МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ІРГЕЛЕС ЖАТҚАН ЕЛДЕРМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТУ ҮЛКЕН БАСТАМАЛАРҒА ЖОЛ АШАТЫНЫН АЙТТЫ

Ел Президенті өз Жолдауында іргелес елдердің бәрімен, оның ішінде Ресей, Қытай, Орталық және Оңтүстік Азиядағы тату көршілерімізбен сындарлы әрі достық қарым-қатынаста болсақ, еліміздің көлік әлеуетін тиімді пайдалана алатынымызды нақтылап айтты.

Өз сөзінде бізге теңіз инфрақұрылымын дамытуға арналған  біртұтас жоспар керек. Онда Құрық портына айрықша мән берілуге тиіс. Құрықты Ақтау порты сияқты толыққанды логистикалық кластерге айналдыруымыз қажет екенін нақтылады:

«Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық дәлізі де өте маңызды. Сол арқылы Парсы шығанағына шығуға болады. Біртіндеп бұл бағыттағы теміржол желісінің өткізу мүмкіндігін екі есе арттыру керек. Алдымен «Болашақ-Челябинск» теміржол желісінің Қазақстандағы бөлігін жаңғыртуға кірісу қажет.

Халықаралық дәліздермен тиімді байланыс орнату үшін логистика қызметін толық ұсыну маңызды. Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе әуежайлары мультимодальды орталық болуға тиіс. Бұл орталықтар бәсекеге қабілетті болу үшін жүктерді қабылдау және тарату қызметі сапалы атқарылуы қажет.

Жалпы, саланы дамыту үшін тариф және реттеу саясаты дұрыс жүргізілуге тиіс. Жеке инвестицияны көптеп тарту керек.

«Қазақстан темір жолын» толыққанды көлік-логистика компаниясы етіп қайта құру жұмысын жуық арада аяқтау қажет.

Осы тұста Түркістан облысында өткен жылдың қараша айында ұзындығы 152 шақырым Дарбаза-Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы басталған болатын. Ондағы құрылыс барысы мен мәселелері туралы талқылау үшін аймақ басшысы Дархан Сатыбалды мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев кездесті. Жиынға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері мен жауапты сала басшылары қатысты.

Дарбаза-Мақтаарал теміржол желісін салу жөніндегі инфрақұрылымдық жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылуда. Бұл жоба республиканың көлік-транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған. Сонымен қатар жоба Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына, өңірдің шағын және орта бизнесін ынталандыруға ықпал етпек. Жаңа теміржол желісін салу қолданыстағы Сарыағаш – Ташкент учаскесінен жүктерді жаңа тармаққа қайта бағдарлауға, «Сарыағаш» станциясының жүктемесін азайтуға және жалпы Өзбекстан бағытында экспорттық тасымалдарды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жиын барысында тараптар жобаны жүзеге асыру үшін тиісті шараларды уақтылы орындаудың маңыздылығы айтылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан облысында ҚТЖ инфрақұрылымдық жобасын іске асыруға толық қолдау көрсетілетінін жеткізді.

– Мемлекет басшысы Дарбаза-Мақтаарал жаңа теміржол желісін салу бойынша нақты тапсырма берді. Бұл – Түркістан өңірін дамытуға тың серпін беретін жоба. Оңтүстік аудандардың экономикасы көтеріліп, транзиттік әлеуеті артады. Нұрлан Ермекұлы, Дарбаза-Мақтаарал жаңа теміржол желісін салу бағытындағы жұмыстарды бірлесе атқарамыз деп сенім білдіремін, – деді Дархан Сатыбалды.

 

Осы орайда Мемлекет Басшысы автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс екенін жеткізді:

Қазір автокөлік жолдарының құрылыс сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мұның бәрі – осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер. Сондықтан жыл соңына дейін нақты шаралар қабылдау қажет. Міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл мәселеге мен баса назар аударамын. Бақылауды күшейтіп, жаңа нормативтік құжаттар қабылдау керек.

2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу қажет.

Жалпы алғанда, Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек. Осылайша, уақыт өте келе көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуымыз қажет.

Көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – стратегиялық міндет. Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс. Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды. Сондықтан Көлік министрлігін қайта құрған жөн. Бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен де айналысады.

Менің цифрландыру ісіне және инновацияны енгізу мәселесіне баса мән беретінімді баршаңыз білесіздер.

Біздің маңызды стратегиялық міндетіміз – Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру. Цифрландыру ісінде нақты жетістіктеріміз де жоқ емес. Біз электронды үкіметті және финтехті дамыту индексі бойынша әлем көшбасшыларының қатарында тұрмыз.

Былтырдың өзінде ІТ саласындағы экспортымыз бес есе өсті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 500 миллион долларға жетуі мүмкін. Әрине, мұнымен шектелмейміз.

2026 жылға қарай ІТ қызметтерінің экспортын бір миллиард долларға жеткізу – Үкіметке жүктелетін жаңа міндет. Шетелдің ірі ІТ компанияларымен бірлескен кәсіпорындар ашу бұл іске септігін тигізері сөзсіз. Үкімет осы мәселені мұқият зерделеп, нақты ұсыныстар енгізуі керек.

Үкімет жасанды интеллектіні дамыту ісіне баса назар аударуға тиіс. Әлемде алдағы бірнеше жылда осы салаға бір триллион доллардан астам инвестиция салынады деген болжам бар. Жасанды интеллект оны дамыта білген елдердің ішкі жалпы өніміне айтарлықтай үлес қосуы мүмкін.

Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалансақ, білім экономикасына тың серпін береміз. Жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату керек. Білікті мамандар даярлауымыз қажет. Кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлаумен және зерттеулер жүргізумен айналысуы керек.

Еліміз есептеу қуаттарын жаһандық тұтынушыларға сататын орынға айнала алады. Сондықтан ірі мәлімет орталықтарын салуға инвестиция тарту үшін түрлі жеңілдіктерді де қамти отырып, барынша қолайлы жағдай жасау керек. Сондай-ақ мәліметті сақтау және өңдеу саласында Қазақстанның мүддесін ілгерілету қажет, деді Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы сөзінде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *