ТҮРКІСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ХАЛЫҚҚА ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

«Былтыр Мәдени саясаттың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдадық. Бүгінде мемлекет осы маңызды саланың инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән береді. Тек соңғы үш жылда ел аумағында 700-ден астам ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 168 жаңа нысан салынды. Мәдениет және өнер мекемелерін жабдықтау деңгейі біртіндеп жақсарып келеді. Соңғы отыз жылда алғаш рет бейінді оқу орындары мен мемлекеттік концерт ұйымдарына музыкалық аспаптар сатып алуға бюджеттен қаржы бөлінді», – деген болатын Президент Қ.Тоқаев 2024 жылдың 21 мамырында еліміздің мәдениет және өнер қайраткерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында мәдениет қызметкерлеріне қолдау көрсету керек екенін айтты. Мәдениеті өскен мемлекеттің және дамыған 30 елдің қатарына қосыламыз деген алдымызға қойған мақсатымыз бар, сондықтан мәдениет пен әдебиеттің рөлі зор. Сол үшін біз ерінбей жұмыс істеуіміз керек, деп тұжырыдаған болатын Мемлекет басшысы.

Түркістан қаласы облыс орталығына айналып, түрлене, гүлдене түскен бүгінгі күні қаланың өз мәртебесіне лайық мәдениет мен өнері, рухани келбеті артып келеді. Осы ретті қалалық Мәдениет үйінің директоры Лиза Төлегенқызы ШӘМЕТ ханыммен аз-кем әңгімелескен болатынбыз.

  • Лиза Төлегенқызы, осы салада біраз жылдан бері қызмет етіп келесіз , шаһар мәдениетінің мерейін асырған ауқымды іс-шаралар туралы айтып кетсеңіз.

Біздің, қалалық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен талай ауқымды іс-шаралар, мәдени жобалар жүзеге асып келеді. Солардың бірі де бірегейі қаламызда 14 жылдан бері дәстүрлі өтіп келе жатқан «Jas tolqyn» жас эстрада әншілері мен іс-шара шара жүргізушілерінің аймақтық байқауына ерекше тоқталып өтсем деймін. Ол өткен жылы  «Ақжайық» музыка мектебінің көрермендер залында өткен болатын. Байқаудың мақсаты — жас таланттар мен дарындарды табу және оларға шығармашылық бағытта қолдау көрсету. Мемлекеттік Рәміздер Ел Туы, Елтаңба, Әнұранды қастерлеу. Ел Президентінің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» мақаласын жүзеге асыруда жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және эстрадалық ән өнерін дамыту, жас таланттарды таныту.

2009 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан байқау былтыр «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы, Түркістан-Түркі елдерінің мәдени астанасы» атануына және де  композитор Ғазиза  Жұбанованың 95 жылдығына арналды.Байқауға 29 үміткер өтініш білдіріп, оның 20 үміткері іріктеуден өтіп келіп,аймақтық байқауға 14 пен 21 жас аралығындағы әнші, мәдени іс-шара жүргізушілері бақ сынады. Олардың арасында Ордабасы, Бәйдібек, Отырар аудандары мен Кентау қаласынан қатысқан үміткерлер де болды

Болашақ сахна саңлақтары сынға түскен сайыста әншілер жанды дауыста патриоттық әнді І кезеңде орындаса, келесі кезеңде «Түркістан» тақырыбындағы әндерді орындауы шарт болды.  Ал, жүргізушілер үшін өлең, әңгіме, драмалық яғни кез келген көркем шығармадан үзінді оқу талабы бірінші кезеңге қойылса, кез келген тақырыпта мәдени іс шараны дайындап жүргізу яғни әдеби-сазды кеш, байқау, концерт, дөңгелек үстел сынды шаралармен қоса қосымша «импровизациялық» аудиториямен жұмыс және әділ-қазылар тарапынан берілген сұрақтарға жауап берулері тиіс болды.

Байқауда мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік болып танылғандардың есімдері де анықталды. Қазылар алқасы сараптай келе, өздерінің қорытынды сөздерінде сахна мәдениеті мен аудиториямен жұмыс, әнді дұрыс орындау шеберліктерін ескере келе, марапаттау рәсімін бастады. Сонымен, «Jas tolqyn-2023» жас эстрада әншілері мен іс-шара жүргізушілерінің аймақтық байқауында әншілер арасында жүлделі Бас жүлде Оқушылар сарайынан қатысқан Ж.Сүлейменоваға бұйырса, І орынға Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінен қатысқан Е. Жолдасов лайық деп танылды. Қос бірдей ІІ орын Отырар ауданынан келген Р.Рахымжан мен Түркістан қаласы балалар мен жасөспірімдер орталығынан қатысқан үміткер Ұ. Қалыбайға табысталды. Ал, ІІІ орынды Хамза атындағы №2 мектептен құралған «Шалқыма» триосына берілді. Енді жүргізушілер арасында анықталған үздіктердің есімдерін тарқатсақ, жүлделі І орынның биігін Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің студенті Ә.Пернебаев еншілесе, ІІ орынды №19 Төле би атындағы жалпы орта мектебінен қатысқан Б.Еділбай еншіледі. Ал, жүлделі ІІІ орынның тұғырына Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің намысын қорғай келген Ш.Шәкіржан тұрақталған болатын. Сондай-ақ, жекелей және топпен қатысқан барлық қатысушыларға қаржылай сыйлықтар мен арнайы номинациялар ұсынылды. Жүлделі орын иегерлеріне дипломдар табысталып, байқауға қатысушылардың ешбірі марапаттан тыс қалмады. Бұл дәстүрлі  байқау талай таланттың томағасын сыпырып, өнер көгіне самғатып, қанаттандырған жоба екенін айта кеткім келеді. Сонымен қатар, қаламыздағы үлгілі отбасыларды көпшілікке таныту,  өнегелі  құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мәртебесін арттыру, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру мақсатында  «Отбасы – алтын діңгек» тақырыбында үлгілі отбасылар арасында байқау 5 жылдан бері бізде тұрақты түрде өтіп келе жатыр. Біз бұл байқауды тіпті әлемдік індет жайлаған (Covid-19) карантин тұсында да тоқтатпай онлайн түрінде өткізгенбіз «Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі» деп тегін айтылмаса керек. Шаңырақтың шаттығы мен ұлттық тәрбиені ұлықтайтын бұл байқауда тіпті жасы 80-нен асқан өткен ғасырдың сан түрлі соқпақтарынан өтіп, бүгінгі күнге аман-есен жеткен данагөй ақ жаулықты аналарымызда қатысты. Өткен жылы , Тілеулиевтер, Өсербаевтар, Жакиповтар, Тулежановтар отбасы үш кезең бойынша бақтарын сынады. Екі сағатқа созылған байқау нәтижесіне сәйкес, Бас жүлдені Жакиповтар отбасы еншілесе, І орын Тулежановтар отбасына бұйырды. Ал, ІІ орынды 84 жастағы Рыс апаның шөберелерімен қатысқан Ташметовтер отбасы алса, ІІІ орынға Тілеулиевтер отбасы лайық деп танылды. Ал, биылғы жылғы байқау қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынның көгінен Ақтөреевтер отбасы көрініп, 100 мың теңге қаржылай сыйлықты қанжығаларына байласа, ІІ орын Алтынбековтер отбасына 150 мың теңгесімен қоса бұйырды. Сондай-ақ, тағы бір ІІ орынды Парменовтар отбасы ақшалай сияпатымен қоса алса, І орынның биігін Атаевтар отбасы 200 мың теңгесімен бағындырды. Бәйгеде оза шауып, бас жүлдені еншілеген Жақыпбековтер отбасы 250 мың теңгемен марапатталды.

-Қателеспесем, айтыс өнеріне байланысты да тұрақты түрде дәстүрлі шаралар өткізіп жүрсіздер ғой, солай емес пе?

— Айтыс өнері — қазақтың қанына сіңген бекзат өнер. Бабалардан қалған осы өнерге елеңдемейтін қазақ жоқ. Еңсе тіктеген баласынан еңкейген қариясына дейін суырып салма ақындарды тыңдаудан жалыққан емес. Топырағы киелі Түркістан өңірінде аламан айтыстар ұдайы ұйымдастырылып келеді. Соның бірі –  «Түркістаным — Тұраным» және жазушы, ақын Сырбай Мәуленовтың 100 жылдығына орай қалалық ақындар айтысы өткен болатын. Жыр додасына Түркістан қалалық мәдениет үйі мұрындық болды.

Ұлы Дала елі орталығында өткен айтысты көрмекке ақ жаулықты әжелер мен мектеп оқушылары қатысты. Ұзын саны 10 айтыскер ақын 5 жұпты құрады. Дүбірлі айтыста ақындарымыз Сырбай Мәуленовтың 100 жылдығын тақырыпқа арқау етіп, жырдан шашу-шашып, бір-біріне өткір сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар қайтарып, айтыс сүйер қауымның көңілінен шығып, көрермендерді желпіндіріп отырды.     Шындықты домбыраның шанағына сыйдырған ақындардың өнеріне көрермен риза болды. Сахнаға шыққан екінші жұпта суырыпсалмалылығымен дес бермеді. Сөзден сүрінбеді. Ғасырлардан бері халықпен біте қайнасқан айтыс кезегін Мейіржан Мейірбекұлы мен Бекарысұлы Шахмардан жалғады. Көпті күлдіріп, айтыстың жарасымды үлгісін көрсетті. Бірін-бірі әзіл қалжыңмен қағытып отырды. Жыр додасында бақ сынаған ақындар сөзге шешендігі мен ой ұшқырлығын көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *