ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА: АУДАНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті. Жиналысқа комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлімдер және тиісті сала басшылары қатысты.

Комиссияның отырысында 4 мәселе қаралды. Атап айтсақ, 2024 жылы өрт қауіпті кезеңде аудан аумағындағы орман, дала өрттерінің алдын алу және дер кезінде сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру, мемлекеттік өрт сөндіру бөлімшелері құрылмаған шалғай жатқан елді мекендерде жергілікті бюджет қаржысы есебінен өрт сөндіру бекеттерін құру мәселесі айтылды.

Бұдан бөлек, аудан азаматтарының жазғы шомылу маусымында су нысандарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы, төтенше жағдайларды жою кезінде күштер мен құралдарды басқару, авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарын құру, іс-қимылдар мен өзара әрекеттесу жоспарлары, халықты төтенше жағдай орын алған аймақтан көшіру туралы осы аталған мәселелер бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мұхтар Қуанышбаев баяндама жасады. Сонымен қатар, дала орман тоғай өрттеріне дайындығы жөніндегі «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің арнайы өкілі хабарлап өтті.

Жиынды қорытындылыған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров барлық ауылдық округ әкімдеріне төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе отырып, дала өрттері мен жазғы шомылу маусымындағы су нысандарына тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстарды шұғыл түрде жүргізуді тапсырды.

«Жасыл экономика» – бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ пайдаланылған өнім­дерін өндірістік циклге қай­таруды қамтамасыз ететін экономика. Қазіргі кезде қоғамда «жасыл эко­­­но­мика» сөзінің мәнісін әркім әр­түрлі түсінеді. Бірі мұны табиғат­ты сауықтырып, жақсартатын эко­но­ми­каның жаңа саласы деп қабылдаса, енді бірі бұл сөзді жаңа тех­но­логиялардың негізінде табиғатқа көмектесуге және пай­да келтіруге бағытталған экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшінші біреулер экологиялық таза өнімдер өндірісін жаппай қалыптастыра отырып, адамзат дамуының жаңа кезеңіне өту деп ұғады. Әрине осы түсініктердің барлығы «жасыл экономика» мағынасына өте жақын.

«Жасыл экономика» бірін­ші кезекте, қазіргі уақытта сар­қы­луға ұшыраған ресурстар­ды (мұнай мен газ секілді пайдалы қазбаларды) үнемді тұтынуға және күн мен жел қуаты секілді сар­қыл­майтын ресурстарды тиім­ді пайдалануға қызмет етеді» деп жазылған бұл жайында Элек­трон­ды мемлекеттік қыз­ме­ттер мен Жасыл коалиция сайттарында.

Сонымен «жасыл экономика» таза өнімдер шығару­ға негізделген «жасыл» тех­но­логияларға арқа тірейді. Қазақ­стандық мамандардың пікірінше, «жасыл экономиканы» дамыту, көптеген индустриялық дамыған елдер бастан кешкен экологиялық дағдарысты біздің елде бол­дырмауға мүмкіндік береді.

Біз әлем халықтары тұтына­тын қуаттың 85 пайызы мұнай мен газ және көмір арқылы алы­натындығын білеміз. Сондықтан Жер шарында олардың аса зор өндірістері қалыптасқан. Бұл өндірістер оларды үдемелі түрде өндіруге қол жеткізе алды. Де­ген­мен, сарапшылардың мәлім­деуінше, адамзаттың ендігі жү­ретін жолы бұл емес. Өйткені егер біз осы жолмен жүре берсек, олар­дың негізгі қорлары 40-100 жылдың арасында таусы­ла­тын­дығы белгілі болып отыр. Мәсе­лен, мұнай қорлары 40-50 жыл­да, газ қорлары 80 жылда, уран қорлары 80-100 жылда, кө­мір 400-500 жылда таусылуы мүм­кін. Ал Қазақстан өзінде бар көм­ір­сутегі қорларын тек бір өзі пай­даланатын болса, олар­дың ғұмыры бұдан да ұзақ мер­зімге жетпек. Бірақ біз оларды тұты­нып отырған кезде әлем елдері басқа қуат көздеріне толықтай көшіп үлгіретін болады.

Біз қазіргі күні қуаттың 42 пайызын көмірден, 39 пайызын газдан, 17 пайызын мұнайдан алудамыз. Ал жел, күн, биомасса секілді жаңғырмалы энергия түрінен алатын үлесіміз әзірге 1 пайызға да жетпейді. Демек, адамзат қазірдің өзінде күн мен жел, биомасса қуатын пай­далануға, сол үшін олардың өн­дірісін жолға қоюға үлкен ұмтылыс танытып отырғанда, бізге қолдағы барды малданып, қарап отыра беруге болмайды. Өйт­кені күллі дүние өзгергелі тұр.

Әлемде қазіргі күні үстемдік құ­­рып тұрған үдемелі өндірістік да­му эко­номикасының болашағы жоқ екен­дігін басқа да көптеген фак­торларды ауызға ала отырып дәлелдей беруге болады. Өйт­кені бұл экономика, көп­теген са­рап­шылардың мәлімдеуінше, адам­заттың табиғатпен үйлесімді дамуын бұзды. Соның салдарынан жер бетінде табиғи шикізат тапшылығы туындағандығы өз алдына, әуеге улы газдар та­рап,­ қоршаған ортаға едәуір зиян келді, өзендер мен көлдер лас­танды, адамның өмірі мен ден­саулығына қатер төндіретін көптеген аурулар бас көтерді. Демек, әлемге қожайындық жүргізіп келе жатқан қазіргі эко­­номика енді алысқа бара алмайды.

Сонымен алдағы уақытта бұл эко­но­миканың орнын тіршіліктің қандай түрі басуы тиіс?

Бұл сұрақ қазір саясаткерлер, экономистер мен сарапшы­лар және қоғам арасында жиі талқылануда. Дегенмен адамзат қауымы, өкінішке қарай, бұл мәселе жөнінде ортақ бір ұйғарымға келіп қалғанымен нақты іс барысында алауыздық­тан арыла алмай отыр. АҚШ-тың Климат жөніндегі Париж келісімінен (бұрынғы Киото хат­тамасы) шығып кетуі соның бір дәлелі.

Көптеген экономистер мен сарап­­шылардың мәлімдеуінше, адамзаттың ендігі болашағы «жасыл экономика» арқы­лы өрістеуі тиіс. Мәселен, 2012­ жылдың мау­сым айында Рио-де-Жаней­ро қаласында өткен халықаралық кон­фе­ренцияда «Біз көргіміз келетін болашақ» атты декларация қабылданып, онда жаһандық дамудың жаңа бағыты ретінде адамзат қауымына «жасыл экономикаға» көшу ұсынылды. Өйткені оның қалыптасу және даму қағидаттары да адамзаттың ендігі таңдауына сәйкес келетіні айқындала түсуде. Ол қандай қағидаттар?

«Жасыл экономика» теория­сы төмен­дегідей үш қағидатқа та­бан тірейтін көрінеді. Бірінші, шектеулі кеңістікке шексіз әсер етуге болмайды. Екінші, ре­сурс­тардың шектеулілігі жағдайында тұ­тынудың шексіз өсуін өтеу мүмкін емес. Үшінші, жер бетін­дегі барлық заттар мен әрекеттер бір-бірімен өзара байланыста бо­лады.

Сонымен «жасыл экономика» деге­німіз, бұл – қазіргі эко­номикалық ғы­лым­ның бір саласы. Оның ғылым ретінде қалып­тасқанына жиырма жыл­дай ғана уақыт өткен екен. Бірақ соған қарамастан ол қазіргі күні теориядан практикалық кезеңге жедел өту үдерісін бастан кешуде. Әлемде жасыл технологиялардың пайда болуы уақыт өткен са­йын жиілеп, ол технологиялар тіршілік пен тұрмысқа енгізіліп, жылдан-жылға қарқын ала түсу­де. Соның ішінде, әсіресе, күн мен жел, биомасса қуаттарын өнді­руге ерекше екпін берілуде.

Жасыл технологиялардың әлем­­дік нарығындағы көшбас­шы­лардың бірі Германия бола­тындығы қазірдің өзінде белгілі бола түскендей. Өйткені оның үлесіне әлемдегі барлық патент­телген экологиялық техно­логиялардың 20 пайызға жуығы және жаңғырмалы энергетика саласындағы технологиялардың 30 пайыздан астамы тиіп отыр.

Міне, осындай жағдайларды ескере келе біздің елдің басшылы­ғы осыдан бес жылдай уақыт бұрын «жасыл экономикаға» өту жөнінде шешім қабылдап, оның тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдама 2050 жылға де­йінгі уақытты қамтитын үш ке­зең­­нен тұрады. Соның ішінде 2020 жылға дейінгі уақытты қам­­­титын бірінші кезеңнің мін­деті қорларды пайдалануды оң­тайландыру және табиғат пай­далану қызметінің тиімділігін арт­тыру, сондай-ақ «жасыл» инфрақұрылымды құру болып отыр. Тұжырымдама су ресурстарын орнықты пайдалану; орнықты және өнімділігі жо­ғары ауыл шаруашылығын дамыту; энергия үнемдеу және энер­гия тиімділігін арттыру; электр энергетикасын дамыту; қал­дықтарды басқару жүйесін ен­гізу; ауаның ластануын азайту; экожүйелерді сақтап қалу жә­не тиімді басқару секілді жеті бағыт­тан тұрады. Міне, осыларға қарап-ақ болашақтың экономикасы қайда бағыт ұстайтындығын аңғаруға болады. Болашақта қазір ысырап болып, далаға тө­гі­ліп жатқан қалдықтардың өзі үлкен шикізат көзіне айналып, экономика мен тұрмыс қал­дық­­сыз негізде жұмыс істеуге кіріседі. Мұның экологиялық жағ­дайдың жақсаруына үлкен әсері болады.

Бүкіл әлем жедел өзгеріп ке­ле жат­қан қазіргі заманда менед­жменттік трансформациямен ғана үздіксіз шұғылдана беруге болмайды. Бұл енді қор қыз­­метіндегі түбегейлі жолға қойыл­ған қалыпты жай үдеріске айналуы керек те, қордың стратегиясы әлем экономикасында жүріп жатқан өзгерістерге қарай бағытталуы керек. Мәселен, қор­дың бүкіл әлемде шапшаң қарқынмен дамып келе жатқан жасыл технологияларды енгізуде қандай жаңалықтары бар? Қор басшылығының қолында «жасыл» технологияларды ен­гізу­ге, «жасыл экономиканы» орнық­тыруға негізделген бел­гі­лі бір тұжырымдамалық немесе бағдарламалық құжат бар ма? Үкімет әзірлеген «жасыл» эко­номиканы дамыту тұжы­рым­дамасына қосар үлесі қандай бол­мақ? Бізді міне, осы сұрақтар қы­зық­тырады.

Айта кетейік, «Жасыл» экономика  – бұл экономикалық, әлеуметтік және экологиялық даму мәселелерін біріктіретін тұрақты даму тұжырымдамасының түсіндірмесі. Бұл қоршаған ортаға қысымды азайтуға, табиғи экожүйелерді сақтауға және қалпына келтіруге және табиғи капиталды арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ, «жасыл» экономика шаралары теңсіздікті азайтуды, өмір сүру сапасын, еңбек жағдайларын және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды білдіреді.

Қаржы институттары, бизнес өкілдері, ел үкіметі, кәсіпкерлер мен тұтынушылар жасыл экономикаға бет бұрып жатыр. Жасыл экономика – соңғы екі онжылдықта пайда болды. Жасыл экономика теориясы үш аксиомаға негізделген. Олар:

– шектеулі кеңістікте әсер ету аясын шексіз кеңейту мүмкін емес;

– шектеулі ресурстар жағдайында шексіз өсіп келе жатқан қажеттіліктерді қанағаттандыруды талап ету мүмкін емес;

– Жер бетіндегі барлық нәрсе өзара байланысты.

Тұрақты экономикалық өсу мүмкін емес – тұрақты экономикалық даму ғана мүмкін. «Жасыл экономика» концепциясы қоғамда резонанс туындатып отыр. Оны сарапшылар, саясаткерлер, үкіметтік емес ұйымдар белсенді түрде талқылап жатыр. «Жасыл» экономика концепциясын жақтаушылар экономикалық жүйе жетілмеге деп санайды.

Ол жалпы адамдардың, әсіресе оның жекелеген топтарының (немесе елдер тобының) өмір сүру деңгейін жақсартуда белгілі бір нәтижелерге қол жеткізгенімен, бұл жүйенің жұмыс істеуінің жағымсыз салдары айтарлықтай баршылық. Мысалы, экологиялық проблемалар (климаттың өзгеруі, шөлейттену, жер шарының өзгеруі, шөлейттену, биоәртүрліліктің жоғалуы), табиғи капиталдың сарқылуы, кең таралған кедейлік, тұщы судың, азық-түліктің, энергияның жетіспеушілігі, адамдар мен елдердің теңсіздігі.

Мұның бәрі қазіргі және болашақ ұрпаққа қауіп төндіреді. Адамзаттың өмір сүруі мен дамуы «жасыл экономикаға» — яғни ұзақ мерзімді перспективада адамның әл-ауқатын жақсартуға әкелетін тауарлар мен қызметтерді өндірумен, бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қызмет жүйесіне көшуді талап етеді.

Қоғамда «жасыл» экономиканың мәнісіне қатысты түрлі түсінік бар. Әр адам ол туралы ойын әртүрлі жеткізеді. «Жасыл» экономика табиғи қорларды тиімді пайдалануға бағытталады. Әсіресе, сарқылуға жақын пайдалы қазбаларды үнемдеуді үндейді. Сонымен қатар сарқылмайтын тіршілік көздерін пайдаланудың тиімді шешемідерін қарастырады.

ХХІ ғасырдың басында экономикалық жаһандану қарқыны мыңжылдықтың мәселелерін жалпы талқылау үшін жаңа серпін берді. Қазір әлемде экология және тұрақты даму мәселелері өзекті тақырыпқа айналған. Қоршаған ортаға залалды барынша азайтуға бағытталған жасыл экономика болашақта тұрақтылық пен өркендеуді қамтамасыз ететін негізгі фактор атанады. Қазақстан да аумағы үлкен мемлекет ретінде жасыл экономикаға көшудің маңыздылығын мойындап отыр.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «жасыл» экономиканы дамыту мәселелеріне тоқталып, оған ден қоюды тапсырды.

«Үкімет энергетикалық тиімділік саясатын түбегейлі қайта қарауға тиіс. Онда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары ескерілуі керек. Энергетиканы тиімді пайдалануға және басқа да ресурстарды үнемдеуге қатысты нақты нормативтік талаптарды біртіндеп енгізу қажет. 2029 жылға қарай энергияны тұтынуға және энергия шығынына байланысты негізгі көрсеткіштер кемінде 15 пайызға азаюға тиіс. Біз «жасыл» экономиканы дамыту мәселесімен мықтап айналысуымыз керек. Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшетіні сөзсіз», — деп тапсырды Мемлекет басшысы өз Жолдауында.

Қасым-Жомарт Тоқаев «жасыл» экономиканы дамытумен мықтап айналысу негізгі мәселе екенін атап өтті. Электр қуаты, су және жылу адамның күнделікті тұрмысына ауадай қажет. Оны үнемдеп тұтынудың тиімді тәсілдерін қарастыру күн тәртібіндегі тақырып.

Жалпы «жасыл экономика» дегеніміз не? Оның бүкіләлемдік ортақ формуласы бар ма? Оны жұртшылық қалай түсінеді? Расында да бір нәрсе түсінікті. Рио+20 саммитінен кейін «жасыл экономика» өндіріске өзгеше сипат беретін маңызды құралға айналды. Ендеше…

Біріншіден, бұл – экономиканы дамытудың жаңа моделі.

Екіншіден, адамдардың денсаулығы мен тұрмысын жақсартады.

Үшіншіден, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіреді.

Төртіншіден, қоршаған ортаның тепе — теңдігінің бұзылуын қалпына келтіреді.

Бесіншіден, экологиялық проблеманы жояды.

Алтыншыдан, қосымша жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді.

Расында да «жасыл экономика» туралы сөз еткенде, ең алдымен біздің көз алдымызға қоршаған ортына қорғау, экономика мен адамдардың әл-ауқатының артуы келетіні рас. Шындығында да бұл ұғым бір-бірімен тығыз байланысты. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тұжырымдамасы «жасыл экономиканы» әлеуметтік тепе –теңдікті қалпына келтіріп, экологиялық дегдарацияны азайтатын және халықтың жағдайын артыратын құрал ретінде қарастырады. Демек…

  1. Жасыл экономика бұл – экономиканың тыңнан қосылған жаңа саласы.
  2. Бұл – табиғатқа залал келтірмейтін жаңа технология
  3. Бұл – еш қоспасы жоқ экологиялық таза өнім.
  4. Бұл – табиғи қорларды тиімді пайдалану.
  5. Сарқылауға айналған пайдалы қазбаларды үнемдеп пайдалану.

Бұл жерде біз тағы бір нәрсені ұмытпауға тиіспіз. «Жасыл экономиканың» негізінде   «жасыл технологиялар» жатыр.  «Жасыл технология» бұл өндірісте пайдалынатын автоматтандырылған техникалық құрылғы-жабдықтар. Расында да «жасыл экономика» ең алдымен қоршаған ортаға зиянын тигізбейді. Мысалы, көптеген кәсіпорындардың ауласында өндірістік қалдықтар үйіліп жатады. Оны көбінесе, қалдық төгетін полигондарға апарып төгеді. Олар жыл бойы онда бықсып жатады. Қоршаған ортаны, атмосфераны былғайды. Кейде қоқыс полигоны өртке оранып жатады. Ал «жасыл  экономика» немесе «жасыл технология» осы өндірістен шыққан қалдықтардың өзін өңдеп, оны тағы бір рет пайдалана алады. Сөйтіп өндірістен тағы тағы бір дайын өнім шығарады. Сондықтан екеуінің ұғымы ­– бір. Технологиясыз «жасыл экономика» ешқашан дамымайды. Расын айту керек, жаңадан жаңғыртылатын баламалы энергия көздері арқылы болашақта жалпы ішкі өнім 3 пайызға ұлғаяды деген дерек бар. Әрине, бұл сенімді. Егер жалпы ішкі өнім 3 пайызға ұлғайған жағдайда Қазақстанда жаңадан 500  мың жұмыс орындары құрылады. Бұдан шығатын қорытынды не? «Жасыл экономика» да экономиканың дамуына айрықша  серпіліс береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *