Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қазанда жарияланған «5 қадам» сайлауалды бағдарламасы аясында «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданады. Осы заң аясында жәәне жоспар бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігі қолданбалы ғылымды қаржыландыруды ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.
«Мен ғылым саласына ерекше мән беремін. Себебі ғылым, білім мәдениеті болмаса, Қазақстан әрі қарай дами алмайды. Жақында біз Ғылым академиясына реформа жүргіздік, өте танымал әрі практик ғалымды президент етіп тағайындадық. Ғылым жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткіздім. Таяу арада сіздер де ғалымдар мен тәжірибелі мамандардың қатарын толықтырып, мемлекетіміздің дамуына елеулі үлес қосасыздар деп санаймын», деген болатын ел Президенті Қасымжомарт Тоқаев М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан өңірлік университеті ұжымымен өткен кездесуде.
«Бүгінгі таңда біздің алдымызда университеттік ортада ғылымның дамуын ынталандыру ғана емес, сонымен қатар оның және өңір экономикасының нақты қажеттіліктерінің арасында тығыз байланыс орнату міндеті тұр. Өңірлік жоғары оқу орындарының бұл бағыттағы әлеуеті зор», — деді осыған орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Мемлекет басшысы бүгінде өңірлерді, өңірлік ғылымды дамытуды және де жалпы елдің ғылыми әлеуетін көтерудеұсынып, Үкіметке тапсырма беріп келеді. Сондай-ақ, Президент қазір Парламентте «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы талқыланып жатқанын атап өтіп, бұл құжат ғылымның дамуына зор серпін беретініне сенім білдірді. «Ғылым мықты болса, мемлекетте қуатты болады». Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес отырысында осылай деген мемлекет басшысы шетте жүрген Қазақстан ғалымдарын елге шақырды. Олардың отандық ғылымды дамытуға сүбелі үлес қосып, серпін беретініне сенім білдірген болатын Мемлекет басшысы үстіміздегі жылдың 12 сәуір күні Алматыдағы Ұлттық Ғылым Академиясында отандық ғалымдармен өткен кездесуде. Иә, Түркістан облысында орналасқан өңірлік университеттердің бірі де бірегейі Түркістандағы – Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. Бүгінде отыз үшінші белесті артқа тастап дамудың даңғыл жолына түскен оқу ордасында өңірлік ғылымды дамыту бағытында да, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын оң әсерін тигізіп, дамуына серпін беріп жатқан құптарлық қадамдары туралы таратып айтсақ дейміз.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен және ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық орнатты – бұл «Кентау трансформатар зауыты» АҚ, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы, сонымен қатар білім беру және тәжірибелік база мақсатында «Халық банк» АҚ, Түркістан облысы филиалы, «Риксос» РМҚК (қонақ үй бизнесі және мейрамхана ісі) меморондум түзіліп, дуальды білім беру жүйесі іске қосылған. Университеттегі IT және электр энергетикасы бағыттары бойынша: Кентау қаласында зертханалық базаны одан әрі дамыту, тиісті жабдықтарды, компьютерлерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді, электр энергетикасы, телемеханика, автоматика, радиотехника, жалпы физика, гидротехника жөніндегі зертханаларды сатып алу. Кентау қаласында индустриялық- инновациялық аймақ базасында IT кластер құру университеттің стратегиялық жоспарында тұрған басфым бағыттардың бірі.
Университетте «ҚР Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-да бекітілген ҒЗЖ-ның 12 бастамашыл бағыты бар, олар университеттің Үкіметаралық Өкілетті кеңесімен қаржыландырылады. Оқу процесіне және өндіріске 158 ҒЗЖ енгізілді.
2020-2022 жылдары 163 ғылыми-зерттеу жобасы орындалды және осы кезеңде ҒЗТКЖ қаржыландыру 1 760,9 млн. теңгені құрады. Бүгінгі таңда университетте 34 жоба жүзеге асырылуда. Жалпы, ғылыми жобаларды қаржыландыру бойынша, ақпарат ұсынатын болсақ, 2021 жылы мақұлданған жобалар саны – 9 болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш – 18-ді құрады. Ал қаржыландыру сомасы 2021 жылы – 394 млн теңге болса, 2023 жылы – 1 млрд 638 млн теңгеге жетті.
— 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми– техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс бойынша — 2,
— 12 ай іске асыру мерзімімен 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс бойынша — 6,
— 27 ай іске асыру мерзімімен 2021-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс бойынша – 2,
— 2022-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс бойынша -1,
— 2022-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық жобалардың гранттық қаржыландыру конкурсы бойынша – 6.
— ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға арналған конкурс бойынша -1;
— Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық институты қаржыландыратын «Multi-Vector Ocean Corridors-policy Proposals for Development of the Northern Corridor» халықаралық жобасы бойынша -1.
Коммерцияландыру бойынша ғылыми гранттар университет ғылымын дамытудың жаңа бағыты болып табылады. Ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі республикалық конкурстың қорытындысы бойынша ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Ғылым қоры» АҚ-нан жалпы сомасы 745,5 млн.теңгеге 4 ірі грант ұтып алынды. Бүгінгі таңда 402 млн.теңге сомасына 2 жоба табысты іске асырылып жатыр.
2021 жылы 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы нәтижелері бойынша (ҚР БҒМ) Археология бағытында 150 млн. теңге сомасына грант ұтып алынды. Жоба Қазақ хандығының астанасы Сығанақ қаласы туралы ұғымды кеңейту үшін кешенді археологиялық зерттеулер жүргізуге бағытталған.