Жуырда оңтүстік астанамыз Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ғалымдарымен кездесті. Маңызды жиынға Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Ж.Темірбекова қатысып, Президентіміздің ғылым және жоғары білім саласындағы сындарлы саясаты, еліміздің алдында тұрған міндеттер мен жоспарлар туралы ақпаратқа қанығып, қанаттанып қайтты.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев саланың өзекті мәселелерін тізбектеп айтып, жаңа жобаларды және ел ғалымдарының мүмкіндіктерін баяндады. «Біз көшке ілесетін емес, көшті бастайтын елдердің қатарында болуымыз керек. Бір сөзбен айтқанда, ғылыми әлеуетімізді арттыру қажет. Жалпы, осы бағытта біраз шаруа атқарылып жатыр. Мен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында бірқатар нақты тапсырма бердім. Барлық мәселе менің тікелей бақылауымда.Қазір «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы Парламентте қаралып жатыр. Кеше Сенат оны бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл – өте маңызды әрі көптен күткен құжат. Ғылымды басқару жүйесін жетілдіру керек. Ғалымдарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі де өте маңызды. Сондықтан заңда ғылыми қауымдастықтың мүддесі барынша ескерілетін болады», – деді мемлекет басшысы Қ.Тоқаев.
Стратегиялық бағдарымыз Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға және халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталғанын ескерсек, бұл межеге ғалымдарымыздың күші мен тың жобаларынсыз жету мүмкін емес. Қуатты эканомиканы құрып, әлемдік аренада бәсекелестік көрсете алуымыз үшін ғылым мен инновацияны дамытудың маңызы зор. Мұны, бүгін Президентіміз тағы бір рет еске салды.Әсіресе, Мемлекет басшысының іс-сапарлар кезінде де ғылым саласын үнемі назарда ұстап, шетелдік ғалымдармен арнайы жүздесіп, отандық ғалымдармен тәжірибе алмасуға шақыратыны ерекше әсер етті. Ғалымдарға қолдау осындай қарапайым қарым-қатынастардан басталады.«Біз ғалымдарға жағдай жасау керек деп жиі айтамыз. Бұл – құр сөз емес. Мемлекет тарапынан нақты жұмыс жасалып жатыр», — деді Тоқаев.
Расында да, жыл өткен сайын ғылымға бөлінетін қаржы ұдайы артып келеді. Білікті кадрлар әзірлеуге арналған грант саны соңғы жылдары бір жарым есе көбейді. Бүгін Мемлекет басшысы алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да артып, бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінетінін мәлімдеді.
Президентіміз: «Жас ғалымдарымыз туған еліне пайдасы тиетін жұмыспен айналысқаны жөн. Ұрпақтың білімді, отаншыл, мемлекетшіл болуы маңызды. Жастарымыз Адал азамат болуы керек. Еліне, өз ісіне адал азаматтар ғана Қазақстанды көркейте алады», — деп сенім артып, ғалымдарымызды қолдаудың барлық мүмкіндіктерін қарастырып жатқанын тағы бір дәлелдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде ғылым мен жоғары білім салаларын дамыту үшін қабылданып жатқан кешенді шараларды атап өтті. Нақтырақ айтқанда, білікті кадрлар әзірлеуге арналған грант саны соңғы жылдары бір жарым есе көбейді. Қазақстанда әлемнің беделді 12 жоғары оқу орнының филиалы жұмыс істеп тұр. Көп ұзамай тағы бірнешеуі ашылады. Зерттеу жұмыстарымен айналысатын университеттер көбеюде. Технология парктері және инжиниринг орталықтары ашылып жатыр. Жыл сайын 500 ғалым шетелде тағылымдамадан өтеді. Министрлік жас ғалымдарға мыңдаған грант бөліп жатыр. Президенттің пікірінше, мұның бәрі – ғылымды дамытуға оң ықпалын тигізетін шаралар.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейетінін, ол үшін бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінетінін мәлімдеді. Сондай-ақ нақты шаралар арқылы еліміздегі ғылымды және жалпы ғалымдар қауымын қолдау жұмысы алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
Шара соңында Президент жас ғалымдарға әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету – мемлекеттің міндеті екенін атап өтіп, ғылымның түрлі саласында еселі еңбек етіп жүрген он жас ғалымға салтанатты түрде пәтер сертификаттарын табыстады.
Сонымен қатар жиында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары Шахислам Лайсханов сөз сөйледі.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен Yassawi University Ғылым Департаменті Ұлттық ғылым академиясының жаңа мүшесі, жас ғалым ретінде мен де Нұрсыұлтан Нуридинов Мемлекет басшысымен кездесуге қатысып қайтты. «Еліміздегі өзім сияқты барлық жас ғалымдарға жасалынып жатырған қолдауларды өз көзіммен көріп, өз құлағыммен естіп, марқайып қайттым. Сондай-ақ, жиын барысында «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не бере аламын» деген жалынды жастармен керемет кездесу болды, дейді жас ғалым.
Қазіргі таңда Ахмет Ясауи университеті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарын негізгі ала отырып, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін белсенді жүргізіп келеді. Университет ғалымдары түркология, археология, дінтану, тарих, экономика, математика, физика, ақпараттық технологиялар, экология, электр энергетикасы, биотехнология, медицина және т.б. салаларда зерттеулер жүргізеді.
«Ғалымдарымыздың ғылыми зерттеу жұмыстары сәтті жүріп, қазіргі таңда нәтижесін көріп отырмыз. Бүгінгі таңда университетте 34 жоба жүзеге асырылуда. Жалпы, ғылыми жобаларды қаржыландыру бойынша, ақпарат ұсынатын болсақ, 2021 жылы мақұлданған жобалар саны – 9 болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш – 18-ді құрады. Ал қаржыландыру сомасы 2021 жылы – 394 млн теңге болса, 2023 жылы – 1 млрд 638 млн теңгеге жетті. Сондай-ақ, жас ғалымдардың гранттық жобаларын қаржыландыру да артып келеді. Университетіміздің бірқатар жас ғалымдары «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым тағылымдамасы» аясында Ұлыбританияның Рединг унивеситетінде тағылымдамадан өтіп жатыр. Ғылым апталығына байланысты әріптестер Тұманды альбионнан сәлем жолдап, өз лебіздерін білдірген еді. Солардың бірі PһD Ерлан Жиенбаев: «Болашақ бағдарламасының «500 ғалым тағылымдамасы» аясында Ұлыбритания еліне келгеніме қуаныштымын. Рединг университетінде Жоғарғы оқу орны менеджменті саласы бойынша 11 айлық тағылымдамадан өту — бір ғалым оқытушының біліктілік арттырып шыңдалуында оң әсер етері анық. Рединг университеті Англияның оңтүстік-батысында, Лондонның Хитроу әуежайына жақын орналасқан. 150 жылдан астам тарихы бар жоғарғы оқу орнында қоғамдық ғылымдар, бизнес, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі саласындағы тәжірибесімен танымал. Сондай-ақ екі шетелдегі кампустары және ондаған халықаралық серіктестері бар. 2024 жылғы QS World University Rankings рейтингінде 169-орынға ие болған Рединг университеті әлемдегі ең үздік 200 университеттің қатарына кіреді. Ал, Ұлыбритания университеттері арасында үздік 26-шы орында тұр.
«Біз «ЖОО білім беру менеджменті бағдарламасы» бойынша тағылымдамадан өтіп жатырмыз. Бірнеше жылғы тәжірибемізге сүйене отырып, қазіргі таңда осы университеттің жалпы білім беру жүйесіндегі айырмашылықтар, ұқсастықтар туралы салыстыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. |Бір қуантарлық тұстары өзіміздің Қожа Ахмет Ясауи университетінің даму стратегиясының дұрыс жолда екеніне көзіміз жетті. Сондықтан өз әріптестерімізге рақмет айтамыз. Біз қашанда, қай жерде болмасын туған Отанымызды, жерімізді, қаламызды, қара шаңырақ университетімізді мақтан тұтып, жетістіктерін айтып, білімдегі, ғылымдағы жасалып жатқан оң істерді көрсетіп отырамыз және соған жұмыс жасаймыз. Ғылым апталығында киелі Түркістандағы университетіме, басшылыққа, әріптестерге рақмет айтып, QS рейтінгінде жоғары көрінейік және ғылымда жаңалықтар жасайық дегіміз келеді», -дейді, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор әріптесіміз Пакизат Адиева.
Әріптесіміз, жас ғалым PhD доктор, ағылшын филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Зерде АҚШ-тың Мичиган университетінле тағлымдамадан өтіп жатыр. З. Дүйсембекова АҚШ-танжиынға онлайн қатысып, сәлемін жолдады. «Болашақ» бағдарламасы аясында «500 ғалым тағылымдамасы» байқауынан өткенімде қатты қуандым. Мұхит асып, жер шарының екінші жартысына келгеніміздің басты мақсаты — тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы басқа елдің білім беру саласындағы бай тәжірибесінен тағылымдама алу. Осылайша, тәуелсіз еліміздің ғылымы мен білімін дамытуға үлес қосу. АҚШ-тың Мичиган Мемлекеттік университетінің осы бағыттағы жұмыстарымен етене танысып, өз тәжірибемізді арттыру.
