ҒЫЛЫМДЫ ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ БАСТЫ МІНДЕТ

Университетте гранттық жобаларды ұтып алып, отандық ғылымды дамытуға үлес қосып жүрген ғалымдар қатары жылдан жылға көбеюде.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі  Ғылым комитетінің Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша 2020-2022 және 2021-2023 жылдарға жарияланған 7 конкурсқа жалпы 84 ғылыми жоба ұсынылып, 18 ғылыми жоба қаржыландырылды. Алдағы конкурстарға Факультет пен ҒЗИ-лардың ұсынысы бойынша 25 ғылыми жоба ұсынылып қазіргі таңда сараптамадан өтті.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі  Ғылым комитетінің Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша университетте 17 (жалпы қаржы: 2021 жылға – 173,5 млн. теңге) жоба бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі  Ғылым комитетінің Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша университетте 1 (жалпы қаржы: 2021 жылға – 43,8 млн. теңге) жоба бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі  «Ғылым қоры» АҚ 2018-2021 жылдарға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру конкурсы бойынша 2 (жалпы қаржы: 2021 жылға – 187,9 млн. теңге) жоба бойынша жұмыстар жүргізілді.2022 ж. қаражат 993 841 464 т — университет бюджетінен  (7 347,7 млрд т) — 13,5% құрайтын болса, 2023  жылы қаражат 642 774 635 — университет бюджетінен (6 632,2 млрд т) — 10,7% құрайды.

2021-2023 жж. арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру бойынша(аяқталған) жобаларға келетін болсақ, олардың бірқатары өз нәтижесін беруде. Сондай-ақ, ғалымдар  Б.Турметов, Қ.Усманов, «Инволютивті түрлендірулері бар интегралдық-дифференциалдық теңдеулер үшін көп нүктелі шеттік есептерді шешу әдістерін құру» тақырыбындағы, құны — 40 429 974 т.; «Бөлшек ретті дифференциалдық теңдеулердің шншімдерін құру әдістері және шеттік және бастапқы шеттік есептердің шешімділік мәселелері» тақырыбындағы құны — 50 729 750 т. , М. Султанов «Аномальды диффузияның дифференциалдық математикалық модельдері үшін сандық алгоритмдерді құру» тақырыбындағы құны — 490 000 теңге көлеміндегі   Ұлттық ғылыми кеңеспен мақұлданған гранттық жобаны  ұтып алып, 3 жылда толық игерді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *