САУРАН: АУДАНДА АГРОКЕШЕННІҢ БАСЫМДЫЛЫҒЫ АРТУДА

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және азық-түлік саласында импортты алмастыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. Жыл өткен сайын облысымыздағы жылыжайлардың көлемі артуда. Бүгінде республикадағы жылыжайлардың 80 пайызы Түркістан облысының үлесіндеБүгінде жеке кәсіп ашамын деген азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көп.

Осыған орай Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының аудан, қалаларға жұмыс сапары жалғасуда. Бұл жолы Сауран ауданындағы бірнеше нысанды аралап, кәсіпкерлермен, тұрғындармен жүздесті.
Бүгінде Сауранда жылыжай өндірісі жақсы дамып келеді. Өңір басшысы Қарашықтағы жеке кәсіпкердің гүл өсіретін жылыжайында болды. Жылыжай 2010 жылы іске қосылған. Жобаның құны – 20 млн. теңге.
– Ауыл шаруашылығы – негізгі драйвердің бірі. Тұрғындарға осы саланы, кәсіпкерлікті насихаттап, қолдау көрсеткен жөн. Аудан әкімдігі, жауапты басқармалар «Ауыл аманаты» жобасы арқылы жұмысты жандандырып, тұрғындардың іс бастауына көмектессін. Жұмысты ширатыңыздар, – деді Дархан Сатыбалды.
Өңір басшысына «Қарашық» спорт кешенінің жұмысы таныстырылды. Жеке кәсіпкер салған нысанның құны – 230 млн. теңге. 2021 жылы пайдалануға берілген спорт кешенінде 8 адам жұмыспен қамтылған. Спорт үйрімелерінде 320 тұрғын тұрақты түрде спортпен айналысады.
Іссапар барысында спорт және өзге де әлеуметтік нысандарды салуға жеке инвесторларды тартудың маңызы зор екені айтылды. Облыс әкімі тарапынан жауаптыларға тиісті тапсырмалар беріліп, міндеттер жүктелді. Сауран ауданын дамыту жұмысы жалғасады.

Министрліктің мәліметінше жылыжай шаруашылығы жыл сайын дамып келеді. Статистика дұрыс-ақ. Алайда жылыжай шаруашылығы еліміздің барлық өңірінде дамып жатыр деуге келмейді. Өкініштісі сол… Өйткені жауапты министрліктің мәліметіне қарар болсақ, жылыжай шаруашылығы тек Оңтүстік өңірінде жақсы дамығынан көруге болады. Сандарды сөйлетер болсақ, Түркістан облысында 3 366 жылыжай бар екен. Ол  жылыжайлардың жалпы көлемі 1467,4 гектарды құрап отыр. Бұл еліміздегі барлық жылыжайдың 71 пайызы деген сөз. Алайда, жылыжай шаруашылығы жақсы дамыған Түркістан облысында да жағдай мәз емес екен. Сала мамандарының айтуынша, жылыжайларды жылытуға, жарықтандыруға жұмсалатын шығындардың үлесі өнімнің өзіндік құнының 45 пайызын құрап отырған көрінеді. Ал мұның өнім бағасына тікелей әсер ететін фактор екені түсінікті. Оған қоса, табиғат жағдайына байланысты жергілікті шаруашылық иелері көрші елдерге қарағанда қуат көздерін ұзағырақ пайдаланады екен. Ол аз десеңіз көрші елдермен салыстырғанда, біздің елде электр энергиясының, көмірдің, табиғи газдың бағасы біршама жоғары көрінеді. Сол себепті де біздің шаруалар көрші елдің өндірушілерімен бәсекелесе алмайды. Өйткені көрші елдерде өнімнің өзіндік құны біздегіден әлдеқайда төмен. Негізі жылыжай шаруашылығымен айналысам деушілерге мемлекет тарапынан көмек беріледі. Мәселен жылыжай тұрғызуға жұмсалған шығынның 30 пайызын, көкөністерді сақтауға жұмсалатын шығынының 20 пайызын мемлекет субсидиялайды. Сонымен қоса жылыжай шаруашылығын қолдау мақсатында өсіру шығынына ретінде 500 мыңнан 5,5 млн теңгеге дейін қаржылай қолдау көрсетіледі. Одан бөлек тыңайтқыштарға, гербицидтерге, әр түрлі аурулармен күресетін биогенттерге де мемлекеттен субсидия бөлінеді.

Мамандардың айтуынша, жылыжайда өскен ауыл шаруашылығы дақылдарының біршама артықшылығы бар. Атап айтар болсақ, өнімге қоршаған ортаның зияны тимейді. Ағзаға қажетті дәрумендер мен минералдардың маңыздылығы еш жойылмайды. Осы ретте айта кету керек, әлем бойынша жылыжай салу жөнінен Қытай алдыңғы орында тұр. Бұл елдің жылыжай алқабы шамамен 1,5 млн. гектарды құрайды. Бұл салада  АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия, Ресей сынды мемлекеттер де жетекші мемлекеттер болып табылады.

Жылына бірнеше мәрте өнім беретін жылыжай шаруашылығы қай жағынан алсақ та  өте тиімді. Шағын жылыжай бір отбасыны ғана емес, кішігірім бір ауылды да асырауға қауқарлы. Тек істің көзін таба білсеңіз болғаны.

Түркістан облысы жылыжай шаруашылығын дамытудан және жылыжайлар көлемі бойынша республикада бірінші орында тұр. Облыста 1640 гектарды құрайтын 3366 жылыжай бар. Оның ішінде 87,2 гектары – өнеркәсіптік жылыжайлар. Онда 12 мыңнан астам адам еңбек етеді.
2023 жыл қорытындысымен өңірдегі жылыжай шаруашылықтарынан 140,0 мың тонна өнім жиналды. Бұл маусымаралық кезеңде (қазан-наурыз) республика халқы қажеттілігінің 42 пайызын қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда, жылыжайларда 2024 жылдың бірінші айналымына көшет отырғызу жұмыстары атқарылуда.
Жылыжай шаруашылықтарын қолдау, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатына облыс әкімдігінің ұсынысымен Үкімет тарапынан өткен жылы кешенді шаралар қабылданды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыжайларды жеңілдетілген көмірмен қамту ісі қолға алынды.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі тарапынан 2023 жылдың 1 мамырында «Фермерлік жылыжайларға жалпы техникалық талаптарының мемлекеттік стандарты» бекітілді. Бүгінде 801 фермерлік жылыжай сертификатталды. Жылыжай шаруашылықтарын жылыту маусымында субсидиялаудың жаңа тетігі енгізілді. Бағдарлама арқылы өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайларда пайдаланылған электр энергиясы, көмір және газ шығындарының 20 пайызы субсидияланады. Фермерлік жылыжайлардың гектарына 4,8 млн. теңге, өндірістік жылыжайларға 8,1 млн. теңге бөлінеді.
Осы мақсатта 2023 жылы облыстық бюджеттен 565 млн. теңге қаржы төленді. 2024 жылға 1,4 млрд. теңге қаралып отыр. Аймақта жылыжайларды дамыту бағытында жұмыстар жалғасады.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіп кешені саласында атқарып жатқан жұмыстары және дамыту бағытындағы атқарып жатқан іс-шаралары аз емес. Бүгінгі таңда егіншілік саласында ұзақ жылдар бойы топыраққа агрохимиялық сараптама жүргізілмегендіктен, химиялық тыңайтқыштарды жүйесіз қолдану арқылы егістік жерлерде топырақтың құнарлығы төмендеп нәтижесінде топырақтың сорлануы, ластануы, тұздануы сияқты келеңсіз факторлар орын алған. Салдарынан дақылдардың өнімділігі мен сапасының төмендеуі өзекті мәселеге айналуда.

Аталған саладағы кемшіліктерге маңыз бере отырып Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Агро-кеңес беру орталығы» құрылды. Ондағы мақсат – әр дақылдың өсіру технологиялық ерекшеліктерін ескеріп, демонстрациялық алаңдар ашып тәжірибе ретінде шаруаларға ұсыну. Бұл пилоттық жобаның өндірістік бағыты иновациялық технология қолдану арқылы дақылдарды (жүгері, бақша, көкөніс, жеміс-жидек, жылыжай т.б) органикалық негізде өсіріп алынатын өнімді арттыру, химиялық тыңайтқыштардан бас тартып толық органикалық тәсілге көшу.

Ұсынылып отырған пилоттық жобалардың мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз кәсібін жетілдіріп, туындаған кедергілермен күресу, озық заманауи агротехнологияларды меңгеруіне және технологиялық карта негізінде берілген ұсыныстарды ауыл шаруашылығында тәжірибе ретінде пайдалану және алдын алу бойынша тиімді шешім қабылдауына толық көмек көрсету.

Жобаға сәйкес, Ордабасы ауданы, Төрткүл елді мекеніндегі «Рамазан агро» ЖШС шаруашылық базасында мақта өсіру бойынша демонстрациялық алаң құрылып, 60 га алқапқа түркиялық «Эдесса», «Лима» элиталық мақта тұқымдары егіліп, өнім жиналды. Отырар ауданы, Талапты елді мекеніндегі «Марғұлан» шаруа қожалығының базасында жүгері өсіру бойынша 20 га алқапқа «Пионер» сорты егіліп, толық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Өсімдіктің өсіп жетілу фазаларының оңтайлы мерзімдерінде органикалық тыңайтқыш сумен берілді.

Сонымен қатар, Сауран ауданы, Майдамтал елді мекенінде «ИС Жангир» ЖШС базасында 20 га қант құмайы «Сорго» дақылын мал азықтық мақсатта жоңышқа дақылымен үстеме егу бойынша демонстрациялық алаң ашылды. Суға тапшы Майдамтал өңірінің жағдайында бір маусымда 4 өнім алуға болады. Жоба аясында тәжірибе ретінде дақыл кеш егілгеніне қарамастан жоңышқа дақылының жетілуін жеделдетіп, бірінші орақтың өзінде алынған өнім көлемі артты.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында «Республикалық топырақ орталығы» ЖШС агрохимиялық зерттеу зертханасы ашылды. Негізгі мақсат оңтүстік өңірлерде ауыл шаруашылығын дамытуға, цифрлық егіншілікке, фермерлерге топырақ құнарлығы мен өнімділігін арттыруға мүмкіндік жасау. Айта кетсек, «Агро кеңес беру орталығы» бұл заманауи органикалық негізде өнім алуға, малдың тұқымдық құрамын жақсартуға, зиянкестермен күресуді үйрететін, шаруалардың агробіліктілігін күшейтетін орталық.

Десек те, ауыл шаруашылық саласының басқа да проблемалық мәселесі де алаңдатады. Атап айтқанда, ағымдағы жылы палатаға 62 өтініш келіп түссе, оның ішінде оң шешілген өтініштер саны – 44 өтінішті құрады. Нақтырақ айтсақ, «Яссы құс» ШҚ тарапынан өтініш келіп түскен болатын. Шаруа қожалық Өзбекстан мемлекетінен 1 тәуліктік 32 мың бас балапан (шөжек) импорттау барысында кеден бекетінде ветеринарлық талаптарға байланысты тежелу фактілері орын алған. Мәселені шешу үшін, агроөнеркәсіп кешені бөлімінің мамандары дер кезінде құзырлы органдар басшыларымен байланыс орнатып, мәселе оң шешімін тапты.

Соңғы жылдары қой шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапыннан қаржылық қолдау болмағандықтан ескерусіз қалған жағдайы бар. «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен осы саланың дамуына маңыз беріле арнайы жұмыс тобы құрылып, қой шаруашылығының даму концепциясы ұсынылып ҚР Премьер-Министрдің орынбасары А.Жұманғариннің тікелей қолдауымен жұмыстар атқарылуда.

Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешенін бес жылға дамыту тұжырымдамасы агроөнеркәсіптік кешенді дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығаруға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын нығайтуға және саланың экспорттық бағдарын күшейтуге мүмкіндік береді. Өткен жылға 37 даму көрсеткіші бекітілгені айтылған болатын. Атап айтқанда, егіс алаңын 860 мың гектарға дейін, бір алаңнан бірнеше өнім алу жөніндегі жобаға арналған жерді 9303 гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Қосымша 93 гектарға жылыжай салу жоспарлануда, су үнемдеу технологияларын енгізе отырып, алаң 39,2 мың гектарға, қарқынды бақтар — 665 гектарға, жүзімдіктер — 120 гектарға жеткізілсін. Өнімді сақтау көлемін қосымша 29,3 мың тоннаға ұлғайту және 1346 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарлануда. Жоспар бойынша жылына 40 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерін, 17 мың тонна ет ассортиментін, 37 мың тонна сүт өнімдерін өндейтін кәсіпорындар ашу көзделген.

Бұдан басқа, 1000-нан астам басқа арналған 13 бордақылау алаңы, 200 басқа арналған төрт сүт фермасы ашылады. Төрт ірі құс фермасы және 270 мың басқа отбасылық құс шаруашылығы ашылады. Биыл Түркістан облысында төрт тоқыма және тігін кәсіпорны іске қосылады, ал алтауы жүн мен былғары өндейтін болады. Нәтижесінде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 75,2 млрд теңге, тамақ өнеркәсібіне — 11 млрд жеке инвестиция түседі деп күтілуде, ал жалпы өнім көлемі 1 трлн 127 млрд теңгеге жетеді.

Түркістан облысы бойынша өткен жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшем шарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беруге «Ауыл аманаты» жобасына Түркістан облысы, Сауран ауданының Шаға және Қарашық ауылының тұрғындары қатысады. Бұлай таңдап алуы да тегін емес. Өйткені қос ауылда сүт және мал шаруашылығы жақсы жолға қойылған. Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы мен осы сала өкілдерінен құралған топ мүшелері ауыл халқымен кездесіп, жобаның маңызына тоқталып, шарттарын түсіндірді.

Айта кетейік, жобаға қатысуға кез-келген адам өтініш бере алады. Ұсынылған бизнес жоспардың қажеттілігі, тиімділігі ескеріле отырып, шешім қабылданады. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде бұл жоба қатысушыларына 2,5 пайызбен несие беру көзделуде. Егер мал шаруашылығын қолға алғыңыз келсе 7 жылға, ал басқа кәсіпті нәсібіңізге айналдырар болсаңыз 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Тек бір шарты бар. Үйіңізді кепілге қоясыз. Жиылғандар жобаның экономикалық дамуға, қазақстандық өнімнің сапасын арттыру бағытына жаңа серпін береріне сенімді. Жобаның тиімді екенін айтып, қызығушылық танытып жатқандар қатары көп. Олар табысын арттырып, өзін-өзі қамтамасыз етуге ниетті. Жүздесуде тұрғындар жеңілдетілген несие алу, субсидияға қол жеткізу, сауатты бизнес-жоспар құру тағы да басқа ауыл мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Көпшілігі бағдарламаға белсенді қатысуға бел байлап отыр. Пилоттық жобаға республикалық бюджеттен 11 млрд. теңге бөлінбек. Оған өңірдегі 16 ауданның 32 ауылдық округіндегі жергілікті тұрғындар қатысады. Арнайы топ алдағы уақытта өзге де аудан, қалаларды аралайды. Кесте алдағы уақытта қосымша жарияланады.

Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асқан Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округіндегі «Bokei» қыш зауыты былтыр іске қосылды. Тәулігіне 100 мың дана қыш шығаратын өндіріс орны «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасымен жеңілдетілген 6% қаржыландырылған. «Аmanat» партиясының Түркістан облысы бойынша сайлау алды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына енгізілген. Италия, Жапония, Франция, Ресей сияқты мемлекеттерде жасалған заманауи қондырғылармен жабдықталған зауыт Түркістан облысымен қатар еліміздің өзге де аймақтарын сапалы кірпішпен қамтуға қауқарлы. Жобаның жалпы құны – 3 млрд. 200 млн.теңге. Жаңа өндіріс орнында 60 адам жұмыспен қамтылған.

Осы ретте, Ордабасы ауданы Бадам ауыл округінде орналасқан қара металдың көптеген түрінен құймалар шығаратын елімізде теңдесі жоқ «Karlskrona LC AB» зауытының өнім сапасы экспресс-зертханаларда тексеруден өткізіледі. Өндіріс орны 2016 жылы «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған. Жобаның құны – 868,2 млн.теңге. 64 адам жұмыспен қамтылған. Жылына 3 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы.Ал, «Қазақ-Түрік индустриялды аймағында» орналасқан «Green Technology industries» өндіріс орны  полиэтилен бұйымдарын қайта өңдеумен, синтепон талшығын өндірумен айналысады. Жылына 15 000 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Құрылтайшылар — қытайлық инвесторлар (49%). Инвестициялық құны – 6 млрд. 800 млн.теңге. Зауытта 250 адам жұмыспен қамтылған. Өнім ішкі нарықтан бөлек Ресейге экспортталады.

Ордабасы ауданында бүгінгі таңда 40 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Олар өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өндіру, электр энергиясымен жабдықтау салаларын қамтыған. Жыл басынан бері онда 21 млрд. 189 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында инвестициялық құны 105,1 млрд.теңге болатын 6 жоба іске асырылуда және 1 мыңнан аса жұмыс орны ашылады. 9 айдың ішінде ауданға 26 млрд.теңгеден астам инвестиция тартылған. Ордабасы ауданында 12 мың 170 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Онда 18 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.

Облыста суғармалы жерді тиімді игеру, ауыл шаруашылығын әртараптандыру, шикізат секторынан дайын өнім секторына өту, мақта кластерін дамыту бойынша нақты жоспарларды да жеткізді. Қайта өңдеу саласында 2023-2027 жылдары 329 млрд. теңгеге 110 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Нәтижесінде 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, жыл сайын 230 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі. Форумда Түркістан облысы әкімдігі мен отандық және шетелдік инвесторлармен агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы құны 257 млрд. теңгені құрайтын 10 келісім меморандумына қол қойылды Түркістан облысында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 336 млрд. теңгеге жеке инвестициялар тартылған. Жалпы, республика халқын отандық өнімдермен қамтамасыз етуде облыс алдынғы қатарларда. Өндірілген мақтаның 100 пайызы, жүзімнің 74 пайызы, бақшаның 59 пайызы, жеміс-жидектің 35 пайызы, мақсарының 29 пайызы, жүгерінің 26 пайызы, көкөністің 24 пайызы және еттің 11,4 пайызы, сүттің 12 пайызы – Түркістан облысының үлесінде.Облыста барлығы 875 мың гектар егіс алқабы бар, қазіргі уақытта оның 98 пайызы пайдаланылып жатыр. Қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді. Бұл салада өнімділік 5 есеге артып, бір гектардан 300-350 центнерге дейін өнім жиналуда. Қазіргі уақытта, облыстағы қарқынды баулардың көлемі 4,6 мың гектарды құрайды.Өңірде жылыжай шаруашылығын дамытуға қолайлы Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам аудандарынан 100 гектардан агроаймақ құрып, 2027 жылға дейін 500 гектар жаңа жылыжай кешендерін жүзеге асыру жобасы әзірленіп, жүзеге асады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру арқылы рентабельді дақылдарға алмастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл облыстың оңтүстік аймақтарында қосымша 2 мың гектарға дәндік жүгері, 1 мың гектарға бұршақты дақыл (маш) егіледі. Аталған дақылдарды өткізу нарықтарымен қамтамасыз ету үшін Шардара ауданында құны 26 млрд. теңгеге («Шардара-Агро» ЖШС) жүгері өңдейтін кәсіпорын ашылады. Бұл зауытта Түркия және Франция елдерінің технологиясымен жылына 100 мың тонна жүгері өңделеді. Мақта-тоқыма кластерін дамыту бағытында 2027 жылға дейін облыста 12 кәсіпорын ашып, мақта талшығының 100 пайызын терең өндеуден өткізу көзделген.

Түркістан облысында сыртқы сауда экспорты дамып, қарқынды жүзеге асырылуда. Өңірде отандық тауар өндірушілердің экспортын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Аймақта негізгі шикізаттық емес экспортталатын тауарлар қатарында уран, ұн, трансформаторлар мен балық өнімдері және күркетауық еті бар. Инвесторлар мен экспорттаушыларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтердің кең түрін ұсынатын «Turkiston Invest» қызмет көрсету орталығы құрылған. Сондай-ақ, «Turkiston Invest» орталығының көмегіне жүгінуші кәсіпкерлердің қатары да көбейген. Мәселен, компаниялар аталған орталықтың көмегімен көлік қызметтеріне, шетелдік көрмелерге қатысуға және тауарды шетелде жарнамалауға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтінім бере алады. Бүгінде «QazIndustry «СОО» АҚ — на Түркістан облысының 18 экспорттаушы компаниясы өтінім түсірген. Оның ішінде өткен жылы іске қосылған «CG Corp Global» ЖШС бар. Жылына 400 мың тез дайындалатын кеспе шығаратын зауыт өнімі бүгінде ішкі және сыртқы нарықта да сұранысқа ие. Сонымен қатар, өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасында сүт өнімдерін экспорттау бойынша келісім жасалған болатын. Нәтижесінде «Golden Camel Group» зауыты ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Қытайға 30 тонна құрғақ түйе сүтін экспорттаған. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 33 мың тоннаны құрайды және өнім толығымен экспортқа сай келеді. Ал, таяуда Өзбекстан Республикасының Ургенч қаласында өткен «агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы өңірлік бизнестің ынтымақтастығы» ІІ аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында Түркістан облысы мен өзбекстандық кәсіпорындар арасында жалпы сомасы 50 млн АҚШ долларын құрайтын 3 экспорттық келісімге қол қойылды. Өңірде сондай-ақ, экспортқа бағдарланған «Standard Petroleum» ЖШС мұнай өңдеу зауыты бой көтереді. Жаңа зауыт Ордабасы ауданында 2021 жылы іске қосылмақ. Экспорт көлемі жылына 2 млн Ақш долларын құрайды деп күтілуде. Жоба аясында мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жобаның жалпы құны 95 млрд теңгені құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *