Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевтыңҰлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы адалдықтыңөлшемін «Адал адам — Адал еңбек — Адал табыс» дептұжырым жасауы барша қоғамды еңбекқорлыққа, кәсібибілікті болуға шақырды. Адалдықтың бастауы ананың ақсүтімен, әкенің қанымен беріліп, отбасындағы дұрысбағыттағы тәрбиемен, қоршаған ортаның әсеріменқалыптасады. Әлеуметтік желі дамыған кезде қоршағанортаның ұрпаққа әсерін айтпай кету әлемге көз жұмақараумен бірдей. Адал еңбекпен қатар қоғамдық этика дамып, жанашырлық, мейірім ұғымдары бойға сіңіп, еңбекқор ұрпақ тәрбиеленеді. Мемлекет басшысының жасампаздық, шынайы патриотизм туралы сөздері Адаладам ұғымын ашатын түйін сөздер. Жасандылық, ұрандатып айтылатын әдемі сөздердің іші кеуек, қуыс, тұяғы тез сүрінетін алысқа шаппайтын ат сияқты дүбіріестілгенмен дүмпуі аз.Адал адамның қай фармациядаболмасын қалыптасуына әйелдің рөлі ерекше, ал әділетті мемлекет құрудағы әйелдің потенциалы жоғарыер азаматтардан бірде-бір кем емес. Әйелдер отбасықұндылықтарын сақтай отырып, түрлі салада қызметатқаруда. Әйелдердің гендерлік теңдік қағидаттарынтұрақты түрде ілгерілетуге, әйелдерді қоғамдық-саясижәне әлеуметтік-мәдени өміріне тарту мақсатында ҚР Парламенті мәжілісінің Төрағасы, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың бастамасымен Әйелдер қанаты құрылып, міндеттер, мақсаттар айқындалды. Әйелдер қанатының 10 басымдығы айқындалды.
Өңірлерде Әйелдер қанаты жетекшілері тағайындалып, Түркістан облысынан мені бекітті.
«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» деп әлемге ән салдырған Шәмші елінің, топырағы киелі, тірлігі жүйелі қасиетті Түркістан өңірінің әйелдері «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты ер азаматтардан қалмай ел дамуына үлес қосып, ұрпақ тәрбиелеуде өнеге көрсетуде. Әйелдер қанатының 10 басымдығы бағытында облыста топ жетекшілері және әрбір аудан қалаға белсенді, мықты әйелдерден жетекшілер бекітілді.
Әйелдер қанатының жетекшісі ретінде жыл басынан бері бір ғана менің парақшамда 1115, БАҚ-тарда 225 материал жарық көрді.
Облыста Әйел аманаты телебағдарламасы іске қосылып, жұмысшыдан бастап танымалдыққа ие болған мықты әйелдер туралы түсірілімдер түсірілуде, әр ай сайын Әйелдер қанатының бағыттары осылайша насихатталуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларын насихаттауда Әйел насихатшылар санын Әйелдер қанаты көбейте түсуде. Үгіт—насихат топтары қатарына аудан, қалалардағы жетекшілеріміз енді.
Ғылымдағы әйелдер тақырыбында Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен дискуссиялық алаңда ғалым әйелдерді толғандыратын тақырыптар талқыланып, ұсыныстар жинақталды.
Жұмысшы мамандықтар жылына орай өткізілген іс шаралардың жөні бір басқа. Әйелдер қанаты «Әйел басқаратын кәсіпорын» атты әлеуметтік желіде онлайн пікірлесу өтті. Күні кеше Сайрамда Жұмысшы мамандықтар жылы қорытындыланып, үздік әйелдер марапатқа ие болды.
Кәмелетке толмағандарды зорлау ұлтымыздың қадір қасиетіне нұқсан келтіретін ар ұятты жиыстырып қою, әлім жеттік мәселесі мейірімнің азайып, рухани азғындағандардың ел ішінде көбеймесе азаймаюы қоғамда алаңдатушылық тудыруда. Әйелдерге психологиялық қолдау мақсатында «Зорлық зомбылықсыз қоғам» атты форум өткізіліп, қоғамды мейірімге шақырдық. Форумда қазақтың байырғы жолымен ортаға орамал тастап, зорлық зомбылықты азайтуды үндедік.
Өз қаржыммен түсірілген зорланған қыз туралы «Қошқаратадағы қыз» қысқаметражды фильмім осы форумда көрсетілді.
Зорлық зомбылықтың алдын алуға арналған брошюралар таратылды.
Әйелдер қанатының «Балаңа уақыт арна» акциясы бойынша, бастауыш партия ұйымдарында 76 іс шара өтіп, 300-ден аса пост жарияланды. Әйелдің жанын әйел түсінеді. Әйелдер қанатының аудандағы жетекшілері 8 қоғамдық қабылдау өткізіп, 38 әйелдің проблемасының шешілуіне атсалысты.
Әйелдер қанатының денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе ұйымдастырған «Денсаулық керуені» елді мекендерді аралап, «Ерте жүктіліктің алдын алу» семинарларын психолог мамандармен, акушер гинекологтармен бірлесіп өткізіп кеңестер берілді.
Ордабасы ауданында және облыстық филиалда банкке 90 күннен аса берешегі бар әйелдерге құқықтық кеңестер беріліп, сот орындаушылармен бетпе-бет шешу жолдары қарастырылды.
«Әйелдерге қолайлы кәсіпорын» әйелдерді қолдау стандарттары бойынша 15 кәсіпорынға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстарымызды тиісті мемлекеттік органға жолдадық.
«Жетім көрсең жебей көр» деген Арыстағы балалар үйін бітіруші қыздар мен ұлдарға 3 миллионға киімдер, су тасқынынан зардап шеккен Ақтюбедегі Әлия батырдың ауылына өз отбасымнан 8 млнға көмек көрсетілді.
Сондай-ақ өзімнің депутаттық жұмысымның да Әйелдер қанатының жұмысына пайдасын көріп жүрмін. Әйелдердің атынан түскен өтініштер ішінде Кентаудағы Жұлдыз балабақшасының күрделі жөндеуіне бөлінген 478 млн теңге, Ы.Алтынсарин балалар кітапханасы ересек кітапханаға қосылып кетпесінші деген әйелдердің сұранысына 500 млн теңге бөлінгені депутаттық сауалымның орындалуының арқасы.
Астана қаласында өткен «Тең мүмкіндіктер»спорттық фестивалінде «Ордабасы» командасы, спорттың «Жеңіл атлетика» түрінен жүлделі ІІ орынды иемденді.
Облыстық Әйелдер қанатының Инклюзивті қоғамның дамуына жәрдемдесу бағыты бойынша жетекшісі Рухабза Халдарбектің ұйымдастыруымен облыста бірінші рет «Дара ұрпақ» инклюзивті театры ашылып, ерекше балаларға жаңа жылдық сыйлық табысталды.
Әйелдер қанаты заңнамаларға өзгерістер енгізу бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 121 бабы-1 тармағына, Сайлау туралы заңның 97-1 бабының 5 тармағына, Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша 22 ұсыныс жолданды.
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қолдау бойынша 100 белсенді әйелдің тізімі аудан қала әкімдерімен бірлесе зерделеніп, базасы жасақталды. Облыстық филиал жанынан «Бөрте»Әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі ашылды. Мектеп науқан емес тоқсан сайын оқу күнтізбелік жоспармен жұмыс жасауда.
Түркістан облысы бойынша қазіргі таңда 2 154 041 халық болса, оның 49%-ы яғни, 1 055 181 әйелдер қауымы.
Түркістан облысы — демографиялық өсу деңгейі бойынша ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысымен 38 048 бала дүниеге келген (2024 жылы-29 357 бала).
Қазіргі таңда, облыста 185 мыңнан аса көпбалалы ана бар. Оның ішінде 18 мыңнан аса «Алтын алқа»иегері, 43 мыңнан аса «Күміс алқа» иегері.
Облыста шамамен 212 697 мың кәсіпкер болса, оның 89 878 мыңға жуығы немесе 42,2%-ы әйелдер.
Түркістан облысындағы іс басындағы 5 611мемлекеттік қызметшінің 1 572 немесе 28,1%-ын нәзік жандылар құрайды.
Оның ішінде, 233 әйел немесе 15%-ы басшылық лауазымдарды атқарады.
Түркістан облысы әкімдігіне бағынысты 24 басқарманың барлығын ер кісілер басқарады, олардың 43 орынбасарлары болса, оның 7-і әйелдер немесе 16,3%.
Облыстық басқармалардың құрамындағы құрылымдық бөлімдердің саны – 100. Олардың 27-ін немесе 27% әйелдер басқарады.
Облыстық басқармаларға қарасты 233 ұйымның 54-ін немесе 23,2%-ын әйелдер басқарады. Аталған ұйымдарда 475 басшының орынбасарлары бар. Олардың 131-і немесе 27,6%-ы әйелдер.
Ал, облыс көлемінде 17 аудан, қала болса, барлығының әкімдері ер азаматтар. Ал олардың 49 орынбасарлары болса, оның 1-і немесе 2%-ы әйел азаматы.
2025 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысымен меритократия жолымен ішкі конкурстардың нәтижесінде қызметке орналасқан 180 қызметкердің 119-ы басшылық лауазымға тағайындалса, оның 19-ы немесе 16%-ы әйелдер.
Сонымен қатар, Түркістан облысында 46облыстық маслихат депутаттары болса, оның 6-уығана әйелдер. Бұл көрсеткіш өте төмен көрсеткіш бәрімізге ой салатын дүние. Қоғамның дамып, елдің өркендеуіне әйелдердің қосатын үлесі артып, мықты әйелдердің потенциалын мемлекет пайдалануы қажет.
Партия хатшысы Әйелдер қанатының жетекшісі Шолпан Таңатқызы Каринованың облысымызға іс сапары аясында Әйелдер қанатының облыста атқарған жұмыстары бойынша облыс әкімі Н.Көшеровтың қатысуымен өткен партия фракция отырысында есеп беріп, атқарған жұмыс бойынша әдістемелік жинақ шығардым. Ең бастысыәйелдердің саяси көшбасшылығын ілгерілету бойынша облыс әкіміне ұсынысымды білдірдім.
Облыстық «Әйелдер қанатымен» бірлесе отырып, саяси шешім қабылдай алатын белсенді әйелдердің базасын қалыптастыру;
Әйелдердің Саяси көшбасшылық мектебінің тұрақты түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Көшбасшылық мектептен өткен әйелдерді мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы басшы лауазымдарына, сайланатын органдарға ұсыну;
Көшбасшы әйелдердің санының артуына және қоғамдағы беделінің нығаюына ықпал ету;
Әйелдердің көшбасшылығын дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламаны қабылдау;
Жергілікті ЖОО және колледждермен бірлесіп, қыздарға арналған дебат, көшбасшылық клубтарын дамыту;
Қоғамда әйел көшбасшылығы туралы оң көзқарас қалыптастыру үшін ақпараттық-насихат кампанияларын өткізу;
Табысқа жеткен әйел саясаткерлердің жергілікті деңгейдегі роликтерін, сұхбаттарын тарату.
Мамандықтар Атласы— еңбек нарығындағы болашақ сұранысты болжауға және өңірде кадр даярлау жүйесін тиімді жоспарлауға арналған стратегиялық құрал.
Бүгінде бір мамандық жойылып жатса, оның орнына жаңа мамандықтар пайда болуда.
Мамандықтар Атласы осы өзгерістерді алдын ала көрсетіп, колледждерге, жұмыс берушілерге, жастарға дұрыс бағыт беретін болады. Яғни, колледж бен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланысты күшейтіп, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға негіз болады.
Өңірде 50 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды, мемлекеттік 28, жекеменшік 22. Колледжде 46 747студенттер білім алуда, оның 9 мыңнан астамы жұмысшы мамандықтарда оқиды. Биылығы жылы өңірде тапшы жаңа 6 мамандықтар ашылды:
Жаңартылған энергетика, Агрохимия, Лифт шаруашылығы, Ақпараттық қауіпсіздік, Темір жол саласын автоматтандыру бойынша екі мамандық.
Облыста алғаш рет іске асырылып жатқан Мамандықтар Атласына облыс бюджеттен 33,0 млн. қаржы қаралды. Облыста ветеринарлар, су ирригация мамандары керек десеңіз тігіншілер жетіспейді. Ауыл шаруашылығы ЖОО ашу керек. Мақталы өңірміз мақта кластерін дамытудағы жеңіл өнеркәсіпке қатысты конструктор инженерлер жоқтың қасы. Пандемия кезінде эпидемиологтардың жоқтың қасы екеніне көзіміз жетті. Бүгінде ауылдағы әр шаруашылық иесі өзі ветеринар болып алған, сиырдың тамырына дәрі жіберіп жатқандарының куәсі болдым, оларды кәсіби түрде оқыту керек. Форсайт сессияға қатысқан кәсіп иелерінің ойы да осы нүктеге келіп тірелді. Түркістан облыстық Әйелдер қанаты бекітілген 10 бағыт бойынша арықарай өз жұмысын жалғастыра бермек.
Әйелдер қанатының мақсаты гендерлік проблемаларды шешуге белсенді атсалысатын мүдделі қоғамдық саяси күштерді ел дамуының стратегиясына бағытталған адами капиталды қолдайтын бір мақсатқа біріктіру арқылы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету. Бұл – жүйелі еңбек пен үлкен жауапкершілікті қажет етеді.Бүгінде әйел ғалым, дәрігер, құрылысшы, мемлекеттік қызметкер сан түрлі мамандық иесі, өз ісінің маманы, ең бастысы дүниеге ұрпақ әкелуші аяулы ана. Әйелдің тағдырын әйел тез түсінеді. Әйелдер жасаған талдаулар, зерделеулер өте тиянақтылықпен ерекшеленеді. Әйелдің жанының нәзіктігіндей бастаған идеялар да икемді, орындалу мүмкіндігі жоғары.
Әйелдер қанатының әлеуетін толық пайдаланып, жаңа жобаларды жүзеге асыру, жастармен және көпбалалы отбасылармен жұмысты күшейту, сондай-ақ азаматтық бастамаларды қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады Әйелдер қанаты партияның гендерлік саясатын жүзеге асыруда азаматтық қоғамды жұмылдыруға әрекет етеді.
«AMANAT» партиясы
Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты
Жантөреева Қалыйма
