ЗАРДАПТЫҢ ҚАСІРЕТІН КӨРГЕН АРДАГЕР

Бүгінгі біздің кейіпкеріміз қала тұрғыны, Чернобыль ардагері Ирисбек Аяшов жайлы сөз қозғамақпыз. Ирисбек Байтжанұлы 1946 жылы 20 шілдесінде Түркістан қаласында дүниеге келген. 1966 жылы Кентау қаласында Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебін тәмамдаған.

1986 жылы 26 сәуір бүкіл адамзаттың жүрегіне ауыр жара салып, орны толмас қасірет әкелген Чернобыль апатына 36 жыл толып отыр. Украинадағы Чернобыль апатының зардабын жоюға бұрынғы Кеңес Республикаларынан 600 мыңға жуық адам жұмылдырылған болса, соның 31743-і қазақстандықтар еді. Олар осынау апатты аймақтағы радиоактивті қалдықтардың аса қауіптілігіне қарамастан, бастарын бәйгеге тікті. Бір өкініштісі, қазір елімізден аттанған 31743 чернобыл ардагерлерінің жыл санап қатары сиреп барады. Олардың өзі ағзаға әбден сіңіп алған уытты жеңе алмай, арпалыспен өмір сүруде. Ресми дерек бойынша, бір жарым жылда апаттың зардабын жоюға қатысқан 508 адам көз жұмса, 1500 адам мүгедек болып қалған. Ал, біздің ресми емес мәлімет бойынша, бір жарым жылда 150 мың адам ажал құшса, 200 мыңы мүгедектік жағдайға түскен. Түркістан қаласынан 67 азамат Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысса, бүгінде көзі тірі 21 ардагер арамызда тіршілік етуде.

1972 жылдан бастап, қаладағы жөндеу механикалық зауытының мотор цехында еңбек жолын бастаған. Осы атылмыш зауытта жұмыс жасап жүрген кезінде военкомат арқылы шақырылып, 1986 жылы қыркүйек айында Украина еліне 6 айға реакция зардапты қоюға жіберіледі. Сол жылы өзімен бірге қаладан 11 азамат бірге барыпты. Алдымен Украинада 3 ай болып, онда оқу жаттығудан өтіп, апат болған аймаққа жіберіледі. Онда түрлі жұмыстарды атқарғанын, қаланы тазартуға күш салғанын, соның салдарынан денесіне 21 пайыздық уытты сәулені ағзасына бойлағанын ашына жеткізді.

Елге келген соң, бұрынғы жөндеу механикалық зауытының мотор цехында 4-5 жыл жұмысын жалғастырып, денсаулығының сыр беруіне байланысты жұмыстан қол үзіп қалған. Жыл сайын ауруханадан көз ашпай тұрақты емделуіне тура келіпті. 1991 жылы денсаулығына байланысты 2-топтағы мүгедектікке шыққан. Бүгінде өмірлік жары Жанат Айдаровамен 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп, олардан 4 немере сүйіп отырған жайы бар.

«Алайда, шүкір деймін. Полигонды аймақта болғанымыз үшін үкіметтен, қалалық аймақтан жеңілдіктер беріліп отырады. Қала әкімі жыл сайын мерекемізде арнайы шақырып, құттықтайды. Оқу орындарына апарып, кездесу ұйымдастырады. Кейінгі ұрпаққа насихаттайды. Үкімет тарапынан емдеу шипажайларына барып тұрамыз. Өзімнің замандас құрдастарымды Чернобыль апатына қатысып, арамызда жүрген ардагерлер бүгінде жастарға берер патриоттық тәрбиесі арқылы өздерінің үлестерін қосып келеді. Барша түркістандық Чернобыль ардагерлеріне айтарым, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, шаңырақтарына шаттық, ұзақ ғұмыр тілеймін», – дейді Ирисбек ардагер бізбен әңгімесінде.Қазақстанда 665 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған