САУРАН: «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған республикалық экологиялық акцияның «Жасыл аймақ» апталығы қорытындыланды. Экоакцияға облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен басқармаға қарасты «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Түркістан облыстық экология департаментінің қызметкерлері  қатысып, қоршаған ортаны көркейтуге  жұмылды. Олар көше бойларына тал көшеттерін отырғызып, қаланың тазалығын сақтап, көркіне әсемдік сыйлауға белсене атсалысты.

Кентау тасжолы бойында ұйымдастырылған сенбілікте абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ағаш түптері әктеп, қоқыстан тазартты. Мақсаты – жол бойындағы қоқыстар мен тағам қалдықтарын жинау, көпжылдық ағаш түптерін қопсытып, әктеу.

Қоғам мүшелері арасында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілген  шараға облыс бойынша 20 мыңға жуық адам атсалысты. Жалпы 10380 мемлекеттік қызметкер, 2140 ерікті және  6560 тұрғын жұмылдырылған. Экоакция аясында   22 мыңға жуық ағаш егіліп, 10 мыңнан аса ағаш түптері әктелді. Сондай-ақ 5 мың тоннаға жуық қоқыс қалдықтары шығарылды.

Айта кетейік, акцияның үшінші аптасында саябақтар, скверлер, парктер мен аллеялар аумағы абаттандырылып, қоқыстан тазартылды. Облыста көгалдандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.

Осы орайда Сауран ауданында атқарылып жатқан жұмыстарды оқырман назарына ұсынып отырмыз. Сауран ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Аудан көлемінде жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, ағаш көшеттерін егу жалғасуда.

Сонымен қатар, экологиялық акция аясында әктеу сырлау, арық-атыздары тазалау жұмыстары қатар атқарылуда. Оған ауданға қарасты барлық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, мәдени орталық өкілдері, аудан тұрғындары, белсенді жастар мен еріктілер қатысуда. Сенбілікте 12 көше бойлары тазаланып, 46 ретсіз өскен бұталар алынып, талдардың түптері әктелді. 1 шақырым аяқ жолдар тазаланып, саябақтар және скверлер ретке келтірілді. Көпірлердің, өзендердің, каналдар мен бұлақтардың 1 шақырымдық арналары тазаланды. 4 көп қабатты үй маңындағы аумақтары мен аулаларын, жертөлелерін, кіре берістерді (подъезд) жиналды.

Сонымен қатар, 25 үйлердің қасбеттері әктеліп, сырлау жұмыстары жүргізілсе, 1100-ге тарта көшеттер отырғызылды. 3 шақырымдық ирригация жүйелері қоқыс қалдықтарынан тазартылып, жол белгілері сырланды. Жалпы, сенбілік тазалық жұмыстарына 259 адам қатысып, 3 техника жұмылдырылды. Экологиялық акция алдағы уақытта да қарқын алып, өз жалғасын табатын болады.

Ал Сауран ауданы Майдантал ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында көгалдандыру шаралары ұйымдастырылды. Атқарылған жұмыстар барысында 500 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Игі шараға ауыл тұрғындары белсенділік танытып, экоакцияға өз үлестерін қосты. Акция барысында ретсіз өскен шөптер шабылып, арық-атыздар тазаланды. Сонымен қатар, тұрғын үйлердің қасбеттері ретке келтіріліп, жаяу жүргіншілер жолы да сырланды. Одан бөлек, талдар бұталып, ағаштар әктелді.

Сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылында 400 дана раушан және 8 500 дана бегоня, циния, ганцания және барқытгүл сынды гүл түрлері отырғызылды. Ауданда экоакцияның үшінші апталығында тазалық жұмыстарымен қатар әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетерлігі, өңірде акция басталғалы 117 көше бойы тазаланып, 24 саябақ пен аллеялар қалпына келтірілді. Екі мыңға тарта ретсіз өскен бұталар қырқылып, талдардың түптері әктелді. Одан бөлек, 42,7 шақырым аяқ жолдар тазаланып, саябақтар және скверлер реттелді. Көпірлердің, өзендердің, каналдар мен бұлақтардың 11,3 шақырымға жуық арналары мен 32,1 шақырым ирригация жүйелері тазаланды. Сонымен бірге, 4 700-ге тарта көшет отырғызылып, 597,5 тонна қоқыс шығарылды.

Сонымен қатар мәдениет саласының өкілдері де акцияға атсалысуда. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының үшінші апталығы – «Жасыл аймақ» шарасы Сауран ауданыда жалғасын табуда. Мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөліміне қарасты мекеме қызметкерлері «Жасыл аймақ» апталында сенбілік жұмыстарын жүргізді. Атап айтатын болсақ, Шорнақ ауылы, Жұмабай Шаяхметов көшесі қоқыстан тазартылды. Тұрғын үйлердің қасбеттері ретке келтіріліп, сырланды. Сондай-ақ, бей-берекет өскен талдар қырқылып, әктелді. Жаяу жүргіншілер жолдары сырланып, ретсіз өскен шөптер шабылды. Сенбілікке 50 қызметкер қатысты.

Ал Сауран ауданы іскер әйелдер қауымдастығы «Таза Қазақстан» республикалық эко акциясының «Жасыл Аймақ» апталығы аясында аудан орталығына 1000 дана гүл отырғызды.  Аталмыш акцияға «Асыл қазына» әжелер тобы, Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөліміне қарасты мекеме қызметкерлері және ауданның кәсіпкер азаматшалары қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *