ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Әлеуметтің әлеуетін көтеру, бұқараны жұмыспен қамту мақсатында елімізде бірқатар бағдарламалар қабылдануда. Ал сол бағдарламаларда көрсетілген міндеттерді орындап, жоспарларды жүзеге асыру – жергілікті биліктің міндеті. Түркістан облысы елімізде ең көп халық шоғырланған аймақтардың бірі. Халықтың басым бөлігі аудан-ауылдық жерлерде шоғырланғандықтан, бағдарламаларды мейлінше ел игілігіне жарату да басты мақсат болуы тиіс. Анығын айтсақ, жұмыспен қамту бағдарламалары халықтың әлеуметтік жағдайының көтерілуіне оң ықпал етуде.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың, Үкіметтің осы бағыттағы тапсырмасын орындау үшін «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» жүзеге асырылуда. Соның ішінде өңірде халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу басты міндеттердің біріне айналған. Соның ішінде өңірде халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу басты міндеттердің біріне айналған. Бұл жөнінде жуырда Түркістан Өңірлік коммуникациялар алаңында брифинг берген Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалары жөніндегі басқарма басшысы Әсия Темірбаева таратып айтты.
Биыл Түркістан облысында жұмыспен қамту шаралары қарқынды жүргізілуде. Оған қоса, 2024 жылы 140,2 мың тұрғынды жұмыспен қамту шараларын іске асыру қолға алынуда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тікелей бастамасымен бекітілген «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 118,9 мың жұмыс орнын ашу көзделуде. Ал, өңірлік карта аясында 74,1 мың адамға тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі.
Бүгінде Өңірлік карта бойынша 45 197 жұмыс орындары ашылып, оның ішінде 15 289 орын тұрақты. Бұл ретте, Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны бағдарламасы арқылы 4 345 тұрақты жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, Ұлттық жобалар бойынша 3671 жұмыс орындарын ашу жоспарланып, нақты 87 жоба арқылы 610 жұмыс орны ашылды.
Жалпы облыс көлемінде 43,3 мың адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, бүгінде 10 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Ал, 43,2 мың адамды уақытша жұмыс орындарына жолдау көзделіп, нақты 20,5 мың адам субсидияланған уақытша жұмыс орындарына орналасты.
Нақты атап айта болсақ, Түркістан облысында кәсіпкерлікке бірқатар қолдаулар көрсетіліп келеді. Оған дәлел 2024 жылы 7,2 мың адамға кәсіпкерлік бастамаларына грант және шағын несие беру жұмыстары қарастырылуда. Оның ішінде әлеуметтік осал топтағы азаматтар арасынан 1 793 адамға бизнес-идеясын дамытуға гранттар беру, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 4 803 жаңа жұмыс орындарын ашу, 621 жас кәсіпкерлерге 2,5 пайызбен 5 млн. теңге жеңілдетілген шағын несие беру көзделуде. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында биылғы бірінші тоқсанда қыруар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, халықты жұмыспен қамту, кедейлік деңгейін төмендету, әлеуметтік қорғау саласы бойынша нәтижелі жұмыс жүргізіліп, 7 түйінді нысаналы индикаторлық көрсеткіш ойдағыдай орындалды.
Соның ішінде жұмыспен қамту мәселесінің жөні бөлек. Бұл – өте өзекті проблема. Биыл облыста 140,2 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделуде. Оның ішінде 21,3 мың адамды оқыту бағыттарымен қамту, 118,9 мың жұмыс орнын «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында ашу көзделуде. Ал, оның бағыттары қандай болмақ? Атап айтқанда, 74,1 мың адамды тұрақты жұмыс орындарына (43,3 мың бос және жаңа жұмыс орны, 22,6 мың жұмыс орын «10 мың тұрғынға 100 орын» бағдарламасы бойынша, 989 орын инфрақұрылымдық жобаларда ашылатын жаңа жұмыс орындары) жолдау жоспарлануда. Бұдан өзге 44,8 мың адам уақытша жұмыс орындарына (42,1 мың субсидияланған уақытша, 2,7 мың инфрақұрылымдық жобаларда ашылатын жұмыс орындары) жіберіледі. Ал, 7,2 мың адамға кәсіпкерлік бастамалары үшін грант және шағын несие (1,8 мың адамға грант беру, 4,8 мың «Ауыл аманаты» аясында ашылатын жұмыс орны, 621 жас кәсіпкерге шағын несие) беріледі.
Облыс әкімінің шешімімен биыл 13 ақпанда «Өңірдің жұмыспен қамту картасы» бекітілген болатын. Биылғы 1 сәуірге дейін өңірлік карта аясында жалпы 38 433 жұмыс орны (11 884 орын тұрақты, 26 549-ы уақытша) ашылды. Оның ішінде 3 201 тұрақты жұмыс орны «10 мың тұрғынға 100 орын» бағдарламасы бойынша ашылды. Сонымен қатар, ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар негізінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалар бойынша «Электрондық еңбек биржасы» арқылы 3 671 жұмыс орнын ашу жоспарланып, нақты 46 жоба бойынша 172 жұмыс орны іске қосылды. 139 адамға электрондық еңбек келісімшарты түзіліп, 59 адамға зейнетақы аударымдары төленген.
ҚР «Еңбек нарығын дамытудың 2024–2029 жылға дейінгі тұжырымдамасына» сәйкес биыл облыста бос және жаңа жұмыс орындарына 43 250 адамды жолдау көзделіп отыр. Осы мерзім ішінде нақты 8 611 адам тұрақты жұмысқа жолданып, оның 85%-ына зейнетақы аударылды, 90%-ымен электрондық еңбек келісімшарты түзілген. Субсидияланған жұмыс орындарына жалпы 26 504 адам қатысуда, оның ішінде 15 556-сы жаңадан жолданса, 10 948 адам 2023 жылдан өтпелі. Жылдық жоспар 63%-ға орындалған.
Жаңадан жолданған азаматтардың арасында 10 859 адамға немесе 70%-ына міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ) аударылып, 15 073 адаммен (97%) электрондық еңбек келісімшарты түзілген.
Биыл 21 295 жұмыссызды кәсіптік және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып, өткен қаңтар, ақпан айларында нақты 2 675 адам (1 240 адам онлайн, 1 435 адам «Бастау бизнес» жобасы бойынша) оқыды. Әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар үшін жаңа бизнес-идеясын дамытуға 1 793 адамға грант беру көзделген болатын. Гранттарды 2 лек шеңберінде беру жоспарланып, алғашқы легі бойынша өтінімдерді қабылдау 8 сәуірде басталды. Жас кәсіпкерлерге жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2,5 пайызбен 5 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген несие беру мәселесі қолға алынғаны белгілі. Осы орайда 621 адамға 3 105 млн. теңгенің шағын несиесін беру жоспарланды.
«Ауыл аманаты» жобасы бойынша 4 803 жұмыс орнын ашу жоспарланып, оның ішінде 1 600 адам шағын несие алса, олардың есебінен құрылған кооперативтерге 1 724 адам жұмысқа орналасады. 1 479 адам жоба іске асырылатын ауылдардағы бос жұмыс орындарына жолданады.
«Мемлекет басшысы жыл сайын «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын» ашуды тапсырды. Жыл қорытындысымен бекітілген индикатордың толық орындалуын қамтамасыз ету қажет. Аудан, қала әкімдеріне «Өңірлік жұмыспен қамту картасында» көрсетілген межелерге қол жеткізуді тапсырамын. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтудағы және мемлекеттік бағдарламаларды орындау барысында анықталған кемшіліктер жойылсын. Бюджеттік мекемелерге ғана емес, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларына да тұрғындарды тартқан жөн. Қосымша инвестицияларды тарту арқылы жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу керек, – деген болатын, өңір басшысы Дархан Сатыбалды. өткен жыл қорытындысы бойынша облыс әкімі активімен өткен жиында.
Иә, өткен 2023 жылы Түркістан облысында 109,7 мың жұмыс орнын ашу бойынша облыс басшысының бастамасымен «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітілді. Оның ішінде 72,4 мыңы – тұрақты, 37,4 мыңы уақытша жұмыс орындары. 2023 жылы «Кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жобасын» жүзеге асыруға жалпы 109,6 мың адам жұмыспен қамту шараларына жолданды (99,9%). Оның ішінде 39,1 мың адам тұрақты, 35,9 мың адам субсидияланған уақытша жұмыс орындарымен қамтылды. Жоспар 100 пайызға жуық орындалған болатын.
ҚР Президентінің сайлауалды тапсырмасы негізінде 35 жасқа толмаған 594 тұрғынға 2,5 пайыздық өсіммен 5 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген несие беру жоспарланды. Осы мақсатта 2,9 млрд. теңге қаржы қаралды. Жыл қортындысында 933 жоба конкурстық комиссия қарауына ұсынылып, нәтижесінде 583 адамның жобасы 2772,7 млн. теңгеге мақұлданды. 490 адамға 2236,7 млн.теңгеге қаржысы аударылып, игерілді. Осы және өзге де жұмыстар арқылы биыл өңірде АӘК алушылардың саны өткен жылмен салыстырғанда 22% — ға төмендеген. Қорыта айтқанда облыста 3 индикатор бойынша жұмыссыздық деңгейі төмендеген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *