ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУГЕ ЫҚПАЛЫ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университеті түркітілдес елдердің жастарынан заманауи жоғары білікті мамандар даярлау мақсатында түркі әлемінің рухани орталығы – Түркістанда осыдан 33 жыл бұрын ашылған болатын

Бүгінде университет заманауи көп бейінді университет ретінде қалыптасты: жеткілікті материалдық-техникалық база құрылды, оқу ғимараттары, кітапханасы, жатақханалары бар университет қалашығы (кампус) салынды; көп деңгейлі кадрларды даярлау іске асырылуда: жоғары базалық білім (бакалавриат), интернатура, магистратура, резидентура және докторантура. Қазіргі уақытта университетте 1000–нан астам оқытушы жұмыс істейді, орташа ғылыми дәрежелілік көрсеткіші — 50%. Профессор-оқытушылар құрамының (бұдан әрі – ОПҚ) және әкімшілік персоналдың шамамен 5%-ы Түркиядан және басқа да шет мемлекеттерден келген мамандардан құралған.

Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне ерекше мәртебе берілді.

Университет өзі құрылған күннен бастап Түркістан қаласының қала құраушы нысанына айналды және аймақтың білім беру, ғылыми, мәдени, әлеуметтік әлеуетін арттыруға елеулі әсер етті.

Университет осы уақыт ішінде жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында 85 мыңнан астам жас маманды даярлады, олардың ішінде бүгінде өз Отанының игілігі үшін табысты еңбек етіп жатқан жақын және алыс шетелдерден келгендер де бар.

Бүгінгі таңда Ахмет Ясауи университетінде 10.653 студент білім алып жатыр(дайындық — 557 тыңдаушы, бакалавриат — 8312 студент, магистратура — 511, интернатура — 1063, резидентура — 159 және докторантура — 51), оның ішінде 19 елден 1138 студент (сурет 1). Сондай-ақ, Ахмет Ясауи университеті, медициналық және стоматологиялық факультеттері бар «full university» университеттерінің халықаралық санатына кіреді.

  • Кадрларды даярлау бағытына сәйкес білім алушылар контингенті

 

Кадрларды даярлау бағыттарының атаулары %
Бизнес, басқару, қызметтер және құқық 9,3
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, журналистика, тілдер мен әдебиет 10,4
Жаратылыстану ғылымдары, математика, Инженерия және инженер ісі 11,1
Денсаулық сақтау 34,5
Өнер 3,3
Педагогикалық ғылымдар 28,7
Дайындық бөлімі 2,7
БАРЛЫҒЫ 100

Білім беру қызметі білім берудің барлық деңгейлері мен тоғыз саласында

157 білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Педагогикалық ғылымдар, өнер және гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, бизнес, басқару және құқық, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық- коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина). Білім беру бағдарламаларының 14-і 2021 жылы жаңадан енгізілген (9 %), 52-і жаңартылған (33 %). 

Университет Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарға жауап береді, интернационализацияның ең жоғары деңгейіне ие: 19 мемлекеттен келген 27 ұлт өкілдерінен құралған 1138студенті бар (13,2 %). Университетте 10 мыңнан астам білім алушы қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде білім алады.

Жетекші халықаралық университеттермен стратегиялық серіктестік қарым-қатынас орнату Ахмет Ясауи университетінің институционалды дамуын жеделдетуде маңызды рөл атқарды. Түркиялық жоғары оқу орындары университеттің стратегиялық серіктестері болып табылады. Жалпы, Ахмет Ясауи университеті 50-ден астам университетпен белсенді жұмыс істейді. Бүгінгі таңда жоғары оқу орны шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы 200 келісім-шарт және «Erasmus+» бағдарламасы бойынша 2 келісім-шарт (Сивас Жумхуриетуниверситетіжәне Памуккале университеттерімен) жасасты.

«Мевлана» академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде екі жақты келісім негізінде Түркияның жетекші жоғары оқу орындарымен (Хаджеттепе университеті, Гази университеті, Эрджиес университеті және т.б.) ынтымақтастық туралы 181 келісім-шарт пен меморандум жасалды.

Даму стратегиясы білім беру, зерттеулер, адами ресурстар, қоғамдық қызметтер көрсету және ЖОО инфрақұрылымы сапасының халықаралық стандарттар мен регламенттерге сәйкес болуына бағытталған. Біздің күш- жігеріміз оқу-ғылыми инфрақұрылымды, биотехнологиялық және медициналық бағыттар бойынша кластерді, сондай-ақ кадрлар даярлаудың педагогикалық бағыттарын дамытуға бағытталатын болады.

Медициналық бағыттар бойынша: оқу-зертханалық базаны, генетика, микробиология, биохимия, биофизика, симуляциялық модульдер зертханаларын жақсарту, сондай-ақ Түркістан облысының клиникалық базасын кеңейту. Бұл жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытуға мүмкіндік береді.

IT және электр энергетикасы бағыттары бойынша: Кентау қаласында зертханалық базаны одан әрі дамыту, тиісті жабдықтарды, компьютерлерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді, электр энергетикасы, телемеханика, автоматика, радиотехника, жалпы физика, гидротехника жөніндегі зертханаларды сатып алу. Біздің міндетіміз — Кентау қаласында индустриялық- инновациялық аймақ базасында IT кластер құру.

Қожа Ахмет Ясауидің зияткерлік және мәдени мұрасынан шабыт алып, ой еркіндігі мен әмбебап академиялық принциптерді сақтай отырып, ұлттық рухани сана-сезімі жоғары, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін, ынтымақтастық пен адам құқықтарын құрметтеудің маңыздылығын түсінетін Түркі әлемінің жастарына халықаралық стандарттарға сай, бәсекеге қабілетті және сапалы білім беру арқылы түркі тілдес елдердің ынтымақтастығына үлес қосу.

Жетекші халықаралық университеттер мен клиникалармен стратегиялық серіктестікте академиялық медициналық факультеттер интеграциясын дамытудың негізгі бағыттары:

—        Клиникалық практикамен интеграциялау арқылы медициналық бағыттардағы оқу үдерісінің сапасын жақсарту.

—        Ахмет Ясауи университетінің медицина факультеттері мен клиникаларын қамтитын медицинакластерін құру.

—        Түркістан қаласында салынып жатқан көп бейінді клиниканы басқаруды университетке беру арқылы университеттің клиникалық базасын дамыту. Ахмет Ясауи университеті клиникасын қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру (МРТ, КТ, ангиограф, мамограф және т. б. сатып алу)

—        Еңбек нарығында медициналық бағыттар бойынша сұранысқа ие мамандарды даярлаудың жаңа бағыттарын ашу (IT-медицина, кардиохирургия, медициналық жабдықтар инженері және т.б.).

—        Әлемнің жетекші білім беру және ғылыми орталықтарында ОПҚ даярлау, біліктілігін арттыру арқылы медициналық мамандықтардың кадрлық әлеуетін арттыру, сондай-ақ үздік мамандарды шақыру.

—        Жетекші медициналық білім беру орталықтарымен ғылым және инновация саласындағы ынтымақтастықты кеңейту.

«Yassawi» академиялық артықшылық орталығы аясында келесідей зертханалар мен орталықтар ашу жоспарлануда:

Орталық ғылыми-зерттеу және диагностикалық зертхана микроорганизмдердің молекулярлық генетикасы және генетикалық аурулар саласында ғылыми-зерттеу және диагностикалық жұмыстар жүргізу мақсатында құрылады. Сондай-ақ, медицина факультетінің оқытушылары мен білім алушыларын ғылыми-зерттеу және практикалық даярлауды қамтамасыз ету және клиникалық-зертханалық диагностика саласында кадрлар даярлау мақсатында құрылады. Зертхана қызметінде облыс халқына биохимия, иммунология, серология, патология бойынша медициналық қызметтер көрсету көзделеді.

Ахмет Ясауи клиникалық-диагностикалық орталығының базасында көз аурулары бөлімінің мамандарын тарта отырып, университеттің клиникалық- диагностикалық орталығының базасында көз денсаулығы орталығын құру. Орталықтың қызметі офтальмология бойынша мамандар даярлауға бағытталатын болады. Бұл орталық қызметінің басты аспектісі өңір азаматтарын емдеу, Түркияның жетекші медициналық орталықтары мен жоғары оқу орындарының шетелдік серіктестерімен бірлесіп қазіргі заманғы жабдықтармен және технологиялармен күрделі хирургиялық операцияларды жасау жүзеге аспақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *