ТҮРКІСТАН: ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ОҢ ҚАДАМДАР – 2  

Жаратылыстану ғылымы бағытына келер болсақ, жас ғалым Б.Сейітов «Ядролық өнеркәсіпте қолданылатын цирконий қорытпасын гидрленуден және жоғары температуралы тотығудан қорғауға арналған композициялық металл-керамикалық жабын жасау» (құны-74 128 392),жас ғалым Е.Досымов «Индустрия 4.0» жағдайында STEM білім беру негізінде студенттердің шығармашылығын дамыту» тақырыбында (құны — 46 302 299) орындап шықты.Зерттеуші Ә.Құрбаниязов «Каспий теңізінің қазақстан секторындағы жағалау аймақындағы судың гидрофизикалық режимі, экологиялық жағдайы және сапасы» (құны -75 000 000 т.), жас ғалым З. Илиясова «Орталық Азияның тарихи географиясы» (құны -69 000 000 т.), жас ғалым Қ.Базарбаев «Түркі тілдес мемлекеттердің тарихи-мәдени ықпалдастығын қалыптастырудың саяси, құқықтық тәжірибесі және даму бағыттары» тақырыбындағы ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша конкурс жеңімпазы атанып, құны -61 047 010 гранттық қаржыны игерді. Жас ғалым Ш.Раманкулов «Инженерлік-техникалық салаларда steam білім беру негізінде студенттерді ағылшын тіліне дайындау үрдісін дамыту» тақырыбында 30 630 464,84 т.         — гранттық қаржыны 3 жылда игеріп шықты. Сонымен қатар,  жас ғалым Нұрдана Салыбекова 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша «Қызғалдақтың бастапқы материалдар коллекциясын жасау эксклюзивті түрлері мен сұрыптарын көбейту мен өсірудің инновациялық технологиясын әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы (құны -77 418 983,16 т.)     гранттық жобасы орындалуда.  Жобаның негізгі мақсаты қызғалдақтың перспективті, жерсіндірілген түрлері мен сорттарын өндіріске енгізу, селекция үшін бастапқы материалдар коллекциясын жасау, оларды жедел көбейтудің тиімді әдістері, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы ашық және жабық топырақ жағдайында өсірудің бәсекеге қабілетті, ғылыми негізделген инновациялық технологиясын бейімдеу және іс жүзінде енгізу арқылы Қазақстанның гүл өсіру саласын дамыту болып табылады.н жалғастырып келеді. Осы коммерцияландыру гранты негізінде Экология ҒЗИ қызметкері, тех.ғ.д., профессор Г.Саинова «Қызыл калифорниялық құрттардың дәрумендірілген биомасса және гранула түріндегі ақуызды азықтық вермиқоспаларын өндіру», Жаратылыстану факультеті биология кафедрасының доцент м.а., PhD Н.Салыбекова  «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бағының базасында Оңтүстік Қазақстанның қуаңшылық жағдайында отырғызуға арналған сәндік дақылдардың бейімделгіш және стреске төзімді көгалдандыру материалдарын жеделдете өсіру» тақырыбындағы ғылыми жобаларын ойдағыдай сәтті аяқтады.

Университет аумағында «Инновациялық технологиялар негізінде биоресурстарды коммерциялық игеру арқылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ботаникалық бағының құнды генофондын сақтау» атты коммерцияландыру жобасы аясында арнайы өндірістік цех құрылып жатыр. Жемістерді ғылыми зерттеумен және өндірістік қайта өңдеумен айналысатын шағын кәсіпорын алдағы уақытта тұрғындарды сапалы экологиялық таза жеміс­пен және кептірілген жеміс өнімдерімен қамтамасыз етпек.

Осы ғылымды комерцияландыру  офисінің шеңберінде ғалымдарымыз әрекет етуші интеллектуалдық меншік бойынша 29 республикалық патент, 121 авторлық құқық берілді. Университет тарапынан 2015-2021 жылдар аралығында шетелдік жоғары оқу орындарымен 146, Қазақстан Республикасы ҒЗИ және басқа да мекемелермен 26 Меморандумға қол қойылып, келісім-шарттар түзілді.

Ерекше атап өтер жайт, әлемдік жоғары оқу орындарының жыл сайын шығып отыратын рейтингтерінде алға жылжып, бұрын-соңды болмаған нәтижелерге қол жеткіздік. Мәселен, Quacquarelli Symonds (QS) Emerging Europe and Central Asia (EECA) University Rankings рейтингінде бірден 45 позицияға алға жылжып, былтырғы 175-ші орыннан биыл 130-шы орынға көтерілдік. Сонымен қатар, QS World University Rankings by Subject рейтингіне ілініп, елеулі серпіліс жасадық. «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» (Arts & Humanities) салалық рейтингінде 362-ші орынды, «Заманауи тілдер» (Modern Languages) пәндік рейтингінде 201-250 аралығындағы позицияны, «Білім және оқыту» (Education and Training) пәндік рейтингінде 301-350 аралығындағы позицияны иелендік. Ал бірнеше күн алдын ғана нәтижесі жарияланған әлемдегі ең әрі ықпалды әлемдік университет рейтингісі – QS World University Rankings-те  алғаш рет ең үздік 1000 университет қатарына еніп, 701-750 аралығындағы позицияны иелендік. Әрине, бұл жетістіктер – жоғары білікті ұжымымыздың жылдар бойы жасаған еңбегінің  нәтижесі екені сөзсіз.

Айта кетейік, QS World University Rankings әлемдегі ең әрі ықпалды әлемдік университет рейтингтерінің бірі болып саналады. Біздің университет бұл рейтингке 2022 жылдан бері қатарынан үшінші жыл қатысып келеді. Өткен жылдан бастап QS World University Rankings критерийлеріне өзгерістер мен жаңа  критерийлер енгізілді.

2024 жылғы 4 маусымда QS World University Rankings 2025 деректері негізінде 2022-2023 жылдың қорытындысы бойынша рейтинг нәтижелері жарияланды. Рейтингке әлемнің 104 елінен 1503 университет қатысты. Биылғы жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті QS World University Rankings рейтингінде 801-850 аралығындағы позицияда. Бұл позициямен қоса, «Жұмыс берушілердің беделі», «Академиялық бедел», «Шетелдік студенттер» сияқты рейтинг көрсеткіштері бойынша күшейе түсті. Алдағы уақытта  QS World University Rankings-тің «ПОҚ-мен студенттердің арақатынасы» және «Тұрақты даму» сияқты көрсеткіштерімен жұмысты жандандыру  қажет. Биылғы жылы QS World University Rankings 2025 рейтингіне енген қазақстандық жоғары оқу орындарының саны 19-дан 21-ге дейін артып, біздің университет ұлттық және зерттеу университеттерімен қатар 7-орынды сақтап қалды.

 

«Қорыта келе, университеттің ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында 2026 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында көрсетілген міндеттерге жету үшін қолайлы жағдайлар жасалуда және қарбалас жұмыстар жүріп жатыр. Бұл өз кезегінде, Стратегиялық мақсатқа сәйкес университетті транформациялауға, аймақтың дамуына тың серпіліс береді деп сенеміз», дейді бізбен әңгімесінде университеттің ғылым және инновациялық даму бойынша вице ректоры Айнаш Есімбекқызы.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *