Жуырда Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінде Ғылыми педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу орталығының ашылу салтанаты өтті.
Ғылыми педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу орталығының мақсаты – жаңа Қазақстан жастарының салауатты өмір салтына бейімдейтін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге волонтерлік іс-әрекетті ұйымдастырудың моделін әзірлеу және оны жүзеге асыруда білім беру үдерісіне қатысушылардың әлеуетін арттыру, волонтерлік іс-әрекетті дәріптеу, оны ұйымдастыруға бағыт-бағдар беру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қиындыққа тап болған жандар еш көмексіз қалмауы керек. Қоғамдық-саяси өмірге белсенді тарту мақсатында ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін жан-жақты мүмкіндіктер қарастыруды және қоғамда тең мүмкіндік жасалуын міндеттеген Мемлекет басшысының тапсырмасынан туындаған бұол орталықтың ашылуында үлкен мән-мағына жатыр
Жаңа орталықтың ашылу рәсіміне Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы С.Абжалов, «Журналистика» кафедрасының доценті С.Садыков, «Педагогика және психология» кафедрасының кафедра менгерушісі А.Рысбекова және факультеттің белсенді студенттері мен еріктілері қатысты.
Ғылыми педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу орталығы «Жаңа Қазақстан жастарын салауатты өмір салтына бейімдейтін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге волонтерлік іс-әрекетті ұйымдастыру» атты ғылыми жоба аясында құрылды. Жоба жетекшісі – профессор, п.ғ.д Ж. Торыбаева, ал жоба орындаушылары – магистр-оқытушы Д.Жарқынбаева және «Педагогика және психология» кафедрасының 1-курс докторанты А. Қуанышбаева.
Орталықтың негізгі құндылықтары:
— Жастардың салауатты өмір салтына бейімдейтін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету
— білім беруді ұйымдастыруда қолайлы әлеуметтік-психологиялық климат құру
— білім беру ұйымдарында волонтерлік қызметті дәріптеу
— жастардың волонтерлік қызметке қатысуын кеңейту
— волонтерлік іс-ірекетті педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу
Айта кетейік, университет базасында ашылған бұл орталық негізі төрт бағыт бойынша қызмет атқарады:
Педагогикалық-психологиялық диагностикалық жұмыстар – тұлғаның потенциалдық қабілеттерін психикалық үрдістердің даму деңгейін, сондай-ақ әрі қарай дамуды болжау немесе тиісті психологиялық түзету мақсатымен эмоционалдық тепе-теңдікті анықтауға бағытталған зерттеу жұмысы. Жастарды СӨС-ке бейімдейтін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету мақсаттарына сәйкес деректер жинау, алынған нәтижелерді өңдеу және талдау, шешім қабылдау (диагноз және болжам).
Педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстары – тұлғаның кейбір келеңсіз сапалары мен көріністерін түзетуге бағытталған, жастарды СӨС-на бейімдейтін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша жүргізетін жүйелі іс-әрекеттер мен операциялар жиынтығы. Кәсіптік бағдар-мамандық пен қызмет таңдаудағы қолайлысын табуды мақсат еткен, тұлғаның икемділіктері мен қабілеттерін анықтауға бағытталған психологиялық-педагогикалық іс-шаралар кешені.
Педагогикалық-психологиялық кеңес беру жұмыстары – тұлғаның жеке денсаулығы мен СӨС-на бейімдейтін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге байланысты қажетті психологиялық-педагогикалық кеңес беру, бағыт-бағдар көрсету жұмыстары.
Педагогикалық-психологиялық профилактикалық алдын-алу жұмыстары – психологиялық және педагогикалық үдесістерде болатын кемшіліктердің, жағдайлардың, жеке тұлғаның оқшаулануы мен жекелік қасиеттерінің ауытқу белгелерінің, білімдік ортада зорлық-зомбылықты болдырмау, зиянды іс-әрекетке бой алдыру себептерін айқындау бойынша жұмыстар жасалынып, аталған жағдайлардың қайта болдырмау мақсатында ұйымдастырылады.
Педагогикалық-психологиялық ағарту жұмыстары- Жаңа Қазақстанды құру мақсатында салауатты өмір салтына бейімдейтін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша волонтерлік іс-әрекетті дәріптеу, еріктілер қозғалысын дамыту мақсатында ғылыми ізденулерді, болашақ мамандардың кәсіби жетілуіндегі әлеуметтену үдерісіне бағытталған ағартушылық жұмыстарды жүргізу.