ОТАНДЫҚ ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Ғылым мықты болса, мемлекет те қуатты болады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 12 сәуір Ғылым күніне орай өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында айтқан болатын.

«Ғылымды дамыту – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар басымдық. Әсіресе дарынды, қабілетті жастардың ғылыммен айналысуына жағдай жасау өте маңызды. Жасампаздық, жаңашылдық, білімпаздық және ғылымға құштарлық – нағыз озық елге керек басты қасиеттер», деді Президент.

Ғылымды дамыту, ғылым қызметкерлерін қолдау мақсатында тәуелсіздік жылдарында ештеңе жасалмады деп ауызды қу шөппен сүртуге болмас, әрине.  1992 жылы алғаш рет «Қазақстандағы ғылым және ғылым-техникалық саясат туралы» Заң қабылданып, 2011 жылы «Ғылым туралы», 2015 жылы «Ғылыми ізденістер нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заңдар қабылданды. Мұның бәрі ғылымды дамытуға арналған нақты шаралардың бастамасы болды. Рас, тәуелсіздіктің алғашқы (90-жылдары) жылдарында елімізде жаппай тоқырау болған тұста ғылым саласы да тоқырады.  Еліміздегі мықты ғалымдардың біразы басқа мемлекетерге кетіп қалды, жас буын бизнеске, басқа саланы таңдап сабақтас үзіліп қалғандай болды. Дегенмен соңғы жылдары Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен отандық ғылымды қолдау шаралары қолға алынып, жаңа қадамадар, үлкен бетбұрыс жасалып жатыр.

Мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар ғылыми-зерттеу қызметін жандандыруды, ғалымдарды ғылыммен айналысуға ынталандыруды көздейді. Елімізде ғылымды қаржыландырудың базалық, гранттық, мақсатты-бағдарламалық сынды түрлі тетігі қарастырылған. Сонымен қатар, халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейтуге де мән беріліп отыр. Солардың бірі  ретінде Мемлекет басшысының былтырғы 2021 Жолдауында «500 ғалымның жыл сайын шетелдік тағылымдамадан өтуі» туралы ұсыныс отандық ғылымды дамытуға, оқытушы-профессор құрамын ынталандыруға зор ықпалын тигізді. «Болашақ» бағдарамасы арқылы 2022 жылы алғашқы тағылымдама басталып, жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасып келеді.

«500 ғалым» бағдарламасының игілігін біздің университет жас ғалымдары да көріп отыр. Бағдарлама аясында 2025 жылға дейін қазақстандық зерттеушілерге университеттерде, зерттеу орталықтарында және басқа да ғылыми мекемелерде ұзақтығы 3 айдан 12 айға дейін ғылыми тағылымдамадан өту үшін жыл сайын 500 стипендия беріледі. Нәтижесінде 500 қазақстандық ғалым шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.

Өз кезегінде  біздің Қожа Ахмет Ясауи университетінің жас ғалымдары арасында жыл сайын конкурстан өткен жас ғалымдары шетелдік озық университеттерде тағлымдамадан өтіп келуде, биылғы жылы 5 жас ғалым Еуропаның, АҚШ-тың университеттерін тағлымдамадан өтіп жатыр. Атап Айтқанда: э.ғ.к, профессор Г.Әзіретбергенова,  PhD-лар Д.Келесбаев, Б.Ермаханов, магистр А.Садібековтер өтіп келсе, З. Дүйсембекова –АҚШ-та,   ф.ғ,к., доцент П.Адиева осы жылы Ұлыбританияда тағлымдамадан өтуде. Мұның барлығы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ғылымды танымал ету, ғылымды басты назарда ұстап жас ғалымдар мен зерттеушілерді мемлекет тарапынан қолдауының айқын көрінісі.

Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ғылым мен технологиялардың, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістерін үздіксіз білім беру жіне ғылым саласына үздіксіз енгізу және жетілдіру жұмыстарын жүргізу аса маңызды. Бұл заманауи технологиялардың, оның ішінде STEAM технологиясының білім-ғылым саласына енгізу арқылы, парасаттылықты дәріптейтін заманауи тенденцияға сай тұлғаны тәрбиелеудің алғышарты. Қазақстандық экономиканың басты тірегі өндіруші ел ретінде табиғи ресурстарды қолданудан түскен қаражат. Ал ғылым технологияларына бөлінетін қаржы көлемі жалпы ішкі өнімнің 0,13% құрайды. Дамыған елдерде 4,8-2,5 пайыз арасында (Корея Республикасы, АҚШ, Швеция). Егер білім мен ғылым деңгейін көтеру үшін ғылымға бөлінетін қаржы көлемі ЖІӨ деңгейі 1%-дан асу қажет.

Осы бағытта жүргізіліп жатқан шаралар ғылымға бөлінетін қаржының көлемін арттыру көзделуде. Ғылыми потенциалды арттыру мақсатында әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымға ғылыми тағылымдамалар ұйымдастырылуда, жас ғалымдар үшін жыл сайынғы «Жас ғалым» жобасы бойынша мыңдаған гранттар бөлінуде; перспективалық ғылыми идеялардың үлкен санына мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ұзақ жылдарға созылатын конкурстар жоспарлануда. «Академиялық артықшылық орталықтары» жобасы аясында еліміздің жиырмадан астам ЖОО материалдық-техникалық базасын жақсартуда қаражат бөлінуде.

Бұл қаражаттың барлығы 2025 жылға қарай ғылымды қаржыландыруды ЖІӨ-нің 1%-ына дейін арттыру мақсатында бөлінуде, бұл отандық ғылымның дамуына үлкен серпін береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *