АГРОӨНЕРКӘСІП: АУДАН ӘКІМІ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Жақында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров шаруалармен арнайы кездесіп, олардың мәселелерін тыңдады. Ауданның басты перспективасы – ол ауыл шаруашылығы саласы екені баршаға аян. Сауран ауданының ауыл шаруашылығы саласындағы басты міндеттерінің бірі Түркістан мен Кентау қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бұл тұрғыда ауыл шарашылығы еңбеккерлерінің жұмыстары ерен екенін жақсы білеміз. Кездесуде шаруалардың көтерген мәселесі электр энергиясының құны қымбатқа түсіп жатқанын айтып, төмендету бағытында қандай жолдары бар екенін қарастыруды алға тартты. Бүгінде барлық шаруалардың егіндерін суаратын құдықтары бар, осыған кететін электр энергияларының құны 47 теңгеден түсіп отырғанын, әрбір шаруаға үлкен салмақ болып отырғанын жеткізді. Аудан әкімі шаруалардың мәселелерін мұқият тыңдап, шешу жолдарын қарастырды. Ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне берілетін жеңілдіктер есебінен ауыл әкімінен арнайы анықтама дайындап, «Энергопоток» аудандық филиалының өтінім басшысы Ильяс Мадировқа өткізетін болып келісілді. Осы анықтама негізінде энергияның құны шаруаға 33 теңгеден түсетін болмақ.

Жиында аудан басшысы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша шаруаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жекелеген азаматтарды кооперативке бірігіп, аудандағы ірі сүт өндірісі, мал бордақылау алаңдарын қажетті жем-шөппен қамтамасыз ету жолдарын айтып өтті. Ауданымыз аграрлы аудан болғандықтан экономикамыздың қозғаушы күшімен табыс көзі де ауылшаруашылығы саласы. Ауыл шаруашылығы саласында жыл басынан бері 95,4 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемі-100,8% құрады. Атап өтсек, өсімдік шаруашылығы – 67,4 млрд. теңге (100,9%), мал шаруашылығы – 27,5 млрд. теңгені (100,4%) құрады. Биылғы жылы 44082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өткен жылмен салыстырғанда 1945 гектар артық орындалды. Бұл 104,6 % құрайды. Биылғы жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 8,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе артты.

2024 жылы ауыл шаруашылығы бойынша жалпы құны — 10,4 млрд. теңгеге 7 ірі және 35 шағын инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығында жалпы құны — 3,8 млрд.теңгеге 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Атап өтсек, Ескі Иқан ауылдық округінен «AgroFoodTrade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мақта майын өндіру цехын бастауды жоспарлап отыр. Жоба құны — 500 млн теңге құрайды. Ол жүзеге асырылған кезде 10 адам жұмыспен қамтылатын болады. Оранғай ауылынан «Балмұздақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сыйымдылығы 150 тонналық кондитерлік, тамақ және жартылай фабрикат өнімдерін сақтайтын қойма жобасын жүзеге асырмақ. Жоба құны — 2,3 млрд теңге құрайды. Жоба жүзеге асқан кезде 20 адам жұмыспен қамтылады. Шаға ауылынан «ЯССЫ Агро KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ЖШС 588 гектар жерге жаңбырлатып суару арқылы картоп, сәбіз егу жобасын бастайды. Жоба құны — 578 млн теңге тұрады. 20 адам жұмыспен қамтылады. Жаңа Иқан ауылынан 2024-2027 жылдары іске асатын «Казтекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мақта кластері жобасы бастауды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны — 1,5 млрд теңге болса, отыз адам жұмыспен қамтылады.

Инвестордың негізгі мақсаты 4 кезеңнен тұрады. Алдымен мақтаны қайта өңдеу зауытын салу, 2025 жылы — мақта майы және кір сабын, қалған қалдығынан мал азығын шығару жобасы, 2026 жылы — мақта талшығынан жіп өндіру, 2027 жылы — мата шығару жобасы. Осылайша кешенді циклды өңдеу жұмысы жүзеге асырылады.

Айта кетерлігі, ауданда егістік алқапқа егілген жүгеріден маусымында мыңдаған тонна дәндік жүгері дайындауда. Осы орайда Сауран ауданының тұрғындары мен оқырмандар назарына дәндік жүгері жайлы ақпараттарды ұсынып отырмыз. Жүгері – ірі масақ түзетін бір жылдық өсімдік. Мәдениетті пайдалану нұсқаларының бірі сүрлем алу болып табылады. Жануарлар мен құстарға арналған шырынды тағам деп аталады. Жүгері сүрлемі сиырлардың сүт өнімділігіне оң әсер етіп, ірі қара малдың бұлшықет массасының өсуіне ықпал етеді. Жүгеріні сүрту өсімдіктерді ұнтақтауды қамтиды. Содан кейін алынған масса ауаға қол жеткізбестен сақталады. Сүрлемнің құнарлылығымен және дәрумендерінің көптігімен ерекшеленеді. Өнім ас қорытуды жақсартады және басқа азықтарды ассимиляциялауға көмектеседі. Сүрлемді арнайы шұңқырларда немесе траншеяларда сақтайды.

Жүгері сүрлемінің сапасына әртүрлі факторлар әсер етеді:

  • қону уақыты;
  • белгілі бір аумаққа себу нормасы;
  • гербицидтерді қолдану;
  • ұсақтаудан кейінгі өлшемдер;
  • крахмал мен талшықтың мөлшері.

Бұл ретте, негізгі тұтынушы «Бөрте-Милка» ЖШС болып табылады. Қажеттілігі 8 мың тонна. Сүрлемдік жүгері дақылының сүтті бағыттағы ірі қара малдың сүтінің өнімділігімен майлылығына әсері зор екендігін ескерген жөн. Тұрғындарды мал азығымен қамту бағытында арнайы ұйымдастырылған семинарда Азат Әбдіғалиұлы «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына Бадам, Шұбар, Бөржар, Қараспан ауыл округі енгізіліп, 8 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылған тілге тиек етті.

Жүгерінің отаны – Орталық және Оңтүстік Америка. Ғалымдардың пайымдауынша, жүгері – планетамыздың ең ежелгі нан өсімдігі екен. Перу жеріне жүргізілген зерттеулер барысында б.з.д. бесінші мыңжылдыққа жататын жүгері собығының табылуы оның ең ежелгі өсімдік екендігіне дәлел бола алады.

Археологтар 1950 жылы Мексика жеріндегі Рио-Гранда аңғарынан жүгерінің 750 дана собығын тауып алды. Алайда, табылған собықтар заманауи сорттардың қабығынан ерекшеленеді: көлемі аса үлкен емес, дәндері тым майда, үштен бір бөлігі ғана жапырақпен қапталған. Аталған олжа жүгері шаруашылығының тым ерте пайда болғандығына нұсқайды, ғалымдардың сөзімен айтсақ, адамдар жүгеріні осыдан 10 мың жыл бұрын танитын болған.

Америкада жүгеріні «маис» деп атайды. Мұндай атауды ойлап тапқандар ежелгі майя тайпалары екен. Ал майя тайпаларының маистың бірнеше сортын өсіргені белігілі, оның ішінде тез пісуге бейім «Қораз әні» деген түрі бар. «Қораз әні»  сорты көктеу басталысымен екі айда пісіп-жетілсе, «Маис-қыз» сорты үш айда жеуге жарамды болады. Сондай-ақ, майялықтар 6-7 айдан кейін пісіп-жетілетін «Маис-кемпір» атты жүгері түрін өсірген.

Жүгерінің құрамында А, В, С, Е дәрумендері, фолацин, ниацин, тиамин, калий, магний, крахмал, протеин, қант, түрлі пайдалы майлар, аскорбин қышқылы және минералды тұздар бар. Жүгеріні жиі пайдаланатын болсаңыз, холестерин деңгейін, асқазан жолдары қызметін реттейді. Оған қоса, жүгері жүрек қантамырлары жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне септігін тигізіп, теріге, шаштың өсуіне оң әсер етіп, қартаюдан сақтайды. Құрамындағы В дәрумені ұйқысыздық, мазасыздықпен күрессе, С дәрумені иммунитеттің көтерілуіне, Д дәрумені тіс ауруларына, сүйектің қатаюына көмектеседі. Ал бетіңізге жүгері маскасын жасар болсаңыз, ажарыңызды келтіріп, теріңізді ағартады. Мамандардың айтуынша, бауыр ауырса, жүгері шашағын немесе талшығын пайдалану керек. Ол түйір дәріден әлдеқайда пайдалы. Бұл үшін алдымен жүгері сабағын қабы­ғынан және жапырақтарынан айырып алыңыз. Содан кейін шашақтарды қай­на­ған суға демдеп, шай тәрізді ішіңіз. Емдеу мерзімі науқастың жағдайына қарай кейде жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Ал еміңіз ойдағыдай әсер ету үшін жүгері собығы пісіп-жетілген болуын қадағалаңыз. Өйткені, піспеген жүгерінің емдік қасиеті болмайды. Жүгері шашақтары – емдік қасиетіне байланысты ғана емес, сонымен бірге пайдалы жақтары көп болуымен танымал өсімдік. Археологиялық зерттеулер бойынша мексика орталығында жүгері шашақтары Юкатан жарты шығанағында медициналықтәжірибеде қолданған. Жүгері – көпжылдық дәнді өсімдік, емдік және аурулардың алдын-алу мақсатында қолданған. Жүгері шашақтары түкті сабақты, ашық-қоңыр немесе сары түске ие.

Құрамында ақуыздар, көмірсулар, В, А, Е, Р, К, аскорбин және пантотен қышқылының дәрумендері, эфир майлары, гликозидтер, сапониндер, танин болады. Микроэлементтерден селен, иммундық жүйесі қалыпты деңгейде сақтауға, липидтік алмасуға қатысады. Жүгері шашақтары қандағы қант деңгейін төмендетеді. Зәр айдаушы қасиетіне байланысты бүйрек тасында, ісінулерде қолдануға болады. Өт айдайшы қабілеті өттің сұйылуына септігін тигізеді. Бұл өсімдік жүйк сыр бергенде пайдалы. Жүгері шашақтары метаболизмнің жақсаруына және тәбеттің төмендеуіне әкеледі.

Сонымен қатар ауданда жылыжай шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Мақаламыздың соңында Сауран ауданының тұрғындарының назарына жылыжай шаруашылығы жайлы мағлұматтарды ұсынып отырмыз. Жылыжайдың ерекшелігі – күн сәулесі және арнайы тігілген көрпешелер арқылы өсіріледі. Мәселен, аудан аумағында ауа температурасы -15 шамасында болса, жылыжай ішіндегі ауа температурасы + 4,4 градусты ұстап тұр. Осы арқылы қыс мезгілінде жылытуға шығын жасамай, жылыжайда құлпынай өсіруге болатынын дәлелдеуде. Қазіргі таңда, отырғызылған 240000 түп көшеттен ақпан-наурыз айларында 72,0 тонна өнім жинау жоспарланып отыр. Сонымен қатар ауыл тұрғындарын тұрақты және мезгілді жұмыспен қамтамасыз етуде.

Күнгей өңірде қарашаның қара суығына дейін дала өнімдерін тұтынуға мүмкіндік бар. Жерге қырау қатқаннан жылыжай көкөністеріне сұраныс артады. Осы сұранысты қанағаттандыру мақсатында қала аумағындағы жылыжай кешендерінде жұмыс қарқыны артқан. Жалпы жылыжайда көкөніс екі кезең негізінде егіледі. Алғашқы кезең үшін диқандар шілде мен тамыз айларында көкөніс көшетін отырғызса, қысқа қарай өнім бере бастайды. Ал, ерте көктемде өнім алу үшін шаруалар көшет жетілдіруді қаңтардан бастайды. Дәл қазіргі сәтте базарларда шеттен келген ауыл шаруашылығы өнімдері көбейгені жасырын емес. Нарық заманында сырттан әкелінген өнімдер бағасының арзандығынан отандық көкөністердің бәсекеге төтеп бере алмай жатқан жайы бар. Өйткені, жылыжайдағы өнімді өндіруге жұмсалған отынның шығыны біздегі көкөніс бағасына әсер етіп жатыр. Диқандар өнімдерін қала нарығына емес солтүстік өңірлер мен Ресейге тасымалдаған кезде ғана өз шығындарын өтей алады. Мәселен, көрші Өзбекстан мен Түркіменстанда электр қуаты мен табиғи газдың тарифі бізге қарағанда әлдеқайда төмен. Осы мәселені ескеріп, ҚР Ауыл шаруашылығы министріне жылыжай кешендеріне жұмсалатын отын шығынын субсидиялау ұсынысын жеткіздік. Бұл мәселе шешімін тапса, қыс мезгілінде көкөніс бағасының қолжетімді болуымен бірге, жылыжайда түрлі цитрустар мен орамжапырақтар, аскөк және қауын, қарбыз секілді өнімдерді өсіруге мүмкіндік туады.

Жылыжай шаруашылығымен тұрақты айналысушы ірі кәсіп иелерінің негізді талап-тілектері, проблема етіп көтеруі нәтижесінде бұл мән-жайға бүгінде ерек­ше мемлекеттік маңыз беріліп отыр. Қазіргі таңда, 2024 жылдың бірінші айналымына көшет отырғызу жұмыстары атқарылуда. Жылыжай иелері мен жылыжай салуға ниеттеніп отырған азаматтарды қуантқан тағы бір жаңалық – 2024 жылдан бастап Түркістан облысының жылыжай шаруашылықтарына қосымша 150 мың тонна Шұбаркөл көмірінің жеткізілетіндігі. Жылыжай шаруашылықтарын бір орталықтан көмір отынымен қамтамасыз ету үшін арнайы мекеме құрылып («Түркістан Ресурс» ЖШС), көмір өндіруші «Шұбаркөл көмір» АҚ-нан тікелей қаңтар айынан бастап 150 мың тонна көмір отынын тасымалдау келісілді. Бүгінгі таңда, жылыжай шаруашылықтары нарықтан 97,6 мың тонна көмір отынын сатып алып, пайдалануда. Жалпы құлпынай күй талғамайтын, яғни кез келген жерде өсе беретін және климатқа онша тәуелді емес жидек. «Виктория» сұрыптысының биіктігі 30-35 сантиметрге жетеді. Жапырақтары үшқұлақты қалың болып келеді. 100 грамм құлпынайда 36,9 ккал калория бар. Сондықтан да ол диеталық тағам түріне кіреді. Құлпынай дәмді жидек қана емес, тамаша десерт әрі емдік тағам болып саналады. Оны жеген адамның асқа деген тәбеті ашылады. Ас қорыту жүйесі жақсарады. Құлпынай сонымен бірге тер шығаратын, несеп айдайтын қасиетке де ие. Сол үшін құлпынай өсіру ауыл шаруашылығындағы табысты кәсіптің біріне жатады. Қазақстанда бұл жидектің «Елизавета ханшайым», «Зенга Зенгана», «Русановка», «Источник», «Эверест» және «Фестивальная» сұрыптары өсіріледі. Олардың ішінде «Виктория» да бар. Бұл сұрыптардың барлығының да түсімділігі жоғары. Және зиянкестерге төзімді боп келеді. Агрономдар құлпынайдан жақсы өнім алу алдымен сұрпына, содан соң күтіміне байланысты екенін айтады.

Құлпынай өсіру үшін жылыжай қандай болуы керек деген сұраққа мамандар былай жауап берді. Жидек дақылдарын өсірудің дәстүрлі әдістері барлық бағбандарға, тіпті жаңадан бастағандарға да өте тәжірибелі емес. Нарықтағы жидек өнімдерінің көптігі сатып алушыларды қуантады. Бірақ фермерлер қатал бәсекелестікте жұмыс істеуі керек, себебі әркім жоғары табысқа ие болады. Бұл әбден мүмкін, бірақ бір жағдайда: өнімділігі өте ерте болуы керек. Осы мақсатқа жету үшін қымбат технологияларды игеру, қыздырылған жылыжайлар салу, заманауи ирригациялық жүйелерді орнату қажет таңқурай мен жылыжайда құлпынайтамақтану, жоғары сапалы көшет сатып алу. Бұл көп уақытты, еңбекті және ақшаны қажет ететін жидек өсірудің қиын әдісі. Өсіп келе жатқан өсімдіктер үшін контейнерлерде субстраттың сапасы өте маңызды. Әрбір жидек мәдениетінде қоректік орта үшін өз қажеттіліктері бар, сондықтан әмбебап субстраттар жоқ. Олар мәдениетке байланысты жеке таңдалады. Жалғыз жалпы критерий механикалық композиция мен тығыздық болып табылады. Өсімдіктердің түбірлік жүйесінің өсуіне және дамуына кедергі келтірмеу үшін, субстрат ауаның және ылғалдың өткізгіштігін, жеңіл және бос болуын қажет етеді. Субстрат түйіршіктері жақсы сіңіп, өсімдіктер үшін қажетті деңгейде ылғал сақтайды. Ең көп қолданылатын субстраттар кокос жаңғағының немесе шымтезек негізделген. Екі түрі да контейнерлерде жидектерді өсіруге жарамды, бірақ олардың арасында негізгі айырмашылықтар бар. Кокос субстраты химиялық құрамы бойынша мүлдем бейтараптандырылады, сонымен қатар оның нақты талшықты құрылымы бар және оның талшықтары ешқандай бос қоспалармен араласпайды. Оны пайдалы заттармен байыту үшін кокос түйіршіктері суда ерітілген тыңайтқыштар мен өсу стимуляторларымен сіңіріледі. Сонымен бірге, кокос субстратының көлемі уақытпен азайып кетпейді. Шымтезек өзі қоректік орта болып табылады, оны «топырақтың» сапасын жақсартатын тыңайтқышпен араластыруға болады. Алайда, бұталар өсіп келе жатқанда, олар біртіндеп шымтезек субстратын «жейді», сондықтан ол контейнерлерге мезгіл-мезгіл құйылады. Үш жыл өткеннен кейін кокос пен шымтезек жаңадан ауыстырылады. Әрине, субстраттардың үнемі тамақтануы қажет, сондықтан өсімдіктер толық құнды даму және жеміс алу үшін жеткілікті қоректік заттар болуы керек. Жоғарғы киімдер суаруға әкеледі. Жеке учаскелерде өсімдіктер қолмен суарудан суаруға болады, бірақ өнеркәсіптік өсіру үшін суару жүйесіне фертификациялық қондырғы салу керек, бұл тыңайтқышты суармалы суға қолдануға мүмкіндік береді.

Өсімдіктердің қоректенуіне деген қажеттілігі олардың даму кезеңіне байланысты әр түрлі болатынын ескеру қажет. Мысалы, өсудің бастапқы кезеңінде олар азотты көбірек тұтынады, гүлдену кезінде оларға фосфор қажет, т.б ұрықтандыру жүйесі белгілі бір қоректік заттарды қабылдауды реттеуге мүмкіндік береді. Қоректік қоспалардың бағасы айтарлықтай жоғары, сондықтан өндірістік екпелердегі тыңайтқыштар тек тамшылатып суару жүйесі арқылы және жабық циклмен жеткізіледі. Тыңайтқыштың артық ерітіндісі дренаж арқылы арнайы контейнерге түседі, содан кейін сүзгіден өтеді, микроэлементтермен байытылып, өсімдіктерге қайта оралады. Субстраттың күйі және суару ерітіндісі күн сайын бақыланады, олардың қышқылдығы мен химиялық құрамын үнемі түзетеді. Ол үшін тұздардың, минералдардың, қышқылдардың және т.б. құрамын талдауға мүмкіндік беретін арнайы құрылғылар қолданылады. Тыңайтқыштар өсімдіктердің қажеттілігіне байланысты таңдалады. Тыңайтқыштардың құрамын есептеу формуласы өте күрделі, сонымен қатар мұндай ақпаратты ашық ақпарат көздерінен табу мүмкін емес. Өнеркәсіптік жидек екпелерін отырғызатын фермерлер бұл мәліметтерді гидропоникада (технологиялық карта деп аталатын) құлпынай немесе таңқурай өсірудің толық технологиясымен бірге алады. Гидропоникадағы таңқурай мен құлпынай жылыжайларда — суық жылыжайларда немесе толығымен жабық қыздырылған жылыжайларда өсіріледі. Жылыжайлар құрылысына және жылытуға арналған жабдықты сатып алуға көп қаржы жұмсалуға тура келеді, ал біздің уақытта энергияның құны да өте жоғары. Суық жылыжайлар әлдеқайда арзан. Алайда, жылыжайларда айрықша артықшылығы бар: қыздырылған үй-жайларда жидектердің егіні, ертеректегі ертерек кезеңдерде, әсіресе ашық жерлерде, әсіресе, қызып кетпеген жылыжайларға қарағанда тезірек піседі.

Соңғы жылдары елімізде жылыжай шаруашылығы қалыпты дамып, өндіріс орындарының саны жыл санап артып келеді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатты ден қойып, қауырт қолға алып жатқан тың сала ішкі нарықты жергілікті көкөніс өнім­дерімен қамтамасыз етуде және импорт­тық өнімдердің үлесін азайтуда ма­ңызды рөл атқарады. Дегенмен Ауыл ша­руашылығы министрлігінің мәліметтеріне сәйкес жылыжай көлемі өткен жылдың қоры­тындысы бойынша 232,3 гектарға қыс­қарып, 1,2 мың гектарды, жылыжайда өсі­рілген қызанақ пен қиярдың жалпы өнімі 177,5 мың тоннаны құрады. Жылыжай аумағының қысқаруы өндірілген өнімнің өзіндік құнының жоғары болуына жəне бизнестің төмен рентабельділігіне байланысты орын алып отыр.

Бүгінде жылыжайлардың негізгі бө­лігі жеміс-көкөніс өсіру үшін ауа райы қолайлы Түркістан облысында – 824,2 га, Шымкент қаласы маңында – 139,2 га, сондай-ақ Алматы облысында – 79 га, Қарағанды облысында – 43 га көлемінде шоғырланған. Елдің басқа аймақтарында да шағын жылыжай алаңдары бар.

Шығыны аз, бір гектар жердегі жылыжайға шамамен 1МВт электр қуаты мен 10 мың гекакалория жылу қажет екен. Сол себепті де сарапшы, мамандардан бастап кәсіпкер, делдалдарға дейін Солтүстік аудандарда газ бен электр энергиясына соншалықты шығынданғанша өсірілген тауарды оңтүстіктен солтүстікке тасып саудалаған пайдалы деп санайды. Бірақ тасымалдау кезінде тауар қанша дегенмен бұзылып, қосымша шығын артады. Соның салдарынан өнімнің өзіндік құны өседі. Осыдан келіп онсыз да саны жағынан аз өндірілетін отандық өнім үлкен партиямен әкелініп, нарықты жаулаған, химикатпен өңделген көрші елдердің өніміне қарағанда бәсекеге төтеп бере алмай қалады. Жылыжай шаруашылықтарының не­гізгі мақсаты тұрғындарды сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, сауда орындарын тасқын судай басып жатқан көкөніс өнімдерінің импор­тын азайту, сөйтіп, бағаның тым шарықтап өсуіне жол бермеу екендігі белгілі. Со­ның нәти­жесінде соңғы жылдары бел­гілі бір дәрежеде қияр, қызанақ, қырыққабат, сәбіз, пияз сияқты ас-тағам мәзіріне күнделікті қажет болатын өнімдер бағасының тұрақ­тануына қол жеткізілді. Алайда бағаның көтерілуі тоқтар емес. Оның бір себебі – елдің жылыжай шаруашылықтары көкөніс өнімдері нарығында Орталық Азия шаруа­шылықтарымен жоғары бәсе­келестікке төтеп бере алмай отыр. Ел­дің күрт құбылмалы салқын ауа райы (жылыту маусымы ұзаққа созылады), энергия тасымалдаушыларға жоғары тарифтер (жылыжай өнімінің өзіндік құнындағы энергия көздерінің (жарық, газ, көмір) үлесі 45% дейін жетеді) жылыжай өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *