ТҮРКІСТАН: ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТТЕРДІ ДАМЫТУ ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еліміздегі жоғары оқу орындары арасында өңірлік теңсіздік байқалады. Мықты университеттердің көбі Астана мен Алматыда орналасқан. Бұл ішкі көші-қон жүйесінің бұзылуына және өңірлердегі кадр тапшылығына әкеп соқтырады.»,- деді, 2024 жылғы 12 сәуірде Ақордада Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйлеген сөзінде.
Өңірлерді дамытудың басты тетігі сол аймақтың әртүрлі ерекшелігін жетік білетін мықты мамандардың болуы екені белгілі. Сондықтан білімді маман даярлау үшін өңірлік жоғары оқу орындарын дамыту кезек күттірмес мәселе. Кез келген аймақты дамытудың негізгі ұстыны – онда бірінші дәрежелі, оның ішінде басқа аймақтардан жастарды тартатын университеттің болуы. Өңірлердің инновациялық дамуының генераторы, базалық элементі және аумақтық біліктілік орталығы сол өңірдегі университеттер. Бұл білім экономикасын дамытудың негізгі құралы деуге бола Ғылым және жоғары білім министрі қазіргі таңда ғылымды тек университетте ғана дамытуды көздемей, оны жергілікті жердің экономикасымен тығыз байланыстырып, сұранысқа сай жұмыс істеу маңызды екеніне ерекше мән беруде. Өңірлік жоғары оқу орындарының осы бағыттағы мүмкіндіктерін дамыту жалғаса бермек. Білім және ғылым саласының қаржылық, кадрлық және басқа да кезек күттірмей шешілуі тиіс түйткілді мәселелері де баршылық. Осы орайда министр ғылымды дамытудың ең тиімді жолын баса айтуда. Ол тек қана мемлекетпен емес, жеке секторлармен, сондай-ақ ірі бизнеспен де тығыз ынтымақтастық орнататын ғылымның ашық моделін ұсынуды жөн деп санайды. қалыптастыруға күш салуда.
Елімізде осы бағыттағы жұмыстар жанданып Ғылым және жоғары білім министрлігі өңірлердегі ЖОО-лардың әлеуетін арттыра түсуге басымдық бере бастады. Еліміздегі өңірлерді дамытудағы университеттердің рөлін күшейту университеттің аумаққа әсер ету бағыттарын анықтау, сондай-ақ аймақтық даму үшін осы әсердің нәтижелері қаншалықты тиімді екенін бағалау үшін соңғы айларда үздіксіз зерттеулер жүргізілді. Сала министрі Саясат Нұрбек облыстардағы жоғары оқу орындарын аралап, барлық жағдаймен жіті танысып, аймақтардағы оқытушылармен, ғалымдарымен түрлі кездесулер өткізіп, талқылаулар, сараптаулар жасады.Оның ішінде министр Түркістан қаласына да жиі ат басын бұрып, өңірлік университет жұмысымен танысып кетуде. Осы ретте, жуырда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан облысы бойынша «Мамандығым – болашағым» өңірлік жобалық кеңсесінің ашылғанын айту парыз. «Мамандығым – болашағым» жобасы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қабылданған «Халық табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда. Оның негізгі мақсаты – аймақтың еңбек нарығындағы өзгерістерін болжау және оқушыларға ерте кәсіптік бағдар беру.
Кеңсенің тұсаукесеріне Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Қожа Ахмет Ясауи университетінің ректоры Жанар Темірбекова бастаған басшылық құрам, «Мамандығым – болашағым» бағдарламасы жобалар тобының жетекшісі Олжас Сәкенов, Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы жобалық кеңсесінің өкілдері және оқу орнының оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.
Жиында сөз бастаған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек білім беру жүйесін кадрлық қажеттіліктерге неғұрлым нақты бағдарлау мақсатында форсайт-зерттеулер жүргізудің, кадрларға өңірлік қажеттілік карталарын әзірлеудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, кадрларды даярлаудың өңірлік жүйесін жергілікті сұраныспен байланыстыру, университетте ғылымды дамыту, жастарды ғылымға тарту, жоғары білім беруді интернационалдандыру және цифрлық экожүйені қалыптастыру қажеттілігіне тоқталды. Жобаның бүгінге дейінгі негізгі көрсеткіштерін жіктеп атады.
Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жобаның берері мен маңызы туралы кеңінен баяндады. «Облыста елдің болашағы үшін маңызды жиынды өткізіп жатқандарыңыз үшін қуаныштымыз! Осы себепті облыс әкімдігі мен университет атынан сіздерге шынайы алғысымызды жеткізгіміз келеді. Бұл мәселе біздің өңіріміз үшін өте өзекті. «Мамандығым-болашағым» жобасы бойынша арнайы жол картасы әзірленіп, облыс әкімдігінің бекітуімен 2022 жылдан бері іске асырылуда» деген облыс әкімінің орынбасары өңірдегі кадр тапшылығы басым салалар туралы айтты. Сонымен қатар, қоғамның кез-келген экономикалық саласынан бастап, әлеуметтік, рухани-мәдени салаларына үлкен серпін беретін жастарды дұрыс мамандықтарға, іске бағыттаудың маңызы жайлы тілге тиек етті.
Университет ректоры Жанар Темірбекова жобаның маңыздылығына тоқталып, оның Түркістан облысын кадрлармен қамтамасыз етудегі құндылығын атап өтті және қатысушыларға жаңа қажетті дағдыларды меңгеруде сәттілік тіледі. «Аталған жобаға қатысты университеттегі әріптестеріміз былтырдан бері белсенді жұмыс істеді. Астана мен Алматы қалаларында түрлі оқыту семинарларына кеңінен қатысты. Ендігі кезекте, екінші кезеңге – өңірлік жобалық кеңсені құруға, өз командамызды қалыптастыру кезеңіне жеттік. Бұл барлығымыз үшін аса маңызды. Себебі, Түркістан облысының негізгі кадрларын даярлайтын өңірлік орталық – Ахмет Ясауи университеті» деді. Ал «Мамандығым – болашағым» бағдарламасы жобалар тобының жетекшісі Олжас Сәкенов аталмыш жобаның мақсаты мен маңызын саралады. Көптің көкейіндегі жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.
Аталған жоба шеңберінде университет қызметкерлері 5 күн бойы интенсивті режимде форсайттық зерттеу әдістемесі бойынша сертификаттау курсынан өтеді. Тренинг нәтижелері бойынша курс түлектері өңірлік жобалық кеңсе командасын құрып, Түркістан облысының кадрлар қажеттілігінің өңірлік картасын жасауға бағытталған аймақтағы негізгі сала мамандарының қатысуымен форсайттық зерттеулер жүргізеді.
Бүгінде «Мамандығым – болашағым» жобасы еліміздің 17 өңірінде жүзеге асырылуда. Соның ішінде Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды облыстары және Алматы мен Астана қалалары өңірлік кадрларға қажеттілік картасын әзірлеуді аяқтап, осы өңірлердің басым секторларының қатарынан келешегі бар кәсіптерді анықтады. Сондай-ақ оқушылардың кәсіби диагностикасы жүргізілді, оның нәтижелері бойынша оқушылар өздерінің бейіні мен кәсіби қызметте жүзеге асыру мүмкіндіктерін анықтады
Еліміздегі жоғары білімнің деңгейі әлемдік үрдістерге сәйкес дамып келеді. Тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа оқу орындары пайда болып, университеттердің саны өсе бастады. Түлектердің сапасына қарап университеттердің ғылыми-техникалық деңгейін бағамдауға болады. Қазіргі уақытта заманауи жоғары технологиялар негізінде өнім ойлап табуға, жасауға және шығаруға дайын жаңа деңгейдегі мамандар ауадай қажет. Заманның беталысы мен даму бағыты күн сайын құбылған мына заманда мамандықтардың өзгеруі жиі болатыны белгілі. Бір мамандыққа сұраныс артса, кейбір мамандықтардың қажеттілігі азайып отырады, сонымен қатар жаңа мамандықтар пайда болады. Сондықтан қоғамдағы сұраныс пен қажеттілік үнемі сарапталып, талқыланып білім саласы соған сай дамиды.Сондықтан біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды даярлау, басым бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту басты назарда. Осы орайда, енді ғылым және жоғары білім саласындағы жұмыстың ұйымдастырылуы мен қаржыландырылуы 2025 жылға дейінгі халықтың әл-ауқатын арттыру бағдарламасына «Мамандығым – Болашағым» жобасы бойынша еніп отыр. Түркістан облысының негізгі кадрларын даярлайтын өңірлік орталық – Ахмет Ясауи университеті болғандықтан өңірлік жобалық кеңсені осы оқу ордасында құрылуы заңды деп тұжырымды сөзән аяқтады министр Саясат Нұрбек.
–Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтып отырған жаңа дәуір өңірлік университеттерден өзінің зияткерлік, әлеуметтік және жасампаздық рөлін нығайту бойынша батыл іс-қимылды талап етеді. Отандық білім берудің үздік дәстүрлерін жалғастыра отырып, біздің университет өңірлік даму саласында кең ауқымды өзгерістердің көшбасшысы және қозғаушы күші болуға дайын, университет ректоры Ж.Темірбекова.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *