«Адам капиталының сапасын барынша арттыру керек. Бұл мәселе менің айрықша назарымда екенін білесіздер. Себебі, Қазақстанның басты байлығы – адам. Қарым-қабілеті зор, білімді азаматтар елімізді алға бастайды. Сол үшін білім беру жүйесін жан-жақты дамыту қажет. Соңғы жылдары мемлекет бұл салаға инвестицияны едәуір көбейтті. Балабақша тапшылығы біртіндеп азайып келеді. Барлық облыста мектеп салу, оны жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Оқу орындарын материалдық-техникалық жабдықтау ісі жанданды», – деді жуырда парламент палаталарының бірлескен отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Иә, Мемлекет Басшысы өз сөзі мен жодлауларында барлық жастарды тегін техникалық-кәсіптік біліммен қамтуды және арнаулы орта біліммен(колледжде оқу) оқуды түйлерстіруді ұдайы айтып, Үкісетке тиісті тапсырма беріп отырады. Президенттің пікірінше, бұл жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Расымен де кәсіптік білім мен орта арнаулы білім беру бойынша мамандар даярлайтын колледждердің, ондағы білімнің өз мазмұны, қоғамда өзіндік орны бар. Жастардың ертерек еңбекке араласуына, қоғамды Neet санатындағы жастарды азайтуға бұл білім мекемелерінің ықпал етері сөзсіз.
Түркістан жоғары медицина колледжі қаламызда ғана емес, өңірде орта буын медицина қызметкерлерін даярлауда көп жылдардан бері халыққа қызмет жасап келе жатқан іргелі оқу орындарының бірі. Осы ретте колледждің тыныс-тіршілігімен оқырмандарды таныстыруды жөн көрдік.
«Колледждің алға қойған мақсаты – кәсіби білімді маман даярлау. Қазіргі таңда колледжде денсаулық сақтау саласының 6 мамандығының 8 біліктілігі бойынша 2710 студент білім алуда. Колледжде жоғары білікті, студенттерге білім беруді мақсат еткен 190 оқытушы қызмет атқаруда. Олардың сапалы құрамын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде 2023 жылы педагог-модератор – 31, педагог-сарапшы – 11, педагог-зерттеуші – 6 және педагог-шебер дәрежедегі 6 оқытушымен толықты.
2023 жылы мемлекеттік аттестациялық комиссия колледждің соңғы 3 жылдағы атқарған жұмысын 22 критерий бойынша жан-жақты саралап жеткен жетістіктеріне үздік деген баға беріп аттестациялады.
Колледж бітірушілерінің кәсіби құзыреттілігі Ұлттық тәуелсіз тесттілеу орталығы бағалауының қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Соңғы мәлімет бойынша Республикадағы 92 медициналық колледждер арасында Түркістан жоғары медицина колледжі бітірушілерінің білімі мен біліктілігі II орынды көрсетті», — дейді бізбен әңгімесінде оқу орнының басшысы Ғ.Бимурзаев. Бұл расында, жұртшылыққа ұялмай айта алатындай жағымды жаңалық екен.
Колледж әкімшілігі оқытушылардың білімін, біліктілігін арттыру және кәсіби шеберлігін жетілдіруді ұдайы басты назарға алып, оны оң шешуге ықпал жасап келеді. Осы мақсаттта өткен жылы оқу орнының әкімшілігі 62 арнайы оқытушылары мен жалпы білім беру пәндерінің 41 оқытушысын Назарбаев зияткерлік мектебінің жанындағы педагогикалық шеберлік орталығында және «Талап» КЕААҚ тарапынан «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтуін қамтамасыз еткен.
«Түркістан жоғары медицина колледжі үшін 2023 жылы табысты жыл болды десек артық айтқандық емес. Колледждің заманауи материалдық-техникалық базасы, цифрлық инфрақұрылымы айтарлықтай дамыды. Жаңа дизайндағы, заманауи жиһаздармен жабдықталған конференц-залы, оқу-әдістемелік орталығы, кітпахана, оқу залы іске қосылды. 3D форматтағы науқастың клиникасын анықтайтын ақпараттық-бағдарламалық кешен алынып, оқу процесіне қолданысқа берілді. Студенттердің клиникалық дағдыларын бағалау мақсатында объективті құрастырылған клиникалық емтихан орталығы жаңа бейнежазба жүйесімен және бағалаудың жаңа компьютерлік бағдарламасымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, колледжің фойесі күрделі жөндеуден өтіп, жаңа дизайндағы үлгімен безендірілді. Оқу барысында колледж аумағында студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша 12 бейнекамера орнатылды», — дейді колледж директоры.
Оқу орнының техникалық базасын жаңартуда ілгерілеушілік бар. ҚР үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №249 қаулысы негізінде «ҚР орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» іске асыру мақсатында колледжде оқытудың мультимедиалық және интерактивті құралдары жаңартылып, оқу контенті сандық форматта ұсынылуда. Бұл ретте, оқу үрдісін геймификациялау, электронды оқулықтар мен білім беру сайттарын қолдану тәсілдері, студенттердің білімдер мен дағдыларын электронды тәсілдермен бақылап-бағалау бойынша педагогикалық оқулар, вебинарлар, мастер-кластар ұйымдастырылып жатыр. Колледждің арнайы пән оқытушылары осы бағытта республикаға озық тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру сапасын арттыруға мән беріліп келеді.
«2023 жылдың желтоқсан айында жоғары медицина колледжінде республикалық колледждар арасында өткен сайыста арнайы пән оқытушысы Аймира Булатқызы І орынды иеленіп, «ҚР медицина колледждерінің үздік оқытушысы» атағына ие болды.
Жалғасы бар.