«Қариясы бар үйдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөздің мәні зор, мағынасы терең. Көргені мен көкейге түйгені мол ақсақалдардың аузы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылдың кені болады. «Аталар сөзі – ақылдың көзі» деп санаған халқымыздың ел басқару жүйесінде ақсақалдардың орны ерекше болып, олардың сөздерінің қадірі болған.
Жастарды тәрбиелеуді ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер халқымыздың салт-дәстүрлерінің негізінде жүргізіп, ұлағатты істі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Сондықтан халқымыз үшін зиялы қауымның орны қашанда ерекше. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” атты Жолдауында ұлт тағдыры сынға түскен сәтте көзі ашық азаматтар әрдайым көш бастағанын, адасқанға жөн сілтеп, жастарға бағыт-бағдар бергенін негізге алды. Ел ағалары бір ауыз сөзбен елді басқарып отырғанын тілге тиек етіп, қартардың қоғамдағы рөлі айрықша екенін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.02.2021 жылғы «Аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын бекіту туралы, № 47 бұйрығына сәйкес өңірлерде «Белсенді ұзақ өмір» орталықтарын ашу тапсырылған болатын.
Осыған орай, Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» мемлекеттік меншігіндегі 21 жылы 13 желтоқсан күні №2224 Түркістан қаласы әкімдігімен қаулы негізінде Түркістан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты 2022 жылы «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылған болатын. .
Ардагерлермен мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыру, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту мемлекетіміздің саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.
«Белсенді ұзақ өмір» орталығының мақсаты зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау. Өзіне-өзі қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-білім беру, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық және бос уақытты пайдалы өткізудің кешенін ұсыну, олардың белсенді өмір сүру салтын сақтау және дамыту. Орталық аға буын өкілдерін қоғамның мәдени өміріне тарта отырып, оларды қолдау, дене шынықтыру мен спортқа, қызықты сабақтарға және ерікті қызметке тарту мақсатында жұмыс жасайды. «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» директоры Гүлжамал Даханованың айтуынша, жобаның мақсаты – қарт адамдардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, әлеуметтік-медициналық көмек көрсету және оларды белсенді шығармашылық жұмыспен айналысып, оларды қоғамдық өмірге тарту.
Бүгінгі таңда Түркістан қаласында 14 915 мыңнан астам зейнеткерлер тұрады. Орталықта күнделікті 60-70 зейнеткер тиісті қызметтерін, бір айда 120- 150 адам қызметтермен қамтылады. Жыл басынан жоспар бойынша 3000 адамға қызмет көрсету жоспарланып, кәзіргі таңда 1095 адамға қызмет көрсетілуде. Орталықта 7 бағыт бойынша қызметтер ұйымдастырылады (әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-ағартушылық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-демалыс). Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Көрсетілетін қызметтің 7 бағыты бойынша осы кезге дейін 7 083 қызмет көрсетіледі.Орталық арнайы «Белсенді ұзақ өмір сүру», «Тең қоғам» сынды бөлімдері мен кәсіби мамандар бар.
Орталықта — еңбек терапиясы, компьютерлік сауаттылықты арттыру бойынша арнайы курстар, әнмен емдеу, психотренингтер, әлеуметтік мәселелер бойынша заңды кеңестер беріледі. Одан бөлек, тарихи-мәдени орындарға экскурсиялар мен театр, концерт қойылымдарын тамашалау және мерекелік мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Орталық зейнеткерлерге әлеуметтік-медициналық, психологиялық көмек көрсетіп, бос уақытын пайдалы өткізуге үлес қосып жатыр. Мұнда күнделікті 60-70 зейнеткерге қызмет көрсетілуде. Жыл соңына дейін 2000 адамға қызмет көрсету жоспарланып, бүгінгі таңға дейін 636 адам орталық қызметіне жүгінген. Белсенді ұзақ өмір орталығы 7 бағыт бойынша қызмет түрлерін көрсетеді. Атап айтқанда, әлеуметтік-медициналық; әлеуметтік-психологиялық; әлеуметтік-құқықтық; әлеуметтік-ағартушылық; әлеуметтік экономикалық; әлеуметтік-еңбек; әлеуметтік-демалыс бағытында жұмыс атқарады. Жыл басынан бері 1966 қызмет көрсетіліп, зейнеткерлердің қатысуымен 10 іс-шара өткізілді. Сонымен қатар Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы зейнеткерлерге тіркелген кезеңдеріне қарай «Мейір» және «Ардагер» КММ демалуға 210 жолдама берілді.
«Біздің мекеме негізі 3 бөлімнен тұрады. Бірінші ол – «Белсенді ұзақ өмір» орталығы болса, екіншісі «Тең қоғам» деп аталады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық ортаға бейімдеу мақсатында ашлыған болатын. Үшінші бөлім – «Қамқорлық» деп аталады. Бұл тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандарға, осал топтағыларға қызмет көрсететін ортық. Осылардың ішінде бүгінде қалада танымалдығы артып, зейнеткерлер мен қарияларымыздың жылы ұясына айналған орындардың бірі осы – «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы.
Біздің мекеменің қызметіне жүгінушілер саны артып, орталықтың жаңа филиалдары ашылуда. Соның бірі тұрғындардың сұранысы бойынша биыл «Белсенді ұзақ өмір» секторының Бекзат мөлтек ауданында №1 филиалы ашылды.
Аталған ғимаратта денсаулықты жақсартуға арналған арнайы бөлмелер, массаж кабинеті, зияткерлік ойындар мен бильярд бөлмесі, тұз шахтасы, жаттығу жасауға арналған бөлме жасақталған. Мұнда зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға күндізгі сауықтыру-демалыс және сүйемелдеу қызметі көрсетіледі. Жан мен тәнді емдеп, ардагерлердің бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасалған. Бір айда 150 адамды қабылдауға қауқарлы. ымыздың басты міндеттерінің бірі – қариялардың саламатты өмір салтын қолдау болып табылады.
Барлық өңірлердегідей Түркістанда да «Белсенді ұзақ өмір орталығының» және оның бөлімі ашылғанына өте қуаныштымын. Өйткені БҰҰ есептеулері бойынша 50 жылдан кейін ғаламшардың әрбір алтыншы тұрғыны егде жастағы адам болады. Сондықтан қазірден бастап қарт адамдарға сапалы, әр түрлі және белсенді өмір сүруді қамтамасыз ету бойынша жұмысты бастау аса маңызды», дейді- орталық жетекшісінің орынбасары Гүлсезім Мухиева.