2021 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қоғамдық-саяси өмірге белсенді тарту мақсатында ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін жан-жақты мүмкіндіктер қарастыруды және қоғамда тең мүмкіндік жасалуын міндеттеген болатын.
«Әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарды қолдау – басты міндеттің бірі. Қиындыққа тап болған жандар еш көмексіз қалмауы керек. Мемлекеттің әділдігі мен қоғамның жанашырлығы осындайда көрінеді. Әсіресе, ана мен баланы қорғауға айрықша көңіл бөлінуге тиіс. Тұрмысы төмен отбасындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін әлеуметтік көмек қайта қаралды. Енді 100 мыңнан астам бала бұл көмекті ақшалай алатын болады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында.
Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының бастамасымен 2022 жылдың қаңтарынан бастап, мүмкіндігі шектеулі балаларға толықтай ем-дом шараларын көрсету мақсатында Түркістан қаласында “Қамқорлық” оңалту орталығы ашылды. Содан бері орталық ерекше балаларға емдеп, отадан кейін ем-шарасын ұсынып, жұмыс істеп келеді. Облыстық бюджет қаржысына ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, медициналық құрылғыларды алуға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қолдау көрсеткен. Мекемені толық қамтамасыз ету үшін 240 миллион теңгедей қаражат жұмсалған. Жыл сайын орталық 600 баланың емделуіне жағдай жасайды. Орталықтың жұмыс барысымен танысу үшін бөлім меңгерушісі, дәрігер невролог Сайфуллаева Лалахан Кудратуллақызымен сұхбаттасқан едік.
«Елімізде 2022 жылдың аяғында “Мүгедек” мәртебесі бар балалар саны 100 мыңнан асты. Ал 10 жыл бұрынғы көрсеткіш 50 мыңнан жоғарыламайтын» деп жазады Атамекен кз порталы. (https://inbusiness.kz/kz/)Жыл сайын ауыр диагнозбен туылған балалар саны көбеймесе,азаяр емес. Қоғамның ең бір əлсіз қорғалған мүшелерінің, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды қоғамға лайықты қамтамасыз ету, әлеуметтік ортаға бейімдей отыра, сапалы білім беруді ұйымдастыру елімізде өзекті мәселеге айналды.
- Лалахан Кудратуллақызы орталықта қазіргі таңда қандай дертпен ауырып жүрген балалар ем қабылдайды?
– “Қамқорлық” оңалту орталығы Түркістан облысына қарасты елді мекендерден жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларды қабылдап, емдейді.Одан бөлек,арнайы бекітілген критерийлерге сәйкес келсе жүрегінде ақаумен туылған балалалар отадан кейін ем-шарасын қабылайды. Көбінесе орталыққа сал ауруы бар балалар мен ақыл ойы мен тілі кеш дамыған балалар емделеді.
Орталық облысымызда кездесе бермейтін соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған деп естіп жүрміз.Бұл қаншалықты рас?
– Бізде балалардың толықтай ем қабылдауы үшін Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Австрия, Италия, Қазақстан және Ресейден шыққан заманауи жоғары технологиялық құрылғыларымен жабдықталып, кешенді оңалтудан өтуге толықтай жағдай жасалған. Атап айтар болсақ,тұз шахтасы, шунгит бөлмесі, эрготерапия, сенсорлық бөлме, механотерапия, бальнеотерапия, интерактивті бөлме, емдік дене шынықтыру, ойын бөлмелері бар. Барлық бөлме баланың оңалуына үлкен әсер беретін құралдармен толықтай жабдықталған.
- Балаларға ем шараларын көрсету қанша уақытқа созылады? Орталықта қандай мамандар жұмыс істейді?
– Орталықта невролог, психолог, реаблиотолог, эрготерапевт, дефектолог, ЕДШ нұсқаушысы және т.б жоғары медициналық білімі бар дәрігерлер мен білікті мамандар қызмет етеді. Әр баланы толықтай медициналық тексерістен өткізіп, арнайы ем шараларын бекітеміз. Емдеу курсы 21 күнге жалғасады. Қазіргі таңда 40 күндізгі бөлім, алыс аймақтан келген балалар үшін 10 тәуліктік бөлімдер жұмыс жасайды.
- Балаларда соңғы уақытта қандай аурулар кездеседі? Себеп салдарын айтып өтсеңіз.
– Балалардың ой өрісі мен сөйлеуінің тежелуі қазіргі кезде өте көп орын алып жатқан мәселе. Аурудың бұл түрі әр балада әртүрлі дәрежеде көрінеді. Кей балаларда жеңіл түрі болса, кейбірінде ауыр деңгейде кездесіп жатады.Сонымен қатар қазіргі таңда балаларда аутизм ауруы жиі кездеседі. Бұл ауруларға әсер етуші факторларды әр маман әртүрлі талдайды. Қазіргі дамыған заманның түрлі гаджеттерді балалардың қолдануы ауру тудырушы негізгі себептерге жатады. Біріншіден, бұл жағдайда ана мен бала арасында байланыс үзіледі. Екіншіден баланың даму кезеңінде бала қоршаған ортамен байланысқа түсіп, миында сараптама жасамауы басты себеп. Өкінше орай, қазіргі таңда ана мен баланың байланысы нашар. Аналар сәбиінің жағдайын жасап, (бала күтімімен 3 жасқа дейін отыра алады заң бойынша) үйде отырмайды, көбі ертерек жұмысқа шығып кетеді. Үйде отырса да баланың қолына телефон көп ұстатады. Баланың жетілуі үшін онымен қарым-қатынас аса маңызды екеніне мән бермейді. Біз бұл жағдайдың алдын алу үшін ата аналарға түсіндіру жұмыстарын жасаймыз,ескертіп отырамыз.Өкіншке қарай, бізді тыңдап жатқан ата-ана аз. Аутизмның себеп болуына әсер ететін келесі мәселе ата ананың салауатты өмір салтын ұстанбауы. Балаларда кездесетін сал ауруының сәбидің құрсақта дамуы кезінде, туу кезінде және туған сәтте байқалатын үш кезеңнен тұрады. Бала іште жатқанда ана жиі стресске түсіп ,зиянды әдеттері болса және дұрыс тамақтанбаса,қосалқы аурулары болса,физикалық және психологиялық зақым алатын болса баланың миында ақау болуына себеп болады. Келесі туу кезеңінде бала зақым алуы сал ауруына себепші фактор болып саналады.Кей жағдайларда бала аман есен өмірге келеді. Бір жасқа дейін анасының қолынан түсіп кетіп,бесіктен құлап,т.б. зақым алатын болса баланың миына қан құйылу арқылы сал ауруына шалдығады.
– Бұл мәселенің алдын алу үшін ата аналарға қандай кеңес бересіз?
– Баланың денінің сау болып туылуына ана да әке де жауапты. Қазіргі таңда балаларда кездесетін аурулардың алдын алу үшін ата-ана жауапкершілікті бірдей сезініуі тиіс.Сау баланың дүниеге келуі анаға ғана байланысты емес.Әкенің де үлесі бар.Бала жоспарлағанда бойларындағы зиянды әдеттерінен арылып,салауатты өмір салтын ұстануы керек.Ана жүкті болған күннен бастап зиянды әдеттерінен арылуы керек.Дәрігерге уақытылы тексеріліп,ағзасын қажетті витаминдерді уақтылы қабылдап отыруы керек.Сонымен қатар құрамында зиян заттар кездесетін,тез дайындалатын өнімдерден бас тартып,дұрыс тамақтануы тиіс. Ана денсаулығына асқан ұқыппен көңіл бөлсе дүниеге дені сау баланы алып келеді.
Сөзімді түйіндер болсақ, «Қамқорлық» оңалту орталығы балалардың дертіне дауа, шипа беріп, қоғамда дені сау ұрпақтың қатары артуына себепші болып отыр. Дені сау бала ұлт болашағы. Сау баланы өмірге әкелу ата ананың басты міндеті.