ТҮРКІСТАНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА – 2

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қазанда жарияланған «5 қадам» сайлауалды бағдарламасы аясында «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданады. Осы заң аясында жәәне жоспар бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігі қолданбалы ғылымды қаржыландыруды ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.

Ахмет Ясауи университетінің ғылыми жұмыстарын қаржыландырудың жалпы көлемі (гранттық, бағдарламалық-мақсатты, коммерцияландыру, ҒЗИ мен өндірістік кешен, ынталандыру қаржылары) 2022 жылы 642 774 635 теңгені немесе университет бюджетінен (6 632,2 млрд. т) — 10,7 % құраса, бұл көрсеткіш 2023 жылы 993 841 464 теңгені, яғни университет бюджетінен (7 347,7 млрд. т). Жалпы  жобалық  пайызға шаққанда — 13,5 % құрады.

Жергілікті атқарушы орган және бизнес өкілдерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалардың үлесі 28 млн. теңгені құрады. Қазақстандық және шетелдік ғылыми зерттеулердің, сондай-ақ талдамалық, ғылыми- көпшілік және өзге де материалдардың нәтижелерін жариялау мақсатында Ахмет Ясауи университетінің мынадай мерзімді басылымдары шығарылады: http://ayu.edu.kz/scientific-publications):

1)Clarivate analytics, Scopus деректер базасына кіретін «Bilig» журналы (Түркияда шығарылады);

2)       «Ахмет Ясауи университетінің хабаршысы» журналы (философия, тарих, педагогика, филология бағыттары);

3)       «Түркология» журналы;

4)       «Қ.А.Ясауи атындағы   қазақ-түрік          университетінің   хабарлары (математика, физика, информатика сериясы)».

6)       «Eurasian Research Journal» халықаралық рецензияланған ғылыми журналы және 7)         «Asia Europe» журналы.

Үкіметаралық Өкілетті Кеңесінің шешімімен Ахмет Ясауи университеті жанынан Алматыда құрылған Еуразия ғылыми-зерттеу институты білім, мәдениет және қоғам салаларын, саясатты, экономиканы, энергетиканы, көлікті, әсіресе, Еуразия аймағы үшін Қазақстан мен Түркияға, түрік тілдес мемлекеттер мен қауымдастықтарға қауіпсіздік және т.б. салааралық ғылыми зерттеулерді жүргізуді мақсат етеді. Сондай-ақ,зерттеу нәтижелерін жариялау, сәйкес салалардағы жобаларға қолдау көрсету арқылы университеттің академиялық дамуына, Түркия мен Қазақстан арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, тұрақты даму және аймақтық ынтымақтастықты тереңдету мен бейбітшілікті сақтауға үлес қосады.Осы айтылған мақсаттар аясында Түркістан облысының әлеуметтік, мәдени және экономикалық салаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу институттың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Осы зерттеулер мен жүйелі түрде өткізетін симпозиумдар, конференциялар мен семинарлар сияқты ғылыми іс-шаралардың арқасында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аймақтық және жаһандық бақылау және танылу деңгейі жыл сайын артып келеді. Бұл серпін ғылыми-зерттеу мекемелерінің рейтинг нәтижелерінен де көрінеді.

Университеттің археолог-ғалымдары өткен жылдың күзінде ежелгі Сығанақ қалашығында үлкен кешенді жұмыстар жүргізді, бұл осы объектіні ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне қосу жөніндегі мәселені қозғауға мүмкіндік берді.Жалпы, ғылым саласы бойынша үлкен жұмыс жасалып жатыр. Нәтиже де жаман емес. Халықаралық сарапшылар тарапынан жақсы пікірлер алып, рейтингтердегі орнымыз біршама алға жылжыды. Университеттердің дүниежүзілік рейтингі бойынша әлемге әйгілі QS World University Rankings by Subject 2023 рейтингіне енген 8 қазақстандық университеттің қатарынан көріндік. Сондай-ақ, былтыр алғаш рет Qs World University Rankings 2023-ке еніп, әлемдегі университеттер арасында 714-ші орынға жайғасты. Мұның бәрі университет ұжымының ортақ жұмысының көрсеткіші.

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті – өңірдік әлеуметтік экономикалық әлеуетін көтеруге атсалысуды  басты меже етіп  қойып, сол бағытта көп жұмыс жасалып жатыр. Универсиитет ұжымы Түркістан облысы үшін, Қазақстан және күллі Түркі әлемі үшін қандай пайдалы жобалар жасай аламыз деген сұраққа үнемі жауап іздеумен келеді. Осы мақсатта, өткен  жылы университеттің  айтулы датасына  арналған үлкен 30 жоба іске асты, ол жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Жүзеге асырылған жобалардың ішінен, атап өтуге болар:  Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігімен (ТИКА) бірлесіп, «Анажұрттан – Атажұртқа денсаулық көпірі» атты ауқымды жоба жүзеге асырылды. Аталған жоба аясында университет емханасына Түркия Республикасынан 1 321 000 АҚШ доллары сомасына дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар түріндегі гуманитарлық көмек келді. Сонымен қатар, осы жоба аясында 2022 жылы университетте жалпы құны 160 мың АҚШ доллары шамасында екі жаңа зертхана (микробиология мен анатомия) іске қосылды және клиникамызға құны 90 мың АҚШ доллары болатын 290 бірлік заманауи медициналық құрал-жабдықтар әкелінді. Ал 2023 жылы Түркиядан педиатрия, генетика, оториноларингология, урология, кардиология, эндокринология, жұқпалы аурулар, травматология және ортопедия салалары бойынша танымал 30 медицина профессоры келіп, университеттің медицина факультеті мен клиникасында мастер-кластар мен семинарлар жүргізді, Түркістан облысы бойынша науқастарды тегін медициналық тексеруден өткізіп, ота жасады. Сонымен қатар университет клиникасының 27 дәрігері мен оқытушысы Түркияның жетекші университеттерінің клиникаларында (Medipol, Gazi, Marmara, İstinye, Cerrahpaşa) біліктілігін арттырып келді. Биыл Түркістан облысының тұрғындарына ауқымды медициналық қызмет көрсету үшін Түркиядан жоғары санатты 45 дәрігер келеді деп жоспарланып отыр. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркі өркениетін жаңғыртып, әлемді Ясауи мұрасы мен қасиетті Түркістанмен таныстыру арқылы түркі әлемінің дамуы мен аса маңызды экономикалық, мәдени және гуманитарлық өңірлердің біріне айналуына өз ықпалын тигізуде. Сонымен қатар университеттің барлық бөлімдерінің мүдделері мен өзара мүдделі әрекеттестіктерін ескере отырып классикалық жүйедегіден басқа интеграцияланған платформа да ұсынылады. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «AYU» автоматтандыру жүйесі іске қосылды. «AYU» автоматтандыру жүйесі — бұл университетте үдерістерді ақпараттық технологиялар арқылы жүргізуді қамтамасыз ететін жүйе.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жаңа Түркістан облысын құру туралы шешімі өңірді жаңа формациядағы жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етудің маңыздылығын айқындады.Өңірдің табысты дамуы көбінесе мемлекеттік қызметтің адами капиталының және экономиканың нақты секторының, сондай-ақ әлеуметтік саланың сапасымен айқындалатын болады.Мемлекеттік басқару саласында білім мен тәжірибе алмасу барысында кәсіби платформа құру үшін «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі», «Түркістан Мемлекеттік басқарудың жазғы мектебі» сияқты түрлі жобаларды іске қосу, мемлекеттік қызметшілер үшін шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастыру және т.б. халық қызметшілері ретінде мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыру өзекті болып отыр.

Қазақстанның оңтүстігіндегі аридті аймақтардың жерсіндірілген өсімдіктерінің экологиясы жеткіліксіз зерттелген. Бұл өсімдіктердің құрылымдық ерекшеліктерін білу олардың қоршаған ортаның қатал жағдайларына бейімделуінің күрделі жолдарын анықтайды.

Қазақстанның оңтүстігіндегі шөлді-далалық жағдайлар өсімдік организмдеріне әсер ететін қолайсыз факторлардың ерекше күрделілігімен ерекшеленеді.Мұның бәрі өсімдіктерді осы аудандарға әкелуге қиындықтар туғызады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *