Мемлекет басшысы өз Жолдауында халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ел тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу мақсатында жобаланып, жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасына барша бұқара қатты мүдделілік танытып отыр.
Биыл ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған бағдарламаға қазынадан 100 млрд теңге қарастырылып отыр. Оған өңірлерде 15 мыңнан аса жоба жүзеге асырылмақ. Оның ішінде мал мен өсімдік шаруашылығы, кооператив құру және азаматтардың жеке кәсібін ашуға арналған бастамалар бар. Ең негізгі индикатордың бірі – ауылдықтарды жұмыспен қамту. Аймақтардың ұсынған мәліметтеріне сай биыл «Ауыл аманаты» аясында 35 мыңнан аса жұмыс орнын құру көзделген. Жобаға қатысты сарапшылардың қатысуымен бірнеше кеңестер өткен болатын. Онда бағдарламаны нәтижелі іске асыруға арналған бірқатар ұсыныстар қарастырылды. Мәселен, бағдарлама аясында малды ұйымдасқан шаруашылықтардан ғана сатып алу мүмкіндігі, типтік жобаларды қолдану, жылыжайлар қатарын көбейту және т.б. Өтінім берген азаматқа несие бермес бұрын, оның өндіретін өнімін өткізу жағын қарастыру қажеттігіне баса назар аударылған болатын. Жобаларды жүзеге асыру кезінде әр өңір өзінің ерекшелігін ескеруі тиіс. «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру. Бағдарлама 2023-2025 жылдарға арналған және несиелер 2023 жылдан бастап беріледі деп жоспарланып отыр. Жоба аясында қандай жеңілдіктер қарастырылған? «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге болады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. — несие/микронесие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша 7 жылға дейін; — несиенің/микронесиенің ең жоғары сомасы қолданыстағы заңнама бойынша айқындалады; — номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз, кепілмен қамтамасыз ету. Мұндай несиенің халыққа пайдалы болары анық. Мәселен, бүгінде бірде-бір коммерциялық банкте ауыл тұрғындарында мұндай шарттармен несие алу мүмкіндігі жоқ. Әлемдегі инфляцияны ескеретін болсақ, 2,5 пайыздық несие бұл – өте тиімді. Сондықтан да ауылда қандай да бір өндіріс ашып, оны дамыту үшін бұл – үлкен мүмкіндік.
Айта кеткен жөн, «Ауыл аманаты» жобасы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылдың 26 қарашасындағы №1 «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алды. Өткен жылы жаңа бағдарламаны ауыл тұрғындары арасында кеңінен насихаттау, түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілді. «Amanat» партиясы жанынан арнайы құрылған мобильді топтар барлық дерлік өңірді аралап шығып, елді мекендердің 250 мыңнан астам тұрғынына «Ауыл аманаты» жобасын кеңінен таныстырды. Оның ішінде ең шалғай деген ауылдардың тұрғындары да қамтылды. Бапталған бағдарламаның басты шарттарымен тыңғылықты таныстыру және бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға шолу жасау мақсатында жүргізілген жоба аясында ауыл тұрғындары өз кәсіптерін ашуға немесе бұрынғы ісін кеңейтуге қажетті түрлі ақпараттарға молынан қанықты.
«Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру. Бағдарлама 2023-2025 жылдарға арналған, несиелер биылғы жылдан бастап беріле бастады. Жоба аясында қандай жеңілдіктер қарастырылған? Бағдарлама бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге болады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. Несие/шағын несие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша – 7 жылға дейін. Несиенің, шағын несиенің ең жоғары сомасы қолданыстағы заңнама бойынша айқындалады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз. Мұндай несиенің халыққа пайдалы екендігі сөзсіз. Мәселен, ауыл тұрғындарының бүгінде бірде-бір коммерциялық банктен мұндай шарттармен несие алу мүмкіндігі жоқ. Әлемдегі инфляцияны ескеретін болсақ, 2,5 пайыздық несие – өте тиімді. Ауылда қандай да бір өндіріс ашып, оны дамыту үшін аталған жоба – үлкен мүмкіндік. Тағы бір айта кетерлігі, «Ауыл аманаты» аясында несие алған азаматтарға негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша 1,5-2 жыл жеңілдік кезеңі де қарастырылған.
Сауран ауданында Абдикамал Матмусаевтың бастамасымен «Жандос» тері өңдеу кәсіпорынының қазығы қағылды. Аудан құрылғаннан бері осы бағытта жұмыс жанданып келеді. Аудан орталығында салынатын кәсіпорынның жоба құны – 1 млрд теңге. Ол 30 гектар жерге орналасқан. Жоба қуаттылығы – жылына 100 мың дана тері өңдеу. 50 адам жұмыспен қамтылады. Аталған нысан күз айында пайдалануға беріледі.
Шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қатысып, ізгі тілегін білдірді. Сонымен бірге ЖК «Жандос» тері өңдеу кәсіпорынының басшысы Абдикамал Матмусаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов сөз сөйлеп, ауданның дамуына кәсіпорынның алар орны ерекше екенін айтып, жастар жұмыспен қамтылатынын жеткізді.
Сауран ауданы Бабайқорған елді мекенінің тұрғыны «Камал» жеке кәсіпкерлігінің төрағасы Абдикамал Матмусаев тері-жүн өңдеу цехын ашу мақсатында ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 2,5 пайыздық несие алу мәселесі бойынша Түркістан облысы әкімінің Қарашықта өткізілген қабылдауында болған еді. Бұл кәсіпкерге тиісті мекемелер қолдау көрсететін болып шешілді.
-Қазір ауылдардың маңында малдардың терілері мен жүндері шашылып жатыр. Менің осы тері өңдеу саласында жұмыс жасағаныма 35 жыл болды. Тері өңдеу технологиясы институтын бітіргенмін. Қазіргі кезде менің Шымкент, Тараз, Талдықорған қалаларында кішігірім тері, былғары өңдеу цехым бар. Менің өзім Бабайқорған ауылының тумасымын. Енді осы өзімнің туған ауылыма келіп, тері-былғары өңдейтін фабрика ашсам деген ойым бар. Қазіргі кезде біздің тері, жүніміз далада рәсуа болып шашылып жатыр. Бұйыртса бастапқыда Сауран ауданы сосын Түркістан облысының тері, жүндерін қабылдап, тазалап, жуып, кәдеге асырсам деген ойым бар. Қазір бізде 60-қа жуық теріден, былғарыдан жасалатын күрте, аяқ киімдер бар. Соның барлығын бір жерге шоғырландырсам деген ойым бар. Біз әкімнен жер, су, газ, электр қуаты жөнінде көмектессе деген оймен қабылдауына жазылдым. Ол кісі қолдау көрсетіп отыр. Әзірге жер мәселесі шешіліп тұр. Оны Самара трассасы жанынан Бабайқорған ауылдық округінің аумағынан алып отырмын. Соған әкімдік жарық, газ, су жүргізіп берсе, ісімізді бастағалы отырмыз. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жылы қабылдап, менің өзіме осы жерге көшіп келіп, жұмысымды бастауымды қолдап отыр. Алғысымыз шексіз. Жазға дейін зауытымызды іске қосудың мүмкіндігі ашылып отыр,-дейді «Камал» жеке кәсіпкерлігінің төрағасы Абдикамал Матмусаев.
Мақаламыздың соңында тері өңдеу кәсібінің қызығы мен қиындығы, өзге кәсіптерден айырмашылығы қандай, табар пайдасы мен артықшылығы жайлы Сауран ауданының тұрғындарының назарына ұсынып отырмыз.
Ескендір ЕРТАЙ.