ТҮРКІСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРУДЕ

Қоғам өркениетіндегі өмірдің ерекше саласы ғылым екендігі белгілі. 2024  жылдың 12 сәуірінде Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев:  «Ғылым адамзат тарихының өн бойында дами отырып, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Өйткені, қоғамдағы барлық мәселелер көбінесе ғылымның араласуымен шешіледі. Демек, білім мен ғылым бір-бірін толықтыра отырып, табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады. Біз осы ретте отандық ғылымды өрістетуміз керек.Қазіргі таңда заман өте жылдам өзгеріп жатыр. Біз осы өзгеріске бейімделуіміз керек. Әйтпесе өркениет даңғылынан қалып қоюымыз мүмкін. Түпкі мақсатымыз – көшке ілесетін емес, сол көшті бастайтын елдердің қатарында болу. Бұл мақсат, әрине, өте күрделі. Сондықтан, ғылыми жетістіктерге жету қазіргі кездің басты талабы болып тұр»-, деді.

Осы ретте біз бүгін  Түркістандағы үлкен ғылыми орда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми жұмыстарының барысы, отандық ғалымдардың ғылыми жетістіктері, жас ғалымдеар мен зерттеушілерді мемлекеттік қолдау шараларының университтеігі жүйесі туралы сөз қозғамақпыз.

Кез келген оқу орнының ғылым саласындағы қол жеткізген жетістіктері – сол университеттің шынайы әлеуетін көрсететін бірегей сала. Осы ретте оқу орнының өте маңызды әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін ғылыми бағытта атқарған жұмыстары аз емес.

Университетте ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету негізінен мына мәселелерді қамтиды: іргелі, қолданбалы, іздестіру (бастамашыл) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, инновациялық жұмыстар, тапсырыс, бөгде ұйымдармен шарт бойынша ғылыми зерттеулер; оқытудың инновациялық технологияларын және ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесі мен өндіріске әзірлеу және енгізу; зерттеу қызметінің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру тетігін құру және енгізу; зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқығын қорғау. Университет ғалымдары түркология, археология, дінтану, тарих, экономика, математика, физика, ақпараттық технологиялар, экология, электр энергетикасы, биотехнология, медицина және т.б. салаларда зерттеулер жүргізеді.

Бауырлас қос мемлекетке ортақ оқу ордасында күні бүгінге дейін ғылыми дәрежесі әр түрлі деңгейдегі түркиялық 160-қа жуық оқытушы сабақ берген екен. Ал енді Өкілетті Кеңестің қаржыландыруымен Түркия Республикасында магистратура, докторантура бағдарламаларын ойдағыдай бітіріп келген жастар да аз емес. Олардың саны бүгінде елуден асты.   Жалпы,  университетте оқытушы-профессор құрамы 1200 болса, оның ішінде 71 ғылым докторлары, 299 ғылым кандидаты және 146 PhD докторлар жұмыс істейді.

Қазіргі ғалымдарға қойылатын ауқымды міндеттердің бірі импакт-факторы нөлден кем емес Халықаралық базадағы жоғары рейтингілі басылымдарға мақала жариялау болып табылады. Бүгінгі таңда университеттегі  Sсopus бойынша хирш индексі бар ғалымдар саны 448 болса, ал жалпы  Sсopus базасында индекстелетін журналдарға 500-ге жуық мақала жарияланды. Ғалымдар мен оқытушы-профессорлары университеттің өз ғылыми басылымдарында да мақалаларын жриялай алады. Қазақстандық және шетелдік ғылыми зерттеулердің, сондай-ақ талдамалық, ғылыми-көпшілік және өзге де материалдардың нәтижелерін жариялау мақсатында Ахмет Ясауи университетінің бірнеше ғылыми журналдар шығарылады. Олардың алғашқыларына «Ясауи университетінің хабаршысының» жарық көргеніне 28 жыл болды.

«Университеміздің ғылыми журналдарын одан әрі жетілдіру және ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің (КОКСОН) тізіміне енгізу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде «Ясауи университетінің хабаршысы» журналы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің (КОКСОН) Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізіміне Педагогика ғылымдары және Филология бағыттары бойынша енгізілді. Қазіргі таңда аталған журналдың философия және тарих салалары бойынша тізімге енгізу бойынша құжаттар министрлікке жіберіліп, сараптамадан өтуде.

Сондай-ақ, Университет Сенаты мәжілісінің қаулысымен «Ясауи университетінің хабаршысы», «Түркология», «Ясауи Хабарлары (математика, физика, информатика сериясы)» журналдарын Түркияның DergiPark базасына енгізу жөнінде шешім қабылданды. Бұл ретте, аталған журналдарды Халықаралық басылымдар базасына ендіру және оңтайландыру жұмыстары қарқынды жалғасуда. 2021 жылғы 20 желтоқсанда «Түркология» журналы DergiPark базасына енді. «Ясауи университетінің хабаршысы» және «Ясауи Хабарлары» журналдары да өз кезегінде өтінімдерін DergiPark базасына жасалды. Соңғы деректерге қарағанда DergiPark пайдаланушыларының орташа тәуліктік саны 100 000-нан асады және DergiPark базасында ғылыми мақала авторларының Халықаралық басылымдардың мол мүмкіндіктеріне ие бола алатыны сөзсіз»дейді бізбен сұхбатында университеттің ғылым жұмыстар бойынша вице-ректоры Айнаш Есімбекқызы Ошыбаева.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *