Жуырда Түркістан қаласында климаттың өзгеруіне байланысты күрделі сын-қатерлерде сарапшылар мен жас ғалымдар бас қосып, осы құбылысқа қарсы тұрудың жолдарын талқылады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым қоры және Халықаралық ғылыми-техникалық орталығымен серіктестікте ұйымдастырған лекцияар мен семинарлар Қазақстаннның түрлі өңірлерінен келген ғалымдар мен докторанттардың, сондай-ақ бизнес және үкімет өкілдерінің назарын аударды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым қоры және Халықаралық ғылыми-техникалық орталығымен серіктестікте ұйымдастырылып отырған бұл ғылыми жиынның басты мақсаты – отандық ғылымды іргелендіру, отандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін халыққа жеткізу, насихаттау. Ғылымның түйткілді мәселелерін талқылау болмақ.
Кездесуде қазіргі экологиялық өзгерістер мен оларды энергетика мен көлікті тиімді дамыту арқылы еңсеру жолдары ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік салдары мен климаттың өзгеруіне әділетті көшуді қамтамасыз ету қажеттілігі де талқыланды.
Мамандар жас ғалымдар үшін бұл саладағы халықаралық тәжірибенің маңыздалығын атап өтті. Еуропалық Одақтың негіздемелік бағдарламалары бойынша Ұлттық орталықтың жетекшілігімен өткен стратегиялық сессия энергетика және көлік арқылы климаттың өзгеруі контекстіндегі тұрақты болашақтың стратегияларына арналды. Шараның маңызды бөлігі жас ғалымдардың әртүрлі салаларындағы соның ішінде климаттың өзгеруі, медицина және атом өнеркәсібі бағытындағы жобаларының тұсаукесері болды.
Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов, «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Камиль Ақатов және Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ басшылығы қатысты.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ, ЮНЕСКО аймақтық кеңсесінің қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар секторының меңгерушісі Мақсат Байбеков, Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов атап өткендей, «бүгін біз Қазақстанға да әсер ететін жахандық экологиялық өзгерістерді талқылап жатырмыз. Әрине, климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық тәжірибе ғалымдарға пайдалы болды.
Ғылыми қауымдастық пен қоғамдық сектордың өкілдері осы саладағы халықаралық тәжірибе алмасудың және оны қазақстандық тәжірибеде қолданудың маңыздылығын атап өтті. Талқылаудың негізгі тақырыптары климаттың өзгеруінің энергетика мен көлікке әсері, сондай-ақ, ғылыми жобалаларды халықаралық қаржыландыру мүмкіндіктері болды.
Дэвид Клив Халықаралық ғылыми-технологиялық орталығының атқарушы директоры атап өткендей – «біз осы іс-шараның бір бөлігі болғанымызға өте қуаныштымыз және ғалымдарға қаржылық қолдау көрсету – 30 жылдан астам уақыт бойы ғылыми-зерттеу жобаларын басқаруда ХҒТК 220-дан астам жобаларға тұрақты түрде қолдау көрсетті жүзеге асырылды, оған 5 400 қазақстандық ғалым жаһандық деңгейде 4500-ден астам жобаны аяқтадық, 1,6 миллиард доллар қаржы жинадық, 80 000-нан астам ғалымдарды жұмылдырдық және әлемнің 100 түрлі елінде белсенді ынтымақтастық орнаттық».
ЮНЕСКО-ның аймақтық кеңсесінің әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар секторының меңгерушісі Мақсат Байбеков атап өткендей, «Бүгінгі таңдағы экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелер келісілген әрекет пен ынтымақтастықты жақсартуды талап етеді. Климаттың өзгеруі, су тапшылығы және ресурстарды теңгерімсіз пайдалану тек аймақтық ғана емес, сонымен бірге, бәрімізге әсер ететін жахандық мәселе. ЮНЕСКО ғылыми ынтымақтастықты дамытудағы көшбасшы ретінде білім алмасу және прогреске жету үшін әртүрлі мүдделі тараптарды біріктіретін бағдарламаларды қолдайды. Біз жас ғалымдарға арналған бірнеше жобаларды, атап айтқанда, жас ғалымдарға арналған Орталық Азия желісін қолға алып жатырмыз және Келісімге қол қою арқылы Ғылым қорымен ынтымақтастықты нығайтуға ниеттіміз».
Жас ғалымдар медицина, атом өнеркәсібі және климаттың өзгеруі сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын жобаларын ұсынды. Жапон ғалымдары да баяндама жасап, Қазақстанмен ынтымақтастық және тұрақты даму бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Негізгі баяндамашы ретінде Хоккайдо университетінің докторы Тошихико Ямада, сонымен қатар Жапониядағы Цубака университетінің Қиыр Шығысты зерттеу кафедрасының шақырылған профессоры доктор Такаши Ниномия сөз сөйледі.
Саммиттің маңызды негізгі аспектісі ғылыми жетістіктерді коммерцияландыру бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу ережелерін талқылау болды. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ өкілдері бұл саладағы тәжірибелерімен бөлісіп, жас зерттеушілер үшін құнды ақпарат көзі болды.
Саммит барысында Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры Ж.Темірбекова ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ғылым комитеті және Ғылым қоры АҚ-ның басшыларына университеттің базасында іске асырылып жатқан коммерцияландыру жобаларының жұмыстарымен таныстырды. Сондай-ақ, түркі жастарының басын қосқан білім шаңырағының өзге де жетістіктерін, алға қойған мақсаттарын баяндап, халықаралық оқу ордамыздың ерекшеліктерін атады.
«TURKTIME» концепциясы аясында Ахмет Ясауи университетінде өткен Түркі әлемі математиктерінің форумы, биология мен география салалары бойынша халықаралық конгрестері мен басқа да маңызды іс-шараларына кеңінен тоқталды. Университеттің жүзеге асқан жарқын жобаларына қолдау көрсеткен Ғылым комитеті мен Ғылым қорына ризашылығын білдірді.
Басқосудан соң, Галимжан Жанқуатов пен Камиль Акатов университет басшылығымен бірге ботаникалық бақты аралады. Сондай-ақ, Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Ғылым қоры» АҚ-ның қолдауымен іске қосылған «Жеміс жидектерді өңдеу өндірістік цехінің» жұмысымен танысты. Инновациялық технологиялар негізінде биоресурстарды коммерциялық игеру арқылы ботаникалық бақтың құнды гендік қорын сақтау, қалдықсыз өнім өндіруді мақсат еткен жобаның маңыздылығын саралады. Өндірістік цех қазіргі заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, қонақтар жемістерді жуу, кесу, кептіру, сұрыптау, орау, сақтау сынды қызмет түрлерін бақылады.
Келесі кезекте, ботаникалық бақта орналасқан жылыжайларды аралады. Блім ордасына келген қонақтардың дәстүрі бойынша Галимжан Жанқуатов пен Камиль Акатов өз қолдарымен көшет отырғызып, естелікке суретке түсті.
Мұхит Төлеген, — телогия ғылымдары бойынша PһD, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Теология факультетінің оқытушысы:
– Бүгінгі қоғам мен дін, дінаралық қатынас, дін психологиясы менің зерттеу обьектім. Ғылымға шектеу қойған сайын радикалдану күшейеді.Бала кезінен ұлттық уызына қанып өспеген, ғибратты сөздерді жадына тоқымаған, жігері төмен, рухы жасық жастар жат ағымға тез ұрынады. Жастайынан өзінің тарихын, шежіресін, мәдениетін жақсы білсе, ол басқа бір мәдениеттің қолжаулығы болмайды. Өкінішке қарай, соңғы жылдары қазақ қоғамында ұлтсыздандыру ұраны бел алып, қоғамды түрлі қайшылықтар туындады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев соңғы уақытта халқымызды , әсіресе жастарды ғылым мен білімге, технолгияны терең меңгеруге шақырып бастамашыл ойлар, елді тұтастыққа шақыратын жарқын идеялар тастап, елді дамуға бетбұрыс жасайтын тұжырымды сөздерін жолдауда. Міне, мына бүгін жас ғалымдардың саммиті де осындай жарқын ой-қазынаның, ғылыми жетістіктер мен идеялардың пісіп жетілетін ой қазығы боларлық алаңы деп атар едім. Мұндай басқосудың жас ғалымдарға, ғылыми зерттеулерге ден қойған жоғары оқу орнының оқытушыларына берері мол.
Мөлдір Байхамурова, Қожа Ахмет Ясауи университетіне қарасты Экология ғылыми зерттеу институтының қызметкері, экология ғылым магистрі:
– Панельдік секцияларда жасалған баяндамалардың барлығы да өте өзекті, маңызды тақырыптар болды. Қоршаған энергетика және көлік арқылы климаттың өзгеруі контекстіндегі тұрақты болашақтың стратегиялары тұрғысынан ғылыми болжамдар мен талдауларға толы маңызды тақырыптар қозғалды. Менің ғылыми тақырыбының обьектісі:
Түркістан өңіріндегі ауаны ластайтын негізгі көздер мақта өңдеу кәсіпорындары, мұнай-газ секторы, барлау және уран өндіру кәсіпорындары, жылу электр станциялары мен құрылысы.
Жыл сайын біздің институт Түркістан және Кентау қалаларында топырақтағы металдардың мөлшерін анықтау үшін мониторинг жүргізеді. Түркістанда қорғасын мен мырыштың, Кентауда қорғасын, мыс, хром, мырыш, кадмийдің артық мөлшері анықталды.Облыста 3 миллион гектардан астам мемлекеттік орман қоры жерлері бар, бұл облыстың жалпы көлемінің 36 пайызын құрайды. Зерттеу жұмысымның барысынан осы бағытта баяндама жасадым. Қатысушылар қызығушылық танытып, сұрақтарын қойып тақырып қызу талқыланды. Осы ретте, осындай маңызды ғылыми жиындарды ұйымдастырып отырған университет әкімшілігіне, жас ғалымдарға бағыт-бағдар беріп, әсіресе ғылымды коммерцияландыру бойынша (жобаларымызға мемлекеттен қаржы алу) грант ұту бойынша барлық сұрақтарымызға жауап берген Ғылым қоры және Халықаралық ғылыми-техникалық орталығының басшысы Камиль Ақатов мырзаға ризашылығымды білдіргім келеді. Бүгінгі жас ғалымдар саммитінің біз үшін берері мол жиын болды.
