ТҮРКІСТАНДЫҚ ЗИЯЛЫЛАР ҰЛЫТАУҒА БЕТ АЛДЫ

Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен еңбек ардагерлері және үкіметтік емес ұйымдардан құралған зиялы қауым өкілдері Ұлытауға жол тартты.


Тарихи-танымдық сапарға аттанған ардагерлерге ақ жол тілеген қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков жергілікті билік өкілдері салтанатты түрде шығарып салды. Шара барысында сөз алған шаһар басшысы өз сөзінде:
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанды атажұртымыздың алтын қазығы десе, Ұлытауға ұлттың ұясы деп баға берген болатын. Ата-бабалар салған сара жол – бірлік, береке, ынтымақ жолынан бүгінгі ұрпақ та адаспай келеді. Өткенді үлгі тұтар ұрпақ қалыптастыруда өздеріңіздің еңбектеріңіз бен қосқан үлестеріңіз мол. Бұл бағытта бірге атқаратын жұмыстарымыз әлі де көп деп білемін. Сіздерге сәтті сапар тілей отырып, ұлылар мекені Ұлытауға киелі Түркістанның ыстық сәлемін жеткізуді сұраймын, – деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.


«Түркілер төрі Түркістаннан – ұлт ұлысы Ұлытауға» деген ұранмен бастау алған тарихи танымдық сапар мақсаты – егемендіктің шежіресі мен тәуелсіздіктің шынайы тарихын дәріптеу екенін айта кеткен жөн.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *