САУРАН: АУДАН ӘКІМІ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет жер қатынастарына ерекше назар аудара бастады. Мал бағамын деушілерге қат болып тұрған жайылымдық жерлердің және игерусіз жатқан жерлердің мәселесін түбегейлі қолға алып жатыр. Айталық, жақында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Осыған орай аудан әкімі Мақсат Таңғатаров тиісті сала басшыларымен бірге Шорнақ елді мекенінде жер қойнауын пайдаланушы азаматтармен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров соңғы жылдары аудан аумағында жер қойнауын пайдалану, қазба жұмыстарының қоршаған ортаға кері әсері туралы түрлі пікірлер айтылып, халық арасында үлкен әлеуметтік мәселелер көтеріліп жатқанын атап өтті.

Сондықтан, кәсіпкерлер құқығын қорғау және жұртшылықтың пікірін назарға алу үшін осындай әлеуметтік мәселелерге тиісті қорытынды шығарып, заңсыз жер қойнауын пайдаланушылардың алдын-алу мақсатында жұмысшы топ мүшелері тиісті жұмыстарды заң шеңберінде атқарылып келетінін жеткізді.

Жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілерін анықтау және болдырмау мақсатында жұмысшы топ өкілдері, жер қойнауын заңсыз пайдалану, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды (құм-тас қоспасы, топырақ, т.б) заңсыз қазу, тасымалдау, сатуды анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында рейдтік ісшаралар тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров кездесу барысында ауыл тұрғындарының көтерген мәселесі бойынша жер қойнауын пайдаланып жатқан кәсіпкермен тілдесіп, ауыл тұрғындары мен кәсіпкер арасындағы дау ортақ мәмілеге келіп, аталған мәселе оңды шешімін тапты.

Бұл құжат жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіре түспек. Қоғамдық жайылымдар деген ұғым пайда болып, ол жерлер тек жергілікті тұрғындардың малын жаюға беріледі. Ал жалға беруге мүлде тыйым салынады.

Қожасы болса да, игерілмей қаңырап жатқан жерлер қаншама. Мәселен, Алматы облысында 173,1 мың гектар жер игерілмей жатыр екен. Мақсатты пайдаланбаған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылмақ.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері жалпы көлемі 12,4 мың гектар болатын 43 жер учаскесі бойынша сотқа талап арыздар жолданған.

Айта кету керек, көктемгі су тасқыны кезінде өңірдегі су қоймаларындағы судың деңгейі шамадан асып, соның салдарынан облыс орталығындағы саяжайларды су басты.

Бұдан бөлек, облыстың алты ауданында қар суының күрт еруінен өзендер арнасынан асып, бірқатар елді мекендер суға кетті. Қазір жауапты мамандар су қоймасы мен өзендер арнасын бөгеу бағытында тиісті жұмыстар атқаруда.

Мамандардың айтуынша, қазіргі жағдайға қарамастан, суды үнемдеу мәселесі қашан да басты назарда болуы керек.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *