ТҮРКІСТАН: КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 50%-ҒА ЖЕТТІ

Мемлекет басшысы cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді. Қ.Тоқаев бұл жұмыстарға тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау, тұрғындардыжайлы тұрмыспен қамту әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болмақ.
Түркістан қаласында тұрғындар жайлылығы үшін инфрақұрылым жүйесімен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. 2020 жылдың көрсеткішіне сүйенер болсақ, қалада орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 32,2 пайызды (13 601 абонент) құраған болатын.
Жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 4 нысанның құрылысы аяқталып, кәріз жүйесімен қамтылған абонент саны 20 274-ке артты. Бұл қала аумағының 48,9 пайызын құрайды.
Елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болып саналады. Жуырда Ақорда өткен Үкімет құрамымен отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. (Akorda.kz сайт).
Жалпы Түркістан қаласында 27 КНС және сарқынды су тазалау ғимараты /КОС/ жұмыс істейді. Ал сарқынды су желісі – 127,25 шақырым, оның ішінде магистральдық – 39 шқ, көшедегі желілер – 40 шқ, ішкі орамдағы және ішкі ауладағы желілер – 48,2 шақырымға созылған.
Бүгінде облыс орталығында жоспарланған кәріз жүйесі жобаларының құрылысы жалғасуда.
Атап айтқанда, «Бекзат» мөлтек ауданында 118 көшені қамтамасыз ететін жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын кәріз жүйесінің құрылысы, «Иассы» шағынауданының «Ыждыхат» тұрғын үй алабы орамішілік кәріз желілері құрылысы, «Тұран» тұрғын үй массивін сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы (2-кезек), сондай-ақ, 12 нысанда кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде.
Одан бөлек, қосымша 3 нысан құрылысы республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Олар: «Баянауыл» шағынауданындағы кәріз жүйелерінің құрылысы, №14 пен №15 КНС аралығындағы сарқынды су жүйесінің құрылысы, «Иассы» шағынауданы, «Бірлік» тұрғын үй массиві кәріз жүйелерінің құрылысы (2-кезек).
Аталған жобалар толықтай іске асырылғанда шаһар аумағын кәріз жүйесімен қамту 80 пайызға жетеді деп жоспарланған.
Түркістан қаласы Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінен алған мәліметтерге қарағанда бұрын аудан деңгейінде болған шаһарды облыс орталығына айналғалы бері бірінші кезекте таза ауыз сумен қамту, екінші кезекте сарқынды су жүйесін жолға қою жүйелі жүріп жатыр. Мқның себебі де белгілі, Түркістан қаласы облыс орталығы және түркі әлемінің рухани орталығы мәртебесіне сай абаттанып, көркеюі керек. Осы бағытта қала әкімдігі мен оған қарасты коммуналдлық шарушылық бөлімі қарқынды жұмыс жасауда.
Мекеме басшысының баяндауынша: Түркістан қаласы облыс орталығына айналғалы бері бірнеше кезеңге бөлініп, инженерлік инфроқұрылымды жаңарту жұмыстары қолға алынған. «Оның ішінде ауыз – ең өзекті мәселе болып іріктелді. Сол тұстағы облыс басшылығы, қала басшысы ерекше ден қойып күн тәртібінде бірінші кезекке қойды. Бірінші кезекті тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мәселесі, одан кейін қаланың микроклиматын жақсарту мақсатында қаланы көгалдандыру, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту бойыншабірнеше жиындар өтіп шешімдер қабылданды. Сол шешімдердің негізінде қаланың Бас жоспары бекітілген болатын. Бас жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар атқарылды, әлі де жалғасып келеді. Жалпы, қалада су көзі Кентаудағы «Мырғалымсай» су қоймасынан тартылады, одан бөлек Шобанақта 4 ірі резервуарымыз бар, негізгі су қорымыз осы нысандар. Қалада 2 су қоймасы бар. Ол орталық су қоймасы (Б.Майлин көшесіндегі) және Әкімшілік-іскерлік орталықтағы (жаңа қала аумағы) жаңадан салынған су қоймасы. Қалаға осы екі су қоймасынан су тартылады. Бұл су қоймаларының сыйымдылығы – 72 000 м3 құрайды. Орталық су қоймасының сыйымдылығы 5000 м3-ты құрайды. Бұрыннан бар Орталық су қоймасы облысы орталығы болғаннан кейін күрделі жөндеуден өтіп, сыйымдылығы кеңейтілді. Себебі, қалаға көгілдір отынның келуіне байланысты тұрғындардың жайлы тұрмысқа көшу (жаппай үйлерде душ-ванна орнатуы) себепті суды тұтыну деңгейі де артты. Су тұтынуға сұраныс бұрынғыдан анағұрлым артты. Нақты айтсақ, қалада 41528 абонент болса, оның 41100-і, яғни 98,9 пайызы бүгінде сапалы ауызсумен қамтылып отыр. Одан бөлек қалада бізде 21 су ұғымалары бар, бірақ біз негізгі су көзі ретінде Кентаудан келетін суды қарастырғанбыз, сондықтан ол су ұңғымалары біздің артық су қорымыз ретінде резервте тұр. Қысқасы, халықты толыққанды сумен қамту мүмкіндігіміз бар. Ауыз суды тұрғындарға құбыр арқылы жеткізілетін мәлім. Жаңа қала аумағында жаңа су жүйесі магстральдары құрылып жатыр. Бірақ, негізгі халықтың шоғыры ескі қалада. Ескі қала аумағында су магистралы сонау 60-70 жылдары жүргізілген темір-шойын құбырлар, олар бүгінде тозған. Тұрғындардың су тұтыну деңгейі көбейген сайын су жүйесінің қысымын да көтеруге мәжбүрміз. Алайда, әлгі ескі құбырлар жоғары қысымға шыдас бермей, әр-әр жерден жарылып жатыр. Осындай жағдайларды ескере отырып бірнеше жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Ол жобалар бойынша кезе-кезеңге бөлініп су жүйесі магистралін жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр»- дейді бөлім басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *