Ұлттық құрылтай да еліміздің тарихын ұмытпауды қамтамасыз етуге бағытталған жиындардың бірі, ал онда айтылатын мәселелер еліміздің мәңгілік ел болуына негізделген. Президент халықтың сана-сезімін оятуда ұлттық тарихымызды ұмытпауды айтуы, осы мәселені қозғауы өте орынды болып тұр. Бұл жеті томды кітап барлық жұрттың оқуы керек, барлық қазақ пен қазақстандық білуі керек тарихи мұрамыз болары анық болып тұр.
- Ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру, креативты индустрияны дамыту мақсатының орындалуына шолу
Аталған мақсат бойынша мемлекет басшысы халық пен билік арасындағы байланысты қамтамасыз етуші институт ретінде масс-медианы атаған болатын. Масс-медиа халықтың көңіл күйін билікке жеткізуші, сонымен қатар қоғамда құндылықтар жүйесі мен жүріс-тұрыс үлгілерін қалыптастыра алатын қызметтерді атқаратын маңызды канал. Осындай қызметтерді атқару кезінде мемлекетте креативті индустрияны дамытудың маңыздылығы орын алады. Бұған кино және сериал саласы, мультфильмдер, музыка, кітаптар мен басқа да жүйе элементтері қарастырылатын болады.
Өзінің сөзінде Президент Қазақстанда түсіріліп жатқан киноларға, жалпы кино өндірісіне қатысты бірнеше пікірлерін білдірген болатын. Олардың ішінде:
«Расында кино саласында дау-дамайлар көбейіп кетті. Қазіргі кинотеатр иелері отандық фильмдерді экраннан көрсету үшін қомақты қаржы талап етеді. Билеттен түскен қаржының едәуір бөлігі тағы да кинотеатрлардың және жеке меншіктегі компаниялардың қалтасына кетеді. Бұған қоса, киногерлер фильмді нақты қанша адам көргенін анықтай алмайды. Қысқасы, киноға бүкіл білімін, күш-қайраты мен уақытын сарп еткен мамандарға табыстың аз ғана бөлігі тиеді», — деген болатын.
Мақаланың бұл тарауында мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандық кино индустриясына қатысты айтқан өзекті мәселелер жүйесін айтқым келеді. Себебі, кино ол ұлттың жадын көрсететін, ұлтымыздың құндылығы мен дәстүрін көрінісін беретін, уақыттың еншісімен өтіп кеткен естелігімізді көрсете алатын мүмкіндікке ие. Бұл мүмкіндіктері арқылы ол біздің ұлттық жадымызға әсер етеді, ұлттық құндылықтарымызды реттеу мен әрекеттерімізді соған бағыттай алады. Бұл туралы мемлекет басшысы:
«Қазіргі заманда ел боламыз десек, экранды да түзеуіміз керек. Себебі кино қоғамның сана-сезіміне ерекше ықпал етеді. Елімізде кино өндірісі жақсы дамыған деп айту қиын», — деді.
Қазақстанда киноиндустрия саласында көптеген мәселелер тізбегі орын алуда, аталған мәселелерді шешу кезінде жаңа көзқарастар мен дамуды көздеген жаңа қарқындар керек болып тұр. Бұл мәселелер келесі тармақтарда көрсетіледі және олардың жүзеге асырылу нәтижелері айталады:
− «Мемлекет басшысының тапсырмаларының бірі кинотеатрға келушілер санын анықтайтын цифрлық платформа құру болып табылатын. Бұны орындауды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрлігіне жақын арада орындау жүктелген болатын», — деп айтты мемлекет басшысы. Тапсырма қазіргі кезде орындалды, соның негізінде кинотеатрға келушілерді есепке алу үшін мобильді қосымша әзірленді, осы қосымшаны қолдануға қосылған кинотеатрлардың саны қазірге тек қана 60-қа жуық болып тұр.
− Киноиндустрияны экономиканың жеке саласы ретінде қарастыра отырып, салада қордаланып қалған мәселелерді кешенді және дәйекті түрде шешу қажет. Осы жерде мынадай ұсыныстар білдіргім келеді, киноиндустрияны экономиканың жеке секторы ретінде құру жөніндегі осы нұсқаулықты жақсырақ жүзеге асыру үшін қаржылық қолдауды ғана емес, сонымен қатар кино саласының қолданыстағы субъектілерін дамытуға және пайда болуына жәрдемдесетін бірыңғай оператор ретінде ұлттық компанияны құру қажет. Ұсыныс ретінде, «Киноны қолдау орталығы» мен «Қазақфильм» АҚ біріктіру негізінде, «Қазақфильм» ұлттық компаниясын құру және әлеуметтік киножобаларды қаржыландыратын «Қазақфильм» ұлттық компаниясы құрамында жұмыс істейтін ұжымдық қорды қалыптастыру керек («QazExpoCongress» мысалы бойынша).
Мемлекет бүгінде кино саласының флагманы болуға және неғұрлым сапалы кино өндірісін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен саланы дамытумен айналысуға, сондай-ақ Қазақстанның киноөнімін перспективалы кино нарықтарына экспорттауды қамтамасыз етуге арналған барлық құралдарға ие «Қазақфильм» ұлттық компаниясын қаржыландыра отырып, оған инвестор бола алады. «Қазақфильм» ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ұлттық брендке ие болды, оның өнімдері атына заты сай болып, көптеген шет елдік кино нарықтарында танымал болып келе жатыр. Бұл туралы да Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кезінде шыққан «Қыз Жібек», «Отырардың күйреуі», «Атаманның ақыры» сияқты классикалық фильмдер түсірілуі керек деп санаймын», — деп айтқан болатын. Ал аталған туындылардың барлығын, Қазақстандағы елімізде теңдесі жоқ жалғыз ірі мемлекеттік киностудияның күшімен түсірілген болатын.
Қорытындылай келе, Түркістан өлкесінде болған Ұлттық құрылтайда айтылған мәселелер мен мақсаттарды айту, олардың жүзеге асырылып жатқан тұстарын көптеп айта беруге болатындығын көрудеміз. Дегенімен, мақаланың төңірегінде «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты құрылтайдың екінші отырысында айтылған үш маңызды мақсаттың қазіргі кезде жүзеге асқан тұстары мен болашақта атқарылатын істері туралы ғана айтып үлгердік. Президент айтқан басқа бес мақсат қазіргі кезде жүзеге асырылуда, сол мәселелердің төңірегі халық арасында талқылауда. Ал Президенттің осы баяндамасында айтылған ұлттық кемелдену мен адами құндылықтардың дамуы туралы қозғалған тұстары әлі де жүзеге асатын, кемелдендіре түсу керек сәттердің бірі болып қалады.
Ұлттық құрылтайда айтылған маңызды мәселелердің бірі, ол еліміздің шекаралас аймақтарын дамытуға қатысты жұмысты қазіргі кезде билік тездетуі керек. Бұл бойынша да көптеген жұмыстар жүзеге асырылды, оның бірі Президенттің отанымыздағы жер телімдерінің шет елдіктерге сатылмайтындығын айтқандығы да халық көңіліне қонған шешім болды. Дегенімен, осы жерде еліміздегі барлық аймақтардың дамуы басты назарда болуы керек. Біздің халқымыз теңдікте, тең мүмкіндіктерде өмір сүруі керек. Бұны жүзеге асыруда мемлекет пен халық, азаматтық белсенділер мен сол өлкенің тұрғындарының біріге, белсене жұмыс істеуі жүйеленуі тиіс.