Жуырда оңтүстік астанамыз Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ғалымдарымен кездесті. Маңызды жиынға Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Ж.Темірбекова қатысып, Президентіміздің ғылым және жоғары білім саласындағы сындарлы саясаты, еліміздің алдында тұрған міндеттер мен жоспарлар туралы ақпаратқа қанығып, қанаттанып қайтты.
Мичиган Мемлекеттік университеті 2024 QS World University Rankings рейтингісінде 136-орында тұр және Білім беру бағдарламасы бойынша әлемде ең бірінші орынға көтерілген. Mичиган Мемлекеттік Университеті АҚШ-тың Мичиган штатындағы Ист-Лансинг қаласында орналасқан. Бұл оқу орнының негізі 1855 жылы қаланған екен. Университетте қазіргі таңда 50.000-нан астам студент білім алып жатыр және 5700 ОПҚ, 7200 әкімшілік қызметкері жұмыс істейді. Университетте 400-ден астам академиялық бағдарлама бар және дәл қазіргі таңда мұнда 10 мыңнан астам шет елдік студент білім алып жүр. 150 жылдық тарихы бар Мичиган Мемлекеттік университетінің үлкен қалашығының көшелеріне осы оқу орнында әр жылдары ректор, проректор қызметтерін атқарған, сонымен қатар оның дамып, өркендеуіне елеулі үлес қосқан ғалым-профессорлардың есімдері берілгені де бізге үлгі болатындай жәйт екені анық.Университеттің кампусы 21 км²-ты құрайды, мұнда 556 ғимарат орналасқан: 100 оқу ғимараты, 131 ауылшаруашылық, 166 тұрғын үй және 42 спорттық ғимараттар бар екен. Күзгі және көктемгі семестрлер кезінде университет кампусында 7 автобус бағдары тегін жұмыс жасайды. Мұнда студенттер үшін барлық жағдайдың жасалғаны бізді тәнті етті. Кітапхана, азық-түлік дүкені, пошта қызметі, оқу ғимаратындағы компьютерлер, интернет желісі, тіпті, үйіңнен алып келген ас-ауқатыңды жылытып ішер «микротолқынды» пешіне шейін студентке қызмет етеді. «Білім берудегі зерттеулер» бойынша тағылымдамадан өтіп жатқан бағдарламамызда бүгінгі таңда «АҚШтың жоғары білім беру жүйесі», «Үйренудіге мотивацияның рөлі», «Цифрлық технологиялар мен білім беру: қолжетімділік пен қиындықтар», «Ересектерді оқыту», «Университет деңгейінде оқытушылар мен академиялық қызметкерлерді дамыту және оқыту мен оқуды қолдау», «Сапалық зерттеулерге шолу, «Пәндер мен контекстерді байланыстырудағы академиялық сауаттылық» секілді тақырыптарда көптеген воркшоптар мен семинарларға қатыстық. Бағдарламаның мақсаты тек қана білім мен ғылымды дамыту емес, сондай-ақ мәдениетаралық құзыреттілік, дүниетанымды дамыту болғандықтан, жақында Детройт қаласындағы «Wayne State University» және «Cleary University-не» және Чикаго қаласындағы «University of Chicago» Жоғары оқу орындарын аралап, университеттердің жетістіктерімен және мүмкіндіктерімен таныстық, сонымен қатар алдағы уақытта Қазақстанның ғылым және білім саласын дамытуда тығыз байланыс орнату жайлы сөз қозғадық. Осындай мүмкіндіктер беріп отырған “Болашақ” бағдарламасын ұсын мемлекетімізге және Ахмет Ясауи университеті басшылығына зор алғыс айта отырып, Қазақстан ғылымы дамып, ғибратты ғалымдарымыз көбейе берсін деп тілеймін». Міне, біздің «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым тағылымдамасы» аясында шетелде білім жетілдіріп жатқан ғалымдарымыздың пікірі осылай өрбіді. Олар өз сөзінде жас ғалымдарға мемлекет тарапынан қолдау шараларын ұйымдастырып жатқан Президентімізге жүрекжарды тілектері мен алғысын жеткізді.
Қорыта айтқанда, университетте ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және қамтамасыз ету негізінен мына бағыттарда: іргелі, қолданбалы, іздестіру (бастамашыл) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, инновациялық жұмыстар, бөгде ұйымдармен шарт бойынша ғылыми зерттеулер; оқытудың инновациялық технологияларын және ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесі мен өндіріске әзірлеу бағытында кешенді түрде жүріп жатыр.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев инженерлік және техникалық саладан бастап, медицина, фармацевтика, биотехнология, агроөнеркәсіп, экология және да басқа бағыттардағы қазіргі ахуалға баға беріп, ғалымдарымызды әлемдік тәжірибеге иек арта отырып, отандық ғылымды дамытуға шақырды. Осы ретте, Түркістан облысында орналасқан ғылыми орталық ретінде танылған оқу ордамыз өңірлік ғылымды, отандық ғылымды дамытып оны өндіріс пен экономикамызды өрістетуге үлес қосуда.
Жалпы, бүгінгі жиыннан түйгеніміз, қазақ ғылымының келешегі зор, себебі ғалымдарға қолдау ең жоғары деңгейде бастама алып, мол жағдай жасалынып жатыр. Ендігі міндет, ел игілігі үшін қызмет ету және тың зерттеу жұмыстарын жүргізіп, озық технологиялар мен инновацияларды құру. Мемлекет басшымен өткен кездесу отандық ғылымды өрістетуге оң серпін береді деп ойлаймын. , деді жиынға қатысып қайтқан ХҚТУ ректоры Ж.Темірбекова.