ТҮРКІСТАН: ІШКІ КӨШІ-ҚОННЫҢ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮҒА ЫҚПАЛЫ

Көші-қон саласындағы мелекеттік саясатты жүргізудің және еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттырудың негізгі бағыты — халқы тығыз орналасқан өңірлерден еңбек ресурстары аз, халқы сирек орналасқан өңірлерге халықты қоныстандырып, ішкі көші-қонды реттеу.

Бұл орайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон саясаты тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Құжат елдің экономикалық дамуын кадрлық қамтамасыз етуді қолдауға бағытталған. Ішкі көші-қонның басты мақсаты азаматтарды көшіру емес, оларды жұмыс күші тапшы өңірлерде жұмыс орындарын ашу және жұмыс күшінің өңіраралық теңгерімсіздігін шешу.

Қазақстанда ішкі көші-қонды ынталандырудың жаңа шаралары енгізіліп отыр. Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің көші-қон саясатының тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті ұсынылды. Оларды іске асыру мақсатында көші-қон саясатының алдағы 5 жылға арналған жаңа тұжырымдамасы шеңберінде ішкі көші-қонды ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар көзделетін болады.

Яғни: -әрбір қабылдаушы облыста жер ресурстарымен, инженерлік, көлік-логистикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етуді ескере отырып, қоныс аударуды ынталандырудың арнайы өңірлік бағдарламасын әзірлеу көзделеді. Сондай-ақ бағдарламаларда жұмыс күшінің тапшылығын сезінетін экономиканың басым секторлары айқындалатын болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жаңа тұжырымдама аясында тарихи отанында қандастарды қабылдау және жайғастыру саясаты да қайта қаралмақ.

«Республикалық маңызы бар қалалардағы халық санының көптігі қазіргі кезде мақтанарлық жағдай емес, керісінше тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету тұрғысынан алаңдаушылыққа негіз болып отыр. Ірі қалалардың тұрғындары көбейіп келе жатқаны байқалады. Сонымен қатар, жаңа тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған Павлодар және Петропавл сынды қалаларда адамдар мен еңбек ресурстарының тапшылығы бар.

Үкімет көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауы тиіс», деді Президент Қ.К.Тоқаев. («СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Қазақстан халықа арнаған Жолдауынан).

 

Түркістан облысында еңбек ресурстарының жоғары әлеуеттілігі байқалып, аймақтың бәсекелестік артықшылығын көрсетеді, тиісінше, басқа да аймақтардың да еңбек ресурстарының жетіспеушілігін шешуге мүмкіндігі бар.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша өз еркімен қоныс аударуды ұйымдастыру, оларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыра отырып, 2015 жылдан бері Түркістан облысынан еліміздің жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде.в

Нәтижесінде, облысымыздан 2015-2023 жылдар аралығында
13 758 адам қоныс аударған.

Жұмысты жалғастыру мақсатында, 2024 жылғы 12-14 наурыз аралығында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасымен дәстүрлі түрде, Түркістан облысынан еліміздің халқы сирек, жұмыс күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге ерікті қоныс аударушыларға арналған «Қоныс аудару» жәрменкелері Сарыағаш, Сайрам аудандары және Түркістан қаласында ұйымдастырылып, өткізіліді.

Аталған жәрмеңкелерге 6 облыстың 73 өкілінен тұратын делегация қатысып (жергілікті атқарушы органдар, ірі-кіші өндірістер, жекеше өндірістер, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар), жалпы 11 657 бос орын ұсынылды (СҚО-2393; Абай облысы-3464; ШҚО — 1246; Павлодар облысы — 1279; Ұлытау облысы — 523; Қарағанды облысы — 2752 бос жұмыс орындары).

Жәрмекелерге қоса, делегация мүшелері 9 аудан, қала халқымен және 2 оқу орындарының білім алушыларымен (Төлеби, Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Сайрам, Ордабасы аудандары, Арыс, Кентау, Түркістан  қалалары, ХҚТУ, Кентау Көпсалалы колледжі) кездесулер өткізді.

Нәтижесінде іс-шараларға жалпы 2558 адам қатысып, 1773 адам қоныс аудару бағдарламасы шеңберінде мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылық көмектер, әлеуметтік қолдаулар туралы түсіндірмелер мен кеңес алды. Сұхбаттасқандар арасынан 352 адам солтүстік өңірлеріне қоңыс аударуға қызығушылық танытып, ниет білдірді. Ниет білдірушілердің басым бөлігі, яғни 181-і (51,4%) 35-63 жас аралығында, 153-і (43,4%) 35 жасқа толмағандар, ал 18-і (5,1%) жасы
63-тен асқандар.

Бүгінгі күнге, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылға Республика бойынша 7050 квота бөліп, қандастар мен қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау көрсететін 7 облысы белгіленді (Абай облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы, Шығыс Қазақстан облысы). Бөлінген квота негізінде, ағымдағы жылдың төрт айында Түркістан облысынан 107 отбасы, 372 адам қоныс аударды (Анықтама үшін: Шығыс Қазақстан облысына 9 отбасы, 28 адам; Қостанай облысына 3 отбасы, 7 адам; Павлодар облысына 49 отбасы, 225 адам; Солтүстік Қазақстан облысына 40 отбасы, 93 адам; Қарағанды облысына 1 отбасы, 2 адам; Абай облысына 4 отбасы, 12 адам; Ұлытау облысына 1 отбасы, 5 адам қоныс аударды).

Аталған жұмыстар жалғасын табуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *