Түркістан облысында қалалар мен елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Ағаштар мен көшелер мен аллеяларды, гүлзарларды түрлі гүлдермен көріктендіру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Осы ретте өсімдік шаруашылы ғын ғылыми негізде кешенді түрде жүргізіп келе жатқан мекемелердің Түркістандағы Ахмет Ясауи универсиеті.
Қызғалдақтарды өсірудің шетелдік технологиясының скринингі және олардың нақты топырақ-климаттық жағдайларға, әсіресе ашық топырақта бейімделуі Қазақстанның бәсекеге қабілетті гүл өсіру шаруашылығының қалыптасуына ықпал ететін болады», дейді Нұрдана Нұртайқызы.
PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Н.Салыбекованың жетекшілігімен «Қазақстанда қызғалдақтың бастапқы материалдар коллекциясын жасау, эксклюзивті түрлері мен сорттарын көбейту мен өсірудің инновациялық технологиясын әзірлеп қолданысқа енгізу» жобасы бойынша жүзеге асып жатқан тәжірибелер оң нәтижесін беруде. Ғалымның айтуынша, ғылыми ортада қызғалдақ пен алманың тарихи Отаны – Қазақстан деген пікір бар. Сондықтан қызғалдақты зерттеп, өсіру маңызды. «Қызғалдақты брендіміз деп айтқанымызбен, оның көбейту, селекциялық жұмыстарын жүзеге асыру бойынша атқарылған іс аз. Қазір біз 15 сұрыпты зерттеп, өсіріп жатырмыз. Жергілікті ауа райына бейімдерін және сұранысқа иелерін іріктеп, арнайы көбейтуді жоспарлап отырмыз», дейді ғалым. Бүгінде университет жылыжайында қызғалдақтың 12 мың пиязшығы отырғызылған. .
Аталған жоба жетекшісі жас ғалым Нұрдана Нұртайқызы Салыбекованың ғылымдағы бағындырған белестері туралы айта кетсек артық болмас дейміз.
Н.Салыбекова 2005 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 030340-Химия және биология пәнінің мұғалімі біліктілігі бойынша үздік дипломмен бітірген. 2005 жылы аталған университеттің биология мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2007 жылы биология магистрі академиялық дәрежесін алған. Сол жылдан бастап университеттің Биология кафедрасына жұмысқа орналасып осы уақытқа дейін аталған оқу орнында жемісті қызмет атқаруда.
2014 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне Биология мамандығы бойынша докторантураға оқуға түсіп, 2017 жылы 6D011300- Биология саласы бойынша PhD докторлық дәрежесін қорғады.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің, Абай атындағы қазақ Ұлттық педагогикалық университеттерінің Биология білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертациялық кеңесінің мүшесі.
2013 жылы Ұлыбританияда, Ньюкасл университетінде, «Learning and Teaching in Higher Education» бағыты бойынша біліктілігын арттырған.
2016 және 2017 жылдары Акдениз университетінде «Молекулалық биология» бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен (Түркия, Анталия).
Қазақстан ғалымдары ЖОО оқытушыларының ең үлкен ғылыми сайысы «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы-2020» конкурсының жеңімпазы.
Қазіргі таңда ғылыми-зерттеу бағыттарына сәйкес коммерцияландыру бойынша 0305-18ГК «Қ.А.Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің ботаникалық бағы базасында Қазақстанның оңтүстігінің субаридті жағдайлары үшін сәндік дақылдардың бейімделгіш және стресске төзімді отырғызу материалын жеделдетіп өсіру» гранттық коммерцияландыру жобасының жетекшісі; AP14870298 «Қазақстанда қызғалдақтың эксклюзивті түрлері мен сорттарын көбейту мен өсірудің инновациялық технологиясын әзірлеу және енгізу, бастапқы материалдар топтамасын құру» гранттық жобасының жетекшісі; AP15573823 «Инновациялық технологиялар негізінде биоресурстарды коммерциялық игеру арқылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ботаникалық бағының бағалы гендік қорын сақтау» атты коммерцияландыру бойынша жобаның бас ғылыми қызметкері. 70-тен астам ғылыми еңбектердің, соның ішінде 5 оқу құралының, Web of Sciences, Scopus әлемдік дерекқорларында өсімдіктерді қорғау, молекулалық-генетикалық идентификациялық зерттеулер бойынша индекстелген мақалалар мен патенттердің авторы.
Біз жерлесіміз, жас ғалым Нұрдана Нұртайқызы жетекшілік жасап отырған ғалымдар тобының жұмысына сәттілік тілейміз. Кезінде университет алғаш құрылған жылдары елімізге танымал ғалым Омар Байтуллиннің идеясымен, сол кездегі университет ректоры М.Жұрыновтың бастамасымен, профессор Құлахмет Байжігітовтердің табанды еңдегімен құрылған бақ бүгінде жайқалып, көп жылғы еңбектің нәтижесін, жемісін беруді. Ботаникалық бақ өңірдің қатал климаттық жағдайына бейімделген өсімдіктердің бай коллекциясын паш етуде. Қаланың эко климаттық жағдайының оң өзгерісіне септігін тигізіп, қаланы көгалдандыру, жасыл желекке айналдыру, осы аймаққа жерсінетін түрлерін өсіру бағытында оң тәжірибе көрсетуде.