Түркістан облысында өңірдің туристерге қолжетімділігін және жайлылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Былтыр туристік жолдарды жақсарту үшін 10,6 млрд теңгеге 7 жоба жүзеге асырылды. Ал биыл туристік жолдар бойынша 17,6 млрд теңгеге 19 жобаның іске қосылуы күтілуде.
Өткен жылы облыстың туризм саласына 53,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Нәтижесінде 25 нысан қолданысқа беріліп, 366 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде тұрақты – 167, уақытша – 199. Биыл 20 млрд теңгеден асатын 25 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Осы арқылы 473 жаңа жұмыс орны ашылады.
Бүгінде туризмді дамыту – инфрақұрылымды дамытумен тікелей байланысты екенедігін жиі айтады. Елімізде миллиондаған адам демалыстарында отандық және шетелдік демалыс орындарына барады.
Туристік инфрақұрылым туризмді дамытуға мүмкіндік береді, сондықтан қалаға келетін туристер өздерін жайлы сезінетіндей жағдай жасау керек. Осы бағытта қаламыздың көркеюі, гүлденуі шаһардың абаттануы үшін жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Түркістан қаласын еліміздің ірі туристік орталығына айналдыру мақсаты белгіленгені анық. Қаланы абаттандыру мақсатында бірнеше кезеңдік жұмыстар жүріп жатыр. Қалалық инфрақұрылым және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, абаттандыру мақсатында 32 парк пен аллеялар бар. Биылғы жылы жалпы 42 нысанға абаттандыру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Оның ішінде 3 нысан - саябақ, 25 нысан ойын алаңшалары, 12 нысан жалпы абаттандыру, 2 нысан бойынша ирргигациялық жұмыстардың құрылысы жүруде. Сонымен қатар, электр-жарықтандыру бағытында біршама жұмыстар жасалған.
«Қала көлемінде1 446,7 шақырым электр желісі бар. Түркістан қаласы тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту деңгейі 84,9%, болашақта 98,5%-ға жеткізу көзделіп отыр. Осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Жалпы шаһар аумағында 42014 абонент электр жүйесімен қамтылған, оның ішінде 35669 абонент сапалы электр қуатымен қамтылған. Яғни, орташа тұтыну деңгейі 36 МВт/сағ.
«Қаладағы электр желілерінің басым бөлігі ескі, ашық, алюмин сымдарман жабдықталған. Қолайсыз ауа райында қатты жел болғанда бір-бірімен айқасып, жиі үзіліп, әрі шығын (потеря) көп болатын тиімсіз жүйе. Қазір оны изоляцияланған жабық типтігі СИП (самонесущий изолированный провод) кабельге алмастырып жатырмыз. Ол біріншіден тиімді, электр тогының жоғалуын тежейді, екіншіден апатты жағдайда қауіпсіз. Әрі қаланың сәулетіне нұқсан келмесі үшін, жер асты кабельдеріне де алмастырып жатырмыз. Сонымен қатар, жекеменшік трансформаторларды жойып, стандартқа сай жаңа трансформаторлар орнаттық. Бір трансформаторға 100 үйге арналған болса, 150 үй «мінгесіп» алған жағдайлар болды. Оларды нормативке лайықтап, тиісінше бөліп жатырмыз, жабық жағдайдағ тнсформаторлар қойылуда.
Электр энергиясын жаңғырту бағдарламасы аясында, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан соңғы 3 жылда 39 дана трансформатор, 32,33 шақырым электр желісі мен 1002 дана электр бағанасы орнатылған»,- дейді мекеме басшысы бізбен әңгімесінде. Міне, біз атап өткен дүниелердің барлығы инженерлік-инфрақұрылым саласына қатысты болғанымен халықтың тұрмысына ыңғайлы жағдай жасау келген туристердің еркін жүріп-тұруына аталмыш жобалар маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Осы ретте Түркістан қаласының аумағында әлі де қолға алынып, атқарылатын жұмыстар легі аз емес. Ол жөнінде алдағы уақытта оқырман назарына ақпараттарымызды ұсынатын боламыз, -дейді бөлім басшысы.
Түркістан қаласында қазіргі таңда 875 көше бар. Көшелердің барлығының ұзындығын қосқанда 800 шақырымдай. Ол көшелердің 38,3 пайызында асфальт жабындысы бар болып табылса, 57,4 пайызы тас төселген жолдар. Өткен жылы қала аумағындағы 46,4 шақырымды құрайтын 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта жеті көшеде, оның ішінде Қызылкөл, Сарыжылға, М.Төлебаев, Әубәкір қары, Ы.Алтынсарин, Қазыбек би – А.Юсупов аралығындағы көше, Асан қайғы – Құрбан ата аралығындағы көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары іске асырылды. Орташа жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін толығымен аяқтау жоспарлануда. Қалған 30 шақырымдайы топырақ жолдар. Қазіргі таңда жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында биылғы жылы үш жолдың құрылысы басталады.
Ағымдағы жылы қала аумағындағы халық сұранысына ие болған, қала тұрғындарының әлеуметтік нысандарға, оның ішінде мектеп, балабақшаларға баруын қауіпсіз етуге арналған жолдарды қамтамасыз ететін 64,5 шақырымды құрайтын 54 көшеге аяқжол құрылысын жүргізу жоспарланған болатын. Соның, қазіргі уақытта 31 көшесі 100% және 13 көшенің құрылыс барысы 50%-дан жоғары деңгейге жетіп, құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Бұл шындығында ескеретін жағдай, себебі көне қаланың көшелері тым тар болғанымен біздің ойлағанымыз тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатынан туындаған жағдай болатын. Алдағы уақытта облыс мәртебесін алғаннан кейін автокөліктердің көбеюі және тұрғындардың дені веложолды пайдалануына байланысты бұл мәселеге орташа жөндеулер кезінде қайта қаралатын болады.Өткен жылы қаланың толыққанды жоспары жасалып, И.Қожабаев көшесінін 3,6 шақырым аумағында асфальт жабындысы басылып, қалған бөлігінде жол негізін әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, атқарылған жұмыстардың ішінде 3,8 шақырымы аяқжол және веложолмен қамтылып, 8,2 шақырым аумағына суағар науа орнатылды. Осы секілді Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жолдың құрылысы бойынша, қазіргі уақытта жолдың 1,3 шақырым құрайтын аумағында жол негізі әзірленіп, құрылыс жұмыстарына кедергі келтіретін төрт дана трансформаторға уақытша демонтаждау жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні Ә.Жангелдин көшесінде нысан құрылысына кедергі келтіретін инфрақұрылым жүйелерінің құбырларының орынын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, орын ауыстыру аяқталған орындарда жол негізі әзірленуде. Қазіргі уақытта нысан бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталатын болсақ, жолдың 2 шақырым аумағы аяқжол және веложол құрылысымен қамтылып, 3,5 шақырым аумағына суағар науа орнатылған. Сонымен қатар, жолдың 1,9 шақырым құрайтын аумағында жол негізі әзірленді. Аталған үш нысан келесі жылға өтпелі болғандықтан, құрылыс жұмыстарын 2023 жылы аяқтау жоспарлануда.
2022-2023 жылдар аралығында Түркістан қаласы аумағындағы қоғамдық көлік қатынайтын көшелерге жаңа үлгідегі 150 дана аялдама нысанын орнату жоспарланған болатын. Құрылыс жұмыстары бірінші кезекте қаланың негізгі көшелерінде бастау алып, секторлардағы қоғамдық көлік қатынайтын көшелерінде жалғасын тапқан болатын. Қазіргі уақытта, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру және қолайлы орта қалыптастыру мақсатында 120 дана аялдама павильоні орнатылып, пайдалануға берілсе 2024 жылы қала көлемінде 30-дан астам аялдама тұрғындардың игілігіне беріледі.
Түркістанда бүгінгі таңда 21 қоғамдық көлік бағыты бар. Оларға 2 тасымалдаушы мекеме 210 автобус, шағын автобустармен қызмет көрсетеді. Түркістан қаласы облыс орталығы мәртебесін алғалы қалаға жаңа 86 автобус алынған. 2023 жылы Түркістан қаласына тасымалдаушы мекемелер есебінен 46 жаңа автобус алынды. Жаңаңадан №16 бағыт, сондай-ақ №4, 4а, 2а, 9, 9а бағыттарындағы шағын автобустарды сыйымдылығы жоғары автобустарға ауыстырылып, қала тұрғындарын тасымалдау қызметін кқрсетіп жатыр. Жалпы, қаланың инфрақұрылымы мен абаттандыру-көріктендіру жұмыстары кезең-кезеңмен жүйелі түрде жүрәп жатыр. Басты бағыт түркістандықтар мен қалаға келуші туристер үшін жайлы қала, жайлы тұрмыс қағидатын ұстанып, жүзеге асыру болмақ.