Елімізде ғылымды дамытуға 2023-2025 жылдарға 3 млрд теңге бөлінсе, 2024-2026 жылдарға арналған қаржыландырудың жалпы сомасы 9 млрд теңгені құрап отыр. Яғни, үш есе көп қаржыландыру жүзеге аспақшы. Сонымен қатар, ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған жобаларға бөлінетін қаражат сомасы бірнеше есе артқанын білеміз.
Бүгінгі таңда өркениетті мемлекетті бағалау үшін ғылым мен білімнің, мәдениеттің дамып жатқан көрсеткіштеріне көз жүгірту керек. Қазір еліміз білім мен ғылым саласын дамытуға баса аударып отыр.
Мемлекет басшысы айтқандай, ғылымның жаңа үлгісі мемлекет пен бизнестің әріптестігіне негізделуге тиіс, бұл әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысында ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттары айқындалды. Аталған салаға жауапты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек отырыста: «Алдағы жылдарға арналған ғылымды дамытудың алты басым бағыты халықаралық тәжірибені, атап айтқанда, Еуропалық одақ елдері, Канада, Аустралия, Малайзия, Испания, басқа да мемлекеттерді, сондай-ақ ел Президентінің халыққа Жолдауында және басқа да бағдарламалық құжаттарда белгіленген стратегиялық міндеттерді ескере отырып әзірленді. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыты жеке қарастырылады. Бұл тізімге «Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану», «Энергия, озық материалдар және көлік», «Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар», «Елдің зияткерлік әлеуеті», «Өмір және денсаулық туралы ғылым» және «Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту» бағыттары енді. Өз кезегінде бағыттардың әрқайсысы 8-ден 18-ге дейінгі бөліктен тұрады», деді.
Үкімет таратқан ақпаратқа сүйенсек, белгіленген басымдықтар шеңберінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, топырақ сапасын сақтау, энергетикалық қауіпсіздікті (соның ішінде жылу энергиясын) қамтамасыз ету, парниктік газдар шығарындыларын азайту және жаңартылатын көздерді дамыту мәселелеріне назар аударылады. Сонымен қатар құрылыс, машина жасау, өнеркәсіп, көлік технологиялары, роботтехника, жасанды интеллект, жаңа материалдар жасау, телекоммуникация, медицина, фармацевтика, мал шаруашылығы, егіншілік, ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатын өңдеу және сақтау, тамақ өнімдерін өндіру және тағы да басқа салаларда зерттеулерді қолдау жоспарланып отыр. Жаратылыстану ғылымдары саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер де қарастырылған.
«Отандық ғылымның барлық саласын бірдей дамыту, бәріне бірдей көңіл бөлу – біздің де міндетіміз, біздің де қалауымыз. Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның 2023 жылғы 18 мамырдағы соңғы отырысының нәтижелері бойынша бізге халықаралық тәжірибені ескере отырып, ғылымның 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттарын пысықтау және басым бағыттардың тізбесін қайта қарау тапсырылды. Мәселен, бірқатар Жоғары ғылыми-техникалық комиссия мүшесінің пікірінше, ғылымды дамытудың кейбір басым бағыттары экономика салаларының атауы саналады. Нәтижесінде, ғылыми қоғамдастық өкілдері мен Жоғары ғылыми-техникалық комиссия мүшелері құрамында жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының қорытындысы бойынша ғылымды дамытудың ғылыми-технологиялық басымдықтарын айқындаудың әлемдік тәжірибесі (Канада, Аустралия, Мажарстан, Малайзия, Испания, Еуроодақ елдері) талданды. Негізгі бағдарлар ретінде әлемдік ғылымның, технологияның және инновацияның жаһандық және ұлттық дамуының жаңа сын-тегеуріндері назарға алынды. Горизонт бағдарламасын іске асыру тәжірибесі Еуропалық Одақта ғылымның басым бағыттары ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің күрделілігі ескерілетінін көрсетеді. Экономикасы біздікіне ұқсас көптеген елде ғылымның барлық саласын жан-жақты қамтитын бағыттардың саны алтыдан аспайды. Бұл ретте ғылымның, технологияның және инновацияның пәнаралық сипаты байқалады. Осылайша, халықаралық тәжірибені, елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында қойылған стратегиялық міндеттерін ескере отырып, жұмыс тобы ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағытын мақұлдауға ұсынды», дейді түркістандық жас ғалым Нұрсұлтан Нуридинов.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен Yassawi University Ғылым Департаменті Ұлттық ғылым академиясының жаңа мүшесі, жас ғалым ретінде Нұрсұлтан Нуридинов 2024 жылы 12 сәуірде алматыдағы Ғалымдар үйінде һткен Мемлекет басшысымен кездесуге қатысып қайтты. «Еліміздегі өзім сияқты барлық жас ғалымдарға жасалынып жатырған қолдауларды өз көзіммен көріп, өз құлағыммен естіп, марқайып қайттым. Сондай-ақ, жиын барысында «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не бере аламын» деген жалынды жастармен керемет кездесу болды, дейді жас ғалым.
Ғылымды танымал ету жәнеотандық ғалымдардың жетістіктерін насихатау, ғылыми зерттеулерді іргелендіру және оның нәтижесін өнідіріске енгізіп, ғылыми тнновациялар арқылы экономиканы дамыту заман талабы. Осы бағытта Түркістан облысында,Түркістан өңірлік ғылымыөз дәрежесінде қалыптасып дамуда. Әсіресе, соңғы 3 жылда жас ғалымдарды мемлекет тарапынан қолдаау шаралары Ахмет Ясауи университетінде жүйелі жүргізіліп келеді. Ал университет ректоры Жанар Темірбекова жаңа жоспарлармен бөлісіп, өңірдегі ғылымды дамытуға оқу орны ғалымдары белсенді түрде атсалысатынын айтты. «Университет аумағында «Инновациялық технологиялар негізінде биоресурстарды коммерциялық игеру арқылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ботаникалық бағының құнды генофондын сақтау» атты коммерцияландыру жобасы аясында арнайы өндірістік цех құрылып жатыр. Жемістерді ғылыми зерттеумен және өндірістік қайта өңдеумен айналысатын шағын кәсіпорын алдағы уақытта тұрғындарды сапалы экологиялық таза жеміспен және кептірілген жеміс өнімдерімен қамтамасыз етпек. Кейбір факультеттер трансформациядан өтіп, кафедралар жаңадан жасақталды, білім беру бағдарламаларының (бұрын оларға мамандық дейтінбіз) мазмұны өзгерді. Сонымен қатар магистратура және докторантура бағдарламасында талантты жас ғалымдарды оқу ордамызға тарту үшін білім бағдарламаларын өзгертіп, осы саладағы жұмыстарымызды реттедік. Бұған қоса, халықаралық байланыстар, соның ішіндегі әсіресе Түркия Республикасындағы университеттермен жұмыс нығая түсті. Екіншіден, ғылыми ізденістерді қолдау бойынша көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Университетте ғылым бағытында әртүрлі ынталандыру шаралары болуы маңызды. Біздің университетіміз Үкіметаралық Өкілетті Кеңес арқылы басқарылады. Міне, осы Өкілетті Кеңес шешімімен, ғылыми жобалармен айналысып жатқан әріптестерімізге қолдау ретінде, ғылыми мақала және патент авторларын марапаттау бойынша ынталандыру қаражаты едәуір өсті. Мәселен, алдыңғы қатарлы халықаралық ғылыми журналдарда мақала шығарған ғалымдарымыздың гонорары 900 мың теңгеге дейін өсті. Соның жалғасы ретінде ғылыми жарияланымдар, көптеген жобалар саны артты. Жалпы, ғылым саласы бойынша үлкен жұмыс жасалынды. Нәтиже де жаман емес. Халықаралық сарапшылар тарапынан жақсы пікірлер алып, рейтингтердегі орнымыз біршама алға жылжыды. Университеттердің дүниежүзілік рейтингі бойынша әлемге әйгілі QS World University Rankings by Subject 2023 рейтингіне енген 8 қазақстандық университеттің қатарынан көріндік. Сондай-ақ, былтыр алғаш рет Qs World University Rankings 2023-ке еніп, әлемдегі университеттер арасында 714-ші орынға жайғасты. Мұның бәрі университет ұжымының ортақ жұмысының көрсеткіші.
Кейбір факультеттер трансформациядан өтіп, кафедралар жаңадан жасақталды, білім беру бағдарламаларының (бұрын оларға мамандық дейтінбіз) мазмұны өзгерді. Сонымен қатар магистратура және докторантура бағдарламасында талантты жас ғалымдарды оқу ордамызға тарту үшін білім бағдарламаларын өзгертіп, осы саладағы жұмыстарымызды реттедік. Бұған қоса, халықаралық байланыстар, соның ішіндегі әсіресе Түркия Республикасындағы университеттермен жұмыс нығая түсті. Екіншіден, ғылыми ізденістерді қолдау бойынша көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Университетте ғылым бағытында әртүрлі ынталандыру шаралары болуы маңызды. Біздің университетіміз Үкіметаралық Өкілетті Кеңес арқылы басқарылады. Міне, осы Өкілетті Кеңес шешімімен, ғылыми жобалармен айналысып жатқан әріптестерімізге қолдау ретінде, ғылыми мақала және патент авторларын марапаттау бойынша ынталандыру қаражаты едәуір өсті. Мәселен, алдыңғы қатарлы халықаралық ғылыми журналдарда мақала шығарған ғалымдарымыздың гонорары 900 мың теңгеге дейін өсті. Соның жалғасы ретінде ғылыми жарияланымдар, көптеген жобалар саны артты. Жалпы, ғылым саласы бойынша үлкен жұмыс жасалынды. Нәтиже де жаман емес. Халықаралық сарапшылар тарапынан жақсы пікірлер алып, рейтингтердегі орнымыз біршама алға жылжыды. Университеттердің дүниежүзілік рейтингі бойынша әлемге әйгілі QS World University Rankings by Subject 2023 рейтингіне енген 8 қазақстандық университеттің қатарынан көріндік. Сондай-ақ, былтыр алғаш рет Qs World University Rankings 2023-ке еніп, әлемдегі университеттер арасында 714-ші орынға жайғасты. Мұның бәрі университет ұжымының ортақ жұмысының көрсеткіші.