса да, целлюлоза да, фотопленка да, қағаз да жасалады. Бірақ бұл мұнымен ғана бітпейді, одан және техникада қолданылатын мықты, төзімді маталар да әзірленеді. Ал енді мақтаның тұқымынан май айырады. Ол консерві жасау өнеркәсібіне, маргарин өндіруге жұмсалады. Сонымен қатар мақта майы сабын жасауға да қолданылады, одан және глицерин, стеарин алынады. Майы сығып алынғаннан кейін мақта күн-жарасы қалады. Ол мал азығы болып табылады. Майды сығу процесінде пайда болған басқа қалдықтардан гудрон бөліп алынады. Оны тас жол төсеу барысында және ыстыққа төзім-і лактарды өндіруге пайдаланады. Тұқымның қабығы этил және метил спиртін өндіруге жұмсалады. Сабақтары — отын әрі құрылыс материалы. Жапырағынан алма, лимон қышқылдарын алуға болады. Міне сондықтан да мақта әрі өте маңызды техникалық дақыл болып есептеледі. Біздің елімізде мақта танаптары шөл далаларды игеріп, суландыру есебінен ұлғайтылады.

Бүгінгі күні мақта бүкіл әлем бойынша тоқыма өнеркәсібінде қолданылатын ең маңызды өсімдік талшығы болып табылады (жалпы көлемінің 50-60%).

Мақта қалай өсіріледі?

Мақта ерекше өседі және жетілу кезеңі белгісіз. Бұл бір мезгілде бір өсімдікте бүршік, гүл, тозаңданған гүл, тұқым қорабы болады деген сөз. Сондықтан мақта жинау тұрақты бақылауды қажет етеді:

  • тұқым жәшіктерінің саны қадағаланады;
  • қозаларды 80% ашқаннан кейін мақтаны пісуді тездету үшін өңдейді;
  • Жинау жәшіктер 95% ашылғаннан кейін басталады.

Өсу процесінде мақта дефолиантпен өңделеді, бұл жапырақтардың түсуін тездетеді, бұл мақтаны жинауды жеңілдетеді.

Бастапқыда мақта қолмен жиналып, өңделді, бұл одан жасалған өнімдерді айтарлықтай қымбатқа түсірді, өйткені бір адам күніне 80 келіге дейін мақта жинап, оны тұқымнан 6-8 кг бөле алады. Индустрияландыру және процестерді механикаландыру кезінде мақта қымбат емес, бірақ жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін негізгі табиғи талшыққа айналды.
Айта кету керек, кейбір елдерде (Африка, Өзбекстан) мақта әлі күнге дейін қолмен теріледі. Бірақ қазіргі өндірісте шитті мақта арнайы мақта тергіштермен жиналады. Олардың бірнеше түрі бар, бірақ олардың барлығының бір жұмыс принципі бар:

  • мақта бұталары арнайы шпиндельдермен ұсталады;
  • арнайы бөлімдерде шитті мақта мен сабағын ажыратады, сабағы жайлап шығады;
  • ашық шыбықтар ұсталып, мақта жәшігіне жіберіледі, ал жабық және жартылай ашылған бөтелкелер үйіндіге жіберіледі.

Содан кейін шитті мақта талшықтар тұқымдардан, құрғақ жапырақтардан және бұтақтардан бөлінген тазалауға барады.

Мақта түрлері

Тазартылған мақта әдетте талшық ұзындығына, созылуына және ластану дәрежесіне қарай жіктеледі.

Созылу және ластану дәрежесі бойынша мақта талшықтары 7 топқа бөлінеді, мұнда 0 мақта таңдалады. Талшық ұзындығы бойынша:

  • қысқа талшықты (27 мм-ге дейін);
  • орташа талшық (30-35 мм);
  • ұзын талшықты (35-50 мм).

Мақтаның несі жақсы?

Барлығы 100% мақта тоқыма бұйымдары (мысалы, мақта сүлгілері, төсек-орын, халаттар) ерекше жайлылық жасайтынын біледі. Оны қалай түсіндіруге болады? Неліктен мақта соншалықты жақсы?
Мақтаның келесі қасиеттері бар:

  • жақсы гигроскопиялық және тыныс алу қабілеті;
  • жақсы созылу беріктігі;
  • төзімді жоғары температуралар (150 С дейін);
  • органикалық еріткіштерге төзімді (спирт, сірке қышқылы, құмырсқа қышқылы);
  • жұмсақтық;
  • жақсы бояу;
  • салыстырмалы арзандық.

Мақтаның отаны

Көптеген адамдар әр үйдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының ішінде жатқан мақта жүні далада өседі деп күдіктенбейді және бұл мақта деп аталатын өсімдіктің бөлігі. Тропикалық және субтропиктік климаты бар елдерде бұл пайдалы өсімдік орасан зор плантацияларды алып жатыр және жыл сайын бұл алқаптардан мыңдаған тонна мақта жүнінің өнімі алынады. Зауыттарда мақтаның өсімдік шикізатынан табиғи мақта өндіріледі. Мақта өндірісі бойынша әлемдік көшбасшылар Үндістан, Пәкістан, АҚШ, Бразилия, Қытай. Мақта өсіріледі Орталық Азия, Өзбекстан мен Тәжікстан аумағында.

Ескендір ЕРТАЙ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *