ТҮРКІСТАН: МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

 

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер  мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Сонымен қатар,  сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарды пайдалануға мүмкіндік туады. Ал мүгедектігі бар балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған не қамқорлығында кәмелетке толған мүгедектігі бар адамдар бар азаматтарға өтеусіз заң көмегі көрсетіледі. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға министрлердің, аудан, қала, облыстық маңызы бар қала, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің мүгедектік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшілерін тағайындау тәртібін әзірлеу және бекіту жөніндегі құзырет берілетіндігін мәләмдеді.

Бүгінде Түркістан өңірінде «Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспары» 7 негізгі бағытқа сәйкес жұмыстар тұрақты жүргізіледі. Атап айтқанда, мүгедектіктің профилактикасы және алдын алу, әлеуметтік оңалту және абилитация, кешенді қолжетімділік және кедергісіз орта, білім берудің қолжетімділігі, экономикалық дербестік және сапалы жұмыспен қамту, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер мен қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталады.

Түркістан облысында жыл басынан бері мүгедектігі бар 8162 адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды. Абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша 31 мыңнан астам оңалту құралдары мен қызметтер ұсынылып, жоспардың 73,3 пайызы орындалып отыр. Сондай-ақ оларға аудан, қалаларда 43 инватакси қызметі мен 50 әлеуметтік такси қызмет көрсетуде. Бұл шараларға биыл бюджеттің барлық көздерінен тиісті қаржы бөлінген. Мемлекет басшысының тапсырмасынан  туындаған маңызды міндеттердің Түркістан облымынжа жүзеге асу барысы қалай болып жатыр деген  мәселе төңірегінде сөз қозғамақпыз.

Облыс көлемінде мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету, өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында, арнайы оңалту орталықтары мен қажетті құрал-жабдықтар қарастырылған. Сонымен қатар бюджеттен тиісті мөлшерде қаржы бөлініп отыр.

Атап айтқанда, арнайы протездік-ортопедиялық құралдар, сурдотехникалық, тифлотехникалық жабдықтар мен қоларбалар, санаторийлік-курорттық емдеу орталықтары мен арнайы ымдау тілі мамандары қызмет көрсетеді.

Бүгінде порталда 21 ымдау тілі маманы, 19 жеке көмекшінің қызметін көрсету, 146 оңалту техникалық құралдары және 57 санаторий-курорттық емдеу ұйымдары қызметі қарқынды жүргізілуде.

Жалпы Түркістан облысында жыл басынан бері 98 708 мүгедектігі бар азамат тіркелген. 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдаймен 6 875 мұқтаж азамат арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған.

«AMANAT» партиясының 2023-2024 жылғы «Халықпен бірге» атты сайлауалды бағдарламасының 26 тармағын орындау жөніндегі жол картасына сәйкес ерекше қажеттіліктері бар жандар қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында, әлеуметтік инфрақұрылымның облыс көлемінде 667 нысан анықталды. Бүгінгі таңда нысандар тізімі аудан, қала әкімдерінің мүгедектігі бар адамдардың ісі жөніндегі кеңесшілерінің келісімімен аудан, қала әкімдерімен бекітілді. Аталған нысандар арасында білім және денсаулық басқармасына қарасты 235 мемлекеттік нысан, 148 білім беру нысаны, 87 денсаулық сақтау нысаны бар.

Сонымен қатар қолжетімді орта құру мақсатында әкімдіктер жанынан 17 аудан, қалада осы салаға жетекшілік ететін әкім орынбасарының жетекшілігімен жұмысшы топтар құрылды. Ал құрамына мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері мен «Amanat» партиясының аудан, қалалық филиалдарының өкілдері де енгізілген.

Мүгедектігі бар адамдар мен қимыл-қозғалысы шектеулі топтардың қажеттіліктерін ескере отырып, осы бағытта арнайы жұмысшы топ құрылып, өз деңгейінде қызмет көрсетіп келеді

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының 84-85 тармақтарын орындау жөніндегі жол картасына сәйкес ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 2021-2023 жылдар аралығында 581 нысан бейімдеуден өтті. Ал 2021-2025 жылдары 1294 ғимаратты бейімдеу шараларымен қамту жоспарланған. Аталған тармақтарды орындау бойынша әрбір аудан, қалада қимылы шектеулі топтардағы мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және транспорттық нысандарға қолжетімділігіне мониторинг жүргізу үшін жауапты сала мамандары мен қоғамдық бірлестіктердің енген арнайы топтары құрылған.

Түркістан облысында мүгедектігі бар 95229 адам бар. Оның 83 173 ересектер болса, 12 056 бала тіркелген.

Республикада ерекше қажеттіліктері бар 711,8 мың адам тұрады. Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда халықтың осы санатын әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілетін болады. Бүгінгі таңда Қазақстанда тұратын 711,8 мың мүгедектігі бар адамның 420 мыңы еңбекке қабілетті жаста (58%), 187,5 мыңы зейнеткерлік жаста (26,3%) және 104,3 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар (14,6%). Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат олардың қоғамға толыққанды кірігуіне бағытталған. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда мыналарды қамтитын көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді: әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер түріндегі мемлекеттік көмек; әлеуметтік оңалту шеңберінде ағзаның жоғалған функцияларын өтеу; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.

Еңбекке қабілеттілігінен айырылған адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру мынадай төлемдерден тұрады: Бірінші деңгей (базалық) – бюджеттен төленетін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар. Олардың мөлшері тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне, сондай-ақ мүгедектіктің топтары мен себептеріне байланысты. Биыл жәрдемақы мөлшері 8,5% – ға өсті. Осы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша жәрдемақының орташа мөлшері 58 656 теңгені құрайды, алушылар саны 532,3 мың адам, жалпы 62 млрд теңгеден астам сома төленді. Екінші деңгей (міндетті) – егер жұмыс беруші зардап шеккен жұмыскер үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік аударымдар төлеген болса, МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлемдер. Олардың мөлшері қызметкердің табысына, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне аударымдардың ұзақтығына байланысты. ҚР Үкіметінің шешіміне сәйкес МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне көтеріледі. Осы жылы олар да 8,5% – ға көтерілді. 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 33 211 теңгені, алушылар саны 86,5 мың адамды құрайды.

«Әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарды қолдау – басты міндеттің бірі. Қиындыққа тап болған жандар еш көмексіз қалмауы керек. Мемлекеттің әділдігі мен қоғамның жанашырлығы осындайда көрінеді. Әсіресе, ана мен баланы қорғауға айрықша көңіл бөлінуге тиіс». Осы орайда , ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арнайы тоқталғым келеді. Елімізде осы санатқа кіретін 700 мыңнан астам адам бар. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауы оларға оңай тиіп отырған жоқ. Біз ерекше қажеттілігі бар адамдарды және олардың күтушілерін қолдау шараларын күшейтуіміз қажет», — деген болатын  Президент Қ.Тоқаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *