Агроөнеркәсіптік кешенінің алдына қойған міндеттерді орындау – ағын суды тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Су тапшылығы бүкіл әлемде өсіп келе жатқан алаңдаушылық тудырады. Жаһандық жылыну процесі, жауын-шашын мөлшерінің азаюы, су ресурстарының дұрыс бөлінбеуі, ысырапшылдық сияқты факторлар алдағы уақытта мәселені еселеп арттыруы мүмкін. Осыған орайда, ауыл шаруашылығында су үнемдеу әдістері мен технологияларына кешенді көшу шаралары қабылдануда.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы «Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қабылданды. Тұжырымдамаға сәйкес елімізде ылғал үнемдеу технологияларын 1,4 млн. гектарға ендіру қарастырылған. Оның ішінде Түркістан облысы үлесі 16 % немесе 216,3 мың гектарды құрайтын болады. Қазіргі таңда, Түркістан облысында ылғал үнемдеу технологиялары 32,3 мың гектарға орналастырылған.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында агросектор саласында еңбек өнiмдiлiгiн арттыру мiндетiн қойғаны белгілі. Сондықтан дала төсінде жүрген егіншілер бүгінгі күнгі ең озық технология саналып жүрген тамшылатып суару әдісіне арқа сүйеп отыр. Шыны керек, бүгінде аудандағы бірқатар шаруа қожалықтар осы әдіске көшіп үлгерді. Су үнемдеу технологияларын ендіріп, өнімділікті арттыруда Сауран ауданының тумасы Жеңісхан Тойбеков «Тауекел Агро» шаруа қожалығының иесі су үнемдеу технологиясына жаппай көшуде. Жаңа технологиямен қарқынды жұмыс жасалынып жатқанын бақылаған аудан басшысы Мақсат Таңғатаров егістік алқабына арнайы барды. Бүгінде 210 гектарға жаңбырлатып суару әдісі арқылы Плата жоңышқа тұқымын егу жұмыстарын бастаған. Алдағы жылда егін аумағын 500 гектарға ұлғайтуды жоспарлауда. Егістік алқабына сегіз скважина қазылған.
Жаңбырлатып суару жабдықтарын сатып алуға 50% — дан 80% — ға дейін техника шығындары мемлекет тарапынан субсидияланған. Бұл технология арқылы шамамен 2,1 текше метр шақырым суды үнемдеуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімінің өнімділігін 1,5 — 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді.
Тамшылатып суару – суды жіңішке құбырлар арқылы өсімдіктің тамырына жіберу немесе жердің үстіңгі бөлігіне суды бұрқасындатып шашу арқылы жүзеге асырылады. Бұл өткен жылғы су тапшылығының алдын алуға бағытталған тәсілдердің бірі десек те болады. Әрине, істің көзін тапқан адам кез-келген кәсіптің қиюын да келістіре алады. Мұны «Тәуекел Агро» шаруа қожалығының жұмыстарынан аңғардық.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында ауыл шаруашылығындағы ахуалдың еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін үнемі ескертіп келеді. Осынау стратегиялық міндетті шешу жолдарының бірі – саланы дамытуға кең жол ашатын шаруалардың өзара ұжымдасуы. Қанатқақты жобаларды жүзеге асыру барысында оған қатысқан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің егіні екі есе артық өнім берген. Ал мал басы шамамен 25 пайызға көбейген.
Мемлекет басшысы атап өткендей, әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, озық технологиялар кеңінен қолданылса, мол өнімге қол жеткізері сөзсіз. Осыған орай агроөнеркәсіп кешені алдына жаңа талаптар қойылды. Жердің құнары, су ресурсы, суару жүйесі және оның жолдары жайлы мәліметтер бірізділендіріліп, іс-тәжірибелер жан-жақты насихатталса, үйлесімді де ырғақты жұмыс істеудің барлық мүмкіндіктері туары анық. Оның нақты мысалын біздің шаруашылықтан көруге болады.
Мемлекет басшысы “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” Жолдауында ел экономикасын жүйелі түрде өркендетуге су тапшылығы қатты кедергі келтіріп отырғаны, мәселенің ширыққаны соншалық, оның ұлттық қауіпсіздікке айналғаны ашық айтылды. Сырттан келетін су барған сайын азайып барады. Оның өзін ысырапсыз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтыра түскен. Тіпті судың 40 пайызы құмға сіңіп кететін көрінеді. Бұл салада басқа да түйткілді жайттар аз емес. Мәселен, инфрақұрылым әбден тозған. Автоматтандыру мен цифрландыру деңгейі төмен. Ғылыми негіздеме жоқ, мамандар тапшы. Бұл мәселелерді шешу үшін Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыруға, білімді сарапшыларды жұмысқа тартуға, су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеуге нақты тапсырмалар берді. Деректерге жүгінсек, республика аумағының 29 пайызы – далалық, 44 пайызы шөлді аймаққа жатады. Яғни жердің жартысына жуығы шөлді және шөлейтті деген сөз. Осы себепті ауа райының ерекшелігі мен топырақ құнарлылығына қарай әр өңірдегі егістік алқаптарының көрсеткіші әрқалай. Шет мемлекеттерде тамшылатып суару әдісі кеңінен енгізілген. Өкінішке қарай елімізде әлемдік озық тәжірибелерді өндірісте қолдану әлі де көңіл көншітпейді. Көбіне жаңбырлатып суарумен шектеледі.
Жуырда Майдантал ауылдық округінің ұйымдастыруымен егін шаруашылығымен айналысатын азаматтарға көшпелі семинар өткізілді. Онда тамшылатып суару технологиясының артықшылықтары түсіндірілді. Жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, шаруалармен тілдесті. Су ресурстарын тиімді пайдалану аграрлық саланың дамуына жол ашатын негізгі бастамалардың бірі. Сауран ауданы аумағында су тапшылығы болғандықтан, тамшылатып суару технологиясы таптырмайтын мүмкіндік. Жаңа бастама суды үнемдей отырып, егін көлемін арттырады.
Семинар негізінде аудан дихандары тамшылатып суару әдісінің тиімділігіне көз жеткізуде. “Ауыл шаруашылығы саласында кеңінен тарала бастаған тәсілдің тиімді тұстары көп. Тамшылатып суару әдісінің арқасында арықпен суарылған жерлерге қарағанда астық молырақ жиналады. Артық шығынды қажет етпейді. Суды үнемдеп, жұмыс күшін қысқартады» — дейді “Ақсақ-керіз” шаруа қожалығының иесі. Жаңа тәсілді егжей-тегжейлі меңгерген дихан шаруаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ауылдық округтен келген мамандар мен шаруаларға тамшылатып суарудың жолдарын көрсетті.
Осы орайда тамшылатып суару әдісі жайлы мағлұматтарды Сауран ауданының тұрғындарының назарына ұсынып отырмыз.
Қазіргі таңда елімізде жаңа технологияны тиімді пайдаланып, өнім көлемін арттырып жүрген шаруалар аз емес. Бұрын шаруалар көктемгі жаңбыр суынан кейін бір рет қана өнім алатын болса, қазіргі технология бойынша жаңбырлатып және тамшылатып суару әдістерін қолдану арқылы бір жылда екі-үш рет өнім алуға қол жеткізіп отыр. Әсіресе, жаңбырлатып суару әдісінің арқасында бұрын игерілмей бос жатқан жерлер айналымға қосылып жатыр. Аудан басшысы Мақсат Асылбекұлы егіндік алқапқа барып, арнайы бақылау жүргізді. Жүйнек ауылдық округіне қарасты 133 гектар жерге ЖК «Датқа» шаруа қожалығы мен Қытай Халық Республикасының «Чжунхорун» компаниясы бірлесіп су үнемдеу технологиясымен мақта егуде.
Айта кету керек, суармалы судың жетіспеушілігі проблемалы мәселе болып отыр. Сонымен қатар суды ысырап етуге жол берілмеу керек. Фермер үшін шешім – су үнемдейтін технологияларды енгізу болуы керек. Егер мұндай технологияларды енгізетін фермер үшін «оң шешім» инвестициялық субсидиялаудың жоғарылауы болса, онда «теріс шешім» суға жұмсалатын шығындар артады. Мысалы, қазіргі уақытта су беру қызметтерін өтеу бойынша субсидияны суару әдістеріне қарай саралау бойынша жұмыс жүргізілуде. Яғни субсидияларды бұрынғы деңгейде тек су үнемдеу технологияларын қолданатын фермерлер ғана алатын болады.
Серіктес компаниямен келісім шарт түзіліп, арнайы техникалар сатып алынған. Қазіргі таңда, ауыл шаруашылығы техникалары, дән сепкіш құрал жабдықтар мен тамшылатып суару технологиясының кешені жеткізілген. Егіндік аймақта 5 дана тік дренажды ұңғымалар қазылып, электр бағаналары орнатылған. 133 гектарға мақта егілген соң, жер үсті шлангаларын төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Бүгінде бірқатар шаруа қожалығы осы әдіске көшкен. Арнайы құрылғылар арқылы жасалатын бұл жүйенің тиімділігі көп: тыңайтқыш көлемі 5-6 есе азаяды. Есесіне мол өнім алуға болады. Ең бастысы, су үнемделеді. Мамандардың айтуынша, жаңбырлатып суару технологиясы арқылы дақыл түріне қарай өнімділік 2-4 есеге дейін артады. Әрі суды екі-үш есеге дейін үнемдейді. Жаңбырлатып суарудың тиімділігін түсінген шаруалардың қатары да күн санап көбейіп келеді. Сондай-ақ, осы әдісті пайдалана отырып, диқандар жазық жерде тек мал азығы дақылдарын ғана емес, жаңа технологияның көмегімен көкөніс, бақша дақылдарын да өсіре алады. Бұл халықтың әл-ауқатын арттырып қана қоймай, өңірдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына да зор серпін береді. Алайда мамандар ауыл шаруашылығын дамыту үшін озық технологияны пайдалану көрсеткішін көтеру керек дейді.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, биыл Қазақстанда 1,58 млн га суармалы жер игеріледі. Оның ішінде 1,1 млн га немесе 74%-ы жер үсті тәсілімен суарылады, 227,3 мың га немесе 14,3%-ы, заманауи жаңбырлатып суару жабдықтары пайдаланылады, 97,9 мың га немесе 6,2%-ы тамшылатып суарылады.
Өткен айда Премьер-министр орынбасары Серік Жұманғарин Павлодар облысына жұмыс сапары кезінде суару мәселесі бойынша кеңес өткізген болатын.
Онда Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары және ирригация ми-нистрліктерінің, түрлі өңірлер мен аудан әкімдіктерінің, АӨК саласындағы қаржы институт¬тарының, инвестициялық жоба¬лардың басшылары, фермерлер мен отандық техника мен суару жүйелерін өндірушілер бас қосып, өз өңірлерінде тиімді суару жобаларын енгізу кезіндегі перспективаларды, мүмкіндіктер мен қиындықтарды талқылады. Серік Жұманғарин қазіргі басты міндет жеңілдетілген несие алатын ирригациялық жобаларды таңдау тәсілін анықтау екенін айтты.
Осы орайда тамшылатып суару және жаңбырлату технологиясын дамытуға отандық өндірушілер қандай үлес қосып отыр деген сұрақ туындайды. Жалпы, суару жүйесіне арналған құрал-жабдық өндіретін қандай компанияларды білеміз? Вице-премьер отандық кәсіпорындарды атап, оларға мүмкіндігін арттыру керегін айтты.
«Мемлекет басшысы 2023 жылғы Жолдауында мемлекет пен бизнес арасындағы табысты әріптестіктің бұл үлгісін атап өтіп, негізгі азық-түлік өнімдері бойынша елдің импортқа тәуелділігін төмендету үшін оны ауыл шаруашылығының басқа салаларында қолдануға тапсырма берді. Биыл Үлкен жоба бойынша көкөніс сақтау қоймаларын, құс фабрикаларын салу мен суару, мал шаруашылығы жобаларын іске асыруға 100 млрд теңге көлемінде қаржыландырудың екінші траншы бөлінді. Бүгін біз кеңеске жұмыс істеп тұрған және әлеуетті отандық суару жүйелеріне арналған жабдықтарды өндірушілерді, суару жобалары бойынша тәжірибесі бар фермерлерді шақырдық. Жаңбырлату техникасы мен тамшылатып суару жүйелерін таңдау кезінде отандық өндірушілерге артықшылық беру қажет. Бізде Metzer Kazakhstan, BNK irrigation, Samal commodities, «Келет» АҚ сынды табысты кәсіпорындар бар», — деді Серік Жұманғарин.
Осы орайда вице-премьер министр атап өткен Metzer Kazakhstan кәсіпорнына тоқтала кетейік. Metzer group тамшылатып суару жүйесіне қажет құрал-жабдықтар шығарады. Кәсіпорн Қазақстанда METZER Kazakhstan халықаралық брендін қалыптастырған. Тамшылатып суару жүйесі бойынша Израильдегі ең үздік өндірушінің бірі саналатын кәсіпорын нарықта 1970 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Metzer Kazakhstan 2014 жылдан бері Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан нарығында қызмет етіп, ауыл шаруашылығындағы күрделі мәселені шешуге атсалысып келеді. Мәселен, Metzer Kazakhstan кәсіпорны шығарған тамшылатып суару технологиялары кез келген дақылға, топырақ түріне, су сапасы мен климатқа арналған. Құрал-жабдықтар Израиль, Италия, АҚШ, Португалия елдерінде шығарылады. Кәсіпорынның суару технологияларына сұраныс жақсы. Айта кетерлігі, компания көтерме және бөлшек саудамен айналысады. Кәсіпорын мамандары тұтынушының ұсынысын қабылдаған соң алдымен егістікке барып, шолу жасайды. Аумақты өлшеп, су алатын жерді белгілейді. Шығынды, қажет материалдарды есептеп, ары қарай суару жұмысын бастайды. Кәсіпорын мамандары тамшылатып суару технологиясының пайдасы зор екенін айтады. Бұл әдіс судың ысырап болмай, қажет жерге баруына, егінді ерте жинауға, мол өнім алуға септігін тигізеді. Сонымен қатар топырақ эрозиясының алдын алып, арамшөптің көп таралуына жол бермейді.
Жуырда ғана Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауыл шаруашылығын дамыту үшін озық технологияны пайдалану көрсеткішін көтеру мақсатында жауапты сала басышыларының басын қосты. Әкімге заманауи технологияларды ендіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы баяндалды. Биыл су үнемдеу технологиясын қосымша 22 мың гектарға ендіру жоспарланған. Бұл каналдардағы су шығынын азайтуға және суды үнемдеп тұтынуға мүмкіндік береді. Оның басты міндеті – шаруаларға тіршілік нәрін уақытылы жеткізіп, егіннің бітік шығуына көмектесу.
Биылдан бастап «Ауыл Аманаты» жобасы арқылы су үнемдеу технологиясын сатып алатын шаруаларды 2,5 пайыздық мөлшермен несиелендіру көзделуде.Ағын суды үнемдеу үшін өңірдегі каналдар мен су қоймаларын жөнге келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар өнім көлемін арттыратын озық технологияны таңдаған шаруаларға қаржының тең жартысын мемлекет өтеп береді. Су арналарына жақын орналасқан жерлерде кооператив құрып, біріккен диқандарға да қолдау бар. Су — жер бетіндегі өмірдің көзі ретінде маңызды табиғи және стратегиялық ресурс болып табылады. Соңғы онжылдықта бүкіл әлемде су ресурстарының ахуалы бойынша алаңдаушылық артып келеді. Себебі, халық саны ұлғайып барады, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бұл өз кезегінде суды пайдаланудың көлемін арттырып отыр. БҰҰ мәліметі бойынша әлемде жылына ауызсудың тапшылығы 230 млрд. текше метр мөлшерінде бағалануда. Мамандардың болжамына сүйенсек, 2025 жылға қарай судың жетіспеушілігі 1,3-2 трлн. текше метрге дейін жетуі мүмкін. Есептеулер бойынша бұл кезеңде ауызсудың тапшылығын жер бетіндегі халықтың үштен екі бөлігі сезінеді.
Облыста су үнемдеу технологияларын шығаратын кәсіпорындарды ашу инвестициялық жобалары жүзеге асуда. Бұл мәселеге байланысты сала мамандарының да пікірін ескереміз. Сала мамандарының айтуынша, Қазақстан аумағы ТМД-ның еуропалық және сібірлік бөліктеріндегі республикалармен салыстарғанда су ресурстарына біршама жұтаңдау. Ауызсу тапшылығы бізде экологиялық және экономикалық проблема болып табылады. Мәселен халық пайдаланатын ауызсудың көзі ретінде табиғи су қоймалары, өзендер мен көлдер қарастырылады. Осылардан су жинақталады және ол тазартылып, кейіннен таза су ретінде пайдаланылады. Сіз айтқан мәселелерді шешу үшін су қоймалары мен суды тазарту жабдықтарынан бастап сумен қамтамасыз ететін нысандарға дейінгі құрылыс нысандары, яғни бірнеше шақырымға созылған су құбырлары салынады. Осы орайда айта кетерлігі, өткен ғасырда салынған су құбырлары жүйесінің және ауызсумен қамтамасыз ету нысандарының бүгінде 60 пайызының тозығы жеткен. Бұның салдарынан құбырлардың жиі жарылуы, жеткізілетін су сапасының төмендігі орын алып жатады. Кейде судың сапасы санитарлық талаптарға сай келмейтін жағдайлар да кездесіп отырады. Бүгінде ауызсумен қамтамасыз ету секторын сауықтыруға ауқымды қаржы қажет. Жалпы алғанда таза су саласында қордаланған проблемалар баршылық. Осындай бірқатар мәселелердің шешімін тауып, бірқатар жұмыстар атқардық.
Айта кетейік, жаңбырлатып суару машиналарын шығаратын еліміздегі тұңғыш зауыт Түркістан облысында іске қосылды. Түркістан маңындағы өндірістік паркте құны 4,1 млрд. теңгені құрайтын жылына 1000-ға жуық жаңбырлатып суғару машиналарын шығаратын зауытының бастапқы кезеңі іске қосылды. Ағын су шығынын төмендету бағытында облыста су үнемдеу технологиялары 32,3 мың гектарға енгізілген. Тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларын ендіру көлемін 216,3 мың гектарға жеткізу қарастырылып отыр.
Облыста су үнемдеу технологияларын шығаратын кәсіпорындарды ашу инвестициялық жобалары жүзеге асуда. Бұл мәселеге байланысты сала мамандарының да пікірін ескереміз. Сала мамандарының айтуынша, Қазақстан аумағы ТМД-ның еуропалық және сібірлік бөліктеріндегі республикалармен салыстарғанда су ресурстарына біршама жұтаңдау. Ауызсу тапшылығы бізде экологиялық және экономикалық проблема болып табылады. Мәселен халық пайдаланатын ауызсудың көзі ретінде табиғи су қоймалары, өзендер мен көлдер қарастырылады. Осылардан су жинақталады және ол тазартылып, кейіннен таза су ретінде пайдаланылады. Сіз айтқан мәселелерді шешу үшін су қоймалары мен суды тазарту жабдықтарынан бастап сумен қамтамасыз ететін нысандарға дейінгі құрылыс нысандары, яғни бірнеше шақырымға созылған су құбырлары салынады. Осы орайда айта кетерлігі, өткен ғасырда салынған су құбырлары жүйесінің және ауызсумен қамтамасыз ету нысандарының бүгінде 60 пайызының тозығы жеткен. Бұның салдарынан құбырлардың жиі жарылуы, жеткізілетін су сапасының төмендігі орын алып жатады. Кейде судың сапасы санитарлық талаптарға сай келмейтін жағдайлар да кездесіп отырады. Бүгінде ауызсумен қамтамасыз ету секторын сауықтыруға ауқымды қаржы қажет. Жалпы алғанда таза су саласында қордаланған проблемалар баршылық. Осындай бірқатар мәселелердің шешімін тауып, бірқатар жұмыстар атқардық.
Қазақстандық талшық сапасының төмендігінен әлемдік нарықта сұраныс болмауда. Жоғарыда аталған технологияны ендіру есебінен өнімділікпен қатар, мақта талшығының бәсекелестік әлеуеті ұлғаяды. Су үнемдеу технологияларының тиімділігі — өсімдіктерге қажетті суды тікелей беріп, суды, суда еритін тыңайтқыштарды айтарлықтай үнемдеуді қамтамасыз етеді, персоналдың жұмысын жеңілдетіп, өнімділікті 2-3 есе арттырады.
Тамшылатып суару жүйесінің тағы бір артықшылығы — тегіс жерлер үшін де, биіктік айырымдары бар аумақтар үшін де жарамды, жерді тегістеу бойынша артық жұмыстарды атқарудың қажеті жоқ.
Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын шығаратын жергілікті кәсіпорындар ашылуда. «BNK Group LTD» ЖШС-нің 4,1 млрд. теңге құрайтын «Жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты іске қосылды.
Алдағы уақытта «BNK Group LTD» ЖШС-гі құны 2 млрд. теңге 50 мың гектарға тамшылатып суғару, «Тұран су» ШЖҚ МКК-ны құны 480 млн. теңге құрайтын жылына 9 мың га тамшылатып суғару жүйесін шығару кәсіпорны алғашқы жарты жылдықта іске қосылады.