ТҮРКІСТАН: КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАЛУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында негізгі жеті басымдыққа тоқталды. Соның екіншісі – денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру.Президент осы басымдықта адам өмірі бəрінен қымбат екеніне тоқталып, мемлекет тарапынан өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты нақты тапсырмаларды іске асыру қажеттігін айтты.

Денсаулық сақтау – қоғамның әлеуметтік өмірінің маңызды саласы. Ұлт денсаулығы – еліміздің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін орасан зор қаржы бөлінуде, жеке меншік секторды қоса отырып қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері енгізілуде, дәрігерлерді оқыту мен олардың қызығушылығын арттыру бойынша жаңа кадр саясаты қалыптасуда, осының бәрі қолданыстағы заң аясында өзара үйлесімділікпен дамуда.

Жолдауда денсаулық сақтауға жыл сайын қомақты қаржы бөлінетіні, тегін және жеңілдік бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қазақстандықтардың өмір сүру жастарының ұзақтығы, балалар реабилитациялық орталықтары мен ана және бала орталықтары, нейрохирургия, жедел медициналық көмек, кардиология орталықтарын қамтыған кластерлік жүйе енгізілгені туралы айтылған.

«Жүйелі түрде жоспарлы скринингтерді, екпелер жүргізу, халыққа уақытылы сапалы медициналық көмек көрсету қажет. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту, зертханаларды жоғары технологиялық жабдықпен жарақтандыру мәселелері және денсаулық сақтау саласының басқа да түйінді бағыттары ерекше бақылауда болуы тиіс», деді ел Президенті Қ Тоқаев. Осы ретте Түркістан облысында да атлаған ведомствада оң өзгерістер мен жетістіктер аз емес. Солардың қатарында Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК-ның  және Түркістан облыстық балалар ауруханасының базасында жасалған күрделі оталар сөзімізге айқын дәлел болмақ.

Маусым 17-18 күндері  Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы ШЖК «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК-ның гепатопанкреатобилиарлы хиурргия және ағзаларды трансплатациялау бөлімшесінде Алматы қаласы Қазақстан Республикасының бас хирургі м.ғ.д., профессор, ҰҒА академигі Болатбек Баймахановтың қатысуымен мастер-класс өтті.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Болатбек Баймахановтың қатысуымен жағдайы ауыр науқастарға кеңес беріліп, емдеу тактикасы шешілді. Соның ішінде, жағдайы ауыр екі науқасқа ота жасалды.

Шеберлік алмасу барысында бір науқасқа гастропанкреатодуоденальді резекция отасы жасалынды. Бұл ота ұйқы безінің басының қатерлі ісігінде, жалпы өт жолының терминальді бөлімінің ісігінде, он екі елі ішектің үлкен папиллярының және он екі елі ішек ісігі кезінде жасалады. 68 жастағы науқас 1 айдан бері ауырып, дене сарғаюы пайда болған. Қосымша тексерулер нәтижесінде құрсақ қуысының МРТ-да холедохтың терминальді бөлігінің Фатер түтігінде ісік анықталған.

Фатер түтігінің қатерлі ісігі – он екі елі ішектің бір бөлігіне әсер ететін қатерлі ісік. Ауру баяу прогрессивті процесске және кеш метастазға ие. Бұл аймақта ісік түзілуінің өсуі өт жолы ағынының бұзылуына әкеледі. Салдарынан механикалық сарғаю дамиды. Келесі науқасқа Таннер отасы жасалынды. Бұл ота өңештің варикозды тамырларының кеңеюі кезінде және қан кетудің алдын алу мақсатында жасалынады. 28 жастағы науқас Қақпа венасының тромбозы, өңештің варикозды қан тамырларының кеңеюі анықталған. Осыған дейін азаматқа Спленэктомия отасы жасалынып,  өңештің варикозды қан тамырларынан қан кетуі кезінде эндоскопиялық лигирлеуі жүргізілген. Қақпа венасының тромбозы – көптеген факторларға байланысты, қақпа қан тамыр жүйесінде қан ұйығышының пайда болу процесі. Ол жедел немесе созылмалы болуы мүмкін. Саларынан өңештің қан тамырларының кеңеюі пайда болып, асқынып, қанауы дамиды.

Қазіргі таңда отадан кейін науқастардың жалпы жағдайы жақсы, дренажды түтіктері қанағаттанарлықтай жұмыс жасауда.

Мұндай күрделі оталар Астана және Алматы қалаларында жасалынатын. Енді Алматы қаласының «А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО-мен» жасалған меморандум аясында қаладағы және жақын аудандардағы хирургиялық паталогиясы бар науқастарға күрделі оталар Түркістан облысы облыстық клиникалық ауруханасының базасында жасалуда.

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен облысымыздың бауыр циррозымен ауыратын науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек, соның ішінде, бауыр трансплантациясы отасын дамыту мақсатында отандық және шетелдік мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтары мен тәжірибие алмасулар ұйымдастыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, жуырда Түркістан облыстық балалар ауруханасының комбустиолог-мамандары жеті жасар балаға бірегей ота жасап, ота сәтті орындалды.

Бала ыстық майға күйіп, бас терісінің 90%-ы күйік шалған. Ол 13 сәуір күні жедел жәрдем қызметімен Арыс қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Науқасқа мамандандырылған көмек көрсету үшін Түркістан облыстық балалар ауруханасынан дәрігерлер шақыртылған. Облыс орталығынан келген білікті мамандар 16 сәуір күні күйік шалған баланы санавиация желісімен Түркістан облыстық балалар ауруханасына ауыстырған.

Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері науқасты отаға бір ай уақыт дайындап, антибактериалды, инфузиялық ем, күнделікті таңып-байлау емдерін жүргізген. 14 мамыр күні 7 жасар баланың басына аутодермапластикалық ота жасалды. Ота кезінде комбустиологтар Шолпан Кадирова және Бақыт Абдуманов баланың сан аймағынан терісін алып, басына тері қондырды. Ота сәтті өтіп, бала үйіне шығарылды. Дәрігерлер алдағы уақытта науқасқа оңалту емі жүргізілетінін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *