ТҮРКІСТАНДА ТУРИСТІК БАҒЫТТАҒЫ НЫСАНДАР

Түркістан облысында өңірдің туристерге қолжетімділігін және Түркістан қаласын еліміздегі комфортты қалалар қатарына қосу, шаһардың  жайлылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Былтыр туристік жолдарды жақсарту үшін 10,6 млрд теңгеге 7 жоба жүзеге асырылды. Ал биыл туристік жолдар бойынша 17,6 млрд теңгеге 19 жобаның іске қосылуы күтілуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға ерекше мәртебе беру мәселесін көтеріп, айрықша қолдау білдірген. Түркістан – Түркі әлемінің орталығына айналуы тиіс. Өткен жылы облыстың туризм саласына 53,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Нәтижесінде 25 нысан қолданысқа беріліп, 366 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде тұрақты – 167, уақытша – 199. Биыл 20 млрд теңгеден асатын 25 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Осы арқылы 473 жаңа жұмыс орны ашылады.

Туристерге қосымша өнімдерді ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынған. Соның бірі Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында жеке инвестиция есебінен «Қолөнер орталығы» жобасы іске асырылуда. Жоба құны 5,5 млрд теңге. Ал аумағы 2,5 гектар. 25 архитектуралық нысаннан тұратын кешенде қонақүйлер, сауда нүктелері, қолөнер шеберханалары мен дүкендері қамтылған.

Ірі жобалар қатарында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы «Күлтөбе» ескі қалашығын бюджет есебінен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Түркістан қаласында аумағы 11,8 гектар жерге аквапарк, вилла аймақтары қамтылған бес жұлдызды қонақүй салу жоспарлануда. Жоба құны – 190 млн АҚШ доллары. Бұл бағытта инвесторлармен келіссөздер жалғасады.

Ұлттық спорт түрлеріне шетелдік туристердің қызығушылығы артып келеді. Сондықтан Түркістанда ұлттық ойындарды және туризмді дамыту мақсатында 99,3 гектар аумаққа «Ипподром» нысаны салынады деп жоспарлануда.

Түркістан қаласында бүгінгі таңда 21 қоғамдық көлік бағыты бар. Оларға 2 тасымалдаушы мекеме 210 автобус, шағын автобустармен қызмет көрсетеді. Түркістан қаласы облыс орталығы статусын алғалы қалаға жаңа 86 автобус алынған. 2023 жылы Түркістан қаласына тасымалдаушы мекемелер есебінен 46 жаңа автобус алу жоспарлануда. Жаңа автобустар алынған жағдайда жаңадан №16 бағыттын ашу, сондай-ақ №4, 4а, 2а, 9, 9а бағыттарындағы шағын автобустарды сыйымдылығы жоғары 46 автобустарға ауыстыру жоспарланған. Өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесімен, қала аумағындағы 123,1 шқ құрайтын 93 көшеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жарықтандырылған көшелер үлесі 57,4 пайызға жетті (485 көше, 618,6 шқ). 2023 жылы Түркістанның жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесін 86,5 пайызға (895,8 шқ құрайтын 757 көшені) жеткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта нысан бойынша құрылыс жұмыстары 132,8 шқ құрайтын 134 көшеде аяқталды. (Оның ішінде қосылғаны 113 көше – 109.5 шқ). Қалған  144,4 шақырымды құрайтын 138 көшеде құрылыс жұмыстары 2023 жылдың соңына дейін аяқталады. Өткен жылғы Түркістан қаласында жүргізілген жолдың құрылыс және орташа жөндеу жұмыстары нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 333,6 шқ. (39,5 %) құраған болатын. 2023 жылдың қорытындысымен, орындалған орташа жөндеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес, 399,34 шқ. (47,2%) асфальт жол,  445,6 шқ (52,8%) тас жол құрайтын болады. Өткен жылы қала аумағындағы сарқынды су жүйесі жүргізілген сондай-ақ, қоғамдық көліктер қатынайтын 48,6 шақырымды құрайтын 42 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта соның 17,1 шқ құрайтын 18 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, өткен жылы жалпы құны 19,2 млрд.теңгені құрайтын 4 нысанның құрылысы бастау алған.

Өткен жылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандарға (мектеп, балабақша және т.б.) баратын және соларға қосалқы жатқан, жалпы 42 шақырымды 43 көшеге аяқжол құрылысын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда оның 16,7 шақырым құрайтын 22 көшесінде құрылыс аяқталды. Сонымен қатар, қала аумағындағы топырақ жолдардың санын азайта отырып, тас төселген көшелердің санымен сапасын арттыру мақсатында қала аумағындағы 6 секторда ақпан айынан бастап тас төсеу жұмыстары басталған. 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстары 65,7 шақырымды құрайтын 48 көшеде жүргізіліп, нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдар үлесі 47,2 пайызға жетеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымдарының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады» – деп атап өткен еді. Президенттің бұл тапсырмасы Түркістан қаласында өз кезегімен орындалып жатыр деуге болады.

Бүгінде Түркістан қаласының басты 22 көшесінде 72,3 шақырым веложол төселген. Олардың ішінде шаһар үшін маңызды Б. Саттарханов даңғылы, Түркістан-Шәуілдір бағытындағы тас жол бойы, Жібек Жолы көшесі, Тәуке хан мен Қожанов, сонымен қатар, Кентау бағытындағы тас жол бойында веложолдар төселіп, облыс орталығының ажарын аша түскен. Бұл жолдардың салынуы қос дөңгелекті көлікті пайдаланушыларға үлкен мүмкіндік ашып қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстанатын спортшыларға да көмегін тигізген.

Қала көркін ашып, сәніне сән қосатын веложолдар саны алдағы уақытта да арта бермек. Бүгінгі күні шаһардағы Жангелдин көшесінде, Қазыбек би мен Жарылқапов аралығындағы жолда, Қожабаев көшесінде және Бектұрсын-Қалаби көшелерінде автокөлік жолдарымен қатар, веложолақтардың да құрылыс жұмыстары атқарылып жатыр. Жалпы аумағы 37,8 шақырымды құрайтын веложолдар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Қаладағы велосипед тебушілердің санының артуына веложолдар ғана түрткі болды деуге болмайды. Бұқаралық спорттың дамуы үшін жағдай жасауды көздеген қала басшылары 2020 жылы «TurkistanBike» автоматтандырылған велопрокат жүйесінің іске қосылуына мұрындық болған еді. Қаржысы қала халқының қалтасын қақпайтын бұл жоба арқылы да қос дөңгелекті көліктің шарапатына бөленіп, рақатына пайдаланып жүргендер жетерлік. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қала көлемінде бүгінгі таңда 40-қа жуық жоба аясында жұмыс жасайтын велосипед бар. Олар кез-келген уақытта қала тұрғындары мен қонақтарының қозғалысын қолайлы етуге әзір. Сонымен қатар, ағымдағы жылы ғана қолданысқа енген электросамокаттар жайында да айтпай кетуге болмайды. Қазіргі таңда қала көлемінде 150-ға жуық самокат JET қосымшасы арқылы қызмет етуге әзір. Аталған қосымша арқылы электросамокатты жалға алып қана қоймай, алдын ала броньдау мүмкіндігі де бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған биылғы жолдауында бұқаралық спортты дамытуға 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар жасаудың маңыздылығына тоқталған болатын.

«Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет. Қаржы тапшылығы жағдайында кәсіби спорт клубтарын толығымен мемлекет есебінен ұстаудың мағынасы жоқ. Мемлекет пен квазимемлекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімді жұмсалмайды. Бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және, әрине, балаларға басымдық беру керек», деді Президент.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *