Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында құрылған «Big Data in Clinical Medicine» зертханасы (мұнан кейін — зертхана) (заңды тұлға құрмай) телемедицина, превентивті медицина, ат-медицина, медицинадағы деректерді талдау, пациенттер ауруларын диагностикалау және т. б. бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының базасына айналуда.
Зертхана медицина мен денсаулық сақтаудың әртүрлі ғылыми салаларында гетерогенді деректермен жұмыс істеу үшін қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған.
2022 жылы «Ана жұрттан — Ата жұртқа 100 оқулық» жобасы аясында Түркияның үздік университеттерінің 100 оқулығын қазақ тіліне аудару туралы шешім қабылданған болатын, бүгінгі таңда оның 22-і аударылып, 15-і баспадан жарық көріп, студенттердің игілігіне ұсынылды.
Университеттің заманауи инфрақұрылымы жаңа жобаларды дамытуға бағытталған зертханалар мен аудиторияларды материалдық-техникалық жабдықтауды, ақпараттық-ресурстық орталықтарды, «openspace» (ашық) офистерін қамтиды. Дәл осындай жабдықталған сандық платформа және Е- университет, SMART кампус білім алушыларға, қызметкерлер мен оқытушыларға қойылған міндеттерді барынша кәсіби түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Білім беру инфрақұрылымын нығайту және дамыту (аудиторияларды, оқу зертханаларын жабдықтармен жарақтандыру, қазіргі заманғы білім берудің цифрлық технологияларын енгізу).
Инновациялық инфрақұрылым объектілерін салу (технопарк, бизнес- инкубатор, прототиптік цех және т.б.). Сандық түрлендіру (digital transformation). Университеттің IT инфрақұрылымын жаңарту мен дамытуға, заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға, тиімді және сапалы оқыту үшін қажетті техникамен жарақтандыруға, тренингтер, workshop, семинарлар өткізуге, электрондық оқулықтарды, онлайн курстарды, кітапханадағы электрондық көздерді ұлғайтуға және әртүрлі электрондық ресурстарға қол жеткізуге, университеттің ребрендингіне қол жеткізуге әкелетін университеттің Смарт-кампусын құру жоспарлануда.
Бүгінде Түркістан — қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Дәстүрлі күнделікті өмір мен халықтың діни және мәдени өмірі елеулі өзгерістерге ұшырап жатыр және уақыт өте келе мүлде өзгеше болады, сондықтан осы материалдық емес мәдени мұраны зерттеу қажет.
Түркістан – сан ғасырлық тарихы бар қасиетті орын ғана емес, Еуропа мен Азияны байланыстыратын Ұлы Жібек жолының торабы, «Қазақ хандығының астанасы», «бүкіл түркі әлемі үшін рухани орталық» сияқты тарихи санамызда қалыптасқан дәстүрлердің сабақтастығынан ұрпақтан-ұрпаққа жеткен құнды киелі ұғым.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 31 наурызда өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық Кеңесінің бейресми саммитінде сөйлеген сөзінде Түркістанның барлық түркі халықтары үшін қастерлі қара шаңырақ, құтты мекен және аңсарлы атажұрт екенін атап өтті. «Бабаларымыз осы өңірде ғұлама ұстаз Қожа Ахмет Ясауиден діни білім алып, түркі-ислам мәдениетін әлемге таратқаны белгілі. Біздің мақсатымыз – түркі әлемін XXI ғасырда маңызды экономикалық және мәдени-гуманитарлық кеңістіктің біріне айналдыру. Түркі өркениетін жаңғыртуды, ең алдымен, Ясауи мұрасы мен қасиетті Түркістанды әлемге танытудан бастауға шақырамыз. Сол себепті, бүгінгі саммит «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» деп аталып отыр»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қожа Ахмет Ясауи есімін иеленген университеттің басты мақсаты –Түркістанның әлеуетін, экономикасын, саяси-рухани жағдайын, мәдени-ағарту процесінің тарихи рөлін арттыруға және оны дамытуға үлес қосу.