ӘСКЕРИ ӨМІР ЕРТЕ ЕСЕЙТКЕН

Байжұманов Есенгелді Шаймерденұлы 1968 жылы 29 тамызда Түркістан қаласында туған. А.Байтұрсынов атындағы орта мектепті бітіріп, Түркістан индустриалды-педагогикалық техникумында оқыған. 1989-2008 жылдары МПМК мекемесінде жұмыс істеген. Әкесі Шаймерден мен анасы Рукан 10 бала тәрбиелеп өсірген, Есенгелді ата-анасының бесінші перзенті. Жұбайы Гүлзира екеуі 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп, олардан 3 немере сүйіп отыр.

1987-1989 жылдары Ауғанстанның Шындант провинциясына қарасты Фарахруд қыстағында жаяу әскер қатарында жүргізуші болып қызмет атқарған. Әскери марапаттаулары: СССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы мен «От благодарного Афганского народа», «70 лет ВС СССР», «Ветерану войны в Афганистане» медальдарымен марапатталған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған