Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасы негізделуі тиіс жеті қағиданы айтқан болатын. Оның ішінде игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу, жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі, адал бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарықтарды ашу, өнімділіктің өсуі, экономиканың күрделілігі мен технологиялылығын арттыру, адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім беруге Инвестициялар, экономиканы көгалдандыру, қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдауы және олар үшін қоғам алдындағы жауапкершілігі. Осы бағыттардың ішінде бүгінде Түркістан өңірінде кономиканы көгалдандыру, қоршаған ортаны қорғау бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы орайда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес су ресурстарын дамыту шаралары жайлы Сауран ауданының тұрғындарының назарына ұсынып отырмыз.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын әзірленген болатын.
Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – республика азаматтарының денсаулығы мен әл-ауқаты үшін елдің су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, экономика салалары мен қоршаған орта қажеттілігінің теңгерімін қамтамасыз ету проблемаларын шешу.
Тұжырымдама су ресурстарын интеграцияланған басқару практикасын жақсарту және елді дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарында айқындалған мақсаттарға, міндеттер мен тәсілдерге және Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін негіз болады.
«Су ресурстарын басқару жүйесіндегі қалыптасқан жағдай су ресурстарын басқару барлық деңгейлерде біртұтас болып табылатын интеграцияланған тәсілді енгізу есебінен мемлекеттің су шаруашылығы саясатын түбегейлі жетілдіруді талап етеді», делінген құжатта.
Су – өмірдің нәрі. Сондықтан болар, судың табиғаттағы және адамзат өміріндегі рөлін дана халқымыз «Су – тіршілік көзі» деп бір ауыз сөзбен түйіндеген. Жыл өткен сайын суға деген сұраныс артып келеді. Бар суды тиімді пайдаланып, үнемдеп үйренбесек таяу жылдары тіршілік көзі қат дүниеге айналуы мүмкін. Ғалымдар жылдан-жылға су көздері тартылып, шаруаларды құрғақшылық қысатынын ескертіп-ақ келеді.
Бұл мәселені Мемлекет басшысы да назардан тыс қалдырған емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге байланысты Үкіметке бүгінгі ахуалды басшылыққа ала отырып, суды үнемді пайдаланудың тетіктерін қарастыруды тапсырған болатын. Қазір өңірлерде су қоймалары салынып, тозығы жеткендерін қайта жөндеу жұмыстары жандана бастады. Президент өз Жолдауында елдегі су тапшылығының зардабын азайту үшін тиісті сараптамалар мен талдаулар қажет екенін жеткізді.
“Шаруалар мен өнеркәсіп өкілдеріне суға қатысты сапалы сараптамалар мен болжамдар керек. Бұл талдаулар әр жылы және орта мерзімді кезеңде судың мөлшері қандай болатынын да қамтуы қажет. Сондықтан бәрін алдын ала жоспарлаған жөн. Сондай-ақ ішкі су ресурстарын үнемдеп пайдалану өте маңызды. Суды үнемдейтін технология өте баяу енгізілуде. Суды шақтап пайдалану мәдениеті де жоқ. Еліміздің кейбір өңірлерінде суды ең көп жұмсайтын ауыл шаруашылығы саласында оның 40 пайызы босқа ысырап болып жатыр. Су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұр. Олқылықтың орнын толтыру үшін өте батыл және шұғыл шаралар қажет. Ең алдымен, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту керек. Көктемгі қарғын суды жинау және оны егістікке жеткенше құмға сіңіріп жоғалтып алмау мәселесі шешімін табуға тиіс. Өйткені оның бәрі – ішкі су қорымыз. Ол үшін 20 жаңа бөген салу, кемінде 15 су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу және 3500 шақырымдық каналды жаңғыртып, цифрлық тәсілмен бақылауға алу керек. Негізгі міндет – 2027 жылға қарай қосымша екі текше шақырым суға қол жеткізу”, – деді Тоқаев.
Осы орайда, былтыр қаңтарда су шаруашылығы саласының мамандары «Шардара» су қоймасында апаттық жағдай орын алса, төменгі бөлігіндегі 34 мың халқы бар 22 елді мекенді су басу қаупі барын айтып, дабыл қаққан болатын. Кейіннен Шардара ауданының әкімі елді мекендерді су басып қалу қаупі жоқтығын мәлімдеді. Облыс әкімдігі көктемгі су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жол картасына енгізілген тапсырмалар орындалған.
Бұл орайда тиісті қолдаулар көрсетілді. «Тұран-Су» мекемесі қажетті құрал жабдықтар мен техникалармен толық қамтамасыз етілді. Механикалық тазалау жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау міндеттелген. Су шаруашылығы жүйелерін күтіп ұстау, елді мекендердің тыныс-тіршілігін ағын сумен қамтамасыз ету басты назарда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды әкімдік аппаратының апталық отырысында су тасқынының алдын алу мақсатында тиісті шаралар өз мерзімінде орындалып, облыс аумағындағы бөгеттерді нығайту, арықтар мен каналдар жүйелерін тазалау жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Гидротехникалық құрылыстардың жағдайы жан-жақты тексеруді, жауапты мекемелерге көрші мемлекеттен келетін су мөлшерін бақылауда ұстап, дұрыс үйлестіруді жүктеді. Биыл су тасқынына жол берілмеуі керектігін айтты. Ал Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Төлешев жоспарланған 20 іс-шараның 19-ы толығымен аяқталғанын жеткізді. Ал 1 ісшара яғни, «Қараспан» су торабындағы жұмыстардың 45 пайызы аяқталған. «Тұран су» мекемесімен жоспардан тыс қосымша Келес, Ақсу өзені бойында 1,3 шақырым арна жағалауы реттеліп, 748,8 қой тастары және 416 дана габион торларымен бекітілген. Сондай-ақ департамент бастығы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Сарыағаш, Сайрам, Келес, Ордабасы аудандарының 20 елді мекенінде су тасқыны қаупі сейілгенін мәлім етті. Департаменттің аумақтық бөлімшелерімен өткен жылдың қараша айында елді мекендердің дайындығы тексеріліп, 7 аудан, қаланың 40 елді мекеннің дайын еместігі туралы хабар берілген. Қазіргі таңда 29 елді мекенде кемшіліктер жойылды. Тасқынға қарсы 101 мың дана қап, 8 мың тонна жанар-жағармай қоры мен 40 млн теңге көлеміндегі азық-түлікке меморандум жасалып, 296 бірлік инженерлік техника әзірленген. Сонымен қатар төтенше жағдайлар департаментінің 175 жеке құрамы мен 144 құралы, «Тұран су» мекемесінің 40 бірлік инженерлік техникасы дайын. Қиын жағдайдағы «Қапшағай», «Ырмақ-Өзен» «Майдантал» су қоймалары күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілген. Ал «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегішінде тасқын суды қабылдауға шамамен 4 млрд текше метр көлемінде бос қоры бар.
Экономикалық дамыған елдердегі жаңа су парадигмасы «ресурсты басқарумен» қатар суға деген сұранысты басқаруды, атап айтқанда суды үнемдеу және суды пайдалану тиімділігін арттыру арқылы бірдей қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін судың аз мөлшерін пайдалануды көздейді.
Түркістан облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиевтың баяндауынша, Президент Жолдауындағы тапсырмаға орай республика аумағында экологиялық ахуалды жақсарту үшін 2 млрд. әртүрлі ағаш көшеттерін отырғызу мақсатында кешенді жоспар қабылданып, облыс бойынша 5 жылда 110,2 мың гектар жерге 170,0 млн. ағаш көшеттерін отырғызу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.
Оның мәліметінше, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында «Жасыл белдеу» аумағын 30 мың гектарға жеткізу жоспарланып, бүгінгі таңда 15 009 гектар жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда. Түркістан қаласы мен облыстың бірқатар аудандарында климаты күрт континентальды болуына орай, егілген орман ағаштарының бірінші, екінші жылдарында 25 пайызының жерсінбей қурап қалуы, табиғи заңды құбылыс. Сондықтан орман шаруашылығы қағидаларында көрсетілгендей қураған ағаштарды қайта жаңғырту мақсатында орман екпелерін толықтыру жұмыстарын жүргізу, екпелерді құру процесінің кезекті тармағы болып есептелінеді. Осыған орай жасыл желектерді күтіп баптау мерзімі 5 жылға созылуы бойынша шешім қабылданып, мәдени орман екпелерінің өнімділігі 55 пайыздан жоғары болмайтынын атап өткен. Министрлік қолданыстағы орман алқаптарын күзгі түгендеуден өткізу Қағидасына өзгерістер енгізіліп, Түркістан облысындағы мәдени орман алқаптарының жерсіну мен сақталу көрсеткіші 50 пайызға белгіледі. Түркістан қаласы экологиялық аймаққа енгізілгенімен, күзгі түгендеу қортындыларына сәйкес, қазіргі таңда қала айналасындағы жасыл екпелердің көнімділігі 60-65 %-ды құрап отыр, – деді Қ. Амангелдіұлы.
Өз кезегінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова, Орталық Азиядағы «BIOVERSITY international» басқарушысы Мухаббат Турдиева, «Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының» бағдарламалар және жобалар директоры Али Зулфикар, Қазақ жеміс көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Теміржан Айтбаев, Nath Bio-Genec (I) Ltd Үндістан Доктор Кулькарне, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің орман ресурстары және орман шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі Ж.Боранбай, Орталық Азиядағы «IWMI» халықаралық су ресурстарын басқару орталығының басшысы Др. Ойторе Анарбеков, «Байтақ-болашақ» республикалық одағының президенті Ғани Назарбек сөз сөйлеп, өз ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар «Ә.Бөкейханов атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің аға ғылыми қызметкері Андрей Кабанов Астана қаласының Жасыл аймағын құру жөнінде айтса, Өзбекстан Республикасы «Мирза Улығбек атындағы Ұлттық университеттің» академигі Лазиза Гафурова суармалы бұзылған құрғақ топырақтардың құнарлығын арттырудың ғылым негіздеріне тоқталды. Сондай-ақ Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми институты басқарма төрағасы Бейбіт Дүйсенбеков Орман шаруашылығының зиянкестерімен күресу тәсілдерін атап өтті. Ал Өзбекстан республикасы Ташкент аграрлық университетінің профессоры Якубжан Юлдашев «Өзбекстан мемлекетінің орман шаруашылығындағы жетістіктері» мен «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» ғылыми жұмыстары бойынша директоры Нұрлан Балғабаев «Су тапшылығының мәселелері және оны шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасады.
Шарада ауыл шаруашылығын дамыту және жаңа технологияларды енгізу және Түркістанның айналасында атқарылған жұмыс – аса қажырлы еңбек екені айтылып, осындай климат жағдайында «жасыл» аймақ» құру өте қиын екені сөз болды. Сонымен қатар, климаттың қолайсыздығы, жазда ауаның температурасы 40-45 градустан асатыны сондай-ақ, жауын-шашын өте аз екені туралы сөз қозғалды. Сарапшылар көгалдандыру жұмысында барлық қажетті нормалар сақталған. Сондықтан бұл үлкен еңбек өз жемісін беретінін баса айтты.
Маңызды шарада салаға ғылым жетістіктерін молынан пайдалану қажеттілігі жеткізілді. Бұл тұста «Ә.Н.Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» ұжымы маңызды рөл атқармақ.
Жасыл аймақты жетілдіру жұмысына жаңа серпін берген конференция қорытындысы бойынша қарар қабылданды. Онда жылжымалы құмдарды тоқтату, орман тұқымбақтарында тамшылатып суару әдістерін кеңінен қолдану айтылды.
Осы жиында қабылданған қарар осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар беретін құжат.
Ел президенті 2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздегі маңызды проблемалардың бірі су тапшылығы мәселесі екенін мәлімдеді. Ол суды үнемдеу технологияларын қолға алуды тапсырды.
“Су ресурсы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Жалпы, біз – трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады. Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек. Жан-жақты ойластырылған су саясатын жүргізу, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелерін шешу – Үкіметтің алдында тұрған аса маңызды міндеттер”, – деді ол.
Президент өз Жолдауында елдегі су тапшылығының зардабын азайту үшін тиісті сараптамалар мен талдаулар қажет екенін жеткізді. Ол суды үнемдеу технологияларының тым баяу енгізіліп жатқанын мәлім етті.
“Шаруалар мен өнеркәсіп өкілдеріне суға қатысты сапалы сараптамалар мен болжамдар керек. Бұл талдаулар әр жылы және орта мерзімді кезеңде судың мөлшері қандай болатынын да қамтуы қажет. Сондықтан бәрін алдын ала жоспарлаған жөн. Сондай-ақ ішкі су ресурстарын үнемдеп пайдалану өте маңызды. Суды үнемдейтін технология өте баяу енгізілуде. Суды шақтап пайдалану мәдениеті де жоқ. Еліміздің кейбір өңірлерінде суды ең көп жұмсайтын ауыл шаруашылығы саласында оның 40 пайызы босқа ысырап болып жатыр. Су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұр. Олқылықтың орнын толтыру үшін өте батыл және шұғыл шаралар қажет. Ең алдымен, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту керек. Көктемгі қарғын суды жинау және оны егістікке жеткенше құмға сіңіріп жоғалтып алмау мәселесі шешімін табуға тиіс. Өйткені оның бәрі – ішкі су қорымыз. Ол үшін 20 жаңа бөген салу, кемінде 15 су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу және 3500 шақырымдық каналды жаңғыртып, цифрлық тәсілмен бақылауға алу керек. Негізгі міндет – 2027 жылға қарай қосымша екі текше шақырым суға қол жеткізу”, – деді Президент.
Жалпы облыс әкімдігінің бастамасымен Түркістанда 2019-2022 жылдары қала айналасынан 7700 га жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланды. Бүгінгі таңда барлығы 15009 га жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда. Алдағы уақытта «Жасыл белдеу» аумағын 30 мың гектарға жеткізу көзделуде.
Ауыл шаруашылығы саласы үшін өте маңызды ресурстың бірі – ағын су. Себебі, су болмаса, бір шаршы метр жерге де егін егіп, өнім ала алмайсыз. Сондықтан да қай мемлекетті алып қарасаңыз да ең алдымен осы пір мәселенің оңтайлы шешілуіне аса мән береді. Осы орайда Сауран ауданының тұрғындарының назарына су ресурстарын дамытудың маңызы жайында мағлұмат беру мақсатында мақаламызды ұсынып отырмыз.
Өз кезегінде, біздің елдің Үкіметі де бұл тұрғыдан қол қусырып отырған жоқ. Тиісінше, бұл саладағы жұмыстар ауыл шаруашылығына бейім Түркістан өңірі үшін де ерекше маңызды болып саналады. Осы орайда, Түркістан қаласының тұрғындарына түсіндіру жұмыстары бойынша ақпаратты ұсынамыз.
Негізі, бұл саладағы жұмыстардың қарқын алуына 2020 жылдың басында Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесін көтергені түрткі болғандай.
«Су ресрустарын тиімді пайдалану мәселесіне жеке тоқталып өткім келеді. Бұл күрделі болғанымен шешімдері мемлекет экономикасы мен ұлт денсаулығына айқындаушы ретінде ықпал ететін күрделі әрі стратегиялық маңызды мәселе. Мәселемен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі айналысады. Су ресурстары проблемасымен айналысатын өзге қандай да бір ведомство құрылмайды. Осыған сүйеніңіздер!. Сіздердің бағдарламаларыңыз бар ма?», – деп сұраған Мемлекет басшысы сол кездегі еліміздің бас экологы Мағзұм Мырзағалиевтен.
Өз кезегінде сол уақыттағы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі: «Су саласынан көріп отырған негзігі тәуекел – бұл ағын судың төмендеуі. Біздің есептеуімізше, ағын су жылына шамамен 100 текше шақырымды құрайды және 2040 жылға қарай ағын судың 30-40 пайызға азаю қаупі бар. Осыған қарай біз су үнемдейтін технологиялар енгізу, Қазақстанның бүкіл аумағында 28 су қоймасын салу сынды бірқатар шараны қабылдауымзы керек. Цифрландыруды да белсенді енгізгеніміз жөн. Тиісті тұжырымдаманы әзірледік. Оны Премьер-Министрге баяндадық. Таяу уақытта оны Үкімет отырысының қарауына шығарып, одан кейін Сіз мақұлдасаңыз мемлекеттік бағдарлама әзірлеуге кірісеміз», – деп, Президентке он негізгі басымдықтан тұратын даму бағдарламасының тұжырымдамасы әзірленгендігін баяндаған.
Кейіннен сол экс-министр бағдарлама жайында түсінік жасап, Қазақстанда гидротехникалық құрылымдардың техникалық жай-күйіне бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету үшін екі орталық құрылатынын мәлімдеген болатын. Ол өз сөзінде су саласының өзекті мәселелері ретінде мынандай жайттарды айтқан: ескірген инфрақұрылым және соның салдарынан болатын судың ысырапсыз пайдалануы; сапалы судың тапшылығы; тариф есептеуде қолданатын тетіктің әлсіздігі; білікті кадрлардың жетіспеушілігі; көршілес мемлекеттермен су бөлу мәселелері. Ал, бұл проблемаларды шешу үшін «Қазақстанның су ресурстарын басқарудың 2020-2030 жылдарға арналған бағдарламасын» әзірлеу қажет болатын. Оның айтуынша, бағдарлама жобасының мақсаты – халықтың тұрмыс-тіршілігі мен елдің экономикасына жеткілікті су көлемімен қамтамасыз ету, су саласындағы экологиялық тепе-теңдікті сақтау еді.
«Біз бағдарламаның негізгі 10 бағытын анықтадық.
Бірінші – халықаралық ынтымақтастық. Көршілес елдерден келетін негізгі су көздері Жайық, Ертіс, Іле, Сырдария, Шу және Талас өзендері болып табылғандықтан, келесідей шараларды іске асыру қажет деп есептейміз: шекаралас елдермен су-энергетикалық ынтымақтастық тетігін жетілдіру; келіссөздер ұстанымын күшейту мақсатында кәсіби келіссөздер топтарын қалыптастыру.
Екінші – құқықтық базаны жаңғырту. Осы бағыт аясында су қауіпсіздік стратегиясы мен заң жобаларын әзірлеу, су ресурстар комитетіне салалық тарифтік реттеуші функциясын беру, және Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму мақсаттарымен су ресурстар бағдарламасын үйлестіру ұсынылады.
Үшінші – институционалдық реформалау. Инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру мақсатында «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны АҚ ретінде жасақталады. Гидротехникалық құрылымдардың техникалық жай-күйіне бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету үшін екі орталық құру көзделген.
Төртінші – су шаруашылығы инфрақұрылымын жетілдіру және қайта жаңғырту. Бұл ретте қолданыстағы республикалық меншіктегі 182, ал коммуналдық меншіктегі 300 гидротехникалық құрылымдардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін оларды қайта жаңғырту кажет. Жаңа 26 гидротехникалық құрылымдарды салу елдің экономикасы үшін қосымша жерүсті су қорларын жинақтауға мүмкіндік береді.
Бесінші – су нарығын құру бойынша озық халықаралық тәжірибені зерттеу. Көптеген мемлекеттер сумен жабдықтау, су шаруашылығы инфрақұрылымын салуды қаржыландыру сияқты бірқатар мәселелерді су нарығының тетіктерін енгізу арқылы шешіп отыр. Мысалы, Австралия, Франция сынды мемлекеттерде бұл тәжірибе оң нәтиже көрсетті. Осы тәжірибені қолдану бізге де мүмкін болып отыр.
Алтыншы – цифрландыру, «Smart Water» жобасы, суды үнемдеу. Су шаруашылығын цифрландыру, «Smart Water» жобасы мен автоматтандырылған геоақпараттық жүйені енгізу арқылы біз суды үнемдеу саясатын жүргізіп, пайдалану шығындарын төмендетіп және тұтынылатын судың сапасы мен мөлшерін нақты есептей аламыз«, – деді ол.
Жетінші бағыт – су ресурстарын экологиялық тұрғыдан оңтайлы пайдалану. Бұл үшін заманауи технологиялар негізінде суды үнемдеудің жан-жақты саясатын енгізу, су мәселесіне азаматтық қоғам мен бизнестің қатысуы мен хабардар болуы, тасқын суды басқару жүйесін құру секілді қадамдар жасалуы қажет. Сегізінші бағыт – су саласының мамандарын даярлау және ғылыми тәжірибиені сүйемелдеу. Осы бағыт бойынша еліміздің жоғары оқу орындарындағы білім беру стандарттарын қайта қарауды, су секторының мамандарын даярлайтын профильді жоғары оқу орнын құру, әлемнің озық оқу орындарына халықаралық гранттар бөлу, ғылым жағынан қамтамасыз ету ұсынылады.
Тоғызыншы – мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту. Су саласындағы инфрақұрылымның инвестициалық тартымдылығын арттыру, су шаруашылығы нысандарын салу, қайта жаңғырту және жетілдіру жұмысына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін жан-жақты енгізу керек.
Оныншы – еліміздегі су тапшылығы бар аумақтарға басқа өңірлерден суды тарту үшін ұлттық маңызды су жобаларын іске асыру мүмкіндігін зерттеу қажет», – деген бағдарлама туралы айтқан экс-министр.