ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА: САУРАНДЫҚ ШАРУАЛАР ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында құрғақшылық пен су тапшылығы мәселесін көтеріп, су үнемдеу технологиясын кең ауқымда енгізуді тапсырған болатын. Осы мақсатта облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасы бойынша арнайы делегация ҚХР іссапармен барып, инвесторлармен келіссөздер жүргізген. Келісім негізінде Сауран ауданында жаңадан тамшылатып суару әдісімен мақта егу жұмыстары басталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында ауыл шаруашылығындағы ахуалдың еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін үнемі ескертіп келеді. Осынау стратегиялық міндетті шешу жолдарының бірі – саланы дамытуға кең жол ашатын шаруалардың өзара ұжымдасуы. Қанатқақты жобаларды жүзеге асыру барысында оған қатысқан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің егіні екі есе артық өнім берген. Ал мал басы шамамен 25 пайызға көбейген. Мемлекет басшысы атап өткендей, әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, озық технологиялар кеңінен қолданылса, мол өнімге қол жеткізері сөзсіз. Осыған орай агроөнеркәсіп кешені алдына жаңа талаптар қойылды. Жердің құнары, су ресурсы, суару жүйесі және оның жолдары жайлы мәліметтер бірізділендіріліп, іс-тәжірибелер жан-жақты насихатталса, үйлесімді де ырғақты жұмыс істеудің барлық мүмкіндіктері туары анық.

Аудан басшысы Мақсат Асылбекұлы егіндік алқапқа барып, арнайы бақылау жүргізді. Жүйнек ауылдық округіне қарасты 133 гектар жерге ЖК «Датқа» шаруа қожалығы мен Қытай Халық Республикасының «Чжунхорун» компаниясы бірлесіп су үнемдеу технологиясымен мақта егуде. Серіктес компаниямен келісімшарт түзіліп, арнайы техникалар сатып алынған. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы техникалары, дән сепкіш құрал-жабдықтар мен тамшылатып суару технологиясының кешені жеткізілген. Егіндік аймақта 5 дана тік дренажды ұңғымалар қазылып, электр бағаналары орнатылған. 133 гектарға мақта егілген соң, жер үсті шлангаларын төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері, ауыл шаруашылық саласының ардагерлері, шаруа қожалықтарының төрағалары мен тиісті сала басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәкен Оразбаев баяндама жасады. Баяндамашының мәлімдеуінше Сауран ауданы бойынша 2022 жылы 42 137,4 гектар, биылғы жылға 44082,3 гектар егістік жер игеріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1945,0 гектар артық егілген. Ал, 2024 жылға биылғы ағын су тапшылығы себепті жоспар 1082,0 гектарға төмен қойылып отырғанын атап өтті.

Түркістан магистральдық каналынан ағын су ағымдағы жылдың наурыз айының бірінші 10 күндігінен бастап босатылып, 6-шы мамырға дейін берілген. Ал, 6 мамыр мен 12 маусым аралығында (37 күн) егістік алқаптарға су босатылуы тоқтатылған. Бұдан кейін «Бөген су» қоймасынан ағын су бітуіне байланысты 1 тамызда тағы да тоқтатылып отыр.

Ағын су мәселесін шешу үшін Түркістан облысының су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтірудің 2023-2030 жылдарға арналған жол картасы жасалған. Жол картасы бойынша «Бөген» су қоймасын күрделі жөндеу жұмыстарына 2024 жылдың маусым айына дейін 148,0 млн теңгеге жобалық сметалық құжаттама әзірленуде. Бұдан бөлек, Сауран ауданында ветеринариялық-санитариялық ғимараттармен қамтылуы бойынша 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы үш жақты келісім-шарт бекітілген.

Жуырда ғана Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған «Алтын күз-2023» мерекелік шарасында Сауран ауданы «Су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіруден және су үнемдеу технологияларын өндіріске енгізуден» озат аудан атанды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: Еліміздің кейбір өңірлерінде суды ең көп жұмсайтын ауыл шаруашылығы саласында оның 40 пайызы босқа ысырап болып жатыр. Су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұр. Олқылықтың орнын толтыру үшін өте батыл және шұғыл шаралар қажет. Ең алдымен, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту керек. Көктемгі қарғын суды жинау және оны егістікке жеткенше құмға сіңіріп жоғалтып алмау мәселесі шешімін табуға тиіс. Өйткені оның бәрі – ішкі су қорымыз. Ол үшін 20 жаңа бөген салу, кемінде 15 су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу және 3500 шақырымдық каналды жаңғыртып, цифрлық тәсілмен бақылауға алу керек. Негізгі міндет – 2027 жылға қарай қосымша екі текше шақырым суға қол жеткізу»,-деп айтқан болатын.

Осыған орай, қазіргі таңда Сауран ауданында 12 гектар жылыжай салынып, тапсырма 100% орындалды. 14 агроқұрылым қосымша 110 гектарға тамшылатып суғару әдісін өндіріске енгізіп, тапсырма 110%-ға орындалып отыр. Шаға ауылдық округінде «Яссы Агро» ЖШС-і 150 гектарға жаңбырлатып суғару құрал-жабдығын орнатса, «JMJ Агро» ЖШС Жібек жолы ауылдық округінен 500 гектар, Шорнақ ауылдық округінен 120 гектар және «Тәуекел Агро» шаруа қожалығы 350 гектарға жаңбырлатып суғару технологиясын жыл соңына дейін орнатқалы отыр.

Сібір жарасы ауруымен ауырған мал көмілген орын мен мал өлекселерін тастайтын орындардың санитарлық қорғаныш аймағы радиусы 1000 метр болып бекітілген. Алайда аудан аумағында орналасқан 6 дана сібір жарасы ошағының жанынан жеке және заңды тұлғаларға 332 жер телімі берілген.

Жыл сайын мақта бағасы төмен түсуде, бұл шаруалардың еккен егістік көлемін ақтамай отыр. Оның үстінде ағын су мәселесі де өзекті екені көпшілік тарапынан айтылды. Сондықтан шаруалар мақта дақылының орнына, ағын суды аз тұтынатын және жаңа технологияларды қолдана отырып, (тамшылатып, жаңбырлатып суару) мал азықтық дақылдарға немесе басқа да егістік дақылдар егу жолдарын қарастыру қажеттігі айтылды.

Жиында «Тұран Су» мекемесінің өкілі Дархан Әбдішәкір өздері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Мәжіліс барысында шаруалар ағын су мәселесі туралы көптеген ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Ағын су мәселесі бойынша жиналыстың қорытындысы негізінде арнайы қоғамдық кеңес құрылды. Аталмыш кеңес алдағы уақытта ауылдық округтерге арнайы барып, қажетті жұмыстарды жүргізетін болады.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша ауыл шаруашылығы бөлімі мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Тамшылатып суару әдісі – ең алдымен судың ысырабын азайтудың, екіншіден өнім көлемін арттырудың бірден-бір жолы. Егін шаруасымен айналысатын кәсіп иелері осы тәсілдің пайдасын жақсы түйсінеді. Әйтсе де, суару машиналарына шамалары жете бермейді. Осы орайда тамшылатып суару технологиясы қалай жұмыс жасайтындығын Сауран ауданының тұрғындарының назарына ұсынып отырмыз.

Қазақстан аумағының 29%-ы далалық, 44%-ы шөлді аумақ. Яғни жердің жартысына жуығы шөлді және шөлейтті. Бүгінде жер игеруде ең күрделі мәселенің бірі осы шөлейтті жерлерді пайдалану. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей бұл жерлерді өңдеп, кәсіп көзіне айналдыруға мүмкіндік мол.

Су ресурстарын тиімді пайдалану аграрлық саланың қарыштауына бастайтын негізгі жолдың бірі. Қазақстан аумағының 29%-ы далалық, 44%-ы шөлді аймақ болғандықтан, осы шөлді аумақты шаруаға қолайландыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Егістік алқаптарынан мол өнім алу үшін сәйкесінше баптау жұмыстары да үздіксіз жүріп отыруы тиіс және ол шаруаға да, мемлекетке де қолайлы болу керек.

Қазақстанда бұрыннан егістік алқаптары дәстүрлі түрде арық-тоғандар арқылы ағыстық тәсілмен суарылады. Ал Батыс Еуропалық елдердің өнімді суаруға енгізген жаңа тәсілдері бар. Соның бірі – тамшылатып суару. Бұл әдістің қандай тиімділігі бар? Еліміз орналасқан географиялық аумақта бұл тәсілді қолдану бізге тиімді ме? Қазақстанның агросаласын дамыту үшін ақылды технологиялар қандай мүмкіндіктер береді?

Тамшылатып суару – өсімдіктің тікелей тамырлық зонасына құбырлар, түтіктер, эмиттер көмегімен суды баяу тамшылату арқылы суаруға мүмкіндік теретін тәсіл. Сонымен қатар, оны тыңайтқыштарды үнемдейтін ерекше суару түрі деп те атайды. Тамшылатып суару әдісі бүгінде Батыс Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады. Ақылды технологияларды агросалаға енгізгелі бұл тәсіл шет елдерде арнайы құрылғылардың көмегімен жұмыс жасауда. Алайда, бұл жаңа технологиялар тамшылатып суару әдісінің жақын аралықта пайда болғанын білдірмейді. Оның тарихы б.з.б. І ғасырдан бастау алады. Бұл кезеңде тамшылы суарудың қарапайым түрі қолданылған. Сол заманның ғұламалары өз еңбектерінде егістікті суару үшін жерге сумен толтырылған қыш құмаралардың көмілгендігін жазған. Яғни, жерді ылғалдандыру үшін егін егушілер ортасында осындай әдіс қолданылған. Тарихи деректер бойынша заманауи тамшылатып суару  1860 жылы Германиядан бастау алған. Тамшылатып суару кезінде құбырдың бітелуінің алдын-алу үшін арнайы сүзгілер қолданылады. Ережелер бойынша, ауыз су ретінде пайдануға сәйкес тазартылмаған суды ауада шашуға да рұқсат етілмейді екен. Дұрыс жоспарланып, жобаланған және басқарылған суару жүйесі булануды азайтып, су ресурстарының сақталуына септігін тигізеді. Себебі, бұл әдіс арқылы судың өсімдік тамырына жетуі дәлірек жүреді.

Тамшылатып суару әдісінің негізгі артықшылықтары:  

  • алқапты тегістеуді қажет етпейді;
  • топырақ эрозиясы азаяды;
  • арамшөптер жиі шықпайды;
  • басқа суару түрлеріне қарағанда, еңбек құны аз;
  • тыңайтқыштар мен құнарлы заттардың жоғалуын азайтады;
  • ең негізгісі, суды үнемдейді.

Тамшылатып суару әдісінің кемшіліктері:  

  • технологияларды сатып алу үшін, алғашында көп шығын шығады;
  • жабдық қадағаланбаса бітелуге әкеледі;
  • құбырлар кеміргіштердің кесірінен жиі жарамсыз болып қалады.

Шет мемлекеттерде бұл әдісті көбіне жылыжайларда, аспалы бақтарда қолданады. Тамшылап суару – тамырға суды, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын агрохимиялық заттарды біркелкі жеткізу үшін де қолданылады. Өсімдікті суару үшін құбырларды топырақтың астымен де, үстімен де жүргізуге болады. Бүгінде бұл әдістің тиімділігін еліміздің шаруагерлері жақсы біледі. Осыған сәйкес, осы жүйеге өтіп жатқандардың да саны көбейіп келеді. Осы әдіспен суару жүйесіне көшкен шаруалар саны күн санап арта берер болса, еліміздің агросаласының жаңа белеске шығары анық.

Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің мәліметінше, елімізде ауыл шаруашылығы дақылдары 21022,9 мың гектар егістікке егіледі. Ал ашық жерде өсірілген көкөністердің егіс алқабы – 139,5 мың га. Ауа райы ерекшелігі мен топырақ құнарлылығына қарай республиканың әр өңіріндегі егістік алқаптарының көрсеткіші әрқалай. Мысалы, Атырау облысында – 6,8 мың га, Батыс Қазақстан облысында – 488,2 мың га, Маңғыстау облысында 1,6 мың га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Республиканың өзге өңірлерімен салыстырғанда бұл аймақтарда жердің аз игерілуі топырақ жамылғысының қатқылдығы, сортаңды, шөлейтті болуынан. Сондықтан  өсімдік өсіруді дамыту үшін әлемдік тәжірибемен танысып, қолдану қажеттілігі бар.

Бұл үшін не істеу керек?

Шет мемлекеттерде өсімдіктерді тамшылатып суару әдісімен жылыжайларда, сондай-ақ аспалы бақтарда өсіру тәсілі кең қолданыста. Тамшылатып суару – өсімдіктің тамырына суды, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын агрохимиялық заттарды дәл әрі біркелкі жеткізу үшін қолданылатын өндірістік әдіс. Тамшылатып суаруға арналған құбырлар топырақ үстімен немесе астымен орналастырылуы мүмкін. Сонымен қатар, құбырлар арқылы фертигация әдісін, яғни тыңайтқыштарды суға қосып қолдануға да болады. Суарудың мұндай түрі тыңайтқышты да, суды да қажет мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді, бұл дегеніңіз – суды үнемдеу.

Израильдік тәжірибе

Қазіргі пластиктен жасалған жіңішке түтіктердің пайда болуымен тамшылатып суару әдісі жандана түсті. Бұл тың дүние дәл Израильде қолданысқа енгізілді. 1959 жылы Симча Бласс пластик құбырлар бітеліп қалмас үшін суды қысыммен айдайтын пластик мөлшерлеуіш арқылы жібере бастады. Патенттелген бұл тәсіл кең қолданылып жүр.

Израильде алма бағы тамшылатып суару әдісінің арқасында гектарына 450-750 центнер өнім береді. Бұл әдіс жүзімдіктерді суарудың өзге тәсілдерін тұтастай алмастырды. Шашыратып және атыз арқылы суаруға қарағанда, тамшылату тәсілімен түсім 20-30%-ға артып, жүзімдіктердің жылдық жеміс беру қарқыны өскен. Көптеген елдерде бақтар мен жүзімдіктерді суару үшін сағатына 2-8 л. су тамшылататын, аралары 0,70-1,25 м арнайы тесіктер бір қатардың бойына орналастырылған құбырлар жасалады. Үйреншікті суару әдісімен сирек, яғни 1-2 аптада бір рет суарылады, ал тамшылата суару – 1-3 күн ішінде 1 рет. Судың мөлшері буланудың коэффицентіне қарай анықталады.

Жерінің көп бөлігі шөл және шөлейтті аймақта өзендер жаздың аптапты күндері сарқылып қалатын, пайдалы қазбалар мен өсімдіктер дүниесі жұтаң Израильдің тамшылатып суару әдісі мен аспалы бақтарды, жылыжайларды салуда тәжірибесі мол. Шаруалар мемлекеттің иелігіндегі жерлерді 49 жылға жалға алады. Өндірісті әртараптандыру мен шоғырландыру – осы саланы шығынға ұшыратпайтын жаңа тренд. Ғылым мен техниканы ұштастырған биологтар, шаруалар тәтті әрі дәрумендерге бай қызыл бұрыш, сырты сары, іші қызыл лимон, сары түсті қарбыз, қара қызанақ секілді көкөніс пен жемістің түр-түрін ойлап табуда. Жалпы топырақта, күннің көзінде домалап жататын қарбыздар Израильде аспалы бақта өседі. Қарбыздың өсіруге ыңғайлы, салмағы 500 грамнан бастап ең ауыр дегенде 3 кг-ға дейін болатын тұқымы ойлап табылған. Фермалар арасында бәсеке өте жоғары, себебі өз технологиясын өндіріске енгізсе, кірістің 40%-ын алып отырады. Сол үшін ғалымдардың ұсынған тың идеяларын алғаш болып жүзеге асыруға дайын. Еврейлер тұщы судың тапшылығына қарамастан озық ауыл шаруашылығы технологияларын ойластырды. Израильде суландыру жүйесінің 98%-ы тамшылата суару тәсілін қолданады.

Қазақстанда жағдай қалай?

Қазақстанда әлемдік озық тәжірибелерді ауыл шаруашылығына енгізу жұмыстары жасалып жатыр. 2005 жылы республика бойынша 160 га жерге тамшылатып суару әдісі қолданылса, 2009 жылы – 4,2 мың гектар, 2011 жылы – 18,3 гектарға өссе, 2015 жылы 50 мың гектарға жеткен. Он жыл ішінде 300 есеге өскен. Мысалы, Маңғыстау облысында «Жаңбыршы» шаруа қожалығы көкөніс өсіруде арықпен суару әдісі шығынға ұшырататынын, оның орнына шөлейтті аумақта, әсіресе тұщы су тапшылығында тамшылатып суару мол өнім алуға қолайлы екенін іс жүзінде дәлелдеп отыр. Шаруа қожалығының жалпы аумағы – 170 гектар, жаңа технологияның енгізілуіне байланысты, егін алқабы тамшылата суару арқылы суарылады. Атап айтсақ, мұнда жылыжайға – 3 гектар, көкөніске – 7 гектар, ал 10 гектар жерді бауға айналдыру көзделген. Қарақия ауданы бойынша 315 шаруа қожалығы тіркелген, оның 28 шаруа қожалығы егінмен, ал 287 мал шаруашылығымен айналысады. Бұл егін шаруашылықтары «тамшылата суару технологиясын» қолданысқа енгізілуде. 205 жылы 247,5 га жерге егін егілді, оның 235,5 гектары немесе 95 пайызы тамшылата суару әдісі арқылы іске асуда.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл және Меркі аудандарында Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары күздік бидайды өсіруде тұрақты суаруда ылғал ұстап тұратын әдістер енгізді. Жамбылдық шаруалар 2015 жылы 4281 гектар жерге тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісін қолданды, ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 2881 гектарды құраған. Қордай ауданы бойынша тамшылатып суару жүйесі – 4400 гектарға, Шу ауданы бойынша – 1610, Байзақта – 700, Жамбыл ауданында – 618,7, Меркіде 357 гектарға орнатылған. Шетелдік, отандық тәжірибе көрсеткендей еліміздің шөлейтті аймақтарында шаруашылықты жандандыруға мүмкіндік бар.

Тамшылатып суарудың артықшылықтары – шығын әлдеқайда аз, су көп үнемделеді, топырақ эрозиясы азаяды, тыңайтқыш қажетті мөлшерде беріледі. Барлық үдеріс автоматтандырылған. Ең бастысы, өсімдіктің тамырына су мен тыңайтқыш біркелкі жетеді. Әрине қиындықтары да жоқ емес. Технологияларды сатып алуға алғашқы кезеңде көп шығын жұмсалады. Пластиктен жасалған жіңішке түтікшенің бір гектарға 13 мың метрі қажет. Екіншіден, ерітінді тыңайтқыштар мен техникалар қымбат, шетелден әкелінеді. Бұрындары кеңшардың Калиновка бөлімшесіне картоп жинауға көмектесуге келген адамдарға тамақ дайындау үшін күніне бірнеше сиыр сойылады екен. Басқа да жасалатын жағдай аз болмайтын. Енді бұл үдерісті 600 мың евроға сатып алынған өздігінен жүретін кешенді комбайн жалғыз атқарады. Мұндай техника елімізде үшеу ғана. Бүгінде жылына 10 мың тоннаға дейін картоп жинап жүрміз. Биылғы көрсеткіш бұдан да жоғары. Осынша мол өнімді сақтайтын бес қойма талапқа сай жабдықталған. Былтыр картоптың әр килограмы 95-105 теңгеден саудаланды. Облыстан тысқары жерлерде сұранысқа ие. Биылғы жаздың аптап ыстықпен басталатынын диқандар түгіл синоптиктердің өздері күтпеген сыңайлы. Біз бұл жүйенің игілігіне әбден көз жеткізгендіктен, егілетін картоп пен сәбіз алқаптарын молайттық. Таңдаудан қателеспегеніміз анық. Жолдауда белгіленген басты басымдықтың бірі – қазіргідей жағдайда жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтау. Осыған орай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету, ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту, еңбек өнімділігін екі жарым есеге дейін көбейту, агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын екі есе арттыру міндеттері қойылды. Президент басы бірікпеген қосалқы шаруашылықтар, шын мәнінде, өлместің күнін көріп отырғанын, бұл ретте, сапалы әрі мол өнім өндіру, үздіксіз тауар жеткізу туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз екенін, бәсекеге қабілетсіздік пен импорттан арыла алмай отырумыздың себебі де осында екенін атап көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *