Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына 45 мемлекеттік мекеме және 130 жеке меншік мекемелер, оның ішінде 36 емхана мекемелері кіреді. Оның ішінде 756 ұйым (8 облыстық аурухана, 2 балалар ауруханасы, 3 қалалық аурухана, 17 орталық аудандық аурухана және аудандық аурухана, 5 оңалту орталығы, 4 емхана, 6 басқа мекемелер).
Барлық медициналық мекемеге – 2 060 903 адам тіркелген, оның ішінде жеке меншікке — 340 мың (16%). Медициналық ұйымдарда – 35 714,75 штаттық бірлікте қызметкерлер жұмыс істейді (дәрігерлер – 5 977,25, орта медицина қызметкерлері – 17 137,25, педаготар – 209, басқалар – 12 391,25).
Облыста үш мыңға жуық медицина қызметкері шетелдің үздік клиникаларында оқып, біліктілігін арттырды. Өткен жылы Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында 6918 және облыстық балалар ауруханасында 2985 ота жасалған. Емдеу мекемелерінің медициналық құрал-жабдықтары да үздіксіз толықтырылуда. Шалғай жатқан елді мекендерді 18 медициналық пункттермен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Өткен жылы өңірде 17 медициналық нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Оның ішінде, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында іске асырылды. Құрлысы 2023 жылдан 2024 жылға өтпелі 7 нысан бар. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық Ұлттық жобасы аясында облыста 4 аудандық орталық ауруханаларды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған. 2023 жылы 9,3 млрд. теңгеге 712 дана, оның ішінде ауыр – 32 дана медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Медициналық ұйымдарға үнемделген қаржы есебінен 75 дана 4 санаттағы жедел-жәрдем автокөлігі және 716 дана компьютер берілді. Облыс бойынша медициналық техникамен жабдықтау пайызы – 84 % болса, 2024 жылы 89 %-ға көтеру жоспарлануда.
2024 жылдың ағымдағы 3 айында облыс халқына 15 307 002 клиникалық-диагностикалық қызметтер, 180 512 жедел жәрдем шақыртулары, 784 санавиация шақыртулары жүргізілді. 3 млннан астам амбулаторлық көмек көрсетілді. 100 мыңнан астам Стационарлық медициналық көмек көрсетілген, оның ішінде жасалған оталар саны 18 693.
Түркістан облысы аумағында жалпы 24 681 медицина мамандары қызмет атқарады. Оның 5 534 дәрігер, 19 147 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс істейді.
Халықтың медициналық қызметке жүгіну көрсеткіші өскен
Медицина қызметіне жүгінген халыққа сапалы көмек көрсету басты міндет. Бүгінгі таңда аталған сала бойынша келіп түсетін шағымдар саны да аз емес. Шағымдарды азайтып, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге күш салудамыз. Жалпы облыста 2023 жылдың қорытындысымен 2 046 668 тұрғынның ішінде МӘМС жүйесіне сақтандырылғандар саны – 1 606 145, сақтандырылмағандар саны – 414 869 болса, ағымдағы жылдың алғашұы тоқсанында (2024 ж. қаңтар –наурыз) облыстың 402 977 азаматы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отырғаны анықталды. Яғни, осыншама азаматарымыздың сақтандыру мәртебесі жоқ.Бұл өте өзекті мәселе. Сол себепті, МӘМС жүйесіне халықты тартуда қала, аудан әкімдіктерінде құрылған штаб жұмысын күшейтуді және Е санаттары үшін (жұмыссыздар, АӘК т.б.алатын т.б) Республикалық бюджеттен қаржы қарастыруды ұсынамын, деп қорытындылады облыстың Бас дәрігері өз сөзін.
Ірі медициналық жобалар, қарқынды құрылыстар қолға алынбақ
«Түркістан қаласында 570 орындық көпсалалы аурухана құрылысы» жүріп жатыр; (Жоба бойынша конкурс жүргізіліп, қорытындысында мердігер «Эристайл-Казахстан» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Екі жақты келісімнің шарттары бойынша демеуші тарапынан конкурстың қорытындысымен ақпараттандырылды. Қазіргі уақытта, демеуші тарапынан мердігермен келісім шартқа тұру бойынша ресми келісім күтілуде. Құрылысының құны 155,3 млрд.теңге.).
«Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында 200 төсек орындық заманауи перинаталдық орталықтың құрылысы» жоспарда (Қазіргі таңда, жобалау жұмыстары 70% аяқталып, мемлекеттік сараптамадан өткізу 2024 жылдың қыркүйек айына жоспарлануда. Жобаның болжамды құны 35 млрд. теңге.).
«Түркістан қаласында 200 орындық облыстық көп салалы балалар ауруханасының құрылысы» (ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Көлгіновтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласындағы 190 төсек орындық облыстық балалар аураханасының жобасы қаралып, ЖСҚ-ға оның қуаттылығын 210 төсек орынға арттыру бойынша өзгерістер енгізілуде. Түркістан қалалық балалар ауруханасы (224 төсек орын) жоғарыда көрсетілген жобаға қосылғанда жалпы 424 төсек орын болады. Қазіргі таңда, жобаның қуаттылығын арттыру бойынша (жалпы 200 орынға) жұмыстар жүргізілуде. Жобаның болжамды құны 34 млрд.теңге.).
«Сарыағаш қаласында 300 төсек орындық перинаталды орталығы бар медициналық кешен құрылысы» жоспарлануда (Қазіргі таңда, жобалау сметалық құжаттама жұмыстары жүргізілуде, Мемлекеттік сараптамадан өткізу 2024 жылдың шілде-тамыз айларына жоспарлануда).
«Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында 200 төсек орындық заманауи перинаталдық орталықтың құрылысы» (Қазіргі таңда, жобалау сметалық құжаттама жұмыстары жүргізілуде, жобаны аяқтау мерзімі шілде 2024ж.).
«Сауран ауданы, Шорнақ ауылында ауысымына 500 келушіге арналған емхана құрылысы» (Қазіргі таңда, құрылысына облыстық құрылыс басқармасы тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде (жобалау жұмыстары 80% аяқталған). Мемлекеттік сараптамадан өткізу 2024 жылдың қазан айына жоспарлануда. Жобаның болжамды құны 6 млрд.теңге.).
«Мақтаарал ауданы, Атакент кентінде 210 орындық аудандық аурухананың құрылысы» жоспарда (ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Көлгіновтың тапсырмасына сәйкес Мақтаарал ауданындағы 150 төсектік аудандық аурухананың жобасы қаралып, ЖСҚ қуаттылығын 210 төсек орынға арттыру бойынша өзгерістер енгізілуде. Қазіргі таңда, жобаның қуаттылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік сараптамадан өткізу 2024 жылдың мамыр айына жоспарлануда.).
Өздеріңізге мәлім, Денсаулық сақтау министрлігі «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын жүзеге асырып жатыр . Бұған дейін жоба тек республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын болған.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына республикалық бюджеттен 217,7 млрд теңге қаражат қарастырылған. Алайда, мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2023 жылы көктемде ұлттық жобаларды, оның ішінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» мен «Жайлы мектеп» жобаларын жүзеге асыруға бизнесті тарту жөнінде тапсырма берген болатын. Соның аясында үкімет қаулысының жобасына өзгерістер енгізіліп, «Бизнесті тарту мақсатында жекеше әріптестің өз есебінен Ұлттық жобада бекітілген талаптарға жауап беретін дәрігерлік амбулатория, медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер ашуы қарқынды жүре бастады. Осы ретте, облыс аумағындағы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жоба аясында 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысандарының (20 — дәрігерлік амбулатория, 23 — фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 — медициналық пункт) құрылысы жоспарланды. Оның ішінде, жергілікті атақарушы орган тарапынан 6 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысандарының (1-дәрігерлік амбулатория, 5-ФАП) құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.
Ұлттық оператор «Turar Helthcare» КеАҚ – пен әзірленген 3 үлгілі нысандар дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттердің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды»,- деді брифингте сөйлеген сөзінде облыстың Бірінші дәрігері А.Байдуалиев.