Түркістан облысында қалалар мен елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Ағаштар мен көшелер мен аллеяларды, гүлзарларды түрлі гүлдермен көріктендіру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Осы ретте өсімдік шаруашылы ғын ғылыми негізде кешенді түрде жүргізіп келе жатқан мекемелердің Түркістандағы Ахмет Ясауи универсиеті.
1994 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде көлемі 88 га. «Ботаникалық бақ» құрылды. Ботаникалық баққа елімізден және жақын шет елден 59 туыс, 28 тұқымдас, 127 түрге жататын декоративті, жеміс-жидек, ағаш, бұталы және гүлді өсімдіктер интродукцияланып, өңірдің қатал климаттық жағдайына бейімделген коллекциясы бар. Құнды гендік қорды сақтау және көбейту үшін материалдық-техникалық база құрылған. Ағаш және бұта өсімдіктерін өсірудің заманауи технологияларын меңгерген мамандар бар.
Құнды гендік қорды сақтау және көбейту үшін материалдық-техникалық база құрылған. Ағаш және бұта өсімдіктерін өсірудің заманауи технологияларын меңгерген мамандар бар.
Оңтүстік Қазақстан мен Арал-Сырдария өңірінің қалалары мен аудандарын көгалдандыру үшін интродукциялық зерттеулер нәтижесінде сәндік өсімдіктердің түрі көбейтіледі. Сонымен қатар, Бақ өнімдерін қайта өңдеу, өндірістік мақсатта қолдануды жүзеге асыру үшін өндірістік цех құрылған.
Ботаникалық бақтың жылыжай кешеніне арнайы барған өңір басшысы Дархан Сатыбалды қарағай, өрік, туя және басқа да ағаштарды өсіру технологиясымен танысып, ғалымдармен Түркістанды көгалдандыру, жасыл желекке айналдыру, осы аймаққа жерсінетін түрлерін өсіру бағытында пікір алмасып, ғалымдармен кеңесіп отырады. Өткен жылғы наурыз айындағы кездесуде ғалымдардың ұыныстарын тыңдап, ғылыми-зерттеулерді жалғастыруды тапсырған болатын. Жалпы, Түркістан облысында өсімдік және гүл шаруашылығы жүйелі жолға қойылған. Бұл жөнінде әріптесім Ғ.Елшібай: «Өңірде гүл шаруашылығымен айналысатын шаруалар қызғалдақ, раушан, лалагүлдерін арнайы Наурыз мерекесі қарсаңында баптап, саудаға шығаруда. Тек Шымкенттен ғана емес Алматы, Астана сынды ірі қалалардан сатып алушылардың қарасы қалың. Мысалы, Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі аумағында орналасқан «Көктем» шаруа қожалығы 8 жылдан бері қызғалдақ гүлін өсірумен айналысады. Жылыжай көлемі – 1,30 гектар. Қызғалдақтың голландиялық 10-нан астам түрі өсіріледі. Қазіргі таңда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпкер жылына 120 000 — 130 000 түп қызғалдақ гүлін өсіретінін айтуда. Сонымен қатар Дербісек ауылдық округіндегі «Алия» шаруа қожалығы раушан, қара сиқыр және голландиялық фридум түрлерін өсіреді. Жылына 20 000 — 40 000 түп раушан гүлі егіліп, сатылымға шығарылады. Гүл өсірумен 15 жылдан бері айналысып келе жатқан кәсіпкер 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр», деп жазған еді.(Egemen Qazaqstan, 04.03.2023.)
Өз кезегінде қызғалдықтарды өсірудің ғылыми тәсілдері мен гүл өсірудің тиімді жолдарын ұсынып оны өз зерттеулері мен тәжірибелерінің негізінде жүзеге асырып отырған Ахмет Ясауи университеті ғалымдарын еңбегін жұртшылыққа жеткізсек дейміз.
Қазіргі уақытта бүкіл әлем Қазақстан қызғалдақтың тарихи отаны екенін мойындады, бірақ оның көптеген табиғи популяциялары теріс антропогендік әсерге байланысты жойылып кету қаупі бар. Қызғалдақтардың табиғи жаңаруы өте ұзақ процесс, гүлді өсімдікті тұқымнан алу үшін 5-7 жылдан 12 жылға дейін уақыт қажет. Сондықтан қызғалдақтың қазақстандық сұрыптарын іріктеу үшін бастапқы материалдар топтамасын жасау қазіргі заманғы биологиялық ғылымның өзекті міндеті болып табылады.
Осы мән-жайларды ескере отырып, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Биология кафедрасының ғалымдары интродукциялық қабілетін айқындау және оларды жеделдетіп көбейту регламентін әзірлеу мақсатында қызғалдақтың жабайы өсетін түрлері мен мәдени сорттарының топтамасын жасау бойынша зерттеулер жүргізуде. Атап айтар болсақ, а-ш.ғ.д., профессор А.Апушев пен б.ғ.к., доцент Б.Юсупов бастамасымен 2019 жылдан бастап зерттеулер басталған болатын. Қазіргі таңда бұл жұмыстар жоба аясында PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Н.Салыбекованың жетекшілігімен жүзеге асырылуда.
2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру бойынша «Қазақстанда қызғалдақтың бастапқы материалдар коллекциясын жасау, эксклюзивті түрлері мен сорттарын көбейту мен өсірудің инновациялық технологиясын әзірлеп қолданысқа енгізу» атты гранттық жобасы орындалуда.
«Жобаның негізгі мақсаты қызғалдақтың перспективті, жерсіндірілген түрлері мен сорттарын өндіріске енгізу, селекция үшін бастапқы материалдар коллекциясын жасау, оларды жедел көбейтудің тиімді әдістері, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы ашық және жабық топырақ жағдайында өсірудің бәсекеге қабілетті, ғылыми негізделген инновациялық технологиясын бейімдеу және іс жүзінде енгізу арқылы Қазақстанның гүл өсіру саласын дамыту болып табылады.
Қазіргі уақытта әлемде гүл өсіру тиімділігі жоғары салаға айналды. Бұл бағытта әлемнің 125 елін қызғалдақ баданаларымен қамтамасыз ететін Нидерланды көш бастап тұр. Қызғалдақтарды көктету (выгонка), баданаларды көбейту үшін қолданылатын барлық технологиялар негізінен Нидерланды жағдайында жабық топырақта өсіру үшін жасалған (топырақ қоспаларының құрамы, температура мен ылғалдылық режимі, минералды қоректену, зиянкестерден қорғау шаралары және т.б.).
Қазақстанда мұндай жүйелі селекциялық-тұқым өсіру шаруашылық жұмысы жоқ. Барлық көшет материалдары шетелден әкелінеді. Қызғалдақ тұқым арқылы және вегетативті жолмен көбейеді. Тұқымнан көбеюі, ұзақ процесс, қалыпты дамыған стандартты баданаларды алу үшін 4-5 жыл қажет, баданаларымен көбейту кезінде көбею коэффициенті өте төмен. Осыған байланысты, соңғы жылдары микроклональды көбею танымал болды, оның тұқымнан көбеюіден айырмашылығы, көшет материалының генотиптік біркелкілігі сақталады және жылына бір экспланттан бірнеше екпе материал алуға болады. Осыған байланысты жоба аясында аталған міндеттерді шешуде ғылыми-зерттеулер нәтижелі жүргізілуде.