ТҮРКІСТАН: ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА  — ҚОҒАМ АЙНАСЫ  — 2

Конституцияның 19-бабында “Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы” деп жазылған. Адамдардың ар-ождан бостандығына заң жүзінде толық кепілдік берілген.Республика азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстауында, оны мұраға қалдыруына конституциялық кепілдік жасалған.Конституцияның 39–бабында адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қоғамдық тәртіпті, адамның құқығы мен бостандығын, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екендігі көрсетілген.39 баптың 3 пунктінде азаматтардың құқықтарын, яғни азаматтық құқығы, өмір сүру құқығы, жеке өміріне, өзінің және жанұясының құпиясына қол сұғылмауына, мемлекет органдары мен лауазым иелерінің кінәсінен шеккен зиянды қайтарып алуына т.б құқықтарын тіпті ең төтенше жағдайлардың өзінде де шектеуге рұқсат бермейтіні айтылған. Конституцияда жеке, азаматтық және саяси құқықтарға, осы құқықтардың кепілдігіне айтарлықтай көңіл бөлінеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 13 бабында әр адамның өзінің бостандығы мен құқығын сот арқылы қорғай алатыны көрсетілген. Әр адамның заң мамандарынан көмек алуға, үкімді Жоғары сотқа қайта қаратуға, жазаны жеңілдетуді сұрауға құқығы бар.Азаматтардың медициналық көмек алуына, мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Ал орта білім алу Конституция бойынша міндетті деп табылған.Республика азаматтарының құқығы мен міндеттерін сөз еткенде, екі мәселені ерекше атап өтуге болады. Бірі – заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, екіншісі – Отан қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті. Азаматтардың құқығы мен міндетін сөз еткенде бұл талаптардың адамдардың өз құқықтарын көбірек біліп, міндеттерін орындауға келгенде ұмытшақтық танытатыны жиі кездеседі.

Адам құқықтары қоғам  мен мемлекет дамуындағы негізгі  бағыттарды айқындайды. Әрі этатистік  мемлекеттің құқықтық мемлекет ретінде дамуының басты факторы  болып табылады. Адамның азаматтық  құқықтары мен бостандықтары мемлекет өміріне дербес тұлға  ретінде ену құқын білдіреді.  Сонымен бірге, адам қалыптасқан  саяси-құқықтық институттар мен  тиімді механизмдер арқылы өзін-өзі таныту мен мемлекет пен қоғам  өміріне қатыс алу мүмкіндігіне  қол жеткізеді. Мемлекеттік заң ережелері адам құқықтарын бұзбауы қажет.  Адамның құқықтары мен бостандықтары  жалпы мәні бар қажеттіліктер  ретінде мемлекет, оның институттарымен  қамтамасыз етілуі тиіс. Ал азаматтар  өз кезегінде билікке саяси  партиялар, қозғалыстар мен қысым  көрсетуші топтарды құру арқылы  өз мүдделері мен қажеттіліктерін  білдіріп отырады. Қазақстан өзін құқықтық  мемлекет ретінде жариялай отырып адамның құқықтары мен бостандықтарына  кепілдік береді. Яғни, мемлекет  пен адам қарым-қатынасы мәселесінде адаммен оның құқығы пайдасына  шешілуі тиіс. Себебі, Қазақстан  Республикасының Конституциясында адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат  қазына деп жарияланған. Азаматтық құқық жеке  тұлғаның азаматтық қоғам мүшесі ретінде оның бостандығы мен  дербестігін қамтамасыз етуді  білдіреді. Конституцияға сәйкес  мойындалып, әрі оған кепілдік  беріледі. Кеңестік жүйемен салыстырғанда тәуелсіз Қазақстан Конституциясында адамның құқығы мен бостандығы  орталық ұғымдарға айналды. Біздің  ата заңымыздың екінші бөлімі толығымен адам мен азаматтың  құқықтар мен бостандықтарына  арналған. Қазақстан Конституциясында  адам құқығы тұжырымының негізі  қаланған.

Ата Заңымызда адамның  келесі негізгі құқықтары мен  бостандықтары жарияланған: әркімнің өмір сүруге құқығы бар, әркім  өзінің жеке басының бостандығына  құқығы бар; заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең; ешкімді азаптауға,  оған зорлық-зомбылық жасауға,  басқадай қатыгездік немесе адамдық  қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір  көрсетуге не жазалауға болмайды; адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды; әркімнің жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол  сұғылмайды, абыройы мен ар-намысының  қорғалу құқығы.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *